Легалон 70
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Легалон 70
Легалон 140
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
70 және 140 мг капсулалар
Құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат: дағы бар алатікен жемісінің құрғақ сығындысы (36-44 : 1), силимаринге баламалы (УФ-спектрофотометрия) 86,5-93,35/173,0-186,7 мг,
70 мг/140 мг, силибининге шаққанда, силимаринге баламалы (ВЭЖХ), 54,1 мг/108,2 мг силибининге шаққанда,
қосымша заттар: полисорбат 80, повидон, маннитол, натрий карбоксиметилкрахмал (А типі), магний стеараты,
қабығы: желатин, темірдің (III) қызыл тотығы (Е172), титанның қостотығы (Е171), натрий лаурилсульфаты, темірдің (II, III) қара тотығы (Е172).
Сипаттамасы
Түсі қоңыр, өлшемі 2 (70 мг доза үшін) немесе өлшемі 1 (140 мг доза үшін), қатты желатин капсулалар.
Капсуланың ішіндегісі – сары түсті ұнтақ.
Фармакотерапиялық тобы
Бауыр ауруларын емдеуге арналған препараттар
АТЖ коды А05ВА03
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңуі – төмен және баяу (жартылай сіңу кезеңі – 2,2 сағат), бауырда конъюгация арқылы метаболизденеді, жартылай шығарылу кезеңі – 6 сағат. Көбіне глюкуронид және сульфат түрінде өтпен шығарылады. Организмде жинақталмайды. Ішек-бауырлық айналымы байқалады.
Фармакодинамикасы
Бауырда бос радикалдармен өзара әрекеттеседі және липидтердің асқын тотықты тотығу үдерісін үзе отырып, оларды уыттылығы аздау қосылыстарға ауыстырады, жасуша құрылымдарының бұзылуына кедергі жасайды. Зақымданған гепатоциттерде құрылымдық және функционалдық ақуыздар мен фосфолипидтер синтезін көтермелейді (РНК-полимераза А арнайы көтермелеу есебінен), жасуша жарғақшаларын тұрақтандырады, жасуша компоненттері шығынының (трансаминаз) алдын алады, бауыр жасушалары регенерациясын тездетеді. Кейбір гепатоуытты заттардың жасушаға өтуін тежейді.
Қолданылуы
- бауырдың уытты зақымдануы (алкоголизм; құрамында галоген бар көмірсутектермен, ауыр металл қосылыстарымен уыттану; бауырдың дәрілік зақымдануы) мен олардың алдын алуда.
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішке, тамақтанудан кейін, судың азғантай мөлшерімен ішіледі. 70 мг - 2 капсуладан күніне 3 рет, демеуші доза – 1 капсуладан күніне 3 рет, немесе 140 мг – күніне 3 рет 1 капсула, демеуші доза – 1 капсуладан күніне 2 рет.
Жағымсыз әсерлері
- аллергиялық реакциялар
- жекелеген жағдайларда босаңсыту әсері байқалады
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдықта
- жүктілік және лактация кезеңінде
- 12 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Осы уақытқа дейін анықталмаған.
Айрықша нұсқаулар
Силибининді ұзақ қолдану бауыр циррозымен науқастардың тірі қалу қабілеттілігі пайызын шын мәнінде ұзартады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
Әсер етпейді.
Артық дозаланғанда
Қазіргі кезге дейін артық дозалану жағдайлары сипатталмаған.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
2, 3 немесе 6 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 30 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Шығарылу түрі және қаптамасы
5 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Мадаус ГмбХ, 51101 Кёльн, Германия
Тел/факс: +49 221 8998-0 / 49 221 8998-701
Тіркеу куәлігінің иесі
Мадаус ГмбХ, 51101 Кёльн, Германия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
Мәскеудегі «Роттафарм С.П. А.» (Италия) фирмасының өкілдігі
117321, Мәскеу, Островитянов к-сі, 14 үй, 108 кеңсе
Тел/факс: (495) 937-85-04 / (495) 937-85-01
Е-mail: Yaroslava.chuprinova@rotta.ru