Лименда
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Лименда
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Қынаптық суппозиторийлер
Құрамы
Бір суппозиторийдің құрамында
белсенді заттар: 750 мг метронидазол, 200 мг миконазол нитраты,
қосымша заттар- витепсол S55
Сипаттамасы
Сопақша пішінді, сарғыштау-ақ түсті суппозиторийлер
Фармакотерапиялық тобы
Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер және микробқа қарсы препараттар. Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер және микробқа қарсы препараттар (кортикостероидтармен біріктірілімді қоспағанда). Имидазол туындылары. Имидазол туындылары біріктірілімдері.
АТХ коды G01АF20
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Қынап ішіне енгізгенде метронидазолдың биожетімділігі пероральді қабылдаумен салыстырғанда 20% құрайды. Қынаптық енгізуден кейін тепе-теңдік күйіне жеткенде плазмада метронидазолдың концентрациясы 1,6-7,2 мкг/мл құраған. Енгізудің осы тәсілінде миконазол нитратының жүйелік сіңірілуі өте төмен (шамамен дозаның 1,4%), плазмада миконазол нитраты анықталған жоқ.
Метронидазол бауырда метаболизденеді. Гидроксилді метаболит белсенді болып табылады. Метронидазолың жартылай шығарылу кезеңі 6-11 сағатты құрайды. Шамамен дозаның 20% өзгермеген түрінде бүйрекпен шығарылады.
Фармакодинамикасы
Лименда – микробқа қарсы біріктірілген препарат, оның әсері құрамына кіретін метронидазол және миконазолға байланысты.
Метронидазол анаэробты стрептококктар мен Trichomonas vaginalis қоса, Gardnerella vaginalis және анаэробты бактерияларға қатысты тиімді микробқа қарсы және протозойға қарсы дәрі болып табылады.
Миконазол нитраты белсенділік ауқымы кең және әсіресе патогенді зеңдерге, оның ішінде Candida albicans қатысты тиімді, сонымен қоса миконазол нитраты грамоң бактерияларға қатысты да тиімді.
Қолданылуы
Жергілікті емдеуге арналған:
- қынаптық кандидозда
- бактериялық вагинозда
- трихомонадты вагинитте
- аралас жұқпалар туындатқан вагиниттерде.
Қолдану тәсілі және дозалары
Препаратты түнге қарай 7 күн бойы 1 суппозиторийден қынап ішіне енгізеді.
Қайталанатын вагиниттерде немесе емдеудің басқа түрлеріне төзімді вагиниттерде емдеу курсын 14 күнге дейін ұзартуға болады.
Қынаптық суппозиторийлерді қаптамада болатын бір реттік саусаққаптың көмегімен қынапқа тереңдете енгізу керек.
65 жастан асқан егде әйел емделушілерге дозалау режимін түзету қажет етілмейді.
Жағымсыз әсерлері
Сирек
- жоғары сезімталдық реакциялары (тері бөртпесі)
- бас ауыруы
- іштің ауыруы немесе түйілуі
- қынаптық қышыну, күйдіру және қынаптың тітіркенуі
Өте сирек
- лейкопения
- қатты қажу, бас айналу
- дәм сезінудің өзгеруі, іш қату, ауыздың құрғауы, ауыздың темір татуы
- диарея, тәбеттің болмауы, жүрек айну, құсу
- қимылдың бұзылуы (атаксия), шеткергі нейропатия (препаратты ұзақ қолдану және артық дозалану кезінде), құрысулар
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- бауыр функциясының ауыр бұзылулары
- эпилепсия
- порфирия
- жүктіліктің бірінші триместрі және лактация кезеңі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Лименда препаратын пероральді антикоагулянттармен біріктіріп қолдануда антикоагулянтты әсерінің күшеюі байқалады.
Фенитоинмен бірге қолданғанда фенитоин концентрациясы бір мезгілде жоғарылауымен қанда метронидазол концентрациясының төмендеуі байқалады.
Циметидинмен бірге тағайындаған кезде қанда метронидазол концентрациясының ұлғаюы және неврологиялық жағымсыз әсерлер қаупінің дамуы мүмкін. Литиймен бірге қолдану литий уыттылығын жоғарылатуы мүмкін.
Лименда плазмадағы астемизол мен терфенадин концентрациясын ұлғайтады.
Метронидазолдың алкогольмен ықтимал өзара әрекеттесуі дисульфирам тәрізді реакциялар туындатуға қабілетті.
Қанда бауыр ферменттері, глюкоза (гексокиназды әдіс), теофиллин мен прокаинамидтің деңгейін анықтаған кезде нәтижелердің өзгеруі мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Ішке қабылдауға болмайды.
Тек қынап ішіне қолдануға арналған.
Лименда препаратын қыздығы сақтаулы бойжеткендерге қолдануға болмайды.
Емдеу кезінде дисульфирам тәрізді реакциялар болуын ескере отырып, курс аяқталғаннан кейін ең болмағанда 24-48 сағат бойы алкоголь қабылдаудан тартына тұру қажет.
Суппозиторийлерді контрацептивті диафрагмалармен және суппозиторий негізімен резеңкенің зақымдануы мүмкін болғандықтан мүшеқаптармен бір мезгілде пайдаланғанда сақ болған жөн.
Трихомонадты вагиниті бар емделушілерді жыныстық жұптасымен бір мезгілде емдеу қажет.
Қанда бауыр ферменттері, глюкоза (гексокиназды әдіс), теофиллин мен прокаинамид деңгейін анықтағанда нәтижелердің өзгеруі мүмкін.
Педиатрияда қолданылуы
Осы жас тобында қолдану туралы деректер жеткіліксіздігіне байланысты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге ұсынылмайды.
Жүктілік және лактация
Жүктіліктің II және III триместрінде пайда/қауіп арақатынасын ескере отырып, емдеудің басқа әдістері тиімсіз болғанда ғана тағайындалады. Емдеу уақытында емшекпен қоректендіруді тоқтатқан жөн, өйткені метронидазол емшек сүтіне енеді. Емшекпен қоректендіруді емдеу аяқталғаннан кейін 24-48 сағаттан соң қайта бастауға болады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Метронидазолды қынап ішіне қолданған кезде артық дозалануына қатысты деректер жоқ. Қынапқа енгізгеннен кейін метронидазол жүйелік әсерлер туындатуға жеткілікті мөлшерде сіңуі мүмкін.
Симптомдары: жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, диарея, жайылған қышыну, ауыздың темір татуы, қимыл бұзылулары (атаксия), бас айналу, парестезиялар, құрысулар, шеткергі невропатия (оның ішінде жоғары дозада ұзақ қолданудан кейін), лейкопения, несептің күңгірттенуі.
Емі: кездейсоқ ішке қабылдаған кезде асқазанды шаю қажет. Арнайы у қайтарғысы жоқ. Симптоматикалық және демеуші ем ұсынылады.
Шығарылу түрі және қаптамасы
7 суппозиторийден ПВХ/ПЭ жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптамадан саусаққап қаптамасымен (сәйкесінше 7 немесе 14 дана) және медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«ЗентиваСаглыкЮрюнлери Сан.веТидж. А.Ш.», Түркия
(КючюккарыштыранМевкии, 39780 Люлебургаз, Кыркларели)
Тіркеу куәлігінің иесі
«РОТАФАРМ ИЛАЧЛАРЫ ЛИМИТЕД ШИРКЕТИ», ТҮРКИЯ
Сауда маркасының және тіркеу сертификатының иесі
«РОТАФАРМ ИЛАЧЛАРЫ ЛИМИТЕД ШИРКЕТИ» компаниясы болып табылады, ТҮРКИЯ (“ROTAPHARM İLAÇLARILİMİTED ŞİRKETİ”, TURKEY).
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
ҚР, Алматы, Түркісіб ауданы, Сүйінбай даңғылы, 222 б
Тел/факс: 8(7272) 529090