Ламифид (крем, 1%, 15 г)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Ламифид
Халықаралық патенттелмеген атауы
Тербинафин
Дәрілік түрі
15 г 1% крем
Құрамы
1 г крем құрамында
белсенді зат – 10 мг тербинафин гидрохлориді,
қосымша заттар: натрий гидроксиді, бензил спирті, сорбитан моностеараты, цетилпальмитат, цетил спирті, стеарил спирті, полисорбат 60, изопропилмиристат, ионсыздалған су.
Сипаттамасы
Өзіне тән әлсіз иісі бар ақ, жұмсақ крем.
Фармакотерапиялық тобы
Тері ауруларын емдеуге арналған зеңге қарсы препараттар. Жергілікті қолдануға арналған зеңге қарсы препараттар.
Жергілікті қолдануға арналған басқа да зеңге қарсы препараттар.
Тербинафин
АТX коды D01АЕ15
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сыртқа қолданғанда Ламифидтің жүйелік белсенділігі өте төмен, өйткені жүйелік қан ағысына тербинафиннің 5%-дан азы түседі. Тербинафин тері арқылы тез өтеді және май бездеріне жиналады, жоғары концентрациялары түкті фолликулаларда және шаштарда болады.
Фармакодинамикасы
Ламифидтің белсенді заты – тербинафин зеңге қарсы әсер ететін ауқымы кең аллиламин болып табылады. Ламифид дерматофиттерге (Trichophyton rubrum, Т. mentagrophytes, T. verrucosum, Т. tonsurans, Т. violaceum, Microsporum canis, Epidermophyton floccosum), зеңді және кейбір диморфты саңырауқұлақтарға фунгицидтік әсерін тигізеді. Ламифидтің ашытқы саңырауқұлақтарға қатысты белсенділігі, олардың түріне байланысты, фунгицидтік немесе фунгистатикалық болуы мүмкін.
Ламифид саңырауқұлақ жасушасында стериндер биосинтезінің ерте сатысын өзіне тән ерекшелікпен басып, эргостериннің тапшылығына және скваленнің жасушаішілік жиналуына әкеледі, бұл саңырауқұлақ жасушасының тіршілігін жояды. Ламифидтің әсері саңырауқұлақтың жасушалық жарғақшасында скваленэпоксидаза ферментінің тежелуі арқылы жүзеге асады. Бұл фермент Р 450 цитохромы жүйесіне жатпайды, сондықтан Ламифид гормондардың немесе басқа да дәрілік препараттардың метаболизміне ықпалын тигізбейді.
Қолданылуы
-
тері саңырауқұлақтары дерматофиттер әсерінен болған онихомикоздарда (тырнақтардың зеңдік жұқпасында)
-
түрлі түсті теміреткіде
-
терінің зеңді жұқпаларында (тегіс тері трихофитиясы, шат трихофитиясы, табан трихофитиясы) және Candida albicans ашытқы саңырауқұлағы әсерінен болған ашытқы жұқпаларда.
Қолдану тәсілі және дозалары
Сыртқа қолдануға арналған крем. Дозалау режимі күніне бір немесе екі рет.
Ламифидті қолданар алдында крем жағылатын жерді тазалап, кептіріңіз. Кремді терінің зақымданған жеріне барлық периметр бойынша жұқалап сығып шығарып, оны жеңіл қимылмен ысқылап жағыңыз. Жағылған жерді түнге қарай дәкемен жабуға болады.
Емдеудің шамамен алынған ұзақтығы:
Тегіс тері, шат трихофитиясы : 1 апта
Табан трихофитиясы : 1 апта
Тері кандидиазы : 1 апта
Түрлі түсті теміреткі : 2 апта
Клиникалық симптомдары бірнеше күн ішінде азаяды. Жүйесіз қолдану немесе қолдануды мезгілінен бұрын тоқтату ауру симптомдарының қайталану қаупін арттырады. Егер бір апта емдегеннен кейін ешқандай жазылу белгілері байқалмаса, диагнозды анықтауды қайта қарастыру қажет.
Жағымсыз әсерлері
-
терінің қызаруы, қышуы, тітіркенуі (жергілікті реакциялар), кремді жаққа жердегі терінің қабыршақтануы
-
денеге жайылған бөртпе, есекжем, ангионевротикалық ісіну.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
тербинафинге немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық
-
12 жасқа дейінгі балалар
-
лактация кезеңі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Ламифид кремінің басқа препараттармен өзара әрекеттесуі күні бүгінге дейін зерттелген жоқ.
Айрықша нұсқаулар
Ламифид кремі сыртқа пайдалануға ғана арналған. Ламифид кремін бетке жағуға болмайды. Көзге тигізіп алмау керек. Көзге тигізіп алған жағдайда оны ағын сумен мұқият шаяды, ал тұрақты тітіркену құбылыстары пайда болған жағдайда маманға қаралу қажет.
Бүйрек немесе бауыр қызметінің жеткіліксіздігі бар емделушілерге, созылмалы маскүнемдікке шалдыққан науқастарға, сүйек кеміктік қан түзілуі тежелгенде, ісіктерде, зат алмасу ауруларында, аяқ-қол қантамырларының окклюзиялық ауруларында, сондай-ақ (жеткілікті клиникалық тәжірибенің жоқтығын ескеріп) балаларға сақтықпен қолданған жөн.
Дененің ауқымды зақымдарында Ламифид спрейін қолдану керек.
Клиникалық симптомдар айқындылығының азаюы әдетте емнің алғашқы күндері білінеді. Жүйесіз қолданғанда немесе емдеуді мезгілінен бұрын тоқтатқанда жұқпаның қайта жаңғыру қаупі пайда болады. 1-2 апта емдегеннен кейін жақсару белгілері болмаса, диагнозды қайта анықтаған жөн.
Аллергиялық реакциялар пайда болғанда препаратты тоқтату қажет.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препаратты жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Егер потенциальді пайдасы ұрық үшін потенциальді қаупінен басым болса ғана, қолданылуы мүмкін. Лактация кезеңінде қолданғанда емшек емізуді тоқтатқан жөн.
Артық дозалануы
Симптомдары: қышыну, күйдіріп ашу, жағымсыз әсерлерінің күшеюі
Емі: симптоматикалық ем жүргізу
Шығарылу түрі және қаптамасы
Бұралатын пластмасса қақпағы бар, іші лакпен қапталған алюминий сықпаға 15 г препарат салынған.
1 сықпа медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
ABDI IBRAHIM
Хадымкой-Стамбул
Түркия
Тіркеу куәлігінің иесі
"ABDI IBRAHIM", Түркия
Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы "АБДИ ИБРАХИМ ГЛОБАЛ ФАРМ" ЖШС
Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, Жандосов к-сі, 184 Г,
тел: +7 (727) 309 74 07,
факс: +7 (727) 309 74 14,
e-mail:globalzavod@mail.ru