Левомеколь - Антисептик

МНН: Метилурацил (Диоксометилтетрагидропиримидин), Хлорамфеникол
Производитель: Фармация 2010 ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие антибиотики для наружного применения
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013598
Информация о регистрации в РК: 03.11.2014 - 03.11.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Левомеколь-Антисептик

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған жақпамай

Құрамы

100 мг жақпамайдың құрамында

белсенді заттар: левомицетин 0,75 г

метилурацил 4,0 г,

қосымша заттар: полиэтиленгликоль 400 76.20г, полиэтиленгликоль 1500 19.05г

Сипаттамасы

Ақ немесе сарғыш реңді ақ түсті жақпамай

Фармакотерапиялық тобы

Тері ауруларын емдеуге арналған антибактериялық препараттар және микробқа қарсы препараттар. Антибиотиктердің микробқа қарсы препараттармен біріктірілімі.

АТХ коды D06С

Фармакологиялық қасиеттері

Жергілікті қолдануға арналған жиынтық препарат, қабынуға қарсы және микробқа қарсы әсер етеді, грамоң және грамтеріс микроорганизмдерге (стафилококтар, көк іріңділер және ішек таяқшалары) қатысты белсенді.

Биологиялық жарғақшаларды зақымдамай терең тіндерге оңай өтеді, регенерация үдерісін көтермелейді. Ірің және некротикалық массалар болғанда бактерияға қарсы әсері сақталады.

Қолданылуы

Жара үдерісінің бірінші (іріңді-некротикалық) фазасындағы іріңді жараларда (оның ішінде аралас микрофлора).

Қолдану тәсілі және дозалары

Жергілікті. Стерильді дәке сүрткіге жақпамайды сіңіріп, онымен жарақатты жұмсақ толтырады. Жақпамайды еккіштің көмегімен катетер (дренажды түтік) арқылы іріңді қуысқа енгізуге болады. Мұндай жағдайда жақпамайды алдын ала 35-36оС-ге дейін қыздырады. Жара іріңді-некротикалық массадан толық тазарғанша, таңуды күн сайын жасайды. Емдеу ұзақтығы 7-10 күн.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыну, қызару).

- аппликация орнындағы тері микоздары түріндегі асқын жұқпалар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

  • псориаз, экзема, тері микоздары

  • жарадағы артық грануляциялар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдану ұсынылмайды. Балалар

Препараттың 3 жастан бастап және дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылуы мүмкін

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Дұрыс қолданған кезде препараттың артық дозалануы мүмкін емес.

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 г препараттан мойны бұрандалы шыны массадан жасалған банкіде немесе медициналық шыныдан жасалған банкіде, нығыздағыш элементі бар полиэтилен бұрандалы қақпағы немесе нығыздағыш элементі бар тартылатын қақпағы болады. Банкілер медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың сәйкес санымен орама қағаздан жасалған бумаға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстағыш полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшіктерге салынады. 25 г-ден медициналық мақсатқа арналған полимер немесе алюминий сықпада. Әрбір сықпа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардан сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 100019, Қарағанды қ., Чкалов к-сі 7, тел.факс (7212) 42-67-34

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 100019 Қараганды қ., Чкалов к-сі 7, тел.фак (7212) 42-67-34 , E-mail – farmaciyakrg@mail.ru

 

 

 

 

 

Прикрепленные файлы

602360991477976666_ru.doc 40 кб
689503241477977828_kz.doc 46 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники