Левоксин

МНН: Левофлоксацин
Производитель: Кларис Лайфсайнсес Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Levofloxacin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011222
Информация о регистрации в РК: 11.12.2013 - 11.12.2018
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 283.1 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Левоксин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Левофлоксацин

Дәрілік түрі

Инфузияға арналған ерітінді 0,5% 100 мл

Құрамы 1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат - 5.12 левофлоксацин гемигидраты,

5.00 мг левофлоксацинге баламалы,

қосымша заттар: натрий хлориді, хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір, жасылдау-сарыға боялған ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Бактерияларға қарсы жүйелі пайдалануға арналған препараттар. Микробтарға қарсы препараттар – хинолон туындылары. Фторхинолондар. Левофлоксацин.

АТХ коды J01MA12

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Левофлоксациннің абсолютті биожетімділігі 99% құрайды. Левофлоксацин организм тіндеріне және биологиялық сұйықтықтарға кеңінен таралады. Левофлоксациннің өкпе паренхимасындағы концентрациясы плазмадағы концентрациясынан 2-5 есе асып түседі. Плазма ақуыздарымен левофлоксацин 24-38% байланысады.

Левофлоксацин метаболизмі шектеулі. Енгізілген дозаның шамамен 87% несеппен өзгермеген түрде 48 сағаттан кейін шығарылады, және 4% аздауы нәжісте 72 сағаттан соң анықталады.

Енгізілген дозаның 5% аздауы несепте десметил және N-тотығы-метаболиттері түрінде анықталады. Левофлоксациннің плазмадан орташа жартылай шығарылу кезеңі 6 - 8 сағатты құрайды. Шығарылуы негізінен бүйректер арқылы жүреді (қабылдаған дозаның > 85%).

Бүйрек қызметінің бұзылуы бар науқастар

Бүйрек қызметінің бұзылуы левофлоксацин фармакокинетикасына әсер етеді. Бүйрек қызметі төмендегенде төмендегі кестеде көрсетілгендей, бүйрекпен шығарылуы және клиренсі азаяды, жартылай шығарылу кезеңі ұлғаяды.

креатинин клиренсі (мл/мин)

< 20

20-40

50-80

левофлоксацин клиренсі (мл/мин)

13

26

57

жартылай шығарылу кезеңі (сағ)

35

27

9

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр жеткіліксіздігі бар науқастарда левофлоксацин фармакокинетикасы бұзылмайды.

Фармакодинамикасы

Левоксин – фторхинолон, әсер ету ауқымы кең, бактерияларға қарсы (бактерицидті) дәрі. ДНК-гиразаны (топоизомеразаны II) және топоизомеразаны IV бөгейді, ДНҚ спиралдануын және үзіктерінің тігісін бұзады, ДНҚ синтезін тежейді, цитоплазмада, жасуша қабырғасында және бактерия жарғақшаларында морфологиялық өзгерістерді туындатады.

Левоксиннің бактерицидті белсенділік дәрежесі қан сарысуындағы ең жоғарғы концентрациясы (Сmax) немесе (AUC) қисығы астындағы ауданы мен ең төменгі тежеуші концентрациясы (МИК) арақатынасына байланысты.

Левофлоксацин мен басқа да фторхинолондар арасында айқаспалы төзімділік бар.

Келесі қоздырғыштарға қатысты тиімді

Аэробты грамоң микроорганизмдер: Corynebacterium diphtheriae, Enterococcus spp. (оның ішінде Enterococcus faecalis), Listeria monocytogenes, Staphylococcus spp. коагулазаоң және метициллинге сезімтал штаммдар (оның ішінде орташа сезімтал штаммдар), Staphylococcus aureus (метициллинге сезімтал штаммдар), Staphylococcus epidermidis (метициллинге сезімтал штаммдар) қоса алғанда, Staphylococcus spp. (құрамында лейкотоксин бар); Streptococcus spp. (C және G тобы), Streptococcus agalactiae, Streptococcus pneumoniae (пенициллинге сезімтал, орташа сезімтал, төзімді штаммдар), Streptococcus pyogenes, viridans тобы Streptococcus (пенициллинге сезімтал, төзімді штаммдар).

Аэробты грамтеріс микроорганизмдер: Acinetobacter spp. (оның ішінде Acinetobacter baumannii), Actinobacillus actinomycetemcomitans, Citrobacter freundii, Eikenella corrodens, Enterobacter spp. (оның ішінде Enterobacter aerogenes, Enterobacter agglomerans, Enterobacter cloacae), Escherichia coli, Gardnerella vaginalis, Haemophilus ducreyi, Haemophilus influenzae (ампициллинге сезімтал, төзімді штаммдар), Haemophilus parainfluenzae, Helicobacter pylori, Klebsiella spp. (оның ішінде Klebsiella oxytoca, Klebsiella pneumoniae), Moraxella catarrhalis (бета-лактамаза өндіретін және өндірмейтін штаммдар), Morganella morganii, Neisseria gonorrhoeae (пенициллиназаны өндіретін және өндірмейтін штаммдар), Neisseria meningitidis, Pasteurella spp. (оның ішінде Pasteurella cаnis, Pasteurella dagmatis, Pasteurella multocida), Proteus mirabilis, Proteus vulgaris, Providencia spp. (оның ішінде Providencia rettgeri, Providencia stuartii), Pseudomonas spp. (оның ішінде Pseudomonas aeruginosa), Serratia spp. (оның ішінде Serratia marcescens), Salmonella spp.

Анаэробты микроорганизмдер: Bacteroides fragilis, Bifidobacterium spp., Clostridium perfringens, Fusobacterium spp., Peptostreptococcus spp., Propionibacterium spp., Veillonella spp.

Басқа да микроорганизмдер: Bartonella spp., Chlamydia pneumoniae, Chlamydia psittaci, Chlamydia trachomatis, Legionella spp. (оның ішінде Legionella pneumophila), Mycobacterium spp. (оның ішінде Mycobacterium leprae, Mycobacterium tuberculosis), Mycoplasma hominis, Mycoplasma pneumoniae, Rickettsia spp., Ureaplasma urealyticum.

Орташа сезімтал микроорганизмдер (ең төменгі бәсеңдететін концентрациясы 4 мг/л артық).

Аэробты грамоң микроорганизмдер: Corynebacterium urealyticum, Corynebacterium xerosis, Enterococcus faecium, Staphylococcus epidermidis (метициллинге төзімді штаммдар), Staphylococcus haemolyticus (метициллинге төзімді штаммдар).

Аэробты грамтеріс микроорганизмдер: Burkholderia cepacia, Campylobacter jejuni, Campylobacter coli.

Анаэробты микроорганизмдер: Bacteroides thetaiotaomicron, Bacteroides vulgatus, Bacteroides ovatus, Prevotella spp., Porphyromonas spp.

Төзімді микроорганизмдер (ең төменгі бәсеңдететін концентрациясы 8 мг/л артық).

Аэробты грамоң микроорганизмдер: Corynebacterium jeikeium, Staphylococcus aureus (метициллинтөзімді штаммдар), басқа да Staphylococcus spp. (коагулаза теріс метициллинге төзімді штаммдар).

Аэробты грамтеріс микроорганизмдер: Alcaligenes xylosoxidans.

Басқа дамикроорганизмдер: Mycobacterium avium.

Қолданылуы

  • жедел бактериялық синуситте

  • созылмалы бронхиттің өршуінде

  • ауруханадан тыс пневмонияда

  • несеп шығару жолдары жұқпаларының асқынуында

  • тері және жұмсақ тіндер жұқпаларында

Қолдану тәсілі және дозалары

Левоксин тек көктамырішіне тамшылатып енгізуге арналған.

Енгізу жиілігі – тәулігіне 1 рет, емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды, орташа алғанда 7-10 күн.

Инфузияны баяу жүргізеді: левофлоксациннің 100 мл ерітіндісі инфузиясы ұзақтығы кемінде 60 мин құрауы тиіс. Бірнеше күннен кейін егер науқастың жағдайы мүмкіндік берсе, көктамырішілік тамшылатып енгізуден сол дозада левофлоксацинді пероральді қабылдауға көшуге болады. Левофлоксациннің дозасын таңдау кезінде келесі ұсынымдарды ұстану керек

Бүйрек қызметі қалыпты кезінде дозалануы (креатинин клиренсі > 60 мл/мин)

Қолданылуы

Тәуліктік дозалары

(ауру барысының ауырлығына байланысты)

Ауруханадан тыс пневмония

  • күніне 1-2 рет

Жедел бактериялық синусит

  • күніне 1 рет

Созылмалы бронхиттің өршуі

500 мг күніне 1 рет

Несеп шығару жолдарының жұқпалары асқынуымен, оның ішінде пиелонефрит

  • 1 күніне 1 рет

Тері және жұмсақ тіндер жұқпалары

500 мг күніне 2 рет

1Ауыр жұқпа кезінде дозасын жоғарылату қажет болуы мүмкін.

Емделушілердің ерекше топтары

Бүйрек қызметі бұзылған кездегі дозалануы (креатинин клиренсі ≤ 50 мл/мин)

Креатинин клиренсі

Дозалау режимі

250 мг/24 сағ

500 мг/24 сағ

500 мг/12сағ

бірінші доза:

250 мг

бірінші доза:

500 мг

бірінші доза:

500 мг

50-20 мл/мин

әрі қарай:

125 мг / 24 сағ

әрі қарай:

250 мг / 24 сағ

әрі қарай:

250 мг / 12 сағ

19-10 мл/мин

әрі қарай:

125 мг / 48 сағ

әрі қарай:

125 мг / 24 сағ

әрі қарай:

125 мг / 12 сағ

<10 мл/мин (оның ішінде гемодиализ және САПД)1

әрі қарай:

125 мг / 48 сағ

әрі қарай:

125 мг / 24 сағ

әрі қарай:

125 мг / 24 сағ

1Гемодиализ және созылмалы амбулаторлық перитонеальді диализден кейін (САПД) препараттың қосымша дозасының қажеті жоқ.

Бауыр қызметі бұзылған науқастар

Мұндай науқастар үшін дозасын түзетудің қажеті жоқ, өйткені Левоксин бауырда айтарлықтай метаболизмге ұшырамайды, және негізінен бүйрек арқылы шығарылады.

Егде жастағы науқастар

Егде жастағы науқастарға дозасын түзету керек емес, тек бүйрек қызметі бұзылған жағдайда ғана қажет болуы мүмкін. («Айрықша нұсқауларын» қара).

Балалар

Левоксинді балаларға және өсу үдерісіндегі жасөспірімдерге қолдануға болмайды.

Инфузияға арналған басқа да ерітінділермен араластыру

Инфузияға арналған Левоксин ерітіндісі келесі инфузияға арналған ерітінділермен үйлесімді:

- 0,9% физиологиялық ерітінді

- 5% инъекцияға арналған глюкоза ерітіндісі

- Рингер ерітіндісіндегі 2,5% глюкоза ерітіндісі,

Үйлесімсіздігі

5 мг/мл Левоксин, инфузияға арналған ерітіндіні гепаринмен және сілтілік ерітінділермен араластыруға болмайды (мысалы, натрий гидрокарбонаты).

Жоғарыда көрсетілгендерден басқа, бұл дәрілік препаратты басқа дәрілік препараттармен араластыруға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз әсерлерінің жиілігі келесі арақатынаста:

Жиі - 100- ден 1-10 науқас; кейде - 100-ден кемінде 1 науқаста; сирек - 1000 –нан кемінде 1 науқаста; өте сирек - 10 000 –нан кемінде 1 науқаста; жеке жағдайларда – одан да сирек.

Жиі

- жүрек айнуы, диарея, бауыр ферменттері деңгейінің (мысалы, аланинаминотрансфераза (АЛТ) және аспартатаминотрансферазаның (АСТ), сілтілік фосфатазаның (ЩФ), гамма-глутамилтранспептидазаның (ГГТП) жоғарылауы

- флебит

- инфузия орнындағы реакция

Кейде

- анорексия, құсу, іштің ауыруы, диспепсия, метеоризм, іш қатуы

- тері бөртпесі, қышыну

- бас айналу, бас ауыру, қатты ұйқышылдық, ұйқысыздық, ашушаңдық

- қан сарысуындағы билирубин және креатинин деңгейінің жоғарылауы

- лейкопения, эозинофилия

- жалпы әлсіздік (астения)

- зеңдік жұқпа (және басқа да төзімді микроорганизмдердің көбеюі)

Сирек

- есекжем, бронхтың түйілуі, ентігу

- қан аралас диарея, ол өте сирек жағдайда энтероколиттің, оның ішінде жалған жарғақшалы колиттің белгісі болып табылады.

- құрысулар, парестезия, тремор, психоздық бұзылыстар, депрессия, сананың шатасуы, ажитация, жоғары үрейшілдік

- тахикардия, артериялық қысымның төмендеуі

- тромбоцитопения, нейтропения

- сіңірдің зақымдануы, оның ішінде тендинит, мысалы, ахиллов сіңірінің, буын және бұлшықет ауыруы

Өте сирек

- Квинке ісінуі, анафилактикалық шок, анафилактикалық және анафилактоидты реакциялар алғашқы дозаларын қабылдағаннан кейін-ақ дамуы мүмкін

- фотосенсибилизация, аллергиялық пневмонит, қызба

- гипогликемия, әсіресе диабетпен науқастарда

- көрудің бұзылуы

- естудің төмендеуі

- дәм сезінудің барлық түрінің толық жоғалуына дейінгі дәм сезудің бұзылуы, иіс сезінудің толық жоғалуына дейінгі иіс сезудің бұзылуы

- сіңірдің үзілуі, мысалы, ахиллов сіңірінің

Бұл жағымсыз әсерлері емдеуді бастағаннан кейінгі 48 сағат ішінде байқалуы мүмкін және екі жақты сипаты бар

- бұлшықет әлсіздігі, ауыр миастениясы бар науқастар үшін ерекше маңызды

- гепатит

- жедел бүйрек жеткіліксіздігі, мысалы, интерстициальді нефрит салдарынан

- агранулоцитоз

- аутоагрессивті мінез-құлқымен бірге психикалық реакциялар, оның ішінде суицидтік ойларымен немесе әрекеттерімен, елестеулер

- сенсорлық және сенсомоторлық шеткергі невропатия, оның дамуы жылдам болуы мүмкін

Жеке жағдайларда

-уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, көптүрлі эритема, гипергидроз

- QT аралығының ұзаруы

- рабдомиолиз

- панцитопения, гемолитикалық анемия

- құлақтың шуылдауы

- жедел бауыр жеткіліксіздігін қоса алғанда, сарғаю және бауырдың ауыр зақымдануы, бәрінен бұрын ауыр сипатты негізгі ауруы бар науқастарда

- арқаның, кеуде және аяқ-қолдың ауыруы

- экстрапирамидті симптомдар және бұлшықет үйлесімділігінің басқа да бұзылулары

- гиперсенситивті васкулит

- порфириясы бар науқастарда порфирия ұстамалары

Егер науқаста невропатия сиптомдары пайда болса, қайтымсыз жағдайдың дамуын болдырмау үшін Левомак IV тоқтату керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- левофлоксацинге немесе басқа да хинолондарға жоғары сезімталдық

- эпилепсия

- сыртартқысындағы хинолиндарды қабылдаумен байланысты сіңірлердің зақымдануы

- 18жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Левоксинді келесі дәрілік заттармен: кальций карбонаты, дигоксин, глибенкламид, ранитидинмен бірге қабылданғанда левофлоксациннің фармакокинетикасы клиникалық елеулі дәрежеде өзгермейді:

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі:

Теофиллин, фенбуфен және басқа да осыған ұқсас қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (ҚҚСД)

- хинолондарды теофиллинмен, ҚҚСД және құрысу шегін төмендетуші басқа да препараттармен бір мезгілде қабылдау, Левоксиннің теофиллинмен фармакокинетикалық өзара әрекеттесуінің жоқтығына қарамастан, церебральді құрысу шегінің айқын төмендеуіне әкелуі мүмкін. Фенбуфен болған кезде Левоксин концентрациясы 13%–ға дерлік ұлғаяды.

Пробенецид және циметидин

- пробенецид және циметидин Левоксиннің шығарылуына елеулі әсер етеді. Циметидин және пробеницид левофлоксациннің бүйректік клиренсін төмендетеді (тиісінше 24% және 34%), өйткені екі препарат та левофлоксациннің бүйректегі өзекшелік секрециясын бөгеуі мүмкін. Пробеницид және циметидин типті бүйректің өзекшелік секрециясына ықпал ететін дәрілік заттарды бір мезгілде қабылдаған кезде, Левоксинмен емді абайлап жүргізу керек, әсіресе бүйрек қызметі бұзылғанда.

Левоксиннің басқа дәрілік препараттарға әсер етуі:

Циклоспорин

- циклоспориннің жартылай шығарылу кезеңі оны Левоксинмен бір уақытта қабылдаған кезде 33% артады.

К витамині антагонистері

- К витамині антагонистерімен біріктірілімде Левоксинмен емдеу (мысалы, варфаринмен) коагуляциялық тест көрсеткіштерінің жоғарылауына (протромбиндік уақыттың (ПУ) халықаралық қалыптасқан қатынасты ескере отырып (ХҚҚ)) және/немесе күрделі түрде болуы мүмкін қан кетудің күшеюіне алып келуі мүмкін. Демек, К витамині антагонистерін қабылдап жүрген науқастарға коагуляциялық тесттерді мониторингілеу қажет.

QT аралығын ұзартатын дәрілік заттар

- QT аралығын ұзартуға қабілетті дәрілік препараттарды (мысалы, IA және III классты аритмияға қарсы дәрілер, үшциклдық антидепрессанттар, макролидтер) Левоксинмен бір мезгілде қолданғанда абайлап қабылдау керек.

Айрықша нұсқаулар

Пневмококкты пневмонияның ауырлау жағдайларында левофлоксацинмен емдеу ең оңтайлы ем болып табылмайды. Инфузиялық құюдың ұсынылатын ұзақтығын сақтау керек, ол 250 мг Левоксиннің инфузиялық ерітіндісі үшін кемінде 30 минутты және 500 мг инфузиялық ерітіндісі үшін кемінде 60 минутты құрайды. Офлоксацин жайында, оны инфузиялау уақытында тахикардия дамуы және артериялық қысымның уақытша төмендеуі мүмкін екендігі белгілі. Сирек жағдайларда, артериялық қысымның катты түсіп кету нәтижесінде жүректің жедел жеткіліксіздігі болуы мүмкін (циркуляторлық коллапс). Левофлоксацин (офлоксацин l-изомері) инфузиясы кезінде артериялық қысымның түсіп кету белгілері болса, құюды шұғыл түрде тоқтату керек.

Сирек жағдайларда тендинит, жиірек Ахиллов сіңірінде болуы ықтимал, бұл оның үзілуіне әкелуі мүмкін. Тендиниттің дамуы және сіңірдің үзілу қаупі егде жастағыларда және кортикостероидты препараттар қабылдайтын науқастарда жоғары. Мұндай науқастарға Левоксин тағайындалған кезде оларды қатаң бақылау қажет. Тендинит белгілері пайда болған барлық науқастар өзінің емдеуші дәрігеріне қаралуы керек. Тендинитке күдіктенгенде Левоксинмен емді дереу тоқтатып, зақымданған сіңірді тиісінше емдеуді бастау керек (мысалы, иммобилизацияны).

Clostridium difficile туындайтын аурулар

Левоксиннің инфузияға арналған ерітіндісімен емдеуден кейін немесе ем аясында пайда болған диарея, әсіресе, ауыр, персистирленетін және/немесе қан аралас, Clostridium difficile туындайтын аурурудың симптомдарының біреуі болуы мүмкін, оның өте ауыр түрі жалғанжарғақшалы колит болып табылады. Жалғанжарғақшалы колитке күдік туғанда Левоксин ерітіндісімен инфузияны дереу тоқтату керек, науқасқа шұғыл түрде демеуші және спецификалық емді бастайды (мысалы, пероральді ванкомицин). Мұндай клиникалық жағдайда ішектің перистальтикасын бәсеңдететін препараттар қарсы көрсетілімді.

Құрысуға бейім науқастар

Левоксин ерітіндісі сыртартқысында эпилепсиясы бар ауруларға қарсы көрсетілімді. Басқа да хинолондармен болған жағдайдағыдай, эпилепсиялық ұстамаларға бейім науқастарды, мысалы орталық жүйке жүйесінің зақымдануы бұрыннан бар науқастарды, фенбуфенмен және осыған ұқсас қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен немесе церебральді құрысу шегін төмендететін теофиллин сияқты препараттармен бір мезгілде емдегенде барынша абай болу керек («Дәрілермен өзара әрекеттесуін» қара). Конвульсивті құрысулар кезінде Левоксинмен емді тоқтату қажет.

Глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы бар науқастар

Глюкозо-6-фосфатдегидрогеназаның латентті немесе манифестациялаушы жеткіліксіз белсенділігімен науқастар антибактериялық хинолондармен емдеу кезінде гемолитикалық реакцияларға бейім болуы мүмкін, сондықтан Левоксинді қолданған кезде сақтық керек.

Бүйрек қызметі бұзылған науқастар

Левофлоксациннің негізінен бүйрек арқылы шығарылуына байланысты, бүйрек қызметі бұзылған науқастар үшін Левоксин дозасын түзету керек.

Жоғары сезімталдық реакциялары

Кейде бірінші дозадан кейін-ақ, Левоксин жоғары сезімталдықтың күрделі, өлімге апаруы мүмкін қауіпті реакцияларын мысалы, анафилактикалық шокқа дейінгі ангионевротикалық ісінуді шақыруы ықтимал. Науқастардың емдеуді дереу тоқтатып, шұғыл түрде тиісті шаралар қабылдайтын өзінің емдеуші дәрігеріне немесе жедел жәрдем дәрігеріне қаралғаны жөн. Гипогликемия

Басқа да барлық хинолондардағыдай , Левоксинді қолдану кезінде әдетте, бір мезгілде пероральді гипогликемиялық дәрілермен, мысалы глибенкламидпен немесе инсулинмен емделіп жүрген қант диабеті бар науқастарда гипогликемия дамуы мүмкін. Мұндай науқастарға қандағы глюкоза деңгейіне қатаң мониторинг жүргізу ұсынылады («Жағымсыз әсерлерін» қара).

Фотосенсибилизацияның алдын алу

Левоксинмен емделу кезінде фотосенсибилизацияның сирек кездесетініне қарамастан, науқастарға қажет болмаса күшті күн сәулесі немесе жасанды ультракүлгін сәулелендіру әсерінен, мысалы күндізгі сәулелік шамнан, солярийден, фотосенсибилизациядан аулақ болу үшін өзін қорғау ұсынылады.

К витамині антагонистерімен емдеуде жүрген науқастар

Коагуляциялық тесттер көрсеткіштерінің жоғарылауы (протромбиндік уақыт /ХҚҚ) және/немесе К витамині антагонистерімен біріктірілген (мысалы, варфарин) Левоксинмен емдеуде жүрген науқастарда қан кетудің күшеюі мүмкіндігіне байланысты, бұл препараттарды бір мезгілде тағайындағанда қан ұюының көрсеткіштерін бақылау керек.

Психоздық реакциялар

Хинолондарды, оның ішінде левофлоксацинді қолданып жүрген науқастарда психоздық реакциялар тіркелген. Өте сирек жағдайларда, кейде тіпті левофлоксациннің бір ғана дозасынан кейін де, олар өзін-өзі өлтіру туралы ойдың пайда болуына және өзіне зақым келтіретін мінез-құлыққа дейін өршіген. Науқаста психоздық реакциялар дамыған жағдайда Левоксинді тоқтату қажет және тиісті шараларға көшу керек. Егер Левоксинді психозы бар немесе сыртартқысында психикалық аурулары болған науқастарға тағайындау қажет болса, абай болу ұсынылады.

QT аралығының ұзаруы

Левоксинді қоса, фторхинолондарды пайдаланған кезде QT аралығының ұзару қаупінің белгілі факторлары, мысалы:

  • QT ұзаруының туа біткен синдромы

  • QT аралығын ұзарту қабілетімен белгілі дәрілерді бір мезгілде қабылдау (мысалы, IA және III классты аритмияға қарсы дәрілер, үшциклдық антидепрессанттар, макролидтер)

  • электролиттік теңгерімнің түзетілмеген бұзылулары (мысалы, гипокалиемия, гипомагниемия)

  • егде жас

- жүрек аурулары (мысалы, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, брадикардия) бар науқастарға сақтық керек.

Шеткергі невропатия

Фторхинолондар, оның ішінде левофлоксацин қабылдаған ауруларда сенсорлық және сенсомоторлық шеткергі невропатия тіркелген, бұл орайда олардың дамуы жылдам болған. Егер ауруда невропатия симптомдары пайда болса, қайтымсыз жағдайдың дамуынан аулақ болу үшін, Левоксинді тоқтату керек.

Апиындар

Левоксинмен емделген науқастардың несебінде апиынды анықтау жалған оң нәтиже беруі мүмкін. Апиынға оң нәтижені растау үшін басқа спецификалық әдіс қажет болуы мүмкін.

Бауырдың және өт шығару жолдарының бұзылуы

Өмірге қауіп төндіретін бауыр жеткіліксіздігіне дейін апаратын бауыр некрозы жағдайы Левоксин қабылдаумен байланысты, ең алдымен бұл негізгі ауыр сипатты ауруы, мысалы сепсисі бар науқастарда тіркелген. Егер анорексия, сарғаю, несептің күңгірт түске боялуы, қышыну, іштің ауыруы сияқты бауыр ауруының белгілері және симптомдары пайда болса, науқастарға емді тоқтатып, өзінің дәрігеріне қаралуына кеңес беру керек.

Егде жастағылар

Препаратты егде жастағы адамдарға тағайындаған кезде бұл топтағы науқастардың бүйрек қызметінің бұзылғанын ескерген жөн, мұндай кезде бастапқыда препаратты әдеттегі дозада қабылдайды, сосын креатинин клиренсін ескере отырып, дозасын төмендетеді.

Педиатриялық тәжірибеде қолдану

Препаратты балалар мен жасөспірімдерге буын шеміршегінің зақымдану ықтималдығына байланысты қолдануға болмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезінде қолдану ұсынылмайды, өйткені жүкті әйелдерде талапқа сай қауіпсіздігі қатаң бақыланатын зерттеулер жүргізілмеген. Левофлоксацин емшек сүтінде анықталмайды, бірақ офлоксацинге арналған мәліметтерге сәйкес, левофлоксациннің емізетін әйелдердің емшек сүтіне енуі және емшектегі балаларда күрделі жағымсыз реакциялар туындатуы мүмкіндігін болжауға болады. Емізетін әйелдердің емшек емізуді тоқтатуы немесе Левоксинді қабылдауды тоқтатуы керек ( дәрінің анасы үшін маңыздылығын ескере отырып).

Сақтық шаралары

Құтыны қолданар алдында тексеріп шығу керек. Құрамында кірінділері жоқ, тек мөлдір ерітіндіні ғана қолдануға болады.

Левоксинді, инфузияға арналған ерітіндіні, резеңке тығынын тескеннен кейін бактериялық ластануын болдырмас үшін дереу (3 сағат ішінде) қолдану қажет. Құю кезінде жарықтан қорғаудың қажеті жоқ.

Барлық басқа дәрілер сияқты, кез келген пайдаланылмаған дәрілік препарат қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жергілікті талаптарға сай қалдыққа тасталуы керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті деп саналатын механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшелігі

Бас айналуы немесе мелшию, ұйқышылдық және көрудің бұзылуы сияқты Левоксиннің жағымсыз әсерлері реакциялық қабілетті және зейін шоғырландыру қабілетін нашарлатуы мүмкін. Мұндай қабілеттіліктің болуы аса маңызды жағдайларда (мысалы, автомобиль басқаруда, машина және механизмдермен қызмет жасауда, орнықсыз қалыпта жұмыс істеу кезінде ), бұлар белгілі қауіп туындатуы мүмкін. Әсіресе бұл Левоксиннің алкогольмен өзара әрекеттесу жағдайына қатысты.

Артық дозалануы

Симптомдары: сананың шатасуы, бас айналуы, сананың бұзылуы және конвульсивті құрысулар, QT аралығының ұзаруы.

Емі : симптоматикалық; QT аралығының ұзаруы салдарынан ЭКГ мониторингтеу қажет. Левоксин диализ (гемодиализ, перитонеальді диализ және тұрақты перитонеальді диализ) арқылы шығарылмайды. Арнайы у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Препаратты 100 мл-ден пластик құтыларға құяды. Құтыларға өздігінен желімденетін заттаңбаны жапсырады.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25оС –ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Кларис Лайфсайнсеc ЛТД, Үндістан

Чачарвади-Васана,

Сананд, Ахмедабад, Гуджарат-382 213

Тіркеу куәлігінің иесі

Кларис Лайфсайнсеc ЛТД, Үндістан

Дәрілік препараттың сапасы жөнінде түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

ҚР–дағы Кларис Лайфсайнсес ЛТД компаниясының филиалы

Алматы қ, Желтоқсан к-сі,115, 370 кеңсе

тел/факс +7(727)2952444

 

 

Прикрепленные файлы

041864051477976828_ru.doc 104 кб
140549541477977985_kz.doc 140 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники