ЛИЗОБАКТ ДУО®

МНН: Лизоцим, Цетилпиридиния хлорид
Производитель: АО Босналек
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Антисептики
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№024616
Информация о регистрации в РК: 03.07.2020 - 03.07.2025

Инструкция

Саудалық атауы

ЛИЗОБАКТ ДУО®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Деректер жоқ

Дәрілік түрі

Соруға арналған таблеткалар , 20 мг /1.5 мг

Құрамы

Әр таблетканың құрамында

белсенді заттар: лизоцим гидрохлориді 20,00 мг,

800 000 FIP бірлігіне теңеседі

цетилпиридиний хлориді 1,50 мг

қосымша заттар: сорбитол (E420), повидон, бұрыш жалбызының хош иістендіргіші, магний стеараты.

Сипаттамасы

Ақтан ақ дерлік түске дейінгі, екі беті дөңес, тығыздалған, соруға арналған дөңгелек таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Респираторлық жүйе. Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Басқа да препараттар.

АТХ коды R02AA

Фармакологиялық қасиеттері

Әсер етуі оның құрамына кіретін компоненттермен байланысты біріктірілген препарат.

Лизоцим гидрохлориді - бұл мукополисахарид, ол пептидогликандарды (атап айтқанда муреинді) гидролиздеу арқылы бактериялардың жасушалық жақтауларын бұзады. Грамоң, кейбір грамтеріс бактерияларға, вирустар мен зеңдерге қатысты белсенді. Жергілікті қабынуға қарсы әсері бар және организмнің спецификалық емес төзімділігін арттырады.

Цетилпиридиний хлориді – грамоң және грамтеріс бактерияларға қатысты бактерицидтік әсері бар төрттік аммоний негізі. Бұған қоса, цетилпиридиний шырышты қабыққа дезинфекциялық әсер етеді. Зеңге қарсы құбылмалы белсенділігі бар, кейбір вирустарға қатысты тиімді. Цетилпиридиний хлориді іс жүзінде ауыз қуысының шырышты қабығы арқылы сіңбейді.

Қолданылуы

Ауыз қуысы мен тамақтың инфекциялық-қабыну аурулары:

- гингивит (қызыл иек ауруы), стоматит (ауыз қуысы шырышты қабығының қабынуы) және афта (ауыз қуысындағы ұсақ ойық жаралар) сияқты ауыз қуысы мен тамақтың шырышты қабығы жедел қабыну ауруларын жергілікті емдеу

- тамақтың ауруы мен жұтыну кезіндегі ауырсыну, ларингит пен фарингит кезіндегі кешенді ем құрамында

- - тонзиллэктомия, көмейге, жарақаттарға және абсцесстерге хирургиялық араласулар кезінде, сондай-ақ тіс экстракциясынан кейін операция алдындағы және операциядан кейінгі кезеңдерде дәрігердің ұсынысы бойынша.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересек пациенттер мен 6 жастан асқан балалар.

Препаратты қабылдау арасындағы кемінде 2 сағатқа тең аралықпен күніне 3-6 таблеткадан.

Таблеткаларды ауыз қуысында, ең дұрысы - тіл астында сору керек.

Балалар:

ЛИЗОБАКТ ДУО® препараты 6 жастан кіші балаларда қолдануға арналмаған.

Емдеу курсының ұзақтығы:

Емдеу курсының ұсынылатын ұзақтығы 5 күннен аспайды.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз әсерлердің пайда болу жиілігін бағалау мынадай жіктеуге негізделеді: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100 дейін <1/10); жиі емес (≥1/1000 дейін <1/100); сирек (≥1 / 10 000 дейін <1/1); өте сирек (<1/10 000), белгісіз (қолда бар деректер бойынша жиілігін бағалау мүмкін емес).

Өте сирек

- анафилаксиялық реакция, ангиодистрофия (Квинке ісінуі) мен анафилаксиялық шокты қоса, аса жоғары сезімталдық реакциялары. Реакциялар бет, ерін, ауыз, тіл және тамақтың ісінуімен қатар жүруі мүмкін, одан кейін тыныс алудың қиындауы мен ентігу, сондай-ақ артериялық қысымның төмендеуі және әлсіздік (қан айналымының асқынуы) болуы мүмкін.

Белгісіз

- аллергиялық ісінуді қоса, аллергиялық реакция, тері бөртпелері, қышыну, есекжем

Бірлі-жарым жағдайлар

- терінің ауыр реакциялары (мультиформалы эритема және Стивенс-Джонсон синдромы)*

* - қатты қызару, ентігу және/немесе қабыршақтанумен қатар жүруі

мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- тауық жұмыртқасының ақуызына аса жоғары сезімталдық

- 6 жастан кіші балалар.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа жергілікті антисептиктермен қолдану ұсынылмайды.

Айрықша нұсқаулар

Бұл препаратты 5 күннен ұзақ қабылдамаңыз.

Ұзақ қолданғанда препараттың құрамына кіретін цетилпиридиний хлоридінің есебінен жергілікті тітіркенудің пайда болуы ықтимал.

ЛИЗОБАКТ ДУО® препаратын сүтпен қабылдауға болмайды, себебі ол цетилпиридиний хлоридінің микробқа қарсы белсенділігін төмендетеді.

Бұл препаратты 5 күннен артық қолданбаңыз, себебі ол бактериялардың немесе зеңдердің таралу қаупімен бірге ауыз қуысының қалыпты микрофлорасы теңгерімсіздігіне әкелуі мүмкін.

Басқа симптомдар (температураның көтерілуі, іріңді бөлінулер, жұтыну кезіндегі қиындықтар) пайда болғанда, осы симптомдар күшейгенде немесе 5 күннен кейін өзіңізді жақсы сезінбесеңіз, дәрігеріңізге жүгініңіз.

Лизоцимді пайдалануға байланысты аллергиялық реакциялар (аса жоғары сезімталдық) жағдайлары туралы хабарланды. Сондықтан пациент бөртпе, қышыну немесе терінің қызаруы, бет, ерін, тіл немесе тамақтың ісінуі, тыныс алу және/немесе жұтыну кезіндегі қиындықтар туындаған жағдайда препаратты пайдалануды тоқтатып, дәрігерге қаралуы керек, бұл препаратқа аллергиялық реакцияның белгісі болуы мүмкін.

ЛИЗОБАКТ ДУО® құрамында тәттілендіргіш ретінде сорбитол бар, сондықтан қант диабеті бар пациенттер осы препаратты қолданар алдында өз дәрігерімен кеңесуі тиіс.

Әрбір ЛИЗОБАКТ ДУО® соруға арналған таблеткасының құрамында 164,5 мг сорбитол бар, тиісінше үш таблеткадан тұратын бір реттік дозада 0,041 НБ бар. Сорбитолдың күндізгі дозасы НБ бойынша тәулігіне 12 рет үш таблетканы қабылдаған кезде ересектер мен 6 жастан асқан балалар үшін 0,4935 НБ және тәулігіне 12 рет алты таблетканы қабылдаған кезде 0,987 НБ құрайды.

Қосымша заттарының құрамында сорбитолдың болуына байланысты ЛИЗОБАКТ ДУО® препаратын фруктоза жақпаушылығы бар пациенттерде қолдану ұсынылмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

ЛИЗОБАКТ ДУО® соруға арналған таблеткаларын жүктілік және лактация кезінде қолдануға қатысты деректер жоқ. Осыған байланысты препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

ЛИЗОБАКТ ДУО® көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары туралы ақпарат жоқ

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті/поливинилдихлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

2 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

25 °C -ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Босналек АҚ, Босния мен Герцеговина

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Босналек АҚ, Босния мен Герцеговина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта):

«Adalan» ЖШС

Тимирязев к-сі 42, 23 пав., 202 кеңсе, 050057 Алматы қ.

Тел. + 727 269 54 59; e-mail: reg@adalan.kz

Прикрепленные файлы

Лизобакт_ДУО_ИМП.docx 0.03 кб
Лизобак_Дуо_КАЗ_ЛВ_МСС.docx 0.02 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту