Ламифид (спрей, 1%)

МНН: Тербинафин
Производитель: Абди Ибрахим Глобал Фарм ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Terbinafine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011673
Информация о регистрации в РК: 31.12.2013 - 31.12.2018
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 1 532.71 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Ламифид

Халықаралық патенттелмеген атауы

Тербинафин

Дәрілік түрі

Cпрей 1%, 10 мл немесе 30 мл

Құрамы

1 г спрей құрамында

белсенді зат – 10 мг тербинафин гидрохлориді

қосымша заттар: этил спирті, глицерин, пропиленгликоль, тазартылған су

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар, ішінде бөлшектері жоқ, мөлдір, түссіз ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Тері ауруларын емдеуге арналған зеңге қарсы препараттар. Зеңге қарсы жергілікті қолдануға арналған препараттар. Жергілікті қолдануға арналған басқа да зеңге қарсы препараттар. Тербинафин

АТХ коды D01AЕ15

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Cыртқа қолданғанда Ламифидтің жүйелік белсенділігі өте төмен, өйткені жүйелік қан ағысына тербинафиннің 5%-дан азы түседі. Тербинафин тері арқылы тез өтеді және май бездеріне жиналады, жоғары концентрациялары түкті фолликулаларда және шаштарда болады.

Фармакодинамикасы

Ламифидтің белсенді заты – тербинафин зеңге қарсы әсер ететін ауқымы кең аллиламин болып табылады. Ламифид дерматофиттерге (Trichophyton rubrum, Т. mentagrophytes, T. verrucosum, Т. tonsurans, Т. violaceum, Microsporum canis, Epidermophyton floccosum), зеңді және кейбір диморфты зеңдерге фунгицидтік әсерін тигізеді. Ламифидтің ашытқылық зеңдерге қатысты белсенділігі, олардың түріне байланысты, фунгицидтік немесе фунгистатикалық болуы мүмкін.

Ламифид зең жасушасында стериндер биосинтезінің ерте сатысын өзіне тән ерекшелікпен басып, эргостериннің тапшылығына және скваленнің жасушаішілік жиналуына әкеледі, бұл зең жасушасының қырылуын туғызады. Ламифидтің әсері зең жасушалық жарғақшасында скваленэпоксидаза ферментінің тежелуі арқылы жүзеге асады. Бұл фермент Р 450 цитохромы жүйесіне жатпайды, сондықтан Ламифид гормондардың немесе басқа да дәрілік препараттардың метаболизміне ықпалын тигізбейді.

Қолданылуы

  • тері зеңдері дерматофиттері туындатқан онихомикоздарда (тырнақтардың зеңдік инфекциясында)

  • құрғақ теміреткіде

  • түрлі түсті теміреткіде

  • терінің зеңді инфекцияларында (тегіс тері трихофитиясы, шат трихофитиясы, табан трихофитиясы) және Candida albicans ашытқы зеңдері әсерінен болған ашытқылық инфекцияларда

Қолдану тәсілі және дозалары

Спрей сыртқа қолдануға арналған.

Емдеу ұзақтығы көрсетілімдеріне және ауру барысының ауырлығына байланысты. Спрейді зақымданған терінің тазартылған және құрғатылған аймағына олардың жеткілікті дымқылдануы үшін жеткілікті мөлшерде тәулігіне 1–2 рет мұқият шашыратады.

Дозалау режимі: табан дерматомикозы – 1 апта бойы тәулігіне 1 рет; кеуде, балтыр дерматомикозы – 1 апта бойы тәулігіне 1 рет; түрлі түсті теміреткі – 1 апта бойы тәулігіне 2 рет.

Жағымсыз әсерлері

Жиі

  • препаратты жаққан жерлердегі терінің қызаруы, қышуы, тітіркенуі, терінің қабыршақтануы

Жиі емес

  • терінің зақымдануы, қабыршақ, тері аурулары, пигментацияның бұзылуы, терінің қызаруы, күйдіріп ашу сезімі

  • препаратты жаққан жердегі терінің ауыруы және тітіркенуі

Сирек

  • аллергиялық реакциялар (денеге жайылған бөртпе, есекжем, ангионевроздық ісіну, қайталанған аллергиялық реакция)

  • терінің құрғауы жанаспалы дерматит, экзема

  • аса жоғары сезімталдық, бөртпе

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • тербинафинге немесе препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • 18 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ламифид спрейінің басқа препараттармен өзара әрекеттесуі қазіргі кезге дейін анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге, созылмалы маскүнемдікке шалдыққан науқастарға, сүйек кеміктік қан түзілуі тежелгенде, ісіктерде, зат алмасу ауруларында, аяқ-қол қантамырларының окклюзиялық ауруларында, сондай-ақ (жеткілікті клиникалық тәжірибенің жоқтығын ескеріп) балаларға сақтықпен қолданған жөн.

Ламифид спрейі сыртқа пайдалануға ғана арналған. Ламифид спрейін бетке шашыратуға болмайды. Көзге тигізіп алмау керек. Көзге тигізіп алған жағдайда оны ағын сумен мұқият шаяды, ал тұрақты тітіркену құбылыстары пайда болған жағдайда маманға қаралу қажет.

Ламифид спрейін терінің зақымданған жерлеріне жаққан кезде сақ болған жөн, өйткені препараттың құрамындағы спирт теріні тітіркендіруі мүмкін.

Препарат құрамында пропиленгликоль бар, ол теріні тітіркендіруі ықтимал.

Спрейдің тыныс жолдарына түсіп кетуінен қандай да болсын симптомдар пайда болған жағдайда, әсіресе олардың сақталуы тұрақты болғанда дәрігерден кеңес алу қажет.

Клиникалық симптомдар айқындылығының азаюы әдетте емнің алғашқы күндері білінеді. Жүйесіз қолданғанда немесе емдеуді мезгілінен бұрын тоқтатқанда инфекцияның қайта жаңғыру қаупі пайда болады. 1-2 апта емдегеннен кейін жақсару белгілері болмаса, диагнозды қайта анықтаған жөн.

Аллергиялық реакциялар пайда болғанда препаратты тоқтату қажет.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Егер потенциалды пайдасы шаранаға төнетін ықтимал қауіптен асып түсетін жағдайда ғана қолданылуы мүмкін. Лактация кезеңінде қолданғанда емшек емізуді тоқтатқан жөн.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралын және басқа да механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: қышыну, тітіркену

Емі: симптоматикалық ем.

Артық дозаланған жағдайларда спрей ерітіндісінде этил спиртінің бар екендігі ескерілуі тиіс.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 мл немесе 30 мл препараттан пластмасса бүркуішпен және қақпақпен жабдықталған пластмасса құтыларға құйылған.

1 құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Мұздатып қатыруға болмайды!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«ABDI IBRAHIM» Стамбул, Түркия

Тіркеу куәлігінің иесі

«ABDI IBRAHIM» Стамбул, Түркия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы,

Алматы обл., Іле ауд., Промзона 282, тел.: +7 (727) 232-44-85,

Электрондық пошта: info@aigp.kz

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы,

Алматы обл., Іле ауд., Промзона 282, тел.: +7 (727) 232-44-85,

Электрондық пошта: info@aigp.kz

Прикрепленные файлы

965599151477976759_ru.doc 55 кб
403756031477977923_kz.doc 59 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники