Лефно™

МНН: Лефлуномид
Производитель: Кусум Хелткер Пвт. Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Leflunomide
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016712
Информация о регистрации в РК: 20.12.2020 - 20.12.2030

Инструкция

Саудалық атауы

ЛефноТМ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Лефлуномид

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - лефлуномид 20 мг,

қосымша заттар: старлак, повидон К-30, натрий кроскармеллозасы, натрий лаурилсульфаты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, тальк, қабығының құрамы: колликоат IR ақ: колликоат IR, коллидон VA 64, титанның қостотығы (Е 171), каолин, натрий лаурилсульфаты.

Сипаттамасы

Сопақша пішінді, екі беті дөңес, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Селективті иммунодепрессанттар.

АТХ коды L04A A13

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

ЛефноТМ ішек қабырғасы мен бауырда бастапқы метаболизм жолымен А771 726 белсенді метаболитіне жылдам айналады, ЛефноТМ белсенділігі түгелімен дерлік сонымен байланысты және ол қан плазмасында, несепте, нәжісте іздік мөлшерлерде анықталған, бірден-бір анықталатын метаболит болып табылады.

Сіңуі

Препараттың сіңірілуі ас ішуге байланыссыз және 82 - 95% құрайды.

А771726 метаболитінің Cmax бір рет қабылданған дозасынан кейін 1-24 сағат ішінде анықталады. А771726 фармакокинетикалық параметрлері 5 мг-ден 25 мг дейінгі дозалары кезінде тікелей тәуелділікке ие. Бұл зерттеулерде клиникалық әсері А771726 плазмалық концентрациясымен және лефлуномидтің тәуліктік дозасымен тығыз байланысты. Тәулігіне 20 мг дозасы кезінде А771726 орташа Css 35 мкг/мл құрады.

Таралуы

Плазмада А771726 альбуминмен жылдам байланысады. А771726 байланыспаған фракциясы 0,62% құрайды. А771726 белсенді метаболитінің байланысуы ауытқып тұрады және ревматоидтық артриті бар науқастарда немесе бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі кезінде біраз төмендейді. Лефлуномид өзінің белсенді метаболиті А771726-ға жылдам өзгереді (ішек қабырғасы мен бауырдағы бастапқы метаболизмі арқылы). Плазмада, несеп пен нәжісте лефлуномидтің іздік мөлшерлері анықталалды. Анықталатын бірден-бір метаболиті, препараттың негізгі қасиеттеріне in vivo жауапты А771726 болып табылады.

Метаболизмі

Лефлуномид бір негізгі (А771726) метаболитке және 4-трифлуорометилаланинді қоса, бірнеше қосалқы метаболитке дейін метаболизденеді. Лефлуномидтің А771726-ға биотрансформациясы мен А771726 өзінің кейінгі метаболизмі бірнеше фермент арқылы бақыланады және микросомалық және басқа жасуша фракцияларында орын алады.

Шығарылуы

А771726 организмнен шығарылуы баяу, клиренсі 31 мл/сағатты құрайды. T1/2 - 2 аптаға жуық. Несеппен глюкуронидтер – лефлуномид туындылары түрінде, және оксанил қышқылы – А771 726 туындысы түрінде тең дәрежеде және нәжіспен өзгеріссіз күйде шығарылады.

Бүйрек жеткіліксіздігі кезіндегі фармакокинетикасы

Созылмалы амбулаториялық перитонеальді диализдегі (САПД) науқастарда ішу арқылы қабылданған бір реттік 100 мг дозасын енгізгеннен кейінгі  белсенді метаболиті А771726 фармакокинетикасы дені сау адамдардағы осындайға ұқсас. А771726 шығарылуы гемодиализдегі науқастарда жылдамырақ жүзеге асты, бұл диализаттағы препаратты шығарып тастауға түрткі болған жоқ.

Бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі фармакокинетикасы

Бауыр жеткіліксіздігі бар науқастардағы препараттың фармакокинетикасы туралы мәліметтер жоқ. Белсенді метаболиті А771726 ақуыздармен қарқынды байланысады және организмнен бауырлық метаболизмі мен өт сөлінісі барысында шығарылады. Бұл үдерістер бауыр дисфункциясы кезінде бұзылуы мүмкін.

Егде жастағы пациенттердегі фармакокинетикасы

Егде жастағы (65 жастан асқан) науқастардағы фармакокинетикасы жөніндегі мәліметтер саны аз, бірақ олар орта жастағы науқастардан алынған фармакокинетикалық мәліметтерге қарама-қайшы емес.

Фармакодинамикасы

ЛефноТМ – изоксазол қатарының иммуномодуляциялаушы препараты. Антипролиферативнтік, иммуномодуляциялаушы (иммуносупрессивтік) және қабынуға қарсы әсер береді. Лефлуномидтің белсенді метаболиті А771726 дегидрооротат-дегидрогеназа ферментін тежейді және ревматоидтық артрит, псориаздық артрит сияқты ревматизм ауруларының патогенезінде, сондай-ақ аутоимундық Т – жасушасы негіз болған ауру болып табылатын псориаздың терідегі көріністері кезінде маңызды рөл атқаратын белсенділенген лимфоциттерге антипролиферативтік әсер береді.

ЛефноТМ ревматоидтық артриттің белсенді түрі кезінде буындардың зақымдану симптомдарын азайтады және зақымдануының үдеуін баяулатады. ЛефноТМ емдік әсері 1 айдан соң айқындала бастайды, 3-6 айға қарай тұрақтанады және барлық емдеу курсы бойына сақталады.

ЛефноТМ 20 мг демеуші дозасының тиімділік нәтижелері айтарлықтай жағымды, бірақ қауіпсіздігіне қатысты нәтижелер көрсеткіштері күніне 10 мг дозасының пайдасына шешіліп отыр.

Қолданылуы

- ересектердегі ревматоидтық артритте, белсенді фазасында

- псориаздық артритте, белсенді фазасында

Қолдану тәсілі және дозалары

ЛефноТМ препаратымен емдеу ревматоидтық және псориаздық артритті емдеуде тәжірибесі бар дәрігердің қадағалауымен басталуы тиіс.

Таблеткаларды ішке, тұтастай жұтып, жеткілікті мөлшердегі сұйықтықпен ішу арқылы қабылдайды. Ас ішу ЛефноТМ препаратының сіңуіне әсер етпейді.

Емдеу 3 күн бойы тәулігіне 1 рет 100 мг құрайтын қанықтырғыш дозасынан басталады. Ары қарай ревматоидтық артрит кезінде ұсынылатын демеуші дозасы тәулігіне 1 рет 20 мг құрайды. Көтерімділігі нашар болса, демеуші дозасын тәулігіне 1 рет 10 мг дейін төмендетеді.

Белсенді фазадағы псориаздық артриті бар пациенттерді емдеу үшін ұсынылатын демеуші дозасы тәулігіне 1 рет 20 мг құрайды.

Емдік әсері емдеу басталғаннан 4 аптадан соң біліне бастайды және 4 - 6 ай ішінде күшеюі мүмкін.

Препаратты жеңіл дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастар үшін дозалауға қатысты ешқандай ұсынымдар жоқ.

65 жастан асқан пациенттер үшін дозасын түзету қажет емес.

Препарат 18 жасқа толмаған пациенттер үшін ұсынылмайды, өйткені оның ювенильді ревматоидтық артритті емдеу кезіндегі тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.

Сарысудағы аланинаминотрансфераза (АЛТ) немесе глутаматпируваттрансфераза (ГПТ) белсенділігі және қан жасушаларының толық талдауы, соның ішінде лейкоциттер мен тромбоциттердің салыстырмалы талдауы, бір мезгілде және бірдей жиілікпен тексерілуі тиіс:

- ЛефноТМ препаратымен емдеуді бастар алдында

- емдеудің алғашқы алты айы бойына әр екі апта сайын

- содан кейін әр 8 апта сайын.

Жағымсыз әсерлері

- гипоурикемия

- бүйрек жеткіліксіздігі

- шәуһет концентрациясының, сперматозоидтардың жалпы саны мен жылдам үдемелі қозғалғыштығының қайтымды төмендеуі

- қатерлі жаңа түзілімдердің даму қаупі

Өте жиі (1-10%)

- лейкопения (лейкоциттер саны  2×109/л)

- тәбеттің болмауы, диарея, жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы

- болар-болмас салмақ жоғалту

- шаршау (әлсіздік)

- бас ауыруы, бас айналуы

- парестезиялар

- артериялық қысымның орташа жоғарылауы

- ауыз қуысының шырышты қабығының эрозиялы-ойық жаралы зақымданулары

- бауыр функциясы көрсеткіштерінің (трансаминаз, әсіресе, АЛТ, сирек – гамма-глутамилтрансфераза (гамма - ГТ), сілтілік фосфатаза, билирубин жоғарылауы

- креатинфосфокиназа (КФК) деңгейінің жоғарылауы

- шаштың түсуінің күшеюі, экзема, терінің құрғауы, бөртпе, қышыну

- тендовагинит, сіңірлердің үзілуі

Жиі (0,1-1%)

- эритроциттер мен тромбоциттер санының азаюы (тромбоциттер саны  100 ×109/л)

- калий деңгейінің, қандағы фосфаттардың төмендеуі

- мазасыздық, қатты үрейлену

- дәм сезулердің бұзылуы

- есекжем

- қандағы холестерин, триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы

Сирек (0,01-0,1%)

- эозинофилия, лейкопения, панцитопения

- артериялық қысым жоғарылауының ауыр түрі

- бауыр жеткіліксіздігі (гепатит, холестаз, сарғаю), өліммен аяқталуы мүмкін жедел бауыр некрозы

- инфекцияларға сезімталдықтың, соның ішінде оппортунистік инфекцияларға сезімталдықтың артуы (атап айтқанда, ринит, бронхит және пневмония), сондай-ақ ауыр инфекциялар, соның ішінде өліммен аяқталуы мүмкін сепсис

- өкпенің интерстициальді ауруы, соның ішінде өліммен аяқталуы мүмкін интерстициальді пневмонит. Жөтел мен ентігу емдеуді тоқтатуға және ары қарай тексеру жүргізуге негіз болуы мүмкін.

Өте сирек (0,001% және одан да аз)

- агранулоцитоз

- ауыр аллергиялық реакциялар, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, мультиформалы эритема

- васкулит

- шеткергі нейропатия

- панкреатит

Жиілігі белгісіз

- шәуһет концентрациясының, сперматозоидтардың жалпы саны мен жылдам үдемелі қозғалғыштығының елеусіз (қайтымды) төмендеуі

- терінің қызыл жегісі, пустулездік псориаз немесе өршімелі псориаз, эозинофилиямен және жүйелі көріністермен жүретін дәрілік реакция

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- лефлуномидке немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

- иммунитет тапшылығының ауыр жағдайлары, соның ішінде ЖИТС

- бауыр функциясының ауыр бұзылулары

- сүйек кемігі қаны түзілуінің айқын бұзылулары немесе басқа себептердің (ревматоидтық артриттен басқа) нәтижесіндегі анемия, лейкопения, тромбоцитопения

- ауыр ағымды инфекциялар

- орташа немесе ауыр бүйрек жеткіліксіздігі

- ауыр гипопротеинемия, соның ішінде нефроздық синдром кезінде

- жүктілік және лактация кезеңі

- емдеу кезінде немесе емдеуден кейін сенімді контрацепцияны қолданбайтын ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер, қан плазмасындағы белсенді метаболиті А771 726 деңгейі 0,02 мг/л артық болған жағдайда

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

  • тұқым қуалайтын лактозаны, галактозаны көтере алмаушылық, лактаза тапшылығы, глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы

ЛефноТМ препаратын қабылдау кезінде тірі вакциналармен вакцинациялау ұсынылмайды.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ревматоидтық артриті бар науқастарда ЛефноТМ (күніне 10-20 мг) мен метотрексат (аптасына 10-25 мг) арасында фармакокинетикалық өзара әрекеттесу анықталған жоқ.

Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді (ҚҚСД) және/немесе кортикостероидтарды бұрыннан қабылдап жүрген пациенттерге, бұл препараттарды қабылдауды ЛефноТМ препаратымен емделуге кіріскеннен кейін де жалғастыруға болады.

Әйелдердің ЛефноТМ препаратын ұрықтануға қарсы үш фазалы, құрамында 30 мкг этинилэстрадиол бар пероральді дәрілермен бірге бір мезгілде қабылдауы контрацептивтік әсерін төмендетпейді, ал белсенді метаболиті А771726 фармакокинетикасы болжамды шектерінде қала береді.

Лефлуномид пен оның метаболиттерінің метаболизміне қатысатын ферменттер нақты белгісіз. Циметидинмен (Р450 цитохромының спецификалық емес тежегіші) өзара әрекеттесуін зерттеулер елеулі өзара әрекеттестіктің жоқтығын дәлелдеп отыр. Рифампициннің (Р450 цитохромының спецификалық емес индукторын) бірнеше реттік дозаларын қабылдаған пациенттерге ЛефноТМ бір реттік дозасын қатарлас енгізгеннен кейін, А771726 ең жоғарғы деңгейлері шамамен 40%-ға артты, бұл кезде AUC айтарлықтай өзгерген жоқ. Бұл әсерінің механизмі анық емес.

Белсенді А771726 метаболиті Р4502С9 цитохромының белсенділігін бәсеңдетеді (CYP2C9). ЛефноТМ препаратын CYP2C9 арқылы метаболизденетін ҚҚСД-мен бір мезгілде қабылдағанда, қауіпсіздігінде қиындықтар байқалмайды.

ЛефноТМ препаратын ревматизм аурулары кезінде пайдаланылатын безгекке қарсы препараттармен (мысалы, хлороквин және гидроксихлороквин), бұлшықет ішіне немес пероральді енгізуге арналған алтынмен, D-пеницилламинмен, азатиопринмен және басқа иммуносупрессивтік дәрілермен (метотрексаттан басқа) бірге қолдану, бүгінгі күнге дейін зерттелген жоқ. Біріктірілген, әсіресе, ұзаққа созылатын еммен астасатын қаупі белгісіз.

Ұсынылмайтын біріктірілімдері

- гепатоуытты немесе гематоуытты дәрілік заттарды (мысалы, метотрексатты) ЛефноТМ препаратымен жуырда немесе қатарлас қолданған жағдайда, немесе бұл препараттарды қабылдау ЛефноТМ препаратымен емдеуден кейін шайылу кезеңін сақтамай басталған жағдайда, жағымсыз реакциялары күшеюі мүмкін. ЛефноТМ препаратын (күніне 10-20 мг) метотрексатпен бірге (аптасына 10-25 мг) бірге қолдану бауыр ферменттерін белсенділігінің 2-3 есе артуына алып келеді. Сәйкесінше, басқа емге көшкеннен кейінгі бастапқы фазада бүйрек ферменттері мен гематологиялық параметрлерді қатаңырақ бақылау қажет.

- ЛефноТМ препаратын қабылдап жүрген науқастарға холестираминді немесе белсендірілген көмірді бірге қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл А771726 бауырішілік рециркуляциясы мен А771726 асқазан-ішектік диализінің үзілуі салдарынан, лефлуномидтің белсенді метаболиті А771726 плазмалық концентрациясының жылдам және елеулі төмендеуіне алып келеді.

Сақтықты қажет ететін біріктірілімдері

- ЛефноТМ препаратын, фенитоин, варфарин, фенпрокумон және толбутамид сияқты ҚҚСП-ға жатпайтын және СYP2С9 көмегімен метаболизденетін препараттармен бірге қабылдау.

Вакцинациялау

ЛефноТМ препаратымен емдеу кезінде тірі вакциналармен вакцинация жүргізу ұсынылмайды. ЛефноТМ препаратымен емдеу тоқтатылғаннан кейін аттенуирленген тірі вакцинаны енгізуді жоспарлаған кезде, лефлуномидтің жартылай шығарылу кезеңінің ұзақ екендігін ескеру керек.

Айрықша нұсқаулар

ЛефноТМ препаратымен емдеуді бастар алдында артериялық қан қысымын тексеру және ары қарай оны мезгіл-мезгіл тексеріп отыру керек.

ЛефноТМ препаратымен емдеуді тоқтатқаннан кейін де ЛефноТМ, лефлуномидтің белсенді метаболитінің (А771726) жартылай шығарылу кезеңінің ұзақтығына (1-ден 4 аптаға дейін) байланысты ауыр жағымсыз әсерлері болуы мүмкін (Жағымсыз әсерлерін қараңыз). Уыттылық дамыған жағдайда, немесе егер қандай-да бір басқа себептерге байланысты А771726 организмнен жылдам шығару қажет болса, шайып шығару емшарасын жүргізу қажет. Клиникалық қажеттілік жағдайында бұл емшараны қайталауға болады. Шайып шығару емшаралары мен жоспарлы немесе жоспарланбаған жүктілік жағдайында ұсынылатын басқа шаралар («Жүктілік» бөлімін қараңыз). Ойық жаралы стоматит жағдайында ЛефноТМ қабылдауды тоқтату керек.

Бауыр тарапынан болатын реакциялар

ЛефноТМ препаратымен емдеу кезінде бауырдың ауыр зақымдануының сирек, соның ішінде өліммен аяқталған жағдайлары (бұл жағдайлардың көпшілігі емдеудің алғашқы 6 айында байқалды) көбінесе басқа гепатоуытты дәрілік заттарды бір мезгілде қолданған кезде тіркелді. Мониторинг жөніндегі ұсынымдарды қатаңырақ сақтау қажет («Қолдану тәсілі мен дозаларын» қараңыз). АЛТ (ГПТ) жоғарғы қалып шегімен салыстырғанда 2-3 есе артқан жағдайда, дозасын 20 мг-ден 10 мг дейін төмендету және ферменттер белсенділігін апта сайын бақылау қажет болуы мүмкін. Егер АЛТ (ГПТ) жоғарғы қалып шегінен екі еседен артық жоғарылауы сақталса немесе АЛТ жоғарғы қалып шегінен жоғарылауы үш еседен артық болса, онда ЛефноТМ препаратын тоқтату және оны организмнен шайып шығару емшарасын бастау керек. ЛефноТМ препаратын тоқтатқаннан кейін бауыр ферменттеріне мониторинг жүргізуді бауыр ферменттерінің деңгейлері қалыпқа түскенше жалғастыру керек.

Аддитивтік гепатоуытты әсерлерінң болуы мүмкіндігіне байланысты, ЛефноТМ препаратымен емдеу барысында алкогольді қабылдаудан бас тарту ұсынылады.

Лефлуномидтің белсенді метаболиті, А771726, ақуыздармен жақсы байланысатындықтан және организмнен бауырдағы метаболизмі барысында билиарлық секрецияның көмегімен шығарылатындықтан, гипопротеинемиясы бар науқастарда А771726 плазмадағы деңгейлері жоғарылауы ықтимал.

Гематологиялық реакциялар

Сыртартқысында анемиясы, лейкопениясы және/немесе тромбоцитопениясы бар науқастарда, сондай-ақ сүйек кемігі функциясының бұзылуы бар науқастарда және сүйек кемігінің бәсеңдеу қаупі бар науқастарда гематологиялық бұзылулардың даму қаупі арта түседі. Ондай әсерлері дамыған жағдайда, плазмадағы А771726 концентрациясын төмендету үшін, шайып шығару емшараларын жүргізу қажет болуы мүмкін.

Ауыр гематологиялық реакциялар, соның ішінде панцитопения жағдайында, ЛефноТМ препараты мен кез келген бір мезгілде қолданылып жүрген миелосупрессивтік препараттарды тоқтату және лефлуномидті шайып шығару емшараларын бастау керек.

Басқа емге көшу

ЛефноТМ препараты организмде ұзақ сақталатындықтан, науқасты басқа РДҚМА-ға (мысалы, метотрексат) шайып шығару емшараларын жүргізбестен көшіру, тіпті көшкен сәттен бастап ұзақ уақыт өтсе де ауыр жағымсыз құбылыстардың (мысалы, кинетикалық өзара әрекетесу, ағзалық уыттылық) даму қаупін арттыруы мүмкін.

Гепатоуытты немесе гематоуытты РДҚМА-мен (мысалы, метотрексатпен) жуырдағы емделу ауыр жағымсыз әсерлерінің даму қаупінің артуына алып келуі мүмкін, сондықтан ЛефноТМ препаратымен ем жүргізуді пайдасы мен қаупін ескере отырып мұқият талқылау қажет, және басқа емге көшкеннен кейін алғашқы кезде едәуір қатаң мониторинг жүргізу ұсынылады.

Инфекциялар

ЛефноТМ препаратын қолдану иммуносуппрессивтік қасиеттері салдарынан, инфекцияларға, соның ішінде оппортунистік инфекцияларға сезімталдықты арттыруы мүмкін. Инфекциялардың сипаты ауырырақ болуы мүмкін және сәйкесінше, ерте бастан және қарқынды емдеуді талап етеді. Ауыр, бақыланбайтын инфекциялар дамыған жағдайда, ЛефноТМ препаратымен емдеуді тоқтата тұру және төменде сипатталғандай шайып шығару емшарасын бастау қажет болуы мүмкін.

Туберкулез реактивациясы қаупіне байланысты, туберкулинге реактивтілігі бар науқастарға мұқият мониторинг қажет.

Балалы болу (ерлерге арналған ұсынымдар)

Науқас еркектер ұрық үшін әкесі арқылы берілуі мүмкін уыттылығы туралы білуі тиіс. Сонымен қатар емдеу кезінде сенімді контрацепцияны қамтамасыз ету қажет. Ұрық үшін әкесі арқылы терілетін уыттылық қаупі туралы арнайы мәліметтер жоқ. Балалы болғысы келетін ерлерге болуы мүмкін қауіпті төмендету үшін ЛефноТМ қабылдауды тоқтату және күніне 3 рет 8 г холестираминді немесе 11 күн бойы күніне 4 рет 50 г белсендірілген көмір ұнтағын қабылдау қажет болуы мүмкін. Бастапқыда белсенді метаболиті А771726 қан плазмасындағы концентрациясын өлшейді. 14 күннен кейін А771726 плазмалық концентрациясын қайтадан анықтайды. Екі концентрациясы да 0,02 мг/л төмен болған кезде және одан кейін кемінде 3 айлық күту кезеңінде фетоуыттылығының қаупі өте аз.

Лактоза

ЛефноТМ препаратын сирек тұқым қуалайтын глюкозаны көтере алмаушылық, Лаппа лактоза жеткіліксіздігі жағдайлары немесе глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы бар науқастар қабылдамауы тиіс, өйткені ЛефноТМ препаратының құрамында лактоза бар.

Жүктілік

Лефлуномидтің белсенді метаболиті, А771726, дамудың ауыр ақауларын туғызады, сондықтан ЛефноТМ препараты жүктілік кезінде қарсы көрсетілімді.

Бала көтеретін жастағы әйелдер емдеу барысында және емдеу аяқталғаннан кейін 2 жыл бойы («Күту кезеңін» қараңыз) немесе емдеу аяқталғаннан кейін 11 күнге дейін («Шайып шығару емшарасын» қараңыз) тиімді контрацепция құралдарын пайдалануы тиіс.

Лефлуномидтің белсенді метаболитінің қандағы концентрациясын жылдам төмендетуге арналған дәріні шайып шығару емшаралары, қосылыстың ұрыққа тигізетін қаупін азайтуы мүмкін.

ЛефноТМ препаратымен емдеуді бастамас бұрын жүктіліктің бар-жоғын анықтау керек. Науқастарға, кез келген етеккір іркілісі жағдайында немесе жүктілік бар деп шамалауға мүмкіндік беретін кез келген себеп болған жағдайда, оларға жүктілікті анықтауға арналған тест жүргізу үшін, бұл туралы бірден дәрігерге хабарлау керектігін ескерту қажет. Егер оның нәтижесі оң болып шықса, онда дәрігер мен науқас әйел, жүктілікке әсер етуі мүмкін қаупін талқылауы тиіс. Етеккір іркілісі алғаш байқалған бойда, белсенді метаболитінің қандағы концентрациясын дәрілік затты организмнен шығарудың төменде сипатталған емшарасының көмегімен жылдам төмендету ұрыққа лефлуномид тарапынан төнетін қауіпті төмендетуі мүмкін.

ЛефноТМ препаратымен емделіп жүрген әйелдер мен жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдерге, ұрықтың А771726 уытты концентрацияларының әсеріне ұшырамайтындығына сенімді болу үшін, төмендегі шайып шығару шараларының біреуін жүргізу ұсынылады (көзделген концентрациясы 0,02 мг/л төмен).

Күту кезеңі:

Қан плазмасындағы А771726 концентрациясы ұзақ уақыт бойы 0,02 мг/л асуы мүмкін деп күтіледі. Оның концентрациясы ЛефноТМ препаратымен емдеуді тоқтатқаннан кейін 2 жыл өткен соң 0,02 мг/л төмен деңгейге дейін азаяды деген болжам бар.

А771726 плазмалық концентрациясын алғаш рет 2 жылдық күту кезеңі өткеннен кейін өлшейді. Ары арай, кемінде 14 күндік кезеңнен соң плазмадағы А771726 концентрациясын қайтадан өлшеу керек. Егер екі өлшеу де 0,02 мг/л төмен концентрацияны көрсетсе, онда тератогенді қаупі күтілмейді.

Шайып шығару емшарасы

ЛефноТМ препаратымен емдеуді тоқтатқаннан кейін:

- холестираминді 11 күн бойы күніне 3 рет 8 г дозада қабылдайды,

- балама ретіде 11 күн бойы күніне 4 рет 50 г белсендірілген көмір ұнтағын қабылдайды.

Кез келген шайып шығару емшараларынан кейін кемінде 14 күн аралықпен жүргізілетін екі бөлек тестінің көмегімен бақылау және плазмалық концентрациясының 0,02 мг/л төмен көрсеткіштері мен ұрықтану арасындағы бір жарым айлық күту кезеңін сақтау қажет.

Бала көтеретін жастағы әйелдерге ЛефноТМ препаратымен емдеуді тоқтатқаннан кейін бала көтерер алдында 2 жылдық күту кезеңін сақтау қажеттілігі туралы хабардар ету керек. Егер сенімді контрацепция жағдайларында шамамен 2 жылға созылатын күту кезеңі қолайлы болмаса, профилактикалық мақсаттағы шайып шығару емшарасын жүргізуге кеңес беруге болады.

Холестирамин мен белсендірілген көмір эстрогендер мен прогестогендердің сіңуіне әсер етуі мүмкін, сондықтан холестираминнің немесе белсендірілген көмір ұнтағының көмегімен шайып шығару емшарасы кезіндегі пероральді препараттармен контрацепцияның сенімділігіне кепілдік берілмеуі мүмкін. Контрацепцияның баламалы әдістерін пайдалану ұсынылады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын жүргізуге және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Бас айналуы сияқты жағымсыз әсерлері туындаған жағдайда, науқастың зейін шоғырландыру мен талапқа сай реакцияларға қабілеттілігі бұзылуы мүмкін. Ондай жағдайларда науқас автокөлік пен жұмыс механизмдерін басқарудан бас тартуы керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: диарея, іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу, бауыр функциясының өзгерістері, анемия, лейкоцитемия

Емі: препараттың организмнен шығарылуын жеделдету мақсатында холестираминді немесе белсендірілген көмірді қолдану. Дені сау үш ерікті ішу арқылы, 24 сағат ішінде күніне 3 рет 8 г-ден қабылдаған холестирамин, қан плазмасындағы А771726 құрамының деңгейін шамамен 24 сағаттан соң - 40%-ға және 48 сағаттан соң - 49–65%-ға төмендетті. Белсендірілген көмірді (суспензияға айналған ұнтақты) пероральді жолмен немесе асқазан зонды арқылы енгізу (тәулік бойы әр сағат сайын 50 г) белсенді метаболиті А771726-ның плазмадағы концентрациясын 24 сағаттан соң - 37%-ға және 48 сағаттан соң - 48%--ға азайтқаны көрсетілген.

Шайып шығару емшарасын клиникалық көрсетілімдері болған жағдайда қайталауға болады. ЛефноТМ бастапқы метаболиті А771 726 диализбен шығарылмайды.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан пішінді ұяшықты қаптамада. 3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Кусум Хелткер Пвт. Лтд.,

СП 289 (А), Риико Индл. Ареа Чопанки, Бхивади (Радж.), Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Дәрі – Фарм» ЖШС, Қазақстан, Алматы қ., Достық д-лы, 117/6,

тел/факс: 295-26-50; 295-26-55

Прикрепленные файлы

430685821477976310_ru.doc 99 кб
629701501477977507_kz.doc 134.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники