Лив. 52

Производитель: The Himalaya Drug Co
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№009726
Информация о регистрации в РК: 25.08.2023 - 25.08.2033

Инструкция

Саудалық атауы

Лив.52

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

100 мл шәрбат

Құрамы

5 мл шәрбаттың құрамында

белсенді заттар:

мынадай өсімдіктер шикізатының қоспаларынан алынған қою сулы сығынды (1:10):

тікенді кеуел тамыры 34 мг кәдімгі шашыратқы дәні 34 мг

қара алқа бүтін өсімдігі 16 мг

батыс кассиясының дәндері 8 мг

аржун терминалиінің қабығы 16 мг

кәдімгі мыңжапырақ шөбі 8 мг

галльск жыңғылының бүтін өсімдігі 8 мг

(арақатынасы: шикізат: сығынды 3.5:1) -135 мг

(62 мг құрғақ затқа баламалы) 8 мг

Шикізат 0.64 мг-ден тең мөлшерлерде алынған өсімдік шикізатының қоспасынан алынған сулы сығынды буымен алдын ала өңделген (1:10):

ақ эклипта бүтін өсімдігі, нирури филантусы, шашылған берхавия, жүрекше жапырақты тиноспора, егістік шалқаны, дәрілік эмблика, цейлон қабанқұлағы, қышқыл эмбелия, хебула терминалиясы (миробаллан ағашы), дәрілік шытыра.

қосымша заттар: қант, натрий бензоаты, натрий цитраты, лимон қышқылы, Ананас хош иістендіргіші, тазартылған су

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі және тәтті дәмі бар алтын-қоңыр түсті шәрбат тәрізді сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Бауыр ауруларын емдеуге арналған препараттар.

АТЖ коды А05ВА

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препарат өсімдік тектес биологиялық белсенді зат болып табылатындықтан, кинетикалық бақылаулар жүргізу мүмкін емес, барлық құрамдас бөліктер маркерлердің көмегі немесе биологиялық зерттеулер арқылы анықтала алмайды.

Фармакодинамикасы

Біріктірілген өсімдік препараты. Гепатопротекторлық және уыттылыққа қарсы әсер етеді. Лив.52 гепатопротекторлық әсері оның құрамдас бөліктерінің құрамына кіретін антиоксиданттық және жарғақша тұрақтандыратын қасиеттерімен шартталған. Уыттылыққа қарсы әсері гепатоциттердің эндоплазмалық ретикуласын дегенерациядан қорғауға негізделген. Препарат бауырдың микросомалық ферментативтік жүйелерінің, соның ішінде Р-450 цитохромының белсенділігін жоғарылатады және қалыптандырады. Лив.52 ақуыздардың, холестерол мен фосфолипидтердің биосинтезін көтермелейді, бауыр жасушаларының регенерациясына ықпал етеді, дегенеративтік, майлы және фибриноздық өзгерістерді азайтады, жасушаішілік алмасуды күшейтеді. Препарат альбумин/глобулин арақатынасын қалыптандыра отырып, қанның плазмалық ақуыздарының деңгейін реттейді. Дислипидемия көріністерін азайта отырып, плазмалық трансаминазалар, холестерин, триглицеридтер деңгейінің қалыптануын қамтамасыз етеді. Билирубин және сілтілі фосфатаза көрсеткіштерін төмендетеді. Бауырдың гликогенді депонирлеу қабілетін арттырады. Өттің коллоидтық қасиеттерін жақсартады, өт тастарының түзілуін болдырмайды. Өт қабының жиырылу қызметін жақсартады.

Ас қорыту және тамақтың сіңу үдерісін жақсартады. Гемопоэзді көтермелейді.

Лив.52 қанда және несепте этанол деңгейін төмендетеді: ацетальдегиддегидрогеназа белсенділігін жоғарылатады, бұл ацетальдегид

деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді, ақуыздармен ацетальдегид байланысуын болдырмайды, оның несеппен шығарылуын жылдамдатады.

Қолданылуы

- реконвалесценция кезеңіндегі жедел вирустық гепатитте

- кез-келген этиологиядағы созылмалы гепатитте

- анорексия және кез-келген генездегі салмақ жоғалтуда

- туберкулезге қарсы, ісікке қарсы, контрацептивтік, бактерияға қарсы, ыстық түсіретін препараттар, химиялық заттар, алкоголь туындатқан бауырдың уытты зақымдануларының алдын алу

Қолдану тәсілі және дозалары

Жедел вирустық гепатит, созылмалы гепатит:

Балаларға 1 жастан 3 жасқа дейін – күніне екі рет ½ шай қасық, 3-тен 8 жасқа дейін – күніне екі рет 1 шай қасықтан, 8-ден 15 жасқа дейін – күніне 2-3 рет 1,5-2 шай қасықтан.

Ересектерге күніне 3-4 рет 3 шай қасықтан.

Жедел вирустық гепатитті емдеу ұзақтығы –1 ай, созылмалы гепатитте – 6 ай.

Анорексия және салмақ жоғалту:

Балаларға 1 жастан 2 жасқа дейін – күніне 2 рет ½ шай қасықтан, 2-ден 8 жасқа дейін – күніне 2 рет ½ шай қасықтан, 8-ден 15 жасқа дейін – күніне 2 рет 1,5-2 шай қасықтан.

Ересектерге күніне 2-3 рет 2 шай қасықтан.

Емдеу ұзақтығы 1 ай.

Бауырдың уытты зақыдануларының алдын алу үшін ұсынылатын доза

Ересектерге – күніне 3 рет 2-3 шай қасықтан. Ұзақтығы 1 ай.

Балаларға – күніне 2 рет 1 шай қасықтан. Ұзақтығы 1 ай.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыма)

- диспепсиялық құбылыстар (нәжістің әлсізденуі)

болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың құрамдас бөліктеріне жоғары сезімталдық

-1 жасқа дейінгі сәбилік кезең

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Сипатталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Асқазан мен ішектің жедел ауыруларымен, қант диабетімен науқастарға абайлап тағайындайды – 1 мл Лив.52 препаратының құрамында 0,032 НБ (нан бірліктері) қант бар.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезінде гепатобилиарлық жүйе патологиясымен байланысты гестоздарды емдеу үшін қолданудың оң тәжірибесі бар.

Лив.52 шәрбатын қолдану жүктілерде бауырішілік холестаз және өт қабында өттің іркілуі құбылыстарының азаюына алып келеді.

Дәрілік заттың автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозаланғанда

Көп дүркін асырылған дозамен тең ұзақ уақыт қабылдау уытты әсер етпейді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 мл-ден алғашқы ашылуы бақыланумен бұралып жабылатын алюминий қақпақтармен тығындалған қоңыр түсті шыны құтыларда. 1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

The Himalaya Drug Co, Үндістан

Макали, Бангалор, 562 123 Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

The Himalaya Drug Co, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Т.А.И. Фарма Лимитед»

Алматы қ., Жангелдин к-сі 31

200 кеңсе «Жар-Су» бизнес орталығы

тел/факс: 278-59-99/94

e-mail: reg. taipharma@ intelsoft.kz

Прикрепленные файлы

887743651477977110_ru.doc 46.5 кб
964437301477978272_kz.doc 55.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники