Леркамен® 10

МНН: Лерканидипин
Производитель: Берлин - Хеми АГ (Менарини Групп)
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Lercanidipine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№006012
Информация о регистрации в РК: 11.08.2017 - 11.08.2022
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 49.24 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Леркамен® 10

Халықаралық патенттелмеген атауы

Лерканидипин

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар, 10мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 10 мг лерканидипин гидрохлориді (9,4 мг лерканидипинге баламалы)

қосымша заттар

ядро құрамы: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, натрий крахмалы гликоляты (А типі), повидон К30, магний стеараты

қабықтың құрамы: Опадри OY-SR-6497: гипромеллоза, тальк, титанның қостотығы (Е171), макрогол 6000, темірдің тотығы (Е172).

Сипаттамасы

Бір жақ бетінде сызығы бар, екі жағы дөңес, дөңгелек пішінді, сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

 

Фармакотерапиялық тобы

«Баяу» кальций өзекшелерінің бөгегіштері. Дигидропиридин туындылары.

ATХ коды C08CA13

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Лерканидипиннің 10 – 20 мг-ын ішке қабылдағаннан кейін толығымен сіңеді, ал плазмадағы ең жоғары концентрацияларына қабылдағаннан кейін шамамен 1,5-3 сағаттан соң жетеді.

Лерканидипиннің екі энантиомері плазмалық концентрацияның ұқсас пішінін көрсете алады: плазмада ең жоғары концентрациясына жету уақыты бірдей болып табылады, плазмада ең жоғары концентрациясы және кинетикалық қисық сызықтың (AUC) ауданы (S)-энантиомер үшін орташа алғанда 1,2 есе жоғары, ал екі энантиомердің жартылай шығарылу кезеңі негізінен бірдей. Жоғары метаболизм салдарынан бауыр арқылы бірінші өткен кезде, ас қабылдағаннан кейін емделушілерде ішу арқылы қолданылатын лерканидипиннің абсолютті биожетімділігі шамамен 10% құрайды, сонымен бірге, егер препарат дені сау еріктілерге аш қарынға қолданылса, ол бұл мәннен 1/3-ге дейін азаяды.

Егер майлы ас қабылдағаннан кейін 2 сағаттан кешіктірмей лерканидипинді ауыз арқылы қабылдаса, оның биожетімділігі 4 есе көбейеді. Сондықтан Леркамен®-10 асқа дейін қабылдау керек.

Плазмадан тіндерге және органдарға бөлінуі тез және жаппай жүреді.

Сарысулық ақуыздармен лерканидипиннің байланысу дәрежесі 98%-дан асады. Сондықтан бүйрек немесе бауыр қызметінің ауыр бұзылу дәрежесімен емделушілерде плазма ақуыздарының құрамы төмендетілгендіктен, онда дәрінің еркін фракциясы жоғары болуы мүмкін.

Лерканидипин CYP3A4 ферментімен экстенсивті метаболизденеді; алғашқы дәрі несепте де, нәжісте де табылмайды. Ол көбінесе белсенді емес метаболиттерге айналады және қабылданған дозасының 50%-ға жуығы несеппен шығарылады.

Элиминация, негізінен, биологиялық өзгеру жолымен өтеді.

Жартылай шығарылу кезеңінің орташа мәні 8-10 сағат құрайды, ал емдік әсері липидті жарғақшамен дәрі байланысуының жоғары дәрежесі салдарынан 24 сағат бойы жалғасады. Қайтадан қолдану кезінде жинақталуы байқалмады.

Лерканидипинді ішке қабылдау плазмалық концентрацияларға әкеледі, олар қабылданған дозаға (дозаға байланысты емес кинетика) тура пропорциональді тәуелді емес. 10, 20 немесе 40 мг қабылдағаннан кейін плазмада бақыланатын ең жоғары концентрациялар 1:3:8 арақатынасына ие болды, ал уақыттан плазмадағы концентрациясына тәуелді қисық сызықтың ауданы 1:4:18 арақатынасына ие болды, бұл бірінші өту кезінде метаболизмнің бірте-бірте қанығуын көрсетеді. Сөйтіп, биожетімділік дозалаудың жоғарылауымен ұлғаяды.

Егде емделушілерде және әлсіз немесе орташа дәрежеде бүйрек қызметі бұзылуымен немесе әлсіз немесе орташа дәрежеде бауыр қызметі бұзылуымен емделушілерде бақыланатын, лерканидипиннің фармакокинетикалық қасиеттері ұқсас және емделушілердің жалпы популяциясының фармакокинетикасынан ерекшеленбейді; бүйрек қызметі бұзылуының ауыр дәрежесімен емделушілерде немесе диализге -тәуелді емделушілерде дәрінің концентрациялары өте жоғары (шамамен 70%) болды. Бауыр қызметі бұзылуының орташа немесе ауыр дәрежесімен емделушілерде лерканидипиннің жүйелі биожетімділігі ұлғаяды, себебі препарат бауырда метаболизденеді.

Фармакодинамикасы

Лерканидипин дигидропиридиндік топтың кальций антагонисі болып табылады және жүрек және тегіс бұлшықет жасушаларына кальцийдің трансжарғақшалы құйылуын тежейді. Оның антигипертензиялық әсерінің механизмі тамырлардың тегіс бұлшықеттеріне тура босаңсыту әсеріне негізделген, соның нәтижесінде тамырлардың жалпы шеткергі кедергісітөмендейді. Плазмадан жартылай шығарылудың қысқа кезеңіне қарамастан, лерканидипин, жоғары васкулярлық іріктеу арқасында оның жарғақшалық бөлінуінің жоғары коэффициентінің және жағымсыз инотропты әсердің болмауы салдарынан, ұзартылған антигипертензиялық әсерге ие.

Леркаменмен® -10 туындаған қантамырларының кеңеюі, қабылдау басталғаннан кейін бірте-бірте болатындықтан, онда гипертензиялық емделушілерде рефлекторлық тахикардиямен жедел гипотензия сирек байқалады.

Басқа асимметриялық 1,4-дигидропиридиндердегі жағдайдағыдай, лерканидипиннің антигипертензиялық әсері, ең бастысы, оның (S)-энантиомерімен негізделген.

Қолданылуы

- ауырлығы әлсіз және орташа дәрежедегі эссенциальді гипертензияда

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке қабылдау кезінде ұсынылатын дозасы тамаққа дейін ең кем дегенде 15 минут бұрын, күніне бір рет 10 мг құрайды; емделушінің жеке сезімталдығына қарай дозаны 20 мг-ға дейін арттыруға болады.

Дозаның титрлеуді бірте-бірте жүргізу керек, себебі ең жоғары антигипертензиялық әсер байқалғанша, дәріні қабылдай бастағаннан кейін шамамен екі апта өтуі мүмкін.

Тек бір антигипертензиялық препаратты ғана қолдануға тексерілмеген кейбір емделушілерге , егер оны бета-адренорецепторды (атенолол) бөгейтін, диуретикпен емдеуге (гидрохлортиазид) немесе ангиотензин-өзгертуші ферменттің (каптоприл или эналаприл) тежегішімен емдеуге қосымша тағайындаса, леркамен қолайлы әсер етуі мүмкін.

"Доза – жауапты реакция" тәуелділігінің қисық сызығында 20-30 мг құрайтын дозалар кезінде плато болғандықтан, неғұрлым жоғары дозалар кезінде емдеу тиімділігін арттыру ықтималдығы аз, бұл уақытта жағымсыз әсерлердің туындау қаупі өсуі мүмкін.

Егделерге қолдану: фармакокинетикалық деректер және клиникалық тәжірибе көрсеткендей, тәуліктік дозалауды таңдау кезінде түзету талап етілмейді, егде емделушілерді емдеуге кіріскенде айрықша сақтық сақтау керек.

Балаларға қолдану: 18 жасқа дейінгі емдеушілерге қатысты клиникалық тәжірибе болмағандықтан, қазіргі уақытта балаларға қолдануға кеңес берілмейді.

Бүйрек немесе бауыр қызметінің бұзылуы кезінде қолдану: әлсіз немесе орташа дәрежедегі бүйрек немесе бауыр қызметінің бұзылуымен емдеушілерді емдей бастағанда, айрықша сақтық керек. Дегенмен, әдетте ұсынылған дозалық режимді емдеушілердің осы шағын тобы қалыпты көтеруі мүмкін, тәуліктік дозаны 20 мг-ға дейін ұлғайтуға абайлап келу керек. Препараттың гипотензиялық әсері бауыр қызметінің бұзылуымен емдеушілерде күшеюі мүмкін; демек, мұндай жағдайларда дозаны түзету талап етілуі мүмкін.

Леркамен® 10 бауыр қызметі бұзылуының ауыр дәрежесімен емдеушілерге немесе бүйрек қызметі бұзылуының ауыр дәрежесімен (шумақтық сүзіліс жылдамдығы < 30 мл/мин) емдеушілерге қолдануға кеңес берілмейді.

Жағымсыз әсерлері

Препаратпен емделген емделушілердің шамамен 1,8 %-нда жағымсыз әсерлер байқалды.

Кейде (≥1/1000 <1/100)

- бас ауыруы; бас айналу

- жүрек қағуы, тахикардия

- гиперемия

- шеткергі ісінулер

Сирек ( ≥1/10000 <1/1000)

- ұйқышылдық, стенокардия, тахикардия

- жүрек айнуы, диспепсия, диарея, іш ауруы, құсу

- бөртпе

- миалгия

- полиурия

- астения, шаршау

- стенокардия

Өте сирек (<1/10000 )

- асқын сезімталдық, естен тану

- қызыл иектің гиперплазиясы, сарысуда бауыр трансаминазасы деңгейінің қайтымсыз ұлғаюы, гипотония, несеп шығару жиілігінің ұлғаюы, кеуденің ауыруы

- стенокардия ұстамалары жиілігінің, ұзақтығының немесе ауырлығының жоғарылауы.

Кейбір дигидропиридиндер сирек жағдайларда жүрекке қатысты аурулардың туындауына немесе стенокардияға әкелуі мүмкін.

Стенокардиядан зардап шегетін емделушілерде мұндай ұстамалардың жиілігінің, ұзақтығының немесе ауырлығының жоғарылауы өте сирек байқалуы мүмкін. Жекелеген жағдайларда миокард инфарктісі дамуы мүмкін.

Леркамен® 10, бүкіл ықтималдығы бойынша, қандағы қанттың және сарысудағы липидтердің деңгейіне қолайсыз әсер етпейді.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- лерканидипинге, препараттың компоненттеріне, дигидропиридин тобындағы басқа препараттарға жоғары сезімталдық

- тиімді контрацепцияны қолданбайтын фертильді жастағы әйелдер

- жүректің сол жақ қарыншасынан шығатын тамырлардың бітелуі

- емделмеген іркілісті жүрек жеткіліксіздігі

- тұрақсыз стенокардия

- бауыр немесе бүйрек қызметі бұзылуының ауыр дәрежесі

- миокард инфарктісін өткергеннен кейінгі 1 айды құрайтын кезеңде

- CYP3A4 күшті тежегіштерін, циклоспоринді, сока грейпфрут шырынын қабылдау

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Леркамен® 10 CYP 3A4 ферментінің әсерімен метаболизденеді және сондықтан, лерканидипинмен бірлесе қабылданатын CYP 3А4 тежегіштері мен демегіштері Леркамен® 10 метаболизмі мен элиминациясының үдерісіне әсер етуі мүмкін.

CYP 3A4 тежегіштерімен (мысалы, кетоконазол, итраконазол, ритонавир, эритромицин, тролеандомицин) Леркамен® 10 бір мезгілде тағайындаудан бас тарту керек.

Циклоспорин мен Леркамен® 10 бірлесе қабылданбауы керек.

Леркамен® 10 үшін қалай болса, циклоспорин үшін де солай, бұл препараттарды бірлесе қолдану салдарынан плазмадағы концентрациясының жоғарылауы байқалады. Циклоспоринмен Леркамен® 10-ды бірге қабылдау плазмада Леркамен® 10 концентрациясының 3 есе артуын және циклоспорин үшін 21%-ға AUC мәнінің ұлғаюын туғызады.

Леркамен® 10-ды грейпфрут шырынымен ішіп қабылдауға болмайды.

Басқа да дигидропиридиндер секілді, Леркамен® 10 грейпфрут шырынымен метаболизмнің тежелуіне айрықша сезімталдықты білдіреді, нәтижесінде оның жүйелік биожетімділігі жоғарылайды және гипотензиялық әсері ұлғаяды.

Егде жастағы еріктілерге мидазоламмен бірге 20 мг дозада Леркамен® 10 ішу арқылы тағайындалса, Леркамен® 10-ның сіңірілуі (шамамен 40%-ға) артып, сіңірілу жылдамдығы азайған (tmax артып, 1,75 сағаттың орнына 3 сағат құрады). Бұл кезде мидазолам концентрациясы өзгермеген.

CYP 3A4 басқа субстраттарымен, мысалы терфенадин, астемизол сияқты, III класты антиаритмиялық препараттармен, мысалы амиодарон, квинидин секілді, Леркамен® 10-ды бірге тағайындаған кезде сақтық білдіру керек.

CYP 3A4 индукторларымен, мысалы антиконвульсиялық дәрілер (мысалы, фенитоин, карбамазепин) және рифампицин секілді Леркамен® 10-ды бірмезгілде тағайындауға сақтық керек, себебі препараттың гипотензиялық әсері азаюы мүмкін, осыған байланысты артериялық қысымды бақылау қажет.

Ең бастысы бауыр арқылы шығарылатын метопрололдың биожетімділігі өзгермейді, метопрололмен, β-бөгегішпен Леркамен® 10-ды бірлесе қабылдау кезінде бұл уақытта Леркамен® 10 биожетімділігі 50%-ға азаяды. Бұл әсер β-бөгегіштермен туындаған бауырдың қан ағымын азайту салдарынан болуы ықтимал және бұл кластағы басқа препараттарды қолдану кезінде кездесуі мүмкін. Демек, Леркамен® 10 β-адренбөгегіш препараттармен қауіптенбей тағайындауға болады, бірақ бұл кезде дозаны түзету талап етілуі мүмкін.

65 ± 7 жастағы (орташа мәні ± стандартты ауытқу) еріктілерге жүргізілген флуоксетинмен (CYP 2D6 и YP 3A4 тежегішімен) өзара әрекеттесуді зерттеу Леркамен® 10 фармакокинетикасының клиникалық елеулі өзгерістердің болмауын көрсеткен.

Тәулігіне 800 мг-нан циметидинмен бірлесе тағайындау плазмада Леркамен® 10 концентрациясының едәуір өзгерістерін туғызбайды, бірақ неғұрлым жоғары дозалар кезінде сақтықты талап етеді, себебі Леркамен® 10 биожетімділігі мен гипотензиялық әсері артуы мүмкін.

β-метилдигоксинді ұзақ қабылдайтын емделушілерге 20 мг Леркамен® 10-ды бірмезгілде тағайындағанда фармакокинетикалық өзара әсері байқалмайды. Дигоксинмен емделген дені сау еріктілерде 20 мг Леркамен® 10-ды аш қарынға қабылдағаннан кейін орташа есеппен 33%-ға дигоксиннің Сmax мәні ұлғайғаны байқалған, сол уақытта AUC және бүйрек клиренсінің мәні болмашы өзгерген. Дигоксинмен және Леркамен® 10-мен бірмезгілде емделетін емделушілерге дигоксиннен уланудың бастапқы белгілерінің байқалуына мұқият бақылау керек (жиі клиникалық бақылау жүргізу керек).

Дозасы 20 мг Леркамен® 10 гидрохлориді 40 мг симвастатинмен бірлесе көп рет қабылданса, Леркамен® 10 үшін AUC мәні болмашы өзгерген, бұл уақытта симвастатин үшін AUC мәні 56%-ға, ал осы мән оның β-оксиқышқылының белсенді метаболиті үшін – 28%-ға артқан. Мұндай өзгерістер клиникалық елеулі болып табылатыны күмәнді. Егер мұндай препарат үшін көрсетілгендей, Леркамен® 10-ды таңертеңгісін, ал симвастатинді кешкісін қабылдаса, өзара әсерді күтпеуге болады. Варфаринмен 20 мг Леркамен® 10-ды бірлесе қабылдаған кезде варфарин фармакокинетикасының өзгеруі байқалмаған.

Леркамен® 10 қауіптенбестен, диуретиктермен және ангиотензин-өзгертуші ферментінің ингибиторларымен бірлесе тағайындалады.

Алкоголь қолданудан бас тарту керек, себебі ол антигипертензиялық препараттардың тамыркеңейткіш әсерін күшейтуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Леркамен® 10 синусты түйіннің әлсіздік синдромымен (егер кардиостимулятор қондырылмаса) емделушілерге қолданылған кезде айрықша сақтық сақтау керек. Дегенмен, гемодинамикалық бақыланатын зерттеулерде қарынша қызметінің нашарлағаны анықталмады, сондай-ақ жүректің сол жақ қарыншасы қызметінің бұзылуымен емделушілер үшін сақтық сақтау талап етіледі. Кейбір қысқа мерзімді әсер ететін дигидропиридиндер жүректің ишемиялық ауруымен емделушілерде жүрек-қан тамырлары патологиясының өршу қаупін арттыруы мүмкін деп болжанады. Леркамен® 10 ұзартылған әсерге ие болса да, бұл емделушілерге сақтық сақтау талап етіледі.

Кейбір дигидропиридиндер сирек жағдайларда жүрек ауруының немесе стенокардия ұстамаларының туындауына әкелуі мүмкін. Стенокардиядан зардап шегетін емделушілерде мұндай ұстамалар жиілігінің, ұзақтығының немесе ауырлығының ұлғаюы өте сирек байқалады. Жекелеген жағдайларда миокард инфарктісі дамуы мүмкін.

Бүйрек немесе бауыр қызметінің бұзылуы кезінде қолдану: әлсіз және орташа дәрежедегі бүйрек немесе бауыр қызметінің бұзылуымен емделушілерді емдей бастағанда, айрықша сақтық сақтау керек. Дегенмен, әдетте ұсынылған дозаларды емделушілердің бұл тобы қалыпты көтеруі мүмкін, дозаны тәулігіне 20 мг-ға дейін ұлғайту үшін абайлау керек. Препараттың гипотензиялық әсері бауыр қызметінің бұзылуымен емделушілерде күшеюі мүмкін; демек, бұл жағдайда дозаны түзету талап етілуі мүмкін.

Леркамен® 10-ды бауыр қызметі бұзылуының ауыр дәрежесімен емделушілерге немесе бүйрек қызметі бұзылуының ауыр дәрежесімен (шумақтық сүзіліс жылдамдығы < 30 мл/мин) емделушілерге қолдану ұсынылмайды.

Леркамен® 10 тағайындалған емделушілерге алкоголь қолданудан бас тарту керек, себебі ол тамыр кеңейткіш антигипертензиялық дәрілердің әсерін күшейтуі мүмкін.

CYP3A4 индукторлары, конвульсияға қарсы дәрілер (мысалы, фенитоин, карбамазепин) және рифампицин, плазмада Леркамен® 10 концентрациясын төмендетуі мүмкін және сондықтан Леркамен® 10 әсерінің тиімділігі күтілгеннен төмен болуы мүмкін.

Тұқым қуалайтын лактозаны көтере алмаушылық, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

Бір таблеткада 30 мг лактоза бар, сондықтан аталған препарат лактоза тапшылығы, галактоземиямен зардап шегетін немесе глюкоза/галактоза сіңірілуінің бұзылуымен емделушілерге қарсы көрсетілімде.

Жүктілік және лактация кезеңі

Леркамен® 10 бойынша деректер егеу құйрықтар мен үй қояндарына тератогенді әсердің болмағандығын көрсетеді, егеу құйрықтардың репродуктивті қабілеті сондай-ақ нашарламаған. Дегенмен, жүктілік уақытында және лактация кезеңінде Леркамен® 10-ды қолданудың клиникалық тәжірибесі болмауына байланысты және дигидропиридиннің басқа жануарларға тератогенді әсер ететіні табылғандықтан, Леркамен® 10-ды жүктілік уақытында немесе тиімді контрацепция пайдаланбайтын, бала туу жасындағы әйелдерге тағайындауға болмайды. Леркамен® 10-ның жоғары липофильдігі салдарынан, оның емшек сүтіне таралуы мүмкін, сондықтан оны бала емізетін аналарға да тағайындауға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Леркамен® 10-ды қолданудың клиникалық тәжірибесі көрсеткендей, көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетінің нашарлауы күмәнді болып табылады. Дегенмен, бас айналуы, астения, шаршау және сирек жағдайларда ұйқышылдық секілді жағымсыз әсерлердің даму ықтималдығына байланысты абай болу керек.

Артық дозалануы

Леркамен® 10-ды қолдану кезінде артық дозаланудың үш тіркелген оқиғасы болды: 150 мг, 280 мг және 800 мг дозада (өзіне өзі қол жұмсауға тырысу кезінде). 150 мг Леркамен® 10 + алкогольді (белгісіз мөлшерін) қолданған жағдайда ұйқышылдық байқалды.

Емі: асқазанды шаю, белсенділендірілген көмір.

280 мг Леркамен® 10 + 5,6 мг моксонидинді қолданған жағдайда келесі симптомдар байқалды: кардиогенді шок, миокардтың ауыр ишемиясы, бүйректің орташа жеткіліксіздігі.

Емі: жүрек гликозиді, диуретиктер (фуросемид), катехоламиндердің жоғары дозалары, парентеральді плазма алмастырғыштар. 800 мг Леркамен® 10 қолданған жағдайда құсу және гипотензия байқалды.

Емі: белсенділендірілген көмір, іш жүргізетін дәрілер және көктамырішілік - допамин. Артық дозаланудың барлық оқиғаларында да емделушілер үшін нәтиже қолайлы.

Басқа дигидропиридиндердегідей, артық дозалану айқын гипотензиямен және рефлекторлық тахикардиямен шамадан тыс шеткергі вазодилатацияны туғызады.

Ауыр гипотензия, брадикардия және естен тану жағдайында брадикардияға қарсы атропинді көктамыр ішіне енгізумен кардиоваскулярлық демеу қажет.

Препараттың ұзартылған фармакологиялық әсері жағынан қарағанда, артық дозалану жағдайында мұндай емделушілердің кардиоваскулярлық статусын ең кем дегенде 24 сағат бойы бақылау қажет.

Диализдің тиімділігін бағалау бойынша ақпарат болмай тұр.

Препарат жоғары липофильді болғандықтан, плазмадағы оның концентрациясы қауіпті кезеңнің ұзақтығын бейнелейтін параметрі болып табылмайды және диализ тиімді емес болуы ықтимал.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 7, 14 немесе 15 таблеткадан салынған.

1 пішінді қаптама 7 таблеткадан, болмаса 1 немесе 2 пішінді қаптама 14 таблеткадан, болмаса 4 немесе 6 пішінді қаптама 15 таблеткадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынады.

 

Сақтау шарттары

25 С-ден аспайтын температурада

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Дәрілік затты жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

өндіруші

Берлин-Хеми АГ (Менарини Групп),

Глиниккер Вег 125

12489 Берлин, Германия

РЕКОРДАТИ фирмасының лицензиясы бойынша

Тіркеу куәлігінің иесі

Менарини Интернэшнл Оперейшнз Люксембург С.А., Люксембург

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

ҚР- дағы «Берлин-Хеми АГ» АҚ өкілдігі

Телефон нөмірі:+7 727 2446183, 2446184, 2446185

Факс нөмірі: +7 727 2446180

Электронды пошта: Kazakhstan@berlin-chemie.com

Прикрепленные файлы

622429411477977095_ru.doc 83.5 кб
512680361477978267_kz.doc 98.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники