Лизак (со вкусом аниса и мяты)

МНН: Деквалиния хлорид
Производитель: Фармак ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018761
Информация о регистрации в РК: 20.10.2021 - 20.10.2031

Инструкция

Саудалық атауы

Лизак

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Анис және жалбыз дәмімен соруға арналған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар – құрғақ затына шаққанда 10 мг лизоцим гидрохлориді,

100 % құрғақ затына шаққанда 0,25 мг деквалиний хлориді;

қосымша заттар: лактоза моногидраты; маннит (Е 421), повидон (К-17), магний стеараты, дәмдік қоспалар: анис және жалбыз.

Сипаттамасы

Сызығы мен ойығы бар, жалпақ беткейлі, анис және жалбыз дәмімен түсі ақ немесе ақ дерлік таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер.

АТЖ коды R02АА20

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Лизак таблеткалары жергілікті қолданғанда шектеулі әсер етеді және жүйелі қан ағымына сіңбейді. Деквалиний хлориді ішу арқылы қабылдағанда елеусіз мөлшерде сіңіріледі. Лизоцим асқазан-ішек жолынан жақсы сіңеді. Қандағы концентрация шыңына 1-1,5 сағаттан соң жетеді. Лизоцим организм тіндеріне кең таралады, шырышты қабықта жиналады. Ішек ферменттерімен гидролизденеді, метаболиттер түрінде несеппен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Лизак – жергілікті антисептикалық әсері жақсы көрінетін біріктірілген препарат. Бактерияға қарсы, зеңге қарсы, вирусқа қарсы және гемостатикалық әсер етеді. Ауырғанды жылдам басады және қабынуды қайтарады. Препараттың емдік әсері оның құрамына кіретін компоненттерге байланысты.

Деквалиний хлориді – квинолиндер тобының антисептигі, көбіне жергілікті әсер етеді. Бактерияға қарсы әсері грамоң (Streptococci A тобының, Streptococci В тобының, Streptococci D тобының, Staphylococcus aureus, Listeria spp., Peptostreptococci және басқалары) және грамтеріс (Fusobacterium, Escherichia coli, Serratia spp., Klebsiella spp., Pseudomonas spp., Bacteroides spp., Prevotella spp., Proteus spp. және т.б.түрлері), соның ішінде басқа да бактерияға қарсы заттарға резистентті микроорганизмдерге қатысты алғанда тиімді. Зеңге қарсы әсері Candida albicans-ке, Trychophyton-ның кейбір түрлеріне және эпидермофиттерге қарсы білінеді.

Бактерицидтік әсері еріту және деполимеризациялау жолымен қоздырғыштың ақуыздары мен ферменттерін денатурациялауға, сондай-ақ гликолизбен және дегидрогеназдар белсенділігін жоюға; рибосомалар деңгейінде ақуыздар синтезін бұзуға; жасушалық жарғақшаның цитолизіне негізделген.

Бактериостатикалық әсерінің негізінде беткейлік белсенді катионды әсері жатыр. Грамоң микроорганизмдерге қатысты бактериостатикалық әсері, грамтерістерге қарағанда күштірек білінеді.

Лизоцим гидролаз класының ферменті болып табылады. Бактерияға қарсы әсер етеді, бактериялардың жасушалық қабырғаларын муреин гидролизі - бактериялардың жасушалық қабырғалары пептидогликандары арқылы бұзады. Лизоцим грамоң бактерияларға қатысты анағұрлым тиімді әсер етеді. Ол мұнымен бірге грамтеріс бактериялар мен зеңдердің өсуін басады. Вирусқа қарсы белсенділігін (вирустармен кешен түзе отырып) байқатады.

Лизоцим жергілікті қабынуға қарсы және муколитикалық әсер етеді. Ауыз қуысы мен жұтқыншақ шырышты қабатының табиғи қорғану механизмдерін белсенді етеді, қабыну кезінде шырышты қабықта түзілетін гистамин немесе гистамин тәрізді заттарды бейтараптандырады. Лизак құрамында қант жоқ екендігін ескеріп, оны қант диабеті бар науқастарға қолдануға болады.

Қолданылуы

  • Препаратқа сезімтал қоздырғыштар туғызған ауыз қуысы мен тамақтың қабыну үдерістерін жергілікті антисептикалық емдеуде (катаральді, ойық жаралы, фиброзды гингивиттер; афтозды стоматиттер; ауыз қуысы мен жұтқыншақ кандидозы; фарингиттер; тонзиллиттер; ларингиттер және глосситтер).

  • Ауыз қуысы мен тамаққа операциялық араласуға дейінгі және кейінгі жұқпалардың алдын алуда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға ұсынылатын доза.

Соруға арналған 1 таблеткадан әр 2-3 сағат сайын (тәулігіне 10 таблеткадан көп емес) қолданылады. Қабыну симптомдары азайған соң – 1 таблеткадан әр 4 сағат сайын.

4-тен 12 жасқа дейінгі балаларға ұсынылатын доза.

Соруға арналған 1 таблеткадан әр 3 сағат сайын (тәулігіне 5 таблеткадан көп емес) қолданылады. Қабыну симптомдары азайған соң – 1 таблеткадан әр 4 сағат сайын.

Белсенді компоненттерінің біртіндеп босатылуы және ауыз қуысы мен жұтқыншақ шырышты қабығымен жанасуын ұзарту үшін таблетканы шайнамай, баяу сору керек, осының нәтижесінде әсер етуші заттар патологиялық ошаққа тиімді жеткізіледі. Препаратты қабылдағаннан кейінгі 30 минут ішінде емделушінің тамақтанудан және ішуден бас тарта тұрғаны жөн.

Емдеуді ауру симптомдары жойылғаннан кейін тағы да 1-2 тәулік бойы жалғастыру ұсынылады.

Лизакты ауру симптомдары жойылғанша қолдану керек. Егер симптомдар 5-7 тәулік емдеуден кейін жойылмаса, емдеудің мұнан арғы тактикасын белгілеу үшін дәрігерге жүгіну қажет.

Жағымсыз әсерлері

Әдетте препараттың көтерімділігі жақсы, айтарлықтай жағымсыз реакциялары жайлы хабарлар болмаған. Дегенмен, мынадай ұнамсыз медикаментозды реакциялар болуы мүмкін:

Сирек:

  • жүрек айнуы

  • ауыздың құрғауы

  • ауыз қуысы дисбактериозы (ұзақ қолданғанда)

  • күйдіруді сезіну және тамақтың тітіркенуі

Өте сирек:

  • аллергиялық реакциялар (есекжем, бөрту, қышу)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың құрамдас бөліктеріне жоғары сезімталдықта

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Кайексалатпен (гиперкалиемияны емдеуге арналған дәрі) бір мезгілде қолданғанда тері мен шырышты қабықтың, әсіресе асқазан-ішек жолы шырышты қабығында некротикалық ауыр зақымданулардың даму ықтималдығы бар.

Деквалиний хлоридінің бактерияға қарсы белсенділігі анионды детергенттерді, мысалы, тіс пастасын бір мезгілде қолданған кезде төмендейді.

Айрықша нұсқаулар

Препарат құрамында қант жоқ, сондықтан оны қант диабетімен науқастарды емдеу үшін қолдануға болады. Жұқпа жайылуының негізгі клиникалық симптомдары болғанда жүйелі бактериялық емдеу тағайындау қажет. Қандай да бір жағымсыз әсерлері пайда болған кезде Лизак таблеткаларын қабылдауды дереу тоқтатып, басқа дәрілік зат тағайындау қажет.

Жергілікті емдеу үшін басқа препараттармен бір мезгілде қолданғанда сақ болу керек.

Педиатрияда қолдану

Препарат осы дәрілік түрінде аспирацияның даму қауіптілігіне байланысты болғандықтан 4 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды.

Жүктілік және лактация кезеңінде қолдану

Бақылау зерттеулері жүргізілген жоқ. Осыған байланысты, егер балаға әсерінің ықтимал қатерінен емдік әсері артып түскен жағдайда, препаратты жүктілік немесе емшек емізу кезеңінде дәрігермен кеңескеннен кейін қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозаланғанда

Артық дозалануы туралы деректер жоқ.

Препарат аз мөлшерде сіңіріледі, сондықтан артық дозалану ықтималдығы күмәнді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан мөлдір емес поливинилхлоридті (пигменттелген ақ) және тесілген немесе тесілмеген баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

“Фармак” ААҚ

Мекенжайы: Украина, 04080, Киев қ., Фрунзе к-сі, 63

Тіркеу куәлігінің иесі

“Фармак” ААҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстан Республикасы, 050031 Алматы қ., Төле би к-сі, 291-291а L 74 кеңсе,

Тел/факс: +7 (727) 250 10 28, электронды поштасы: Djatlova88@mail.ru

Прикрепленные файлы

043529361477977079_ru.doc 58.5 кб
849849941477978245_kz.doc 56.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники