Лацидофил® WM

МНН: Lactobacillus helveticus R0052, Lactobacillus rhamnosus R0011
Производитель: "Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш."
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты, содержащие микроорганизмы, продуцирующие молочную кислоту
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№022127
Информация о регистрации в РК: 06.08.2021 - 06.08.2031

Инструкция

Саудалық атауы

Лацидофил® - WM

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді заттар: lactobacillus rhamnosus Rosell –1.9 · 109 КТБ

lactobacillus helveticus – 0.1 · 109 КТБ

(Бактериялық өсіріндінің жалпы мөлшері) (2.0 · 109 КТБ)

қосымша заттар: мальтодекстрин, магний стеараты, аскорбин қышқылы, желатин.

Сипаттамасы

Мөлдір қатты желатинді капсулалар, №2 өлшем.

Капсула ішінде – кішкентай сарғыш дақтары бар ұсақ үгітілген ақ ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Диареяға қарсы препараттар. Диареяға қарсы микроорганизмдер. Сүт қышқылын өндіретін микроорганизмдері бар препараттар.

АТХ коды А07FA01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препаратқа фармакокинетикалық зерттеулер жүргізу мүмкіндігі жоқ.

Фармакодинамикасы

Лактобактериялар – сүт қышқылын түзу арқылы көмірсуларды ыдырататын грамоң қозғалмайтын спора түзбейтін анаэробты лактобациллаларды біріктіретін Lactobacillaceae тұқымдастары бактерияларының түрі. Олар жасайтын қышқыл орта ішек биоценозының және адам организміндегі басқа да қалыпты микрофлораның 85-95%-ын құрайтын бифидобактериялардың дамуына ықпал етеді.

Lactobacillus rhamnosus R0011 және Lactobacillus acidophilus R0052 лактобактериялары Лацидофил® - WM аурудың профилактикасы немесе емдеу курсы аяқталғаннан кейін 7-15 күннен соң ішектен баяу шығарылады.

Қалыпты метаболизм барысында лактобактериялар сүт қышқылын түзуге, лизоцим өндіруге, плантарицин, лактоцидин, лактолин сияқты антибиотикалық белсенділігі бар басқа заттарды өндіретін қабілеті бар. Органикалық қышқыл, бактериоциндер (жоғары молекулярлы антибиотиктер) өнімінің арқасында, лактобактериялардың көптеген штаммдары патогенді микроорганизмдер әсеріне асқазан – ішек жолдарының төзімділігін қамтамасыз ете отырып патогенді және шартты–патогенді микроорганизмдерге қатысты айқын антагонистік белсенділік байқатады. Олардың өсуін бәсеңдету және энтероциттерге адгезия есебінен E.Coli, H.Influenzae, Campilobacter jejuni, Salmonella, Shigella, streptococcus, Staphylococcus aureus, Helicobacter pylori сияқты патогенді микроорганизмдерге қатысты микробтарға қарсы әсер байқатады.

Лактобактериялар ақуыздар, майлар және күрделі көмірсулар ыдырау үдерісіне, өт қышқылдарының метаболизмінде, сондай-ақ К және В тобының витаминдер синтезіне қатысады.

Лактобактериялар жасушалық иммунитетті және иммуноглобулиндердің өндірілуін белсендіреді. Лактобактериялардың иммуниттеті көтермелейтін қасиетін оның иммунитетті өзгертетін әсері бар жасуша қабырғаларындағы пептигликандар мен тейхой қышқылдары болуымен байланыстырады.

Лактобактериялардың осы штаммдарының артықшылығы асқазан сөлі мен өт қышқылдарының жоғары төзімділігінде, осы асқазан қышқыл ортасында 30 минут болғаннан кейін қос микроорганизмнің ( lactobacillus rhamnosus Rosell, lactobacillus acidophilus Rosell) шамамен 80%-ы аман қалған. Лацидофил® - WM құрамындағы бактериялар ішек қабырғасының рецепторларына тіркесіп, тірі күйінде 7-15 күн сақталу қабілеті бар.

Қолданылуы

  • антибиотиктермен емдеу кезінде және одан кейін туындаған дисбактериозда (ішек микрофлорасын қалыпқа келтіру және тұрақтандыру үшін)

  • ас қорыту жеткіліксіздігінің синдромы (диарея, метеоризм, іш қату), диспепсияда

  • асқазан-ішек жолдарының бактериялық инфекцияларында (кешенді ем құрамында)

  • тағам рационы өзеруінен, саяхатқа шығу және басқа себептерден туындаған ішектің транзиторлы дисфункциясында (диарея кезінде де, іш қатуда да)

  • иммунитетті көтеру мен организмнің жалпы инфекцияларға қарсылығын жоғарылату үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Капсулаларды ас ішу кезінде бөлме температурасындағы судың аздаған мөлшерімен бірге қабылдайды.

3 жас пен 6 жас аралығындағы балаларға капсуланы ашып, оның ішіндегісін бөлме температурасындағы суға немесе тағамға араластырып беруге болады.

Ішек микрофлорасын қалыпты етіп ұстау үшін профилактика мақсатында: 6 айдан асқан балаларға күнара 1 капсуладан; 3 жастан асқан және одан үлкен баларға 1 капсуладан күніне 1 рет; ересектерге күніне 1–2 капсуладан. Қабылдау ұзақтығы 20 күн.

Антибиотиктерді қабылдауға байланысты диареяның профилактикасы және емдеу үшін (оның ішінде Clostridium difficile таяқшасынан туындаған), Лацидофилді антибиотиктерді қабылдаудан 2 сағат бұрын немесе кейін тағайындайды.

Балаларға: 6-12 айлықтағыларға - күніне 1 капсуладан; 1-3 жастағыларға - 1 капсуладан күніне 2 рет; 3–12 жастағыларға - 1 капсуладан күніне 2–3 рет; 12 жастан асқан балалар мен ересектерге — 1–2 капсуладан күніне 3 рет. Қабылдау ұзақтығы антибиотиктерді қолдану мерзіміне немесе аурудың симптомдары жойылғанға дейін анықталады. Әрі қарай препаратты профилактика үшін қолдануға болады (жоғарыдан қараңыз). Тағам рационы өзгеруіне, саяхат жасау мен басқа себептерге байланысты ішектің транзиторлы дисфункциясында (диареяда, сондай-ақ іш қатуда), 6- 12 айға дейінгі балаларға - 1 капсуладан күніне 1 рет, 1-3 жастағы балаларға - 1 капсуладан күніне 2 рет; 3 жастан асқан балаларға – симптомдар жойылғанға дейін - 1 капсуладан күніне 3 рет, ересектерге – симптомдар жойылғанға дейін 1–2 капсуладан күніне 3 рет. Одан кейін препаратты қабылдаудың профилактикалық режимі пайдаланылуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Анықталмаған.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жеке аса жоғары сезімталдық

Сүтке және сояға аллергиясы белгілі болса препаратты қолдану ұсынылмайды.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Антибиотиктерді (per os) бір мезгілде Лацидофил® - WM бірге тағайындау оның тиімділігін төмендетеді, сондықтан препаратты антибиотиктерді қабылдардан екі сағат бұрын немесе кейін қолдану керек.

Лактобактерияларды витаминдермен (әсіресе В тобы) бір уақытта қолдану кезінде препарат әсері күшейеді.

Айрықша нұсқаулар

Пациенттердің мынадай топтарына пробиотикалық емді тек дәрігердің қадағалауымен ғана жүргізеді:

- қант көтере алмайтын пациенттер;

- иммун жүйесі бұзылған немесе бәсеңдеген пациенттерге, әсіресе ЖИТС-тің кейінгі сатыларында немесе аллотрансплантанттарды, сондай-ақ химиотерапия қабылдаған пациенттер;

- эндо – немесе миокардитпен ауыратын, асқазан–ішек жолдарына операцияны өткерген пациенттер;

- I типтегі қант диабеті бар науқастарды қоса, ұйқы безі функциясының жедел бұзылуы бар пациенттер. Пробиотиктер қанттың қорытылу барысын жақсартуға қабілетті, осылайша пациенттерде инсулинді шок туындатуы мүмкін. Пробиотиктерді қабылдау кезінде қандағы глюкоза деңгейі ұдайы өлшеніп тұруы, тиісінше инсулин дозасы азайтылу тиіс;

- D – лактацидоздан зардап шегетін қысқа ішек синдромы бар балаларға. D – лактатты бактериялық штаммдардың өндіруіне жол бермейтін шараларды қабылдау керек.

Жоғарыда аталған барлық жағдайларда пробиотиктердің жағымды әсері болуы мүмкін қауіптен жоғары.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты қолданғанға дейін жүкті әйелдер дәрігерден кеңес алу керек.

Дәрілік заттардың көлік құралдарын жүргізуге және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

ПВХ үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 капсуладан.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

+2-ден +8°С-ге дейінгі температурада тоңазытқышта сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан бостылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші/қаптаушы

«Лаллеман Хелс Солюшнс Инк», 8480 бул. Саинт Лаурент, Монреаль, Квебек, Канада Н2Р 2М6.

Тіркеу куәлігінің иесі

Қазақстан Республикасының аумағында өнімнің сапасы бойынша тұтынушылардан шағым қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

ҚР, Алматы қ-сы, «РИН Фарм» ЖШС, Түріксіб ауданы, Сүйінбай д-лы, 222б

Тел/факс: 8 (7272) 529090

Прикрепленные файлы

737977791477976280_ru.doc 54.5 кб
113961921477977490_kz.doc 65.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники