Левомицетин-КМП (0.5 г)

МНН: Хлорамфеникол
Производитель: Киевмедпрепарат ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Chloramphenicol
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№009792
Информация о регистрации в РК: 21.11.2011 - 21.11.2016

Инструкция

Саудалық атауы

Левомицетин-КМП

Халықаралық патенттелмеген атауы

Хлорамфеникол

Дәрілік түрі

Инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған 0,5 г және 1,0 г ұнтақ

Құрамы

Бір құтының ішінде

белсенді зат – левомицетинге шаққанда стерильді натрий тұзының левомицетин сукцинаты – 0,5 г немесе 1,0 г.

Сипаттамасы

Ақ немесе сарғыш реңді ақ түсті ұнтақ. Гигроскопиялы.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі қолдануға арналған бактерияға қарсы препараттар. Амфениколдар.

АТЖ коды J01В А01.

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Бұлшықет ішіне енгізгенде препараттың қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациясына тез жетеді (көктамырішіне енгізгеннен кейін – 5-10 минуттан соң,бұлшықет ішіне енгізгеннен кейін – 30-45 минуттан соң). Плазмадағы ең жоғарғы концентрациясына 1 сағаттан соң жетеді және қан плазмасындағы тиімді концентрацияларында 8-12 сағат бойы сақталады. Басым бөлігі (60-80 %) плазма альбуминдерімен байланысады. Ағза мүшелері мен сұйықтықтарына жеңіл енеді, гематоэнцефалдық бөгет, плацента арқылы өтеді, ана сүтінде анықталады.

Незінен белсенді емес метаболиттер түрінде бүйрекпен, ішінара – өтпен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Кең ауқымды әсер ететін антибиотик. Көптеген грамоң (стафилококктар, стрептококктар, пневмококктар, энтерококктар) және грамтеріс бактерияларға: ішек және гемофильді таяқшаларға, сальмонеллаларға, шигеллаларға, клебсиеллаларға, серрацияларға, иерсиний, протея, гонококктарға, менингококктарға, анаэробтарға, риккетсияларға, спирохеттерге, хламидияларға, бірнеше ірі вирустарға (трахома қоздырғыштары, пситтакоза, шап лимфогрануломатозасы және басқа) қатысты тиімді; пенициллинге, стрептомицинге, сульфаниламидтерге төзімді бактерияларға әсер етеді; қышқылға төзімді бактерияларға, көк іріңді таяқшаға, клостридиялар мен қарапайымдарға қатысты әлсіз белсенді.

Әдеттегі дозаларында бактериостатикалық әсер береді. Пептидилтрансферазаны тежейді және бактерия жасушасындағы ақуыз синтезін бұзады.

Препаратқа дәрілік төзімділік салыстырмалы түрде баяу дамиды, сонымен бірге, әдетте, басқа химиотерапиялық дәрілерге қиыспалы төзімділік туындамайды.

Қолданылуы

- іш сүзегінде

- паратифте

- сальмонеллездердің жайылған түрінде

- дизентерияда

- бруцеллезде

- туляремияда

- менингитте

- бөртпесүзекте және басқа риккетсиоздарда

- трахомада

Қолдану тәсілі мен дозалары

Балаларға Левомицетинді-КМП бұлшықет ішіне енгізу ұсынылады: 1 жастан асқан балаларға– 12 сағат аралықпен, 2-3 қабылдауға бөліп 50 мг/кг.

Ересектерге Левомицетинді-КМП бұлшықетішіне немесе көктамыр ішіне енгізеді.

Препараттың ерітінділерін ex tempore дайындайды.

Бұлшықет ішіне енгізу үшін құтының ішіндегісін (0,5 г немесе 1,0 г) инъекцияға арналған стерильді судың 2-3 мл-де сұйылтады және тәулігіне 2-3 рет, 8-12 сағат аралықпен бұлшықетке терең енгізеді. Бұлшықет ішіне енгізгенде еріткіш ретінде новокаиннің 0,25 % немесе 0,5 % ерітіндісін пайдалануға болады.

Көктамыр ішіне сорғалатып енгізу үшін препараттың бір реттік дозасын инъекцияға арналған стерильді судың 10 мл-де немесе 5 % глюкоза ерітіндісінде ерітеді және 3-5 минут бойы баяу енгізеді. Қант диабеті бар науқастарға препаратты натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісінде енгізеді.

Жалпы жұқпаларда препараттың ересектерге арналған бір реттік дозасы 1-ден 3 г-ге дейін құрайды; 8-12 сағат арлықпен, тәулігіне 2-3 рет 0,5-1,0 г-ден енгізеді; қажет болған жағдайда, тәуліктік дозасын 4 г-ге дейін арттырады. Емдеудің орташа ұзақтығы 8-10 күн.

Жағымсыз әсерлері

- дерматит

- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, есекжем, ангионевротикалық ісіну)

- диспепсиялық бұзылыстар, жүрек айнуы, құсу, диарея

- қан түзу жүйесіне уытты әсер ету: лейкопения, нейтропения, гранулоцитопения, агранулоцитоз, тромбоцитопения, ретикулоцитопения, гемоглобин мөлшерінің азаюы, сирек – тотальді гипопластикалық анемия

- ішек микрофлораларының бәсеңдеуі, дисбактериоздың, салдарлы зең жұқпасының дамуы

- психомоторлық бұзылыстар, елестеулер, депрессия, сананың шатасуы, шеткергі неврит, көру жүйкесінің невриті

- жедел дәрілік гемолиз (глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы)

- гемолитикалық емес анемия (уридиндифосфоглюкурон трансферазасы тапшылығы)

- темір тапшылығы анемиясы

- гипотрофия, миодистрофия

- Яриш- Герксгеймер синдромы

- жаралардың жазылуының баяу жүруі

- алопеция

- супержұқпа

- бас ауруы

- естудің кемуі, көрудің төмендеуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратты жекелей көтере алмаушылықта

- қан түзілуі бәсеңдегенде

- тері ауруларында (псориаз, теміреткі, зеңдік зақымануларда)

- глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығында

- жедел интермиттирлеуші порфирияда

- жедел респираторлық ауруларда

- уридиндифосфоглюкурон трансферазасы тапшылығында

- апластикалық анемияда, тромбоцитопениялық пурпурада, лейкопенияда, грануло-цитопенияда

- баспада

- 1 жасқа дейінгі балаларға

- жүктілік және лактация кезеңінде

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Левомицетинді-КМП қан түзілуін бәсеңдететін препараттармен бірге тағайындамайды (сульфаниламидтермен, пиразолонның туындыларымен, цитостатиктермен).

Циклосерин Левомицетиннің-КМП нейроуыттылығын, ристомицин – гематоуытылығын күшейтеді. Фенобарбитал препараттың биоөзгерісін жеделдетіп, оның концентрациясын және тиімділігінің ұзақтығын төмендетеді. Левомицетин толбутамидтің, хлорпропамидтің, оксикумариннің туындыларының метаболизмін бәсеңдетеді (гипогликемиялық және антикоагулянттық қасиеттерін арттырады). Эритромицин, олеандомицин, нистатин, леворин бактерияға қарсы белсенділігін арттырады, бензилпенициллин тұздары –төмендетеді.

Алкогольмен үйлесімсіз.

Левомицетинді-КМП макролидтермен, пенициллиндермен, карбапенемдармен, аминогликозидтермен (шөгеді) бір еккіште енгізуге болмайды.

Левомицетин-КМП басқа антибиотиктермен нашар біріктіріледі: не болмаса макролидтермен, линкозаминдермен, фузидинмен антагонизм туындайды, өйткені олар рибосомалардың тура сондай 50-S-суббірлігіне ықпал етеді, немесе беталактамды антибиотиктермен, өйткені микробтар жасушаларының митозы бұзылады; не болмаса тетрациклиндермен, аминогликазидтермен, полимиксиндермен біріктіргенде, жағымсыз әсерлердің жинақталуы жүреді.

Левомицетинді-КМП менингококктар, пневмококктар немесе гемофильді таяқша туғызған менингитте, ампицилинмен немесе амоксициллинмен бір мезгілде тағайындауға болады, оларға бактерицидті әсер етеді.

Левомицетин-КМП бірқатар дәрілердің (дифениннің, неодикумариннің, бутамидтің, теофиллиннің, бензодиазепамдардың, барбитураттардың) бауырдағы биоөзгерісін бұзады (кейбір P-450 цитохромдарын байланыстыру есебінен), бұл олардың ағзада жинақталуына алып келеді.

Маннитолмен, этакрин қышқылымен, гидрохлортиазидпен, клопамидпен бір мезгілде енгізгенде левомицетиннің несеппен шығарылуы артады.

Айрықша нұсқаулар

Левомицетинмен-КМП емдеуді науқастың қан көрінісін және бауыр мен бүйректің функциональді жай-күйін бақылай отырып жүргізу керек. Левомицетинді-КМП бақылаусыз тағайындауға және оны әсіресе балаларда, жұқпа үдерістерінің жеңіл түрлерінде қолдануға болмайды.

Левомицетинді-КМП тек оған сезімтал қоздырғыштар туғызған ауыр жұқпаларда ғана қолдану керек.

1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларда дәрілік препарат тек өмірлік маңызы зор көрсетілімдер бойынша тағайындалады. Баланың жасы кіші болған сайын, жинақталу қаупі көбірек.

Препарат уытты, сондықтан оны тағайындаудың міндетті шарттары қатаң – дозасын дене салмағына қатаң есептеу және дозалау режимін сақтау, терапиялық мониторинг жүргізу, бауырдың функциональді жағдайын бағалау, емдеу барысында және кейін гематологиялық бақылауды жүзеге асыру.

Емдік ауқымы 10-25 мкг/мл құрайды. Мониторинг әсіресе жаңа туған сәбилер мен бауыры ауыратын емделушілерде қажет.

Левомицетина-КМП әсеріне сезімтал қоздырғыштар туғызған шығу тегі басқа жұқпалы ауруларда препарат тек басқа химиотерапиялық дәрілер тиімсіз болғанда немесе оларды қолдану мүмкін болмағанда ғана қолданылады.

Дәрілік заттың автокөлік немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Сипатталмаған.

Артық дозаланғанда

Белгілері: Левомицетиннің-КМП көп дозалары психомоторлық бұзылыстарды, сананың шатасуын, көрінетін және естілетін елестеулерді, есту мен көру жітілігінің төмендеуін туғызуы мүмкін, Левомицетиннің-КМП көп дозаларын қолданумен, сондай-ақ қан түзілу жүйесінің ауыр асқынулары: агранулоцитоз, апластикалық анемия да байланысты.

Артық дозалану туындаған жағдайда препаратты тоқтату керек.

Емі: белгілеріне қарай.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

0,5 г немесе 1,0 г левомицетинді шыны түтіктен жасалып, резеңке тығындармен тығындалған және алюминий қалпақшалармен қаусырылған құтыларға салады.

Құтыға өздігінен жабысатын затбелгіні жапсырады.

40 құтыдан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі 5-10 нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салады.

Қорапты бандероль-затбелгімен жабыстырады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Киевмедпрепарат» ААҚ, Украина

01032, Киев қ-сы, Саксаганск к-сі, 139

Тел.: (044) 490 75 22

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Киевмедпрепарат» ААҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы: Қазақстан Республикасындағы «Артериум» корпорациясының өкілдігі 050060, Алматы қ-сы, Әл Фараби даңғылы. 97 үй, 3 подъезд, «54» кеңсе

Тел/факс: 8(727)315-82-09; 8(727)315-82-10;

Е-mail: office@arterium.kz.

 

 

Прикрепленные файлы

669761051477977197_ru.doc 56 кб
508590221477978353_kz.doc 75 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники