Лизинокор (5 мг)

МНН: Лизиноприл
Производитель: GM Pharmaceuticals Ltd
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Lisinopril
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018613
Информация о регистрации в РК: 19.01.2012 - 19.01.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Лизинокор

Халықаралық патенттелмеген атауы

Лизиноприл

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған 5 мг, 10 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетка құрамында

белсенді зат - 5.000 және 10.000 лизиноприлге баламалы 5,445 және 10,890 лизиноприл дигидраты,

қосымша заттар: маннитол, кальций гидрофосфаты, желатинделген крахмал (Uni-Pure WG 220), желатинделген крахмал (Uni-Pure FL), коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты.

қабықтың құрамы «Opadry ΙΙ yellow»: поливиннилацетат, титанның қостотығы Е171, темірдің сары тотығы Е172, тальк, хинолинді сары Е104, полиэтиленгликоль 6000.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, сары түсті қабықпен қапталған, биіктігі (2.6 ± 0.25) мм, диаметрі (6.0 ± 0.25) мм таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Ренин-ангиотензин жүйесіне әсер ететін препараттар.

Ангиотензин конвертирлеуші фермент (АӨФ)тежегіштері

АТЖ коды С09АА03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациясына оральді қабылдаудан кейін шамамен 7 сағаттан кейін жетеді. Тамақ ішу лизиноприл сіңуінің жылдамдығы мен мөлшеріне әсер етпейді.

Лизиноприл қан плазмасы ақуыздарымен байланыспайды. Сіңген биологиялық белсенді зат толық және өзгермеген түрде бүйрек арқылы шығарылады. Тиімді жартылай ыдырау кезеңі 12,6 сағатты құрады. Лизиноприл плацентадан өтеді.

Фармакодинамикасы

Лизиноприл - ангиотензин-өзгертуші фермент (АӨФт) тежегіші болып табылады. АӨФ бәсеңсуі ангиотензин ΙΙ (тамыр тарылтатын әсері бар) түзілуінің төмендеуіне және альдостерон сөлінісінің төмендеуіне алып келеді. Лизиноприл сондай-ақ брадикининнің - вазодепрессорлық күшті пептидтің ыдырауын бөгейді. Соның нәтижесінде ол артериялық қысымды, жалпы шеткергі қан тамырлық қарсылықты, жүрек алдылық және кейінгі жүктемені төмендетеді, минуттық көлемді, жүрек лықсытуын ұлғайтады және миокардтың жүктемеге толеранттылығын жоғарылатады және ишемияланған миокардтың қанмен қамтамасыз етілуін жақсартады.

Жедел миокард инфарктісі бар емделушілерде лизиноприл нитраттармен біріккенде сол жақ қарынша дисфункциясы немесе жүрек жеткіліксіздігі қалыптасуын азайтады.

Қолданылуы

  • артериялық гипертензияда (монотерапия түрінде немесе басқа антигипертензивті препараттармен біріктірілімде);

  • созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде (диуретиктермен және жүрек гликозидтерімен кешенді ем құрамында);

  • жедел миокард инфарктінде (алғашқы 24 сағат ішінде гемодинамиканың көрсеткіштері тұрақты болғанда осы көрсеткіштерді демеу үшін және сол жақ қарынша дисфункциясы немесе жүрек жеткіліксіздігінің алдын алу үшін);

  • диабеттік нефропатияда (инсулинге тәуелді қант диабеті бар емделушілерде АҚ қалыпты болғанда және артериялық гипертензиясы бар инсулинге тәуелді қант диабетімен ауыратын емделушілерде альбуминурияны төмендету үшін).

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты таңертеңгілік, қандай көрсетілім болса да, тамаққа дейін немесе кейін, барлық уақытта тәуліктің шамамен бір мезгілінде, тәулігіне ішке 1 рет қабылдайды.

Эссенциальді гипертензияда басқа антигипертензивті дәрілер алмайтын науқастарға тәулігіне 1 рет 10 мг тағайындайды.

Әдеттегі тәуліктік демеуші доза - 20 мг. Ең жоғары тәуліктік доза - 40 мг.

Әдетте толық тиімділігі ем басталғаннан кейін 2-4 аптадан кейін дамиды, бұны дозаны ұлғайтқанда ескеру керек. Клиникалық әсері жеткіліксіз болғанда препараттың басқа гипотензивті дәрілермен біріктірілуі мүмкін.

Егер емделуші диуретиктермен алдын ала ем алса, онда оларды қабылдауды Лизинокор қолданар алдында 2-3 күн бұрын тоқтату қажет. Егер диуретиктерді тоқтату мүмкін болмаса, онда Лизинокордың бастапқы дозасы тәулігіне 5 мг аспауы тиіс. Бұл жағдайда АҚ айқын төмендеуі мүмкіндігіне байланысты бірінші дозаны қабылдағаннан кейін бірнеше сағат бойы дәрігерлік бақылау ұсынылады.

Реноваскулярлы гипертензияда немесе ренин-ангиотензин-альдостеронды жүйесінің жоғары белсенділігі бар басқа да жай-күйлерде де күшейтілген дәрігерлік бақылаумен (АҚ бақылау, бүйрек қызметі, қан сарысуындағы калий концентрациясы) төменірек бастапқы доза – тәулігіне 2.5-5 мг тағайындау тиімді. Демеуші дозаны АҚ динамикасына қарай анықтау керек.

Лизиноприл бүйрекпен бөлінетіндіктен бүйрек жеткіліксіздігінде бастапқы доза креатинин клиренсіне (КК) қарай анықталуы тиіс, содан соң бүйрек қызметін, қан сарысуындағы калий және натрий концентрациясын жиі бақылау жағдайында реакцияға сай демеуші доза орнықтыру керек.

КК минутына 30-70 мл - препараттың бастапқы дозасы 5-10 мг;

КК минутына 10-30 мл - бастапқы дозасы 2.5-5 мг;

КК 10 аз болғанда (гемодиализдегі науқастарды қоса алғанда) - бастапқы дозасы 2.5 мг.

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі жағдайындағы бастапқы доза – тәулігіне 2.5 мг 1 рет, бұл дозаны әдеттегі демеуші тәуліктік доза 5-20 мг дейін ұлғайтуға болады. Тәуліктік доза 20 мг аспауы тиіс.

Жедел миокард инфарктісінде (біріктірілген ем құрамында) бастапқы тәуліктерінде 5 мг тағайындайды, содан кейін – бір тәуліктен соң 5 мг, екі тәуліктен кейін – 10 мг және кейін тәулігіне 1 рет 10 мг. Жедел миокард инфаркты бар науқастарда препаратты қабылдау 6 аптадан кем болмауы тиіс. Систолалық АҚ төмен (≤120 мм сын.бағ.) науқастарда жедел миокард инфарктісінен кейінгі бастапқы 3 тәулік бойына немесе ем басында препаратты 2.5 мг дозасында тағайындау керек. Препараттың тәуліктік дозасын 5 мг қабылдау аясында АҚ (систолалық АҚ ≤100 мм сын.бағ.) төмендеген жағдайларда оны уақытша 2.5 мг дейін төмендетуге болады. АҚ (систолалық <90 мм сын.бағ. 1 сағаттан астам) айқын ұзақ уақыт төмендеуі жағдайында Лизинокормен емдеуді тоқтату керек.

Инсулинге тәуелді қант диабеті бар емделушілердегі диабеттік нефропатияда Лизинокор тәулігіне 1 рет 10 мг дозада қолданылады. Отырған күйдегі диастолалық АҚ 75 мм сын.бағ. төмен мәніне қол жеткізу мақсатында қажетіне қарай дозаны тәулігіне 1 рет 20 мг дейін ұлғайтуға болады. Инсулинге тәуелді емес қант диабеті бар емделушілерге препаратты отырған күйдегі диастолалық АҚ 90 мм сын.бағ. төмен мәніне қол жеткізу мақсатындағыдай дозада тағайындайды.

Лизиноприлдің антигипертензивті әсерінің айырмашылығы егде жастағы және жас емделушілерде анықталмағанына қарамастан, егде жастағы емделушілерде стандартты доза қолдану препараттың қандағы концентрациясының жоғарырақ болуына алып келеді, сондықтан дозаны анықтағанда ерекше сақтық жасау талап етіледі.

Жағымсыз әсерлері

Жиі

-бас айналуы, бас ауыруы, әлсіздік

- диарея, жүрек айнуы, құсу, ауыз құрғауы

- құрғақ жөтел

- ортостатикалық гипотензия, кеуденің ауыруы

- тері бөртпесі

Кейде

- қажығыштық, ұйқышылдық, аяқ-қол мен еріннің бұлшық еттерінің құрысып тартылуы

- анорексия, диспепсия, дәм сезудің өзгеруі, іштің ауыруы, панкреатит, гепатоцеллюлярлы немесе холестатикалық сары ауру, гепатит

- айқын АҚ төмендеуі, ангионевротикалық ісіну (бет, ерін, тіл, көмей немесе көмекей, аяқ-қолдар)

- лейкопения, нейтропения, агранулоцитоз, тромбоцитопения, ұзақ емдегенде - гемоглобин мен гематокрит концентрациясының аздап төмендеуі, эритроцитопения, гиперкалиемия, азотемия, гиперурикемия, гипербилирубинемия, бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы (әсіресе сыртартқысында бүйрек ауруы, қант диабеті және реноваскулярлы гипертензия болғанда)

Сирек

- астеникалық синдром, көңіл-күйдің құбылмалылығы, сананың шатасуы, потенция төмендеуі

- ЭШЖ жылдамдығын қоса алғандағы синдром

- артралгия және антинуклеарлық антидене пайда болуы

-жүрек соғуы, тахикардия, миокард инфаркты

- АҚ айқын төмендеуі салдарынан болатын аурулардың қатері жоғары науқастардағы цереброваскулярлық инсульт

- бүйрек қызметі бұзылуы, олигурия, анурия, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, уремия, протеинурия

-есекжем, жоғары тершеңдік, тері қышымасы, алопеция

Басқа да - миалгия, қызба, ұрық дамуының бұзылулары

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдықта

  • АӨФ тежегіштерімен ізашар ем аясында ангионевротикалық ісінуде

  • бүйрек артериясы немесе қолқа сағасы тарылуында

  • бүйрек трансплантациясынан кейінгі жай-күйде

  • біріншілік гиперальдостеронизмде

  • бүйрек қызметінің айқын бұзылуында, азотемияда

  • гиперкалиемияда

  • жүктілік, лактация кезеңінде

  • 18 жасқа дейінгі балалар жасында (тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Лизинокорды калий жинақтайтын диуретиктермен (спиронолактон, триамтерен, амилорид), калий препараттарымен бір уақытта қолданғанда гиперкалиемия даму қатері жоғарылайды (әсіресе бүйрек қызметі бұзылулары бар емделушілерде). Сондықтан берілген біріктірілімді қан плазмасындағы калий деңгейін және бүйрек қызметін бақылаумен, сақтықпен тағайындайды. Лизинокорды диуретиктермен, антигипертензивті препараттармен бір уақытта қолданғанда аддитивті антигипертензивті әсер белгіленеді.

ҚҚСД (қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер), әсіресе индометацинмен, эстрогендермен, сондай-ақ адренокөтермелегіштермен бір уақытта қолданғанда Лизинокордың антигипертензивті әсерінің төмендегені анықталған.

Антацидтермен және колестираминмен бір уақытта қолданғанда лизиноприлдің АІЖ сіңуі төмендейді.

Бір уақытта қолданғанда Лизинокор этанол әсерін күшейтуі мүмкін.

Лизинокорды литий препараттарымен бір уақытта қолданғанда ағзадан литийдің шығарылуы төмендеуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Бірнеше диуретиктер немесе диуретиктерді жоғары дозада алатын (> 80 мг фуросемид/күніне) емделушілерге, гиповолемиясы, гипонатриемиясы (сарысудағы натрий құрамы < 130 ммоль/л) бар, осыған дейін гипотониясы, тұрақсыз жүрек жеткіліксіздігі, бүйрек қызметі шектеулілігі болған, тамыр кеңейтетін дәрілердің жоғары дозаларымен терапияланған және 70 жас және одан үлкен жастағы емделушілерге Лизинокормен емді стационарлы түрде бастау ұсынылады.

Гипотония дамығанда қатаң дәрігерлік бақылау қажет, бүйрек қызметі мен калий деңгейін бірге бақылай отырып, диуретиктерді төмен дозада қабылдау және дәрілік препарат дозасын мұқият ысқылап, ұнтау қажет. Егер мүмкін болса, Лизинокормен терапияны бастардан 2-3 күн бұрын диуретиктермен емді уақытша тоқтата тұру керек. Сондай-ақ бұл жағдайды қан қысымының шамадан тыс төмендеуінен миокард инфаркті немесе инсульт дамуы мүмкін стенокардиясы немесе басқа да жүрек-қан тамырлары аурулары бар емделушілер ескере жүруі тиіс.

Гипотония дамыған жағдайда науқасты шалқасынан жатқызу керек, қажет болғанда жоғалған сұйықтық көлемінің орнын толтыруды жүргізеді. Брадикардияда атропин тағайындалады.

Гемодиализ/ЛПТТ-липидті-аферез/ Десенсибилизацияға арналған ем

Лизинокорды және полиакрил-нитрилді жарғақшамен диализді немесе ЛПТТ (тығыздығы төмен липопротеин)-аферез сульфат декстраның көмегімен немесе жәндіктердің (ара, жабайы ара) уына қарсы десенсибилизацияны бір мезгілде қолданғанда анафилактикалық шок дамуы мүмкін. Диализ үшін басқа жарғақша пайдалану немесе уақытша Лизинокорды басқа антигипертезивті препараттармен (АӨФт емес) алмастыру ұсынылады.

Ангионевротикалық ісіну

Бет, еріннің ангионевротикалық ісінуі дамуында гистаминге қарсы дәрілер тағайындалады. Тілдің, дауыс саңылауы және/немесе көмей ісінуі өмірге қауіп төндіруі мүмкін, сондықтан дереу 0,3-0,5 мг эпинефринмен тері астылық инъекциясы немесе көктамыр ішіне 0,1 мг эпинефринді баяу енгізумен (сұйылту көрсетілімін бақылай отырып), ЭКГ мониторингтеумен және қан қысымына шұғыл ем жасалады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Лизинокор препаратымен емдегенде артериялық қысым деңгейін бақылау қажет, жеке ерекшеліктеріне байланысты кейбір науқастарда гипотензия дамуы мүмкін, сол себепті автокөлік және қозғалатын механизмдерді басқару қабілеті бұзылуы мүмкін.

Артық дозаланғанда

Симптомдары: гипотония, шок, брадикардия.

Емдеу: сулы-электролитті теңгерімді қалпына келтіру. Қажетіне қарай симптоматикалық ем жасалады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.

Екі пішінді қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

100С-ден 250С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Препаратты жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«GM Pharmaceuticals Ltd.», PSP group, Грузия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР Алматы қаласындағы өкілдігі, Шагабудинова 66, 22 пәтер

телефон + 7(727) 399 88 49

Электронды поштасы: mss001@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

657463801477977143_ru.doc 75 кб
461830231477978310_kz.doc 77.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники