Левомицетин-DF

МНН: Хлорамфеникол
Производитель: DOSFARM ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Chloramphenicol
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018209
Информация о регистрации в РК: 02.04.2020 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Левомицетин-DF

Халықаралық патенттелмеген атауы

Хлорамфеникол

Дәрілік түрі

0,5 % 8 мл, 10 мл, 15 мл көз тамшысы

Құрамы

1 мл препараттың құрамында:

белсенді зат - хлорамфеникол – 5,0 мг

қосымша заттар: бор қышқылы, 1М натрий гидроксиді ерітіндісі, инъекцияға арналған су

Сипаттамасы

Мөлдір, түссіз немесе сарғыш-жасыл сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Микробтарға қарсы препараттар. Антибиотиктер. Хлорамфеникол.

АТХ коды S01АА01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препаратты көзге тамызғанда көзішілік және ішінара жүйелі сіңу жүзеге асады. Хлорамфениколдың емдік концентрациясы жергілікті қолданған кезде шыны тәрізді денеде, мөлдір қабықта, нұрлы қабықта, көздің сулы ылғалында пайда болады (көз бұршағына хлорамфеникол енбейді).

Фармакодинамикасы

Хлорамфеникол – кең ауқымды әсер ететін бактериостатикалық антибиотик. Микробтарға қарсы әсерінің механизмі микроорганизмдердің ақуыз синтезінің бұзылуымен байланысты. Майда ерігіш болғандықтан, бактериялардың жасушалық жарғақшасы арқылы өтеді және бактериялық рибосомалардың 50S суббірлігімен қайтымды байланысады, онда өсетін пептидтік тізбектерге амин қышқылдарының көшуі тежеледі.

Бактериостатиқалық әсер етеді. Грамоң бактериялардың көптеген штаммдарына қатысты белсенді: Staphylococcus aureus, Streptococcus spp. (оның ішінде Streptococcus pneumoniae, Streptococcus hemolyticus); грамтеріс бактериялар: Neisseria gonorrhoeae, Neisseria meningitidis, Escherichia coli, Haemophilus influenzae, Salmonella spp., Shigella spp., Klebsiella spp., Yersinia spp., Proteus spp., Moraxella lacunata, Rickettsia spp., сондай-ақ Spirochaetaceae, кейбір ірі вирустарға және микоплазмға қатысты белсенді.

Пенициллинге, тетрациклинге, сульфаниламидтерге төзімді бактериялық штаммдарға қатысты тиімді.

Pseudomonas aeruginosa, Serratia marcescens қатысты тиімсіз.

Хлорамфениколға микроорганизмдер төзімділігі баяу дамиды.

Қолданылуы

Сезімтал микрофлоралармен туындаған көздің бактериялық жұқпалары:

- конъюнктивиттерде

- кератиттерде

- кератоконъюнктивитте

- блефариттерде

- блефароконъюнктивитте

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты конъюнктивальді қалтаға тамызады:

3 жастан 8 жасқа дейінгі балаларға – 1 тамшыдан күніне 3-4 рет

8 жастан үлкен балаларға және ересектерге - 1-2 тамшыдан күніне 3-4 рет.

Қолдану ұзақтығын дәрігер анықтайды. Ұсынылатын емдеу курсының ең ұзақтығы 2 аптаны құрайды.

Тамызу кезінде тамызғы-құтының ұшы басқа заттармен немесе беткейлермен жанаспағанын қадағалаңыз. Тамызғаннан кейін тамызғы-құтының бетін қалпақшасымен тығыздап жауып қою керек

Жағымсыз әсерлері

- тамызғаннан кейінгі алғашқы секундтардан соң жылдам кететін шымылдату орын алуы мүмкін

- жергілікті аллергиялық реакциялар болуы мүмкін: қабақтың ісінуі, қышу, көздің тітіркенуі және жас ағу

- көру және шеткергі жүйкелердің невриті: бас ауыруы, бас айналуы пайда болуы мүмкін

ұзақ қолданғанда:

- көздің өткірлігі төмендеуі

- ретикулоцитопения

- лейкопения

- гранулоцитопения

- тромбоцитопения

- эритроцитопения

сирек:

- апластикалық анемия, агранулоцитоз

- зеңдік жұқпалар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жеке көтере алмаушылық

- тері аурулары (псориаз, экзема, зеңдік зақымданулар)

- жедел интермиттирлейтін порфирия

- сүйек кемігінде қан түзілуінің бәсеңдеуі

- глюкозо-6-фосфатдегидрогеназаның тапшылығы

- жүктілік және лактация кезеңі

- 3 жасқа дейінгі балалар

- бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа да жергілікті офтальмологиялық препараттарды бір мезгілде қолданған жағдайда олардың қолданылу аралағы кем дегенде 15 минут болуын қадағалау керек.

Абай болатын жағдайлар: бұрын цитостатикалық дәрілік заттар немесе сәулелік ем алған емделушілерге.

Хлорамфениколды бауырдағы зат алмасуға әсер ететін, қан түзілуін бәсеңдететін препараттармен (сульфаниламидтермен, цитостатиктермен), сәулелік еммен бір мезгілде тағайындағанда – жағымсыз әсердің даму қаупі артады.

Эритромицинмен, клиндамицинмен, линкомицинмен бір мезгілде қолданған кезде хлорамфеникол осы препараттарды байланысқан күйден ығыстыруы мүмкін немесе 50S бактериалды рибосомалардың субъбірлігімен байланысуына кедергі ететіндіктен әсерінің өзара әлсіреуі байқалады.

Ішке қабылдайтын гипогликемиялық препараттармен тағайындағанда бауырдағы метаболизмінің бәсеңдеуінен және плазмадағы концентрациясының артуынан олардың әсерінің күшеюі байқалады.

Хлорамфеникол Р450 цитохромының ферментті жүйесін бәсеңдетеді, сондықтан барбитуратпен, фенитоинмен, тікелей емес антикоагулянттармен бір мезгілде қолданғанда осы препараттардың метаболизмі әлсіреуі, плазмадағы концентрациясының артуы және шығарылуының бәсеңдеуі байқалады.

Аминогликозидтер, пенициллиндер, В полимиксиндер, тетрациклиндер, цефалоспориндер, эритромициндердің антибактериалдық әсерін төмендетеді. Сонымен бірге аскорбин қышқылымен, гидрокортизонмен, В тобындағы витаминдермен үйлесімсіз.

Айрықша нұсқаулар

Көздің вирустық және зеңдік зақымдануы кезінде қолдануға болмайды.

Ұзақ қолданудан аулақ болу керек, өйткені ол сенсибилизацияның ықтималдығын және төзімді микроорганизмдердің пайда болуын арттыруы мүмкін.

Жанаспалы линзаларды емделу кезеңінде тағуға болмайды!

Препаратты алдын алу мақсатында тағайындауға болмайды. Препаратты негізсіз тағайындауға және оны жеңіл түрдегі жұқпалы ауруларға, әсіресе балалар тәжірибесінде қолдануға болмайды.

Емдеу үдерісінде шеткергі қан көрінісін жүйелі бақылау қажет, өйткені хлорамфеникол апластикалық анемияны, агранулоцитозды туғызуы мүмкін.

Бұрын сәулелік ем немесе цитостатикалық препараттармен ем қабылдаған емделушілерге сақтықпен тағайындау керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автокөлікті немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару кезінде сақ болу қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлердің күшеюі

Емі: препаратты тоқтату, көзді ағынды сумен шаю керек. Симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Препарат 8 мл, 10 мл, 15 мл-ден алғашқы ашылуы бақыланатын қалпақшалармен тығындалған пластик тамызғы-құтыларда. Бір құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Құты ашылғаннан кейінгі қолданылу кезеңі - 15 тәулік.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-сі, 3.

Тіркеу куәлігінің иесі

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-сі, 3.

Тұтынушылардан өнім сапасы туралы түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-cі, 3, тел./факс: (727) 253-07-07, 253-03-88, эл.поштасы: dosfarm@dosfarm.kz

 

 

Прикрепленные файлы

930739211477976534_ru.doc 52.5 кб
963316011477977691_kz.doc 66.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники