Лив. 52®

МНН: Железа оксид (Е172), Каперсов колючих корней порошок, Паслена черного целого растения порошок, Сенны западной семян порошок, Тамариска гальского целого растения порошок, Терминалии арджуны коры порошок, Тысячелистника обыкновенного травы порошок, Цикория обыкновенного семян порошок
Производитель: Хималайя Драг Ко.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты для лечения заболеваний печени
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003804
Информация о регистрации в РК: 13.06.2022 - 13.06.2032
Номер регистрации в РБ: 1972/96/01/07/13/18/20
Информация о регистрации в РБ: 20.12.2018 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Лив.52®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

1 таблетканың құрамында

белсенді заттар:

Тікенді кеуел тамырының ұнтағы 65 мг

Кәдімгі шашыратқы дәнінің ұнтағы 65 мг

Қара алқаның бүтін өсімдігінің ұнтағы 32 мг

Батыс пішені дәнінің ұнтағы 16 мг

Арджун терминалия қабығының ұнтағы 32 мг

Кәдімгі мыңжапырақ шөбінің ұнтағы 16 мг

Галь жыңғылы бүтін өсімдігінің ұнтағы 16 мг

Темір тотығы 33 мг

қосымша заттар: магний стеараты, натрий

карбоксиметилцеллюлозасы, микрокристалды целлюлоза,

натрий кроскармелозасы, коллоидты кремнийдің қостотығы

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, ашық және күңгірт теңбілдері бар жасылдау-сұр түсті таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Бауырдың және өт шығару жолдарының ауруларын емдеуге арналған препараттар

Бауыр ауруларын емдеуге арналған препараттар

АТХ коды А05ВА

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препарат өсімдік тектес биологиялық белсенді заттар кешені болып табылатындықтан, кинетикалық бақылау жүргізу мүмкін емес, компоненттерінің бәрі бірдей маркерлер немесе биозерттеулер көмегімен қадағаланбайды.

Фармакодинамикасы

Біріктірілген өсімдік препараты. Лив.52® құрамына кіретін компоненттер кешенді түрде гепатопротекторлы, уыттылыққа қарсы, қабынуға қарсы, өт айдаушы, антиоксиданттық, уытсыздандырушы және анорексияға қарсы әсер көрсетеді.

Лив.52® гепатопротекторлы әсері құрамына кіретін компоненттерінің антиоксиданттық және жарғақша тұрақтандыратын қасиеттерімен шартталған. Препарат жасушалық жарғақшалар деградациясын азайтады, гепатоциттерде антиоксиданттардың, атап айтқанда, эндогенді токоферолдардың өндірілу деңгейін арттырады, бұл оның қабығын ыдырататын бос радикалдардың әріқарай түзілуін болдырмайды.

Лив.52® уыттылыққа қарсы әсері дегенерациядан гепатоциттердің эндоплазмалық ретикулумын қорғауға негізделген. Препарат бауырдың микросомалық ферментативтік жүйелерінің, соның ішінде Р-450 цитохромының белсенділігін жоғарылатады. Лив.52® бауыр паренхимасын уытты заттардың әсерінен қорғайды және гепатоциттердің функционалдық жай-күйін жақсартып, қабыну өзгерістерін басады. Цирроз алдындағы фазада препарат аурудың дамуын тежейді және бауыр тінінің әріқарай зақымдануын кедергілейді.

Лив.52® гепатоциттер арқылы ақуыздар, холестерол және фосфолипидтердің биосинтезін көтермелейді, жасушалардың дегенеративтік, майлы және фиброзды өзгерістерін азайтады, жасушаішілік алмасуды күшейтеді.

Препарат альбумин/глобулин арақатынасын қалыптандыра отырып, қанның плазмалық ақуыздарының деңгейін реттейді. Дислипидемия көрінісін азайтып, плазмалық трансаминазалар, холестерин, триглицеридтер деңгейінің қалыптануын қамтамасыз етеді. Билирубин және сілтілі фосфатаза көрсеткіштерін төмендетеді. Бауырдың гликогенді депонирлеу қабілетін арттырады. Лив.52® өт қабының жиырылу қызметін жақсартып, өт айдау әсерін көрсетеді, холестаз құбылыстарын басады, өттің коллоидты қасиеттерін жақсартады, өт тастарының түзілуін болдырмайды.

Лив.52® тәбетті күшейтеді, ас қорыту және тамақтың сіңу үдерісін жақсартады, ішектен газдардың бөлініп шығуын жеңілдетеді.

Қан түзілу үдерісін көтермелейді.

Алкоголь туғызған уыттану тұсында, Лив.52® қанда этанол деңгейін төмендетеді: ацетальдегиддегидрогеназа белсенділігін жоғарылатады, ол ацетальдегид деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді және оның несеппен шығарылуын жеделдетеді. Созылмалы алкоголизм кезінде бауыр жасушаларындағы инфильтрацияны бөгейді. Ацетальдегидтің гепатоциттерді зақымдайтын әсеріне жол бермей, Лив.52® «масаңдық» синдромының даму қаупін төмендетеді, диурезді жұмсақ көтермелейді, алкогольдің организмнен шығарылуын жеделдетеді.

Тікенді кеуел құрамында тиогликозидтер, стероидты сапониндер, рутин, аскорбин қышқылы, кверцетин бар және гепатокөтермелеуші, гепатопротекторлы, диурездік, антисептикалық, ауыруды басушы әсер көрсетеді, тәбетті жақсартады. Кәдімгі шашыратқы құрамында гликозидтер, фруктоза, левулеза, холин, аскорбин қышқылы, В тобының витаминдері бар. Шашыратқы тәбетті оятады, әсіресе, гастрит, энтерит, колит тұсында ас қорыту ағзаларының қызметін жақсартады, гипогликемиялаушы, гепапротекторлы әсер көрсетеді, холецистит тұсында (өттің бөлінуін көтермелейді), бүйрек ауруларында (несеп айдау әсері) пайдалы. Шашыратқы кеуелдердің әсерін әлеуеттендіреді. Қара алқа құрамында гликоалкалоидтар, рутин, аспарагин, ситостерин, иіткіш заттар, сапониндер, лимон, аскорбин қышқылы бар. Түйілуді басатын, ауыруды басатын, диурездік, жұмсартқыш, қабынуға қарсы және гепатопротекторлы әсер көрсетеді.

Батыстық пішен құрамына антрагликозидтер, флавоноидтар, стериндер, органикалық қышқылдар бар. Өт айдаушы, уыттылыққа қарсы, іш жүргізуші әсер көрсетеді. Пішен ішектегі өт бөлінісі кезінде тиімді. Тоқ ішектің қалыпты қызметін өзгертпейді, іш жүргізу әсерінен соң іш қатуды туындатады (АІЖ-на сергіткіш әсер).

Арджун терминалиясы диурездік әсер көрсетеді, жалпы сергіткіш тиімділігі бар.

Галь жыңғылының гепатопротекторлы қасиеттері бар. Кәдімгі мыңжапырақ шөбі құрамында эфир майы, флавоноидтар, иіткіш заттар, К витамині бар. Өт ағыстарының кеңеюін туғызады, он екі елі ішекте өт бөлінісін ұлғайтады, диурезді арттырады, ішектің түйіліп ауыруын жояды. АІЖ жолы қызметін сергітеді, жел айдайтын әсер көрсетеді. Осы қасиеттеріне орай, оны гипоацидті гастритте, асқазан мен он екі елі ішектің пептидті ойық жарасында, түйілетін ойық жаралы колитте, метеоризмде, бауыр және бүйрек ауруларында пайдаланады. Темір тотығы қан түзілуін көтермелейді.

Қолданылуы

Мыналардың алдын алуға және емдеуге арналған кешенді ем құрамында:

- вирустық гепатит, бауыр циррозы

- туберкулезге қарсы, ісікке қарсы, антиретровирустық, химиялық ем препараттарын, статиндер, алкоголь қабылдау, радиациялық және сәулелі ем салдарынан болатын бауырдың уытты зақымданулары

- гемодиализ жасау, ұзаққа созылатын аурулар кезінде, айығу кезеңінде, майлы инфильтрацияны қоса, бауыр қызметінің бұзылуларында (ақуыз-энергетикалық жеткіліксіздікке байланысты) демеуші дәрі

- анорексияны (тәбеттің төмендеуі) және салмақ жоғалтуды емдеуде

- жүктілер гепатозы

Қолдану тәсілі және дозалары

Жедел вирустық гепатит

Ересектерге: күніне 3 рет 2 таблеткадан.

6 жастан асқан балаларға: күніне 3 рет 1 таблеткадан.

Анорексия (тәбеттің төмендеуі) және салмақ жоғалту

6 жастан асқан балаларға: күніне 2-3 рет 1 таблеткадан.

Ересектерге: күніне 2-3 рет 2 таблеткадан.

Алкоголь қабылдау салдарынан бауыр зақымданғанда:

Күніне 3 рет 2-3 таблеткадан.

Препарат ас ішу кезінде қабылданады.

Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер белгілейді.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыну)

- диспепсиялық құбылыстар (нәжістің жұмсаруы)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- 6 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Сипатталмаған

Айрықша нұсқаулар

Асқазан мен ішектің жедел аурулары бар науқастарға сақтықпен тағайындайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезінде гепатобилиарлы жүйе патологиясымен байланысты гестоздарды емдеу үшін Лив.52® қолданудың оң тәжірибесі бар.

Лив.52® қолдану бауырішілік холестаз және өт қабындағы өт іркілісі құбылыстарының азаюына алып келеді.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Әсер етпейді.

Артық дозалану

Ұсынылған дозадан 2 есе асыру ұсынылмайды, дегенмен де, мұндай доза қолайсыз әсерлер туғызбайды.

Симптомдары: нәжістің жұмсаруы мүмкін

Артық дозаланған жағдайда емдеуші дәрігерге қаралу қажет.

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 таблеткадан қақпағы бұралатын ақ түсті тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған пластмасса құтыларда. Құтыға қағаздан жасалған заттаңба жапсырылады.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Хималайя Драг Ко, Үндістан

Макали, Бангалор, 562 123

Тіркеу куәлігінің иесі

The Himalaya Drug Co, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Т.А.И. Фарма Лимитед»

Алматы қ., Жангелдин к-сі 31

200 кеңсе «Жар-Су» бизнес орталығы

тел/факс: 278-59-99/94

e-mail reg. taipharma@ intelsoft.kz

Прикрепленные файлы

448769571477976960_ru.doc 59 кб
033356591477978136_kz.doc 67.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ