Левофлокс (таблетки, 250 мг, Скан Биотек Лимитед)

МНН: Левофлоксацин
Производитель: Скан Биотек Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Levofloxacin
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022484
Информация о регистрации в РК: 21.11.2016 - 21.11.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Левофлокс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Левофлоксацин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 250 мг, 500 мг, 750 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында:

белсенді зат - 256.23 мг (250.00 мг левофлоксацинге баламалы), 512.45 мг (500.00 мг левофлоксацинге баламалы), 768.68 мг (750.00 мг левофлоксацинге баламалы) левофлоксацин гемигидраты.

қосымша заттар: жүгері крахмалы, микрокристалды целлюлоза (рН-101, авицел), натрий крахмалы гликоляты (А типі), кросповидон (полипласдон XL), коллоидты сусыз кремнийдің қостотығы (аэросил 200), тазартылған тальк (аэросил), магний стеараты, тазартылған су.

қабық құрамы: опадрай қызғылт II (85F540146) (ішінара гидролизденген поливинил спирті, титанның қостотығы (Е171), макрогол, тальк, темірдің қызыл тотығы (Е172)), тазартылған су.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, бір жағында сызығы бар, шабдалы түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (250 мг доза үшін).

Капсула пішінді, екі беті дөңес, бір жағында сызығы бар, шабдалы түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (500 мг доза үшін).

Капсула пішінді, екі беті дөңес, бір жағында сызығы бар, шабдалы түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (750 мг доза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Микробқа қарсы препараттар – хинолон туындылары. Фторхинолондар. Левофлоксацин.

АТХ коды J01MA12

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Ішу арқылы қабылдағанда левофлоксацин тез және толық дерлік сіңеді, плазмада ең жоғары концентрациясына 1-2 сағат ішінде жетеді. Абсолютті биожетімділігі 99 - 100% құрайды.

Ас ішу левофлоксацин сіңуіне елеулі әсерін көрсетпейді.

Препарат тұрақты концентрациясына тәулігіне 1 немесе 2 рет 500 мг дозалау сызбасы бойынша қабылдаудан кейін 48 сағат ішінде жетеді.

Таралуы

Левофлоксациннің 30 - 40% жуығы қан плазмасы ақуызымен байланысады.

Левофлоксациннің орташа таралу көлемі 500 мг бір реттік және қайталама дозасын енгізуден кейін 100 л жуық құрайды, бұл организм тіндерінде ауқымды таралуын көрсетеді.

Организм тіндері мен сұйықтығына өтуі

Левофлоксацин бронх шырышты қабығына, эпителий төсемі сұйықтығына, альвеолярлы макрофагтарға, өкпе тініне, теріге (интерстициальді сұйықтық), простата тініне және несепке өтеді. Дегенмен левофлоксацин жұлын-ми сұйықтығына нашар өтеді.

Метаболизмі

Левофлоксацин мардымсыз метаболизденеді, метаболиттері дезметил-левофлоксацин және левофлоксацин N-тотығы болып табылады. Осы метаболиттер құрамында препараттың <5% дозасы бар және несеппен бөлінеді. Левофлоксацин стереохимиялық тұрғыда тұрақты және хиральді инверсияға ұшырамайды.

Шығарылуы

Левофлоксацинді ішке қабылдаудан кейін немесе вена ішіне енгізгенде препарат плазмадан салыстырмалы түрде баяу шығарылады (t1/2: 6 - 8 сағ.). Негізінен бүйрекпен шығарылады (енгізілген дозадан >85%).

Левофлоксациннің орташа болжамды жалпы клиренсі 500 мг бір реттік дозасын енгізуден кейін 175 +/- 29,2 мл/мин құрайды.

Вена ішіне және ішу арқылы қолдану тәсілінде левофлоксацин фармакокинетикасының елеулі айырмашылықтары жоқ, бұл олардың өзара алмаса алатынын растайды.

Дозаға байланысы

Левофлоксацин фармакокинетикасы 50-ден 1000 мг дейінгі дозалар диапазонында дозаға байланысты болады.

Пациенттердің ерекше топтары

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Левофлоксацин фармакокинетикасына бүйрек жеткіліксіздігі ықпалын тигізеді. Бүйрек функциясы төмендегенде препараттың бүйрекпен шығарылуы және бүйрек клиренсі төмендейді, төменде берілген кестеде көрсетілгендей, жартылай шығарылу кезеңі ұзарады.

Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде бір реттік 500 мг дозасын ішу арқылы қабылдаудан кейінгі фармакокинетикасы.

Clкр [мл/мин]

<20

20 - 49

50 - 80

Clпоч. [мл/мин]

13

26

57

t1/2 [ч]

35

27

9

Егде жастағы пациенттер

Жас және егде пациенттерде, креатинин клиренсіндегі айырмашылықтардан тыс, левофлоксацин фармакокинетикасында елеулі өзгешеліктер жоқ.

Жыныс айырмашылықтары

Ер және әйел жынысты пациенттерді жеке талдау левофлоксацин фармакокинетикасындағы жыныстық айырмашылықтардың өте мардымсыз екенін көрсетті. Осы жыныстық айырмашылықтардың клиникалық маңызды екеніне дәлелдер жоқ.

Фармакодинамикасы

Левофлоксацин фторхинолондар класының бактерияға қарсы синтетикалық препараты, офлоксацин рацемиялық белсенді затының S (-) энантиомері түрінде болады.

Әсер ету механизмі

Фторхинолондар тобының бактерияға қарсы дәрісі болғандықтан, левофлоксацин ДНҚ-ДНҚ-гираза және топоизомераза IV кешеніне әсер етеді.

ФК/ФД арақатынасы

Левофлоксациннің бактерицидті белсенділік дәрежесі сарысудағы ең жоғары концентрациясы (Cmax) мен фармакокинетикалық қисық астындағы ауданы (AUC) және ең төмен тежеу концентрациясы (ЕТК) арасындағы арақатынасқа байланысты.

Төзімділік механизмі

Левофлоксацинге төзімділікті II типті топоизомеразалар, ДНҚ-гиразалар және IV топоизомеразалардағы нысана-сайт мутациясы арқылы біртіндеп иеленуге болады. Өткізгіштік бөгеттері (көбінесе Pseudomonas aeruginosa) және жасушалардан шығатын заттар ағыны сияқты басқа да төзімділік механизмдері левофлоксацинге сезімталдыққа да ықпал етуі мүмкін.

Левофлоксацин мен басқа фторхинолондар арасында айқаспалы төзімділік байқалады. Әсер ету механизмінің ерекшеліктеріне орай, жалпы, левофлоксацин мен бактерияға қарсы препараттардың басқа кластары арасында айқаспалы төзімділік жоқ.

Шектік мәндері

Еуропалық микробқа қарсы препараттарға сезімталдықты тестілеу жөніндегі комитет (EUCAST) ұсынған сезімтал және орташа сезімтал микроорганизмдер арасындағы, сондай-ақ орташа сезімтал және төзімді микроорганизмдер арасындағы айырмашылықтар белгіленетін левофлоксацинге тән ЕТК шектік мәндері ЕТК тестілеуге арналған (мг/л) төмендегі кестеде берілген.

Еуропалық микробқа қарсы препараттарға сезімталдықты тестілеу жөніндегі комитет ұсынған левофлоксацинге тән ЕТК клиникалық шектік мәндері

(2.0, 01.01.2012 ж. нұсқасы):

Патоген

Сезімталдық

Төзімділік

Энтеробактериялар

≤1 мг/л

>2 мг/л

Pseudomonas spp.

≤1 мг/л

>2 мг/л

Acinetobacter spp.

≤1 мг/л

>2 мг/л

Staphylococcus spp.

≤1 мг/л

>2 мг/л

S. pneumoniae 1

≤2 мг/л

>2 мг/л

Streptococcus A, B, C, G

≤1 мг/л

>2 мг/л

H. influenzae 2 3

≤1 мг/л

>1 мг/л

M. catarrhalis 3

≤1 мг/л

>1 мг/л

Микроорганизмдер түрімен байланысты шектік мәндері емес4

≤1 мг/л

>2 мг/л

  • Левофлоксацинге тән шектік мәндердің препараттың жоғары дозалары қолданылатын емге қатысы бар.

  • Фторхинолондарға төзімділіктің төмен деңгейін байқауға болады (ципрофлоксацин препараты ЕТК 0,12-0,5 мг/л), алайда, аталған төзімділіктің H. influenzae таяқшасымен тыныс алу жолдарының инфекцияларында клиникалық мәнді болу дәлелдері жоқ.

  • ЕТК мәндері сезімталдықтың шектік мәндерінен жоғары штаммдар өте сирек кездеседі немесе олар туралы әлі хабарланбаған. Кез келген ұқсас изолят пайдаланылатын микробқа қарсы препараттарға сезімталдық пен сәйкестендірілуіне жасалатын талдауларды қайталау керек, ал егер нәтиже расталса, изолятты анықтама зертханасына жолдау керек. Қазіргі таңда төзімділіктің шектік мәндер деңгейінен жоғары ЕТК-мен расталған изоляттар үшін клиникалық жауап бойынша деректер алынғанша, ондай изоляттар төзімді саналуы тиіс.

  • Шектік мәндер ішу арқылы қабылданатын 500 мг x 2 дейін 500 мг x 1 және в/і енгізілетін 500 мг x 2 дейін 500 мг x 1 доза үшін қолданылады.

    Төзімділіктің таралуы географиялық тұрғыда және уақыт өтуімен (жекелеген түрлер үшін) ауытқуы мүмкін, әсіресе, ауыр инфекцияларды емдегенде жергілікті төзімділік туралы ақпарат алған дұрыс. Қажет болғанда, егер жергілікті төзімділіктің таралуы сонша, препарат қолданудың пайдасы, кем дегенде, инфекциялардың кейбір типтерінде күдік туындатса, сарапшы кеңесіне жүгінген жөн.

    Микроорганизмдердің әдеттегі сезімтал түрлері

    Аэробты грамоң бактериялар

    Bacillus anthracis

    Метициллинге сезімтал Staphylococcus aureus

    Staphylococcus saprophyticus

    Streptococci, C және G тобы

    Streptococcus agalactiae

    Streptococcus pneumoniae

    Streptococcus pyogenes

    Аэробты грамтеріс бактериялар

    Eikenella corrodens

    Haemophilus influenzae

    Haemophilus para-influenzae

    Klebsiella oxytoca

    Moraxella catarrhalis

    Pasteurella multocida

    Proteus vulgaris

    Providencia rettgeri

    Анаэробты бактериялар

    Peptostreptococcus

    Басқалары

    Chlamydophila pneumoniae

    Chlamydophila psittaci

    Chlamydia trachomatis

    Legionella pneumophila

    Mycoplasma pneumoniae

    Mycoplasma hominis

    Ureaplasma urealyticum

    Жүре пайда болған төзімділік қиындық тудыруы мүмкін түрлері

    Аэробты грамоң бактериялар

    Enterococcus faecalis

    Метициллинге төзімді# Staphylococcus aureus

    Коагулазатеріс Staphylococcus spp

    Аэробты грамтеріс бактериялар

    Acinetobacter baumannii

    Citrobacter freundii

    Enterobacter aerogenes

    Enterobacter cloacae

    Escherichia coli

    Klebsiella pneumonia

    Morganella morganii

    Proteus mirabilis

    Providencia stuartii

    Pseudomonas aeruginosa

    Serratia marcescens

    Анаэробты бактериялар

    Bacteroides fragilis

    Табиғи төзімділігі бар штаммдар

    Аэробты грамоң бактериялар

    Enterococcus faecium

    #Метициллинге төзімді S. aureus үлкен үлесті ықтималдықпен, левофлоксацинді қоса, фторхинолондарға ко-төзімділік иеленеді.

  • Қолданылуы

    Ересек пациенттерде келесі инфекциялық ауруларды емдеу үшін:

    - жедел бактериялық синусит

    - созылмалы бронхиттің өршуі

    - ауруханадан тыс пневмония

    - терінің және жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары

    Жоғарыда тізбеленген инфекциялар үшін левофлоксацин, әдетте, осы инфекциялардың старттық емі ретінде ұсынылатын бактерияға қарсы дәрілерді пайдалану мүмкін еместігі негізделетін жағдайларда ғана қолданылу керек.

    - пиелонефрит және несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары

    - созылмалы бактериялық простатит

    - асқынбаған цистит

    - сібір жарасының өкпелік түрі: қатынастан кейінгі профилактика және емдеу

    Таблеткалардағы препаратты левофлоксацин вена ішіне енгізілетін старттық ем жүргізуден кейін жақсаруы байқалған пациенттерде емдеу курсын аяқтау үшін қолдануға да болады.

    Бактерияға қарсы дәрілерді тиісінше қолдану жөніндегі ресми нұсқауларды қадағалау қажет.

    Қолдану тәсілі және дозалары

    Таблеткалар тәулігіне 1 немесе 2 рет ішке қабылданады. Дозалануы инфекция типіне және ауырлығына, сондай-ақ болжанатын қоздырғыштың сезімталдығына байланысты.

    Таблеткалардағы препаратты левофлоксацин вена ішіне енгізілетін старттық ем жүргізуден кейін жақсаруы байқалған пациенттерде емдеу курсын аяқтау үшін қолдануға да болады; парентеральді және ішуге арналған түрлерінің биобаламалылығын ескеріп, сол дозасын пайдалануға болады.

    Дозалануы

    Левофлоксацин келесі дозаларда қолдануға ұсынылады:

    Бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде дозалануы (креатинин клиренсі

    > 50 мл/мин)

    Қолдану көрсетілімі

    Тәуліктік доза

    (аурудың ауырлығына қарай)

    Емдеу ұзақтығы

    (аурудың ауырлығына қарай)

    Жедел бактериялық синусит

    тәулігіне 1 рет 500 мг

    10 - 14 күн

    Бактериялық этиологиядағы созылмалы бронхит өршуі

    тәулігіне 1 рет 500 мг

    7 - 10 күн

    Ауруханадан тыс пневмония

    тәулігіне 1 немесе 2 рет 500 мг

    7 - 14 күн

    Пиелонефрит

    тәулігіне 1 рет 500 мг

    7 - 10 күн

    Несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары мочевыводящих путей

    тәулігіне 1 рет 500 мг

    7 - 14 күн

    Асқынбаған цистит

    тәулігіне 1 рет 250 мг

    3 күн

    Созылмалы бактериялық простатит

    тәулігіне 1 рет 500 мг

    28 күн

    Терінің және жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары

    тәулігіне 1 немесе 2 рет 500 мг

    7 - 14 күн

    Сібір жарасының өкпелік түрі

    тәулігіне 1 рет 500 мг

    8 апта

    Пациенттердің ерекше топтары

    Бүйрек функциясының бұзылуы (креатинин клиренсі ≤ 50 мл/мин)

    Дозалау режимі

    250 мг / 24 сағ.

    500 мг / 24 сағ.

    500 мг / 12 сағ.

    Креатинин

    клиренсі

    Бірінші доза: 250 мг

    Бірінші доза: 500 мг

    Бірінші доза: 500 мг

    50-20 мл/мин

    Артынан: 125 мг/24 сағ.

    Артынан: 250 мг/24 сағ.

    Артынан: 250 мг/12 сағ.

    19-10 мл/мин

    Артынан: 125 мг/48 сағ.

    Артынан: 125 мг/24 сағ.

    Артынан: 125 мг/12 сағ.

    < 10 мл/мин (соның ішінде гемодиализ және ТАПД) 1

    Артынан: 125 мг/48 сағ.

    Артынан: 125 мг/24 сағ.

    Артынан: 125 мг/24 сағ.

    1Гемодиализден немесе тұрақты амбулаторлық перитонеальді диализден (ТАПД) кейін

    препараттың қосымша дозаларын енгізу қажет емес.

    Бауыр функциясының бұзылуы

    Левофлоксацин бауырда болымсыз дәрежеде метаболизденетіндіктен және негізінен бүйрекпен шығарылатындықтан, препарат дозасын түзету қажет емес.

    Егде жастағы пациенттер

    Егде жастағы пациенттерде, бүйрек функциясымен байланысты жағдайлардан басқа, препарат дозасын түзету қажет емес.

    Балалар жасындағы пациенттер

    Левофлоксацин балалар мен жасөспірімдерде қолдануға қарсы көрсетілімді.

    Қолдану тәсілі

    Таблеткаларды шайнамастан және мол мөлшерде сұйықтық ішумен бүтіндей жұтқан жөн. Дозаларды таңдағанда таблеткаларды бөлу сызығы бойынша сындыруға болады. Препаратты ас ішу кезінде немесе тамақтанулар арасында қабылдауға болады, темір, мырыш тұздарын, құрамында магний немесе алюминий бар антацидті препараттарды, немесе диданозинді ек құрамында алюминий немесе магний қосылыстары болатын буферлі заттар бар диданозиннің дәрілік түрлері) қабылдауға, сондай-ақ сукральфат тағайындауға дейін кемінде 2 сағат бұрын немесе одан кейін 2 сағаттан соң қабылдау керек, бұл орайда препарат сіңуінің төмендеуін байқауға болады.

    Таблеткадағы бөлу сызығы бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге дозаны түзетуге мүмкіндік береді.

    Басқа қалған дәрілік заттар жағдайындағы сияқты, пайдаланылмаған препаратты жергілікті табиғатты қорғау ережелеріне сай тиісті үлгіде жою керек.

    Жағымсыз әсерлері

    Жиі (≥1/100, <1/10)

    - ұйысыздық, бас ауыру, бас айналу

    - жүрек айну, құсу, диарея

    - бауыр ферменттері (АЛТ/АСТ, сілтілік фосфатаза, ГГТ) деңгейінің жоғарылауы

    Жиі емес (≥1/1000, <1/100)

    - зеңді инфекция, Candida инфекциясын қоса

    - патоген төзімділігі

    - лейкопения, эозинофилия

    - анорексия

    - мазасыздық

    - сананың шатасу жағдайы, қатты қозу

    - ұйқышылдық, тремор, дисгевзия

    - вертиго

    - ентігу

    - іштің ауыруы, диспепсия, метеоризм, іш қату

    - қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы

    - бөртпе, қышыну, есекжем, гипергидроз

    - артралгия, миалгия

    - қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы

    - астения

    Сирек (≥1/10000, <1/1000)

    - тромбоцитопения, нейтропения

    - ангионевроздық ісіну, аса жоғары сезімталдық

    - гипогликемия, әсіресе, диабеті бар пациенттерде

    - психоздық реакцияларысалы, елестеулермен, паранойямен)

    - депрессия, ажитация

    - әдеттен тыс түстер көру, қорқынышты түстер

    - конвульсиялар

    - парестезия

    - анық көрмеу сияқты көрудің нашарлауы

    - тиннитус

    - тахикардия, жүрек қағу

    - гипотензия

    - сіңірлердің аурулары, тендинитті қосаысалы, ахилл сіңірінің)

    - гравис миастениясына шалдыққан пациенттерде ерекше маңызды болуы мүмкін бұлшықет әлсіздігі

    - жедел бүйрек жеткіліксіздігіысалы, интерстициальді нефрит салдарынан)

    - пирексия

    Жиілігі белгісіз

    - панцитопения, агранулоцитоз, гемолиздік анемия

    - анафилаксиялық шок (анафилаксиялық және анафилактоидты реакциялар кейде тіпті препараттың бірінші дозасын енгізуден кейін туындауы мүмкін)

    - анафилактоидты шок (тері-шырышты қабық реакциялары кейде тіпті препараттың бірінші дозасын енгізуден кейін туындауы мүмкін)

    - гипергликемия

    - гипогликемиялық кома

    - суицидтік ойлауды немесе суицид әрекетін қоса, пациенттің өзіне қауіп төндіретін мінез-құлықпен білінетін психоздық бұзылыстар

    - шеткері сенсорлы нейропатия

    - шеткері сенсомоторлы нейропатия

    - паросмия, аносмияны қоса

    - дискинезия, экстрапирамидалық бұзылыс

    - агевзия

    - естен тану

    - қатерсіз бассүйек ішіндегі гипертензия

    - уақытша көрмей қалу

    - естімей қалу, естудің нашарлауы

    - жүректің тоқтап қалуына әкелуі мүмкін қарыншалық тахикардия.

    - қарыншалық аритмия және қарыншалардың дірілдеуі-жыпылықтауыегізінен, QT аралығы ұзаруының қауіп факторлары бар пациенттерде байқалады), ЭКГ-да QT аралығының ұзаруы

    - бронх түйілуі, аллергиялық пневмонит

    - диарея – геморрагиялық, өте сирек жағдайларда жалған жарғақшалы колитті қоса, энтероколит болуын көрсетуі мүмкін, панкреатит

    - ең алдымен, негізгі ауруы ауыр пациенттерде өліммен аяқталатын жедел бауыр жеткіліксіздігінің жағдайларын қоса, сарғаю және бауырдың ауыр зақымдануы, гепатит

    - уытты эпидермалық некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, полиморфты эритема, фотосенсибилизация реакциясы, лейкоцитокластты васкулит, стоматит

    - рабдомиолиз, сіңірлердің үзілуі

    - бұлшықеттердің, байламдардың жыртылуы

    - артрит

    - ауыру (арқаның, кеуденің және аяқ-қолдың ауыруын қоса)

    Осы аурумен науқастарда фторхинолондар қолданумен байланысты болған басқа да жағымсыз әсерлері порфирия ұстамаларын қамтиды.

    Қолдануға болмайтын жағдайлар

    - левофлоксацинге немесе басқа хинолондарға, сондай-ақ қосымша заттарға аса жоғары сезімталдығы бар пациенттер

    - эпилепсиясы бар пациенттер

    - анамнезінде фторхинолондар қолданумен байланысты сіңір аурулары бар пациенттер

    - балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

    - жүктілік

    - лактация кезеңі

    Дәрілермен өзара әрекеттесуі

    Темір, мырыш тұздары, құрамында магний немесе алюминий бар антацидті препараттар, диданозин

    Левофлоксациннің сіңуі темір, мырыш тұздары препаратымен құрамында магний немесе алюминий бар антацидті препараттарды немесе диданозинді (құрамында алюминий немесе магний болатын буферлі заттар бар диданозин түрлері) бір мезгілде қолданғанда едәуір төмендейді.

    Фторхинолондар мен құрамында мырыш бар көп дәрумендік препараттарды бір мезгілде қолдану ішу арқылы қабылдағанда олардың сіңуін төмендетеді. Темір, мырыш тұздары, құрамында магний немесе алюминий бар антацидті препараттар немесе диданозин (тек құрамында алюминий немесе магний болатын буферлі заттар бар дәрілік түрлер) сияқты құрамында екі немесе үш валентті катиондар бар препараттарды левофлоксацин қабылдаудан 2 сағат бұрын немесе одан кейін 2 сағаттан соң қабылдау ұсынылмайды. Кальций тұздары ішу арқылы қабылдағанда левофлоксациннің сіңуіне ең төмен әсер көрсетеді.

    Сукральфат

    Таблеткалардағы левофлоксацин биожетімділігі оны сукральфатпен бір мезгілде қолданғанда едәуір төмендейді. Егер пациентке екі препаратты да қабылдау қажет болса, сукральфатты левофлоксацин қабылдаудан кейін 2 сағат өткен соң қабылдаған дұрысырақ.

    Теофиллин, фенбуфен немесе қабынуға қарсы стероидты емес препараттар

    Клиникалық зерттеу барысында левофлоксацин мен теофиллиннің фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі анықталмаған. Алайда, хинолондар мен теофиллинді, қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды немесе құрысуға дайындық шегін төмендететін басқа дәрілік заттарды бір мезгілде қолданғанда эпилепсиялық дайындық шегінің едәуір төмендеуін байқауға болады.

    Левофлоксацин концентрациялары, тек левофлоксацин қабылдауға қарағанда, фенбуфеннің қатысуымен шамамен 13% жоғары.

    Пробенецид және Циметидин

    Пробенецид пен Циметидин левофлоксациннің шығарылуына статистикалық мәнді әсер көрсетеді. Левофлоксациннің бүйректік клиренсі циметидин (24%) және пробенецид (34%) препараттарын қолданғанда төмендеген. Бұл екі дәрілік препараттың да левофлоксациннің өзекшелік секрециясын бөгеуге қабілетті екенімен түсіндіріледі. Алайда, зерттеу барысында пайдаланылған дозаларында қолданылғанда статистикалық мәнді кинетикалық айрымашылықтарының клиникалық маңызды болу ықтималдығы аз.

    Левофлоксацин, әсіресе, бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде пробенецид пен циметидин сияқты өзекшелік секрецияға ықпалын тигізетін препараттармен бірге сақтықпен қолданылу керек.

    Басқа да маңызды ақпарат

    Клиникалық фармакология зерттеулері аталған препаратты келесі дәрілік заттармен бірге қолданудың левофлоксацин фармакокинетикасына ешқандай клиникалық мәнді ықпалын тигізбегенін көрсетті: кальций карбонаты, дигоксин, глибенкламид, ранитидин.

    Циклоспорин

    Левофлоксацинмен бірге қолданылғанда циклоспориннің жартылай шығарылу кезеңі 33% ұзарған.

    K дәрумені антагонистері

    Левофлоксацин мен K дәрумені антагонисініңысалы, варфарин) біріктірілімі қолданылатын емнен өткен пациенттерде коагуляциялық сынама көрсеткіштеріУ/ХҚҚ) жоғарылаған және/немесе ауыр болуы мүмкін қан кету туындаған жағдайлар хабарланды. Осылайша, дәрумен антагонистері қолданылатын емнен өтетін пациенттерде коагуляциялық сынамалар нәтижелеріне мониторинг өткізу қажет.

    QT аралығының ұзаруын туындататын дәрілік заттар

    Левофлоксацин, басқа да фторхинолондар сияқты, QT аралығын ұзартатын препараттарысалы, аритмияға қарсы IA және III класс препараттары, үш циклды антидепрессанттар, макролидтер, нейролептиктер) қабылдайтын пациенттерде сақтықпен қолданылу керек.

    Басқа да маңызды ақпарат

    Фармакокинетикалық өзара әрекеттесу зерттеулерінде левофлоксацин теофиллин (CYP1A2 маркерлік субстраты) фармакокинетикасына ықпалын тигізбеген, бұл левофлоксациннің CYP1A2 тежегіші емес екенін көрсетеді.

    Ас ішу

    Ас ішумен клиникалық мәнді өзара әрекеттесуі білінбеген. Осылайша, таблеткалардағы левофлоксацинді ас ішуден тыс қабылдауға болады.

    Айрықша нұсқаулар

    Метициллинге төзімді S.aureus, левофлоксацинді қоса, фторхинолондарға төзімді болу ықтималдығы жоғары. Демек, левофлоксацинді метициллинге төзімді алтын түстес стафилококк туғызған инфекцияларды емдеуде қолдану ұсынылмайды немесе зертханалық талдаулар микроорганизмнің левофлоксацинге сезімталдығын растаған жағдайлардан басқа, осындай күдіктер бар (сонымен бірге, әдетте, егер метициллинге төзімді стафилококк туғызған инфекцияларды емдеуде тағайындалатын бактерияға қарсы дәрілерді қолдану мақсатқа сай болып саналмайды).

    Левофлоксацинді жедел бактериялық синуситті және созылмалы бронхит өршуін емдеуде осы инфекциялар дұрыс диагностикаланған жағдайда қолдануға болады.

    Несеп шығару жолдарының инфекциялары туғызған ең көп таралған E. coli патогенінің фторхинолондарға төзімділігі Еуропалық одақ елдерінде өзгеріп отырады. Препараттар тағайындалғанда фторхинолондарға E. coli төзімділігінің жергілікті таралуын ескеру ұсынылады.

    Сібір жарасының өкпелік түрі: адамда қолданылуы Bacillus anthracis сезімталдығы бойынша in vitro деректеріне және, клиникалық деректердің шектеулі санымен қатар, клиникаға дейінгі зерттеулер деректеріне негізделген. Емдеуші дәрігерлердің сібір жарасын емдеуге қатысты келісілген ұлттық және/немесе халықаралық құжаттарға жүгінгендері жөн.

    Тендинит және сіңірлердің үзілуі

    Сирек жағдайларда тендинит туындауы мүмкін. Ең жиі ахилл сіңірі зақымданады, тендинит сіңірдің үзілуіне әкелуі мүмкін. Тендинит пен кейбір жағдайларда екі жақты сіңірлердің үзілуі левофлоксацинмен емделу басталған соң 48 сағат ішінде туындауы мүмкін, сондай-ақ емді тоқтатудан кейін бірнеше ай ішінде осы патологиялардың туындау жағдайлары хабарланды. Тендинит пен сіңірлер үзілуінің даму қаупі 60 жастан асқан пациенттерде, 1000 мг тәуліктік дозалар қабылдайтын пациенттерде, кортикостероидтар қабылдайтын пациенттерде және бүйрек, жүрек және өкпе трансплантациясы бар пациенттерде артады. Егде жастағы пациенттерде тәуліктік дозаны креатинин клиренсіне қарай түзету керек. Демек, левофлоксацин тағайындалғанда осындай пациенттерге мұқият мониторинг өткізу қажет. Тендинит симптомдары білінгенде емдеуші дәрігерге қаралу керек. Тендинит күдік тудырғанда левофлоксацин қолдануды дереу тоқтатып, зақымданған сіңірдің тиісінше емін ысалы, оның жеткілікті иммобилизациясын қамтамасыз етіп) бастау керек.

    Clostridium difficile туғызған ауру

    Левофлоксацинмен емделу кезінде немесе одан кейін, әсіресе, ауыр, тоқтаусыз және/немесе қан аралас диарея (емдеу аяқталғаннан кейінгі бірнеше аптаны қоса) Clostridium difficile туғызған аурудың симптомы болуы мүмкін. Clostridium difficile туғызған аурулар ауырлығы бойынша жеңілден өмірге қатерлі дәрежеге дейін ауытқуы мүмкін, бұл орайда ең ауыр түрі жалған жарғақшалы колит болып табылады). Осылайша, егер пациенттерде левофлоксацин қолданылатын ем кезінде немесе одан кейін ауыр диарея дамыса, осы диагнозды ескеру маңызды. Clostridium difficile туғызған аурудан күдіктенгенде левофлоксацин қолдануды дереу тоқтатып, кідіріссіз тиісінше емдеуді бастау керек. Аталған клиникалық оқиғада перистальтикаға қарсы препараттарды қолдану қарсы көрсетілімді.

    Құрысулардың туындауына бейім пациенттер

    Хинолондар құрысуға дайындық шегін төмендетіп, құрысуларға түрткі болуы мүмкін. Левофлоксацин, басқа да хинолондар сияқты, анамнезінде эпилепсиясы бар пациенттерге қарсы көрсетілімді, аталған препаратты құрысулардың туындауына бейім пациенттерде немесе белсенді заттары (мысалы, теофиллин) құрысуға дайындық шегін төмендететін дәрілік заттар қолданумен қатарлас ем жүргізілгенде ерекше сақтықпен қолдану керек. Конвульсиялық құрысулар туындаған жағдайда левофлоксацин қолданылатын емді тоқтату керек.

    Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа жеткіліксіздігі бар пациенттер

    Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа белсенділігінің жасырын немесе айқын бұзылулары бар пациенттерде бактерияға қарсы хинолонды препараттармен ем жүргізілгенде гемолиздік реакцияларға бейімділікті байқауға болады. Осылайша, ондай пациенттерде левофлоксацин қолдану қажет болғанда оларды гемолиздің туындауы тұрғысынан қадағалау керек.

    Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер

    Левофлоксацин экскрециясы негізінен бүйрекпен жүретіндіктен, олардың функциясы бұзылған пациенттерде левофлоксацин дозасын түзету керек.

    Аса жоғары сезімталдық реакциялары

    Левофлоксацин кейде препараттың бірінші дозасын енгізуден кейін туындайтын ауыр және өлім қаупі зор аса жоғары сезімталдық реакцияларынысалы, анафилаксиялық шокқа дейін апаратын ангионевроздық ісіну) туындатуы мүмкін. Пациенттер емдеуді дереу тоқтатып, кезек күттірмейтін тиісті көмек көрсетілуі үшін емдеуші дәрігерімен немесе жедел жәрдем дәрігерімен хабарласуы керек.

    Ауыр буллезді реакциялар

    Левофлоксацин қолдану кезінде Стивенс-Джонсон синдромы немесе уытты эпидермалық некролиз сияқты ауыр буллезді тері реакцияларының туындау жағдайлары хабарланды. Пациенттерге емді жалғастырар алдында теріде/шырышты қабықтарда реакциялар пайда болғанда дереу емдеуші дәрігермен хабарласуға кеңес беру керек.

    Дисгликемия

    Барлық хинолондар қолдану кезіндегідей, әдетте, ішуге арналған гипогликемиялық препараттарысалы, глибенкламид) немесе инсулин қолданылатын қатарлас емнен өтетін диабеті бар пациенттерде байқалған гипо- және гипергликемияны қоса, қандағы глюкоза мөлшерінің бұзылуы хабарланды. Гипогликемиялық кома жағдайлары хабарланды. Диабеті бар пациенттерде қандағы глюкоза деңгейін мұқият қадағалауға кеңес беріледі.

    Фотосенсибилизация профилактикасы

    Левофлоксацин қолдану кезінде фотосенсибилизацияның туындауы хабарланды. Фотосенсибилизацияның дамуын болдырмау үшін пациенттерге ем кезінде және оны тоқтатудан кейін 48 сағат ішінде қажетттіліксіз күшті күн сәулесінің немесе жасанды УК сәулеленудіңысалы, УК шам, солярий) әсеріне ұшырамауға кеңес беріледі.

    K дәрумені антагонистері қолданылатын емнен өтетін пациенттер

    Коагуляциялық сынамалар көрсеткіштерінің (ПУ/ХҚҚ) жоғарылау және/немесе қан кетудің туындау мүмкіндігіне орай, левофлоксацин және K дәрумені антагонисінің (мысалы, варфарин) біріктірілімі қолданылатын емнен өтетін пациенттерде аталған препараттар бір мезгілде қолданылғанда коагуляциялық сынамалар нәтижелеріне мониторинг өткізу қажет.

    Психоздық реакциялар

    Левофлоксацинді қоса, хинолондар алған пациенттерде психоздық реакциялар туындаған жағдайлар хабарланды. Өте сирек жағдайларда тіпті левофлоксацин дозасын бір рет қолданудан кейін осындай реакциялар суицидтік ойлардың және пациенттің өзіне қауіп төндіретін мінез-құлықтың білінуіне дейін үдеді. Осындай реакциялар білінген жағдайда левофлоксацин қабылдауды тоқтатып, тиісті шаралар қабылдау керек. Левофлоксацин психозбен науқастарда немесе анамнезінде психиатриялық аурулар болғанда сақтықпен қолдану керек.

    QT аралығының ұзаруы

    Фторхинолондар, левофлоксацинді қоса, QT аралығы ұзаруының белгілі қауіп факторлары бар пациенттерде сақтықпен қолданылу керек, мыналар сияқты:

    - туа біткен QT аралығының ұзару синдромы

    - QT аралығын ұзартатын дәрілік заттарды қатарлас қолдану (мысалы, аритмияға қарсы IA және III класс препараттары, үш циклды антидепрессанттар, макролидтер, нейролептиктер)

    - электролиттер теңгерімінің түзетілмеген бұзылуы (мысалы, гипокалиемия, гипомагниемия)

    - жүрек аурулары (мысалы, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, брадикардия).

    Егде жастағы науқастар және әйелдер QTс аралығын ұзартатын препараттарға сезімтал болуы мүмкін. Демек, левофлоксацинді қоса, фторхинолондар пациенттердің аталған топтарында абайлап қолданылу керек.

    Шеткері нейропатия

    Левофлоксацинді қоса, фторхинолондар алған пациенттерде аса жылдам дамуы мүмкін шеткері сенсорлы нейропатия мен шеткері сенсомоторлы нейропатияның туындауы хабарланды. Нейропатия симптомдары білінгенде қайтымсыз бұзылулардың дамуын болдырмау үшін левофлоксацин қолдануды тоқтату керек.

    Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан болатын бұзылулар

    Левофлоксацин, ең алдымен, мысалы, негізгі ауруы ауыр пациенттерде қолданылғанда өліммен аяқталатын бауыр жеткіліксіздігіне дейін апаратын бауыр некрозының жағдайлары хабарланды. Пациенттерге анорексия, сарғаю, күңгірт несеп, қышыну және іштің ауырсынуы сияқты бауыр ауруларының симптомдары мен белгілері білінгенде емдеуді тоқтатуға кеңес беру керек.

    Гравис миастениясының өршуі

    Левофлоксацинді қоса, фторхинолондардың нейробұлшықеттік бөгеу белсенділігі бар және гравис миастениясынан зардап шегетін пациенттерде бұлшықет әлсіздігін күшейтуі мүмкін. Гравис миастениясынан зардап шегетін пациенттерде постмаркетингтік қадағалау кезеңінде туындаған өкпені қосалқы жасанды желдету қажеттілігі мен өлім жағдайларын қоса, күрделі жағымсыз реакциялар фторхинолондар қолданумен байланысты болды. Анамнезінде гравис миастениясы бар пациентте левофлоксацин қолдану ұсынылмайды.

    Көрудің нашарлауы

    Көрудің нашарлауы туындағанда немесе препарат қабылдаудың көзге әсері білінгенде дереу офтальмологқа қаралу керек.

    Асқын инфекция

    Левофлоксацинді, әсіресе, ұзақ уақыт бойы қолдану сезімтал емес микроорганизмдердің шектен тыс өсуіне әкелуі мүмкін. Емделу кезеңінде асқын инфекция пайда болғанда тиісті шаралар қабылдану керек.

    Зертханалық зерттеулер нәтижелеріне әсері

    Левофлоксацин қолданылатын емнен өтетін пациенттерде несептегі апиындарды анықтайтын талдау жалған оң нәтижелер беруі мүмкін. Спецификалығы ерекше әдіс пайдаланылатын апиындардың бар-жоғын талдаудың нәтижелерін растау қажет болуы мүмкін.

    Левофлоксацин Mycobacterium tuberculosis өсуін бәсеңдетіп, соған сәйкес, туберкулездің бактериологиялық диагностикасының жалған теріс нәтижелеріне себеп болуы мүмкін.

    Жүктілік

    Жүкті әйелдерде левофлоксацин қолдану деректерінің саны шектеулі. Клиникаға дейінгі зерттеулерде ұрпақ өрбітуге уыттылығы тұрғысынан тікелей немесе жанама зиянды әсерлері анықталмаған. Алайда, клиникалық деректер болмаса, сондай-ақ тәжірибелік деректер фторхинолондардың өсу үстіндегі организмде салмақты ұстап тұратын шеміршектерді зақымдау қаупінің расталуына орай, жүкті әйелдерде левофлоксацин қолдануға болмайды.

    Лактация кезеңі

    Левофлоксацин емшекпен қоректендіру кезеңіндегі әйелдерге қарсы көрсетілімді. Қазіргі таңда левофлоксациннің емшек сүтімен бөлінуіне қатысты ақпарат жеткіліксіз; алайда, басқа фторхинолондардың емшек сүтімен бөлінетіні белгілі. Клиникалық деректер болмаса, сондай-ақ тәжірибелік деректер фторхинолондардың өсу үстіндегі организмде салмақты ұстайтын шеміршектерді зақымдау қаупінің расталуына орай, бала емізу кезеңіндегі әйелдерде левофлоксацин қолдануға болмайды.

    Фертильділік

    Левофлоксацин клиникаға дейінгі зерттеулерде фертильділіктің немесе ұрпақ өрбіту функциясының бұзылуын туындатпаған.

    Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

    Кейбір жағымсыз әсерлеріысалы, бас айналу/вертиго, ұйқышылдық, көрудің нашарлауы) пациенттің зейін қою қабілетін нашарлатуы және реакциясын төмендетуі, соған сәйкес, осындай сапалар аса маңызды жағдайларда (автокөлікті басқару немесе құрылғымен жұмыс істеу) қауіп төндіруі мүмкін.

    Артық дозалануы

    Препараттың аса жоғары емдік дозаларын қолданумен жүргізілген клиникаға дейінгі уыттану зерттеулерінің немесе клиникалық фармакология зерттеулерінің нәтижелеріне сәйкес, таблеткалардағы левофлоксацинмен жедел артық дозаланудан кейін туындауын күтуге болатын ең маңызды белгілерге сананың шатасуы, бас айналу, сананың бұзылуы және конвульсиялық құрысулар, QT аралығының ұзаруы сияқты орталық жүйке жүйесінің симптомдары, сондай-ақ жүрек айну және АІЖ шырышты қабығының эрозиясы сияқты асқазан-ішек жолы тарапынан болатын реакциялар жатады.

    Постмаркетингтік қадағалау барысында сананың шатасуы, конвульсиялар, елестеулер және тремор сияқты ОЖЖ тарапынан болатын әсерлер білінді.

    Артық дозалану жағдайында симптоматикалық ем жүргізген жөн. QT аралығының ұзару мүмкіндігіне орай, ЭКГ-мониторинг өткізу қажет. Асқазан шырышты қабығын қорғау үшін антацидті дәрілер қолдануға болады. Гемодиализ, перитонеальді диализді және ТАПД қоса, организмнен левофлоксацинді шығаруда тиімсіз. Спецификалық антидоты жоқ.

    Шығарылу түрі және қаптамасы

    Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 5 немесе 10 таблеткадан.

    Пішінді ұяшықты 1 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

    Сақтау шарттары

    Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

    Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

    Сақтау мерзімі

    2 жыл

    Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

    Дәріханалардан босатылу шарттары

    Рецепт арқылы

    Өндіруші

    Скан Биотек Лимитед, Үндістан

    Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

    Роутек Лимитед, Ұлыбритания

    Қазақстан Республикасы аумағында өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

    Досмұхамедов к-сі, 89 үй, «Каспий» бизнес орталығы, 238 кеңсе, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.

    Тел./факс: 7 (727) 2921960, amitshri75@gmail.com

    Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

    Досмұхамедов к-сі, 89 үй, «Каспий» бизнес орталығы, 238 кеңсе, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.

    Тел./факс: 7 (727) 2921960, amitshri75@gmail.com

    Прикрепленные файлы

    Левофлокс_табл_инструкция_рус.doc 0.14 кб
    Левофлокс_табл_инструкция_каз.doc 0.19 кб

    Отправить прикрепленные файлы на почту

    Источники

    Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники