Ламитор (50 мг)

МНН: Ламотриджин
Производитель: Торрент Фармасьютикалс Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Lamotrigine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№002382
Информация о регистрации в РК: 12.12.2011 - 12.12.2016

Инструкция

Саудалық атауы

Ламитор

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ламотриджин

Дәрілік түрі

25 мг, 50 мг және 100 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетка құрамында

белсенді зат – 25 мг, 50 мг, 100 мг ламотриджин,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, темірдің (ІІІ) сары тотығы (Е-172), повидон К-30, натрий крахмалы гликоляты, магний стеараты, тальк, кремнийдің коллоидты сусыз қостотығы

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, беті жайпақ, бір жағында сызығы бар, ашық-сары түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Эпилепсияға қарсы басқа да препараттар

АТЖ коды N03AX09

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ламотриджин алғашқы елеулі метаболизденусіз ішектен жылдам және және толық сіңеді. Қан плазмасындағы ламотриджин концентрациясының жоғарғы шегі ішу арқылы қолданудан кейін 2,5±1,5 сағаттан соң байқалады. Ең жоғары концентрациясына жету уақыты препаратты тамақтан соң қабылдаған жағдайда біршама ұзарады, бірақ сіңу дәрежесі өзгеріссіз қалады. Препараттың ең жоғары концентрациясы деңгейлерінде едәуір жекеше айырмашылықтар бар, бірақ жеке концентрацияларының айырмалары болымсыз. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысы 55% құрайды.

Клиренстің орташа мәндері минутына 39±14 мл құрайды. Ламотриджин глюкуронидтер түрінде несеппен бөліну жолымен ағзадан алғашқы метаболит түрінде шығарылады. Метаболиттердің 2%-ға жуығы ғана нәжіспен шығарылады.

Ламотриджиннің жартылай шығарылу кезеңі 24-35 сағат құрайды. Ламотриджиннің жартылай шығарылу кезеңі едәуір дәрежеде дәрі-дәрмекпен қатарлас емдеуге байланысты болады. Ол ламотриджинді ферменттер белсенділігін индукциялайтын карбамазепин мен фенитоин сияқты препараттармен біріктіріп тағайындағанда 14 сағатқа дейін азаяды, ал натрий вальпроатымен қосып қолданғанда 70 сағатқа дейін ұзарады.

Егде жастағы емделушілер

Қолда бар деректер егде науқастардағы ламотриджин клиренсінде, жас емделушілермен салыстырғанда, елеулі айырмашылықтар жоқ екенін көрсетеді.

Бүйрек қызметінің бұзылуында

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар, гемодиализде жүрген емделушілер үшін ламотриджин клиренсінің орташа мәндері 0,42 мл/мин/кг (созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі), 0,33 мл/мин/кг (гемодиализ сеанстары арасында) және 1,57 мл/мин/кг (гемодиализден кейін) құрайды. Жартылай шығарылуының орташа кезеңі, тиісінше, 42,9 сағат, 57,4 сағат және 13 сағат құрайды. Гемодиализдің 4-сағаттық сеансы кезінде ағзадан 20%-ға жуық ламотриджин шығарылады. Бүйрек қызметінің бұзылуында ламотриджиннің бастапқы дозасы эпилепсияға қарсы препаратты тағайындаудың стандартты сызбасына сәйкес есептеледі. Бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысында бір дүркін дозаны қолданғанда қан плазмасындағы ламотриджин концентрациясы елеулі өзгерген жоқ, осы орайда ламотриджин глюкурониді метаболитінің жиналуы мүмкін.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр қызметінің жеңіл, орташа және ауыр дәрежелі (Чайлд-Пью бойынша А, В және С сатылары) бұзылулары бар емделушілерде ламотриджин клиренсінің орташа көрсеткіштері, тиісінше, 0.31, 0.24 және 0.10 мл/мин/кг құрайды. Бастапқы және көбейтілетін дозалар клиникалық тиімділігіне қарай ретке келтірілуге тиіс.

Фармакодинамикасы

Ламитор вольтаж-тәуелді натрий өзектерінің бөгегіші болып табылады. Ламитордың эпилепсияға қарсы әсерінің механизмі нейрондардағы вольтаж-тәуелді импульстік разрядтарды вольтаж-тәуелді бөгеумен және глутаматтың (эпилепсия ұстамаларының жайылуында шешуші рөл атқаратын амин қышқылы) артық мөлшерде босап шығуын тежеумен, сондай-ақ глутаматпен индукцияланған тиімді әсерлі импульстердің тежелуімен байланысты.

Қолданылуы

Эпилепсия

Ересектерге: Бөліктік және жайылған ұстамаларды, соның ішінде тоника-клоникалық құрысуларды, Леннокс-Гасто синдромы кезіндегі құрысу ұстамаларын монотерапия ретінде немесе басқа антиэпилептиктермен біріктіріп емдеу үшін

Балаларға: Бөліктік және жайылған ұстамаларды, соның ішінде тоника-клоникалық құрысуларды, Леннокс-Гасто синдромы кезіндегі құрысу ұстамаларын басқа эпилепсияға қарсы препараттармен емдеу үшін. Ламитор монотерапиясын балаларға диагноз қойылғаннан кейінгі алғашқы емдік дәрі ретінде тағайындау арқылы жүргізу ұсынылмайды.

Егер Ламитор эпилепсия ұстамаларының жақсы бақылануын қамтамасыз етсе, басқа антиэпилептиктерді қабылдауды тоқтатып, Ламитормен ғана емделуді жалғастыруға болады.

Биполярлық бұзылыстар

18 жастан асқан науқастарға: Көңіл-күйді тұрақтандыру, көңіл-күй ауытқуларының, негізінен, депрессия көріністерінің алдын алу.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға

1 кесте: Ламиторды қолдану жөніндегі нұсқаулар (мг/күн).

1+2 апта

3+4 апта

Демеуші дозалар

ЭҚФИП-мен (эпилепсияға қарсы ферменттерді индукциялайтын препараттар)

Натрий вальпроатынсыз 50 мг (тәулігіне бір рет)

100 мг

(екі қабылдауға бөлінеді)

200-400 мг

(екі қабылдауға бөлінеді)

Натрий вальпроатымен

25 мг (әртүрлі күндерде қабылдау)

25 мг

(тәулігіне бір рет)

100-200 мг (тәулігіне бір рет немесе екі қабылдауға бөлінеді)

Қосылымды емдеу кезінде дозалануы: Натрий вальпроатын қабылдамайтын, бірақ басқа ЭҚФИП қабылдайтын емделушілер үшін Ламитордың бастапқы дозасы алғашқы екі апта ішінде тәулігіне бір рет 50 мг және келесі екі апта кезінде тәулігіне екі рет қабылданатын 100 мг құрайды. Сосын дозаны тәулігіне екі қабылдау үшін 200-400 мг-ге тең болатын ұтымды емдік дозаға жеткенше көбейту керек.

2-12 жас аралығындағы балаларға: эпилепсияға қарсы басқа препараттармен қосылған вальпрой қышқылы препараттарымен бірге немесе онсыз Ламитордың бастапқы дозасы алғашқы 2 апта ішінде тәулігіне 1 рет дене салмағына қарай 0,15 мг/кг құрайды. Әріқарай – келесі 2 апта кезінде тәулігіне 1 рет 0,3 мг/кг. Сосын доза, ұтымды емдік әсерге жеткізілгенше, әр 1-2 аптада 0,3 мг/кг-ге барынша арттырылуға тиіс. Бұл орайда стандартты демеуші доза тәулігіне 1-5 мг/кг құрап, ол 1-2 қабылданады. Ең жоғары тәуліктік дозасы - 200 мг.

Біріктірілген ем құрамында Ламитор мен бауыр ферменттерін индукциялайтын эпилепсияға қарсы басқа препараттарды (фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал және примидон) қосып қолданған кезде бастапқы доза алғашқы 2 аптада тәулігіне 2 қабылданатын 0,6 мг/кг құрайды, әріқарай - келесі 2 апта ішінде тәулігіне 2 қабылданатын 1,2 мг/кг. Сосын дозаны, ұтымды емдік әсерге жеткізілгенше, әр 1-2 апта сайын 1,2 мг/кг-ге көбейту керек. Стандартты демеуші доза тәулігіне 2 қабылданатын 5-15 мг/кг құрайды. Ең жоғары тәуліктік доза - 400 мг.

Ламитормен фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі белгісіз эпилепсияға қарсы дәрімен емдеген жағдайда Ламитор дозасын натрий вальпроатын қабылдайтындар үшін сипатталған сызба бойынша аз дозалармен арттыру керек.

2 кесте. 2-12 жастағы балаларды біріктіріп емдегенде дозаны арттыру сызбасы.

Қосымша емдік дәрі

1-2 апта

3-4 апта

Ұсынылған демеуші доза

вальпроат ± басқа антиэпилептик

дене салмағына қарай 0,15 мг/кг ** (күніне бір рет)

0,3 мг/кг**

(күніне бір рет)*

Тәуліктік дозаны, 1-5 мг/ демеуші дозаға жеткенше кг (1-2 қабылдауға), әр 1-2 аптада 0,3 мг/кг-ге арттырады.

Ең жоғары доза - күніне 200 мг.

энзим-индуктор-антиэпилептик* ± басқа препарат (вальпроатсыз)

0,6 мг/кг**

(екі қабылдауға)

1,2 мг/кг

(екі қабылдауға)

5-15 мг/кг (2 қабылдауға). Ең жоғары доза - күніне 400 м. Тәуліктік дозаны, 1-5 мг/кг демеуші дозаға жеткенше (1-2 қабылдауға), әр 1-2 аптада 1,2 мг/кг-ге арттырады.

ламотриджинмен өзара әрекеттеспейтін антиэпилептик

ламотриджин дозасын вальпроатқа арналған сызба бойынша көбейтеді.

*- фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, примидон.

** - Егер тәуліктік доза 1-2 мг құраса, онда алғашқы екі аптада әр екінші күні 2 мг-ден тағайындайды. Ламитор, егер оның дозасы 1 мг-ге жетпесе, тағайындалмайды. Дозаны көбейту тұтас таблеткалармен жүргізіледі. 2-6 жастағы балаларға рұқсат етілетін ең жоғары демеуші дозаларды тағайындаған дұрыс.

Эпилепсия кезіндегі жалпы нұсқаулар

Ламитормен қатарлас препараттарды тоқтатқанда бұрынғы демеуші доза сақталуға тиіс.

Биполярлық бұзылыстар

Қысқа мерзімді емдеген жағдайда Ламитор дозасын, тұрақтандырушы демеуші дозаға жеткенше, 6 апта ішінде біртіндеп арттыру керек (3 кестені қараңыз), осының артынша аурудың клиникалық картинасы сәйкес болса, психотроптық және/немесе эпилепсияға қарсы басқа препаратты қабылдауды тоқтатуға болады (4 кестені қараңыз).

Мания көріністерінің алдын алу үшін адъювантты ем қажет болуы мүмкін, өйткені мания және маниакальді жай-күйлер жағдайында Ламитордың тиімділігі біркелкі емес.

3 кесте. Биполярлық бұзылулары бар ересектерді (18 жастан асқандар) емдегенде демеуші, тұрақтандырушы тәуліктік дозаны іріктеу сызбасы.

Ем

1-2 апта

3-4 апта

5 апта

Ұсынылған демеуші доза

вальпроат ± басқа антиэпилептик

12,5 мг

(күнара 25 мг)

25 мг

(күніне 1 рет)

50 мг

(күніне бір немесе екі қабылдауға)

100 мг

(күніне 1-2 қабылдауға)

Ең жоғары доза - 200 мг.

энзим-индуктор-антиэпилептик (карбамазепин, фенобарбитал) ± басқа препарат (вальпроатсыз)

50 мг

(күніне 1 рет)

100 мг

(2 қабылдауға)

200 мг

(2 қабылдау үшін)

 

ламотриджинмен фармакокинетикалық өзара әрекеттеспейтін антиэпилептик, (мысалы, литий, бупропион)

немесе ламотриджин монотерапиясы

25 мг

(күніне 1 рет)

50 мг

(күніне 1 немесе 2 қабылдауға)

100 мг

(күніне 1 немесе 2 қабылдауға)

200 мг

(күніне 1 немесе 2 қабылдауға) (әдеттегі доза

100-400 мг)

Ламотриджинмен интеракцияға түспейтін антиэпилептикпен емдеген жағдайда Ламитор дозасын вальпроат үшін көрсетілген сызба бойынша көбейту керек.

Алтынша аптада 300 мг, қажет болса, тәуліктік дозаны жетінші аптада 400 мг-ге дейін көбейтуге болады (2 қабылдауға).

А). Энзим-тежегіштермен, мысалы натрий вальпроатымен біріктіріп тағайындаған кезде дозалануы

Энзим-тежегіш, мысалы натрий вальпроатын қабылдайтын науқастар үшін ламотриджиннің бастапқы дозасы екі апта ішінде әр екінші күні 25 мг құрайды; одан кейінгі екі апта кезінде – күніне бір рет 25 мг. Бесінші аптада тәуліктік дозаны бір рет 50 мг-ге дейін көбейтіп, 1-2 қабылдауға бөлуге болады. Әдетте, емдік ұтымды әсерге жету үшін күніне 100 мг доза қажет (1-2 қабылдау үшін). Ең жоғары тәуліктік доза 200 мг-ден аспауға тиіс.

Б). Энзим-индукторлармен, мысалы, например карбамазепинмен және фенобарбиталмен біріктіріп, бірақ натрий вальпроатынсыз тағайындаған кезде дозалануы

Антиэпилептик-энзим-индуктор (карбамазепин, фенобарбитал) қабылдайтын, бірақ натрий вальпроатын қабылдамайтын науқастар үшін ламотриджиннің бастапқы тәуліктік дозасы екі апта ішінде күніне бір рет 50 мг құрайды; сосын, одан кейінгі екі апта кезінде – күніне екі қабылданатын күндік 100 мг. 5 аптада тәуліктік дозаны 200 мг-ге дейін көбейту керек (екі қабылдауға). 6 аптада емдік ұтымды әсерге жету үшін 2 қабылдауға бөлінген 400 мг-ге тең орташа доза қажет болса да, тәуліктік доза 300 мг-ге жетуі мүмкін; оны 7 аптадан бастауға болады.

В). Монотерапияда, сондай-ақ Ламитормен фармакологиялық өзара әрекеттесуі әлде белгісіз, әлде, мысалы литиймен, бупропионмен әрекеттесуі мүмкін препараттармен біріктіріп тағайындағанда дозалануы.

Ламитормен фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі белгісіз, немесе бұл әрекеттесу болуы мүмкін эпилепсияға қарсы дәрімен емдеген жағдайда, сондай-ақ Ламитор монотерапиясы жағдайында бастапқы тәуліктік доза алғашқы 2 аптада тәулігіне бір рет 25 құрайды; одан кейінгі екі апта кезінде – екі қабылдау үшін 50 мг. 5 аптада дозаны 100 мг-ге дейін көбейтеді. Әдетте ұтымды тәуліктік доза 1-2 қабылдауға арналған 200 мг құрайды. Клиникалық зерттеулерде тәулігіне 100-400 мг дозалар пайдаланылды.

Тиімді демеуші, тұрақтандырушы дозаға жеткеннен кейін психотроптық дәрілерді келесі сызба бойынша тоқтатуға болады.

4 кесте. Биполярлық бұзылыстарды емдеу үшін бір мезгілде қолданылатын психотроптық немесе эпилепсияға қарсы дәрілерді тоқтатқаннан кейінгі демеуші, тұрақтандырушы тәуліктік дозалар.

Ем

1 апта

2 апта

3 аптадан

(ең жоғары доза = күніне 400 мг)

энзим-тежегішті, мысалы вальпроатты тоқтатқаннан кейін

Тұрақтандырушы дозаны аптасына 100 мг-ден асырмай екі есе көбейтеді, яғни алғашқы аптада доза күніне 200 мг құрауға тиіс

Көбейтілген дозаны демеуші ретінде тағайындайды (күніне 200 мг, 2 қабылдауға бөлінген)

энзим-индукторды тоқтатқаннан кейін (мысалы, карбамазепин), бастапқы дозаға қарай

400 мг

300 мг

200 мг

300 мг

225 мг

150 мг

200 мг

150 мг

100 мг

Ламотриджинге фармакокинетикалық ықпал етпеуі ықтимал психотроптық немесе эпилепсияға қарсы дәрілерді тоқтатқаннан кейін (мысалы, литий, бупропион)

Көбейтілген дозаны демеуші ретінде тағайындайды (күніне 200 мг, 2 қабылдауға бөлінген) (ұсынылған доза – күніне 100-400 мг)

Ламотриджинмен интеракцияға түспейтін антиэпилептикті тоқтатқаннан кейін Ламитор дозасын вальпроат үшін көрсетілген сызба бойынша көбейту керек.

А). Біріктіріліп тағайындалған энзим-тежегішті (мысалы, вальпроатты) тоқтатқаннан кейін Ламитордың бастапқы тұрақтандырушы дозасын екі есе көбейту керек.

Б). Біріктіріліп тағайындалған энзим-индукторды (мысалы, карбамазепинді) тоқтатқаннан кейін Ламитордың дозасын 3 апта ішінде біртіндеп азайту керек.

В). Ламитормен фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі анықталмаған психотроптық дәрілер мен антиэпилептиктерді (мысалы, литийді, бупропионды) тоқтатқаннан кейін дозаны, оны жоғарылату барысында іріктеп, тағайындауды жалғастырған жөн.

Биполярлық бұзылуларды емдеуге арналған қосымша дәрілік препараттарды енгізгеннен кейін Ламитордың тәуліктік дозасын ретке келтіру:

Қосымша дәрілік препараттарды енгізгеннен кейін Ламитор дозасын титрлеудің клиникалық тәжірибесінің болмауына қарамастан, дәрілік өзара әрекеттесулерді зерттеулер нәтижелерінің негізінде белгіленген төменде көрсетілген дозаларды тағайындау ұсынылады (5 кестені қараңыз).

5 кесте. Биполярлық бұзылыстар кезінде қосымша дәрілік препараттарды енгізгеннен кейін Ламитор дозасын ретке келтіру.

Қосымша дәрілік зат

Ламитордың тұрақтандырушы дозасы (мг/күн)

1 апта

(мг/күн)

2 апта (мг/күн)

3 аптадан (мг/күн)

энзим-тежегіш (мысалы, вальпроат), Ламитордың бастапқы дозасына қарай

200

100

Алғашқы аптада қол жеткізілген азайтылған доза (күніне 100 мг)

300

150

Алғашқы аптада қол жеткізілген азайтылған доза (күніне 150 мг)

400

200

Алғашқы аптада қол жеткізілген азайтылған доза (күніне 200 мг)

энзим-индукторлар (мысалы, карбамазепин) Ламитордың бастапқы дозасына қарай (вальпроатсыз)

200

200

300

400

150

150

225

300

100

100

150

200

Ламолеппен фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі белгісіз психотроптық немесе эпилепсияға қарсы дәрілер (мыс. литий, бупропион)

Ламитормен фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі белгісіз психотроптық немесе эпилепсияға қарсы дәрілер (мыс. литий, бупропион)

Ламотриджинмен фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі белгісіз эпилепсияға қарсы препараттар: вальпроатты қабылдайтындар туралы бөлімді қараңыз.

Ламиторды биполярлық бұзылыстар кезінде тоқтату

Ламиторды күрт тоқтатқаннан кейін клиникалық сынақтарда жағымсыз құбылыстардың жиілеуі де, ауырлығының күшеюі де, сипатының өзгеруі де байқалған жоқ. Ламитормен емдеуді тоқтату дозаны біртіндеп азайтуды қажет етпейді.

Балалар жасы (< 18 жас): Препараттың аталған жас тобындағы тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеген, сондықтан оны дозалау жөнінде нұсқаулар жоқ.

Дозалануы жөніндегі жалпы нұсқаулар: шайнамастан, аздаған су мөлшерімен іше отырып, ішке қабылданады.

Есептелген доза толық емес таблетканы қамтыған жағдайда (тек эпилепсиядан зардап шегетін балаларға немесе бауыр жеткіліксіздігі бар науқастарға ғана), таблеткалардың тұтас санымен тең дозаны тағайындау керек.

Егде жастағылар (> 65 жас): дозаны жас ерекшелігін ескере реттеу талап етіледі, өйткені препарат фармакокинетикасы жас науқастарда байқалған осындай сипаттан түбегейлі ерекшеленбейді.

Бауыр жеткіліксіздігі: Бауыр жеткіліксіздігінің орташа ауырлық дәрежесінде (Чайлд-Паг бойынша В сатысы) бастапқы және демеуші дозалар, сондай-ақ дозаны жоғарылату әдеттегіден 50%-ға төмен болуға тиіс; С сатысында (Чайлд-Паг бойынша), яғни ауырлықтың ауыр дәрежесінде – 75%-ға төмен. Дозаны жоғарылату және демеуші дозалар науқастың клиникалық реакциясына байланысты.

Бүйрек аурулары: бүйрек жеткіліксіздігінде абайлап тағайындалады. Бүйрек жеткіліксіздігінің соңғы сатысында Ламитордың бастапқы дозасы науқастың эпилепсияға қарсы препаратты дозалау тәртібіне байланысты; бүйрек қызметі елеулі төмендегенде аз демеуші доза жеткіліксіз болуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз реакциялар әр ауру үшін бөлек ұсынылған; препараттың жағымсыз әсерлерін бағалау үшін екі топты да назарға алу керек.

Жағымсыз әсерлер олардың пайда болу жиілігіне қарай мынадай санаттарға топтастырылған: өте жиі (> 1/10), жиі (> 1/100, <1/10), жиі емес (> 1/1 000, < 1/100), сирек (> 1/10 000, < 1/1 000), өте сирек (< 1/10 000).

Эпилепсия

Өте жиі

- терінің бөртуі

- диплопия, көру өткірлігінің нашарлауы

Жиі

- бас ауыру, бас айналу

- ашушаңдық, қатты шаршау

- нистагм, тремор, атаксия, ұйқышылдық, ұйқысыздық

- жүрек айнуы, құсу

Сирек

- Стивенс-Джонсон синдромы

- озбырлық

- атаксия

- экстрапирамидалық белгілер мен Паркинсон ауруынсыз хореоатетоз пайда болады

- конъюнктивит

Өте сирек

- уытты эпидермалық некролиз (бөртпелердің пайда болу ықтималдығы, сірә, бастапқы жоғары дозалармен, дозаны арттырудың шектен тыс жылдам ырғақтарымен және вальпроатты бір мезгілде қабылдаумен тығыз байланысты; бөрту әртүрлі жүйелі белгілермен өтетін жоғары сезімталдық реакциясы белгілерінің бірі болуы мүмкін)

- нейтропения, лейкопения, анемия, тромбоцитопения, панцитопения, апластикалық анемия, агранулоцитоз

- жоғары сезімталдық синдромы (жоғары температура, лимфаденопатия, беттің ісінуі, бауыр мен қанның бұзылуы, диссеминацияланған тамырішілік коагуляция (ДТК) және көптеген мүшелердің жеткіліксіздігі)

- психикалық бұзылыстар

- бет бұлшықетінің тартуы, елестеулер, сананың күңгірттенуі

- қатты қозу, тепе-теңдіктен айрылу, қозғалыстың бұзылуы, Паркинсон ауруы ағымының нашарлауы, экстрапирамидалық белгілер, хореоатетоз, құрысу ұстамаларының жиілеуі

- бауыр қызметі көрсеткіштері деңгейінің жоғарылауы, бауырдың бұзылулары, бауыр жеткіліксіздігі

- жүйелі қызыл жегі белгілері

Биполярлық бұзылыстар

Жиі

- қатты қозу, ұйқышылдық, бас айналу

- артралгия

Өте жиі

- бас ауыру

Басқалары,дозаға тәуелділер: миалгия, арқаның ауыруы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың құрамдас бөліктерінің қандай да біріне жоғары сезімталдықта

- бауыр қызметінің ауыр бұзылуларында

- 2 жасқа дейінгі сәбилерде

- 18 жасқа дейінгі кезеңдегі биполярлық бұзылуларда

- жүктілік және лактацияда

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бауыр ферменттерін индукциялайтын эпилепсияға қарсы препараттар, метаболизденетін дәрілік препараттар (фенитоин, карбамазепин, фенобарбитон және примидон сияқты) Ламитордың метаболизмін күшейтеді, бұл оның дозасын көбейтуді қажет етуі мүмкін.

Бауыр ферменттерінің метаболизденуі тұрғысынан Ламитормен бәсекелесетін натрий вальпроаты оның метаболизмін бәсендетеді. Бауырдың тотықтандырғыш ферменттерін, метаболизденетін дәрілік препараттарды Ламитордың индукциялауға немесе тежеуге қабілетті екені жөнінде деректер жоқ. Ламитор өзінің төл метаболизмін индукциялай алады, бірақ бұл әсер өте болымсыз екені сол, оның күрделі клиникалық зардаптарға әкелуі неғайбыл.

Ламотриджиннің дәрілік препараттар метаболизміне қатысушы бауыр ферменттерінің клиникалық мәнді индукциялануын немесе тежелуін туғызуға қабілетті екеніне дәлелдер жоқ.

Құрысуға қарсы басқа дәрілердің қан плазмасындағы концентрациясының жоғарылауы байқалса да, дегенмен бақыланатын зерттеулер барысында ламотриджиннің онымен бір мезгілде қолданылатын құрысуға қарсы препараттардың плазмалық концентрацияларына әсерін дәлелдеулер болған жоқ.

Ламотриджин гормональді контрацептивтермен бір мезгілде қолданғанда этинилэстрадиол мен левоноргестрелдің қан плазмасындағы концентрациясына әсер етпейді.

Айрықша нұсқаулар

Ламитордың бауырдың тотықтырғыш ферменттеріне клиникалық мәнді индукциялаушы және тежеуші әсер етуін растайтын деректер жоқ. Препараттың өзіндік метаболизмін индукциялау қабілеті зор емес, ықтималды түрде, оның клиникалық мәні жоқ.

Ламиторды құрамында ламотриджин бар басқа препараттармен бір мезгілде тағайындауға болмайды.

Егер Ламитор эпилепсия ұстамаларының жақсы бақылануын қамтамасыз етсе, эпилепсияға қарсы басқа дәрілерді қабылдауды тоқтатуға болады.

Емдеу тиімділігінің нысаналы өлшемі ЭЭГ-дегі жоғары шектер жиілігін 78-98%-ға азайту қабілеті болып табылады.

Емдеудің алғашқы 8 аптасында тері реакцияларының дамуы мүмкін. Тері бөртпелері, әдетте, ауырлықтың жеңіл дәрежесінде болып, өздігінен жоғалып кетеді. Емханаға жатқызуды және ламотриджинмен емдеуді тоқтатуды талап ететін ауыр түрлерінің дамуы ықтимал (мысалы, Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермалық некролиз). Препаратты бастапқы жоғары дозаларда қолдану және Ламитор дозасын көбейтудің ұсынылған ырғақтарын жеделдету, сондай-ақ вальпрой қышқылы препараттарын бір мезгілде қабылдау тері бөртпесінің пайда болуына ықпал етеді. Мұндай дерматологиялық реакциялардың даму ықтималдығын азайту үшін көрсетілген дозаларды және оларды арттыру ырғағын қатаң қадағалау керек.

Балалар тері реакцияларының ауыр түрлерінің дамуына көбірек бейім (балаларды емханаға жатқызуды қажет ететін жағдайлар жиілігі 1/300–1/100 құрайды).

Аллергиялық бөртудің ерте белгілерін жұқпалы бөртумен шатастыру оңай, сондықтан егер жоғары температура мен бөрту емдеудің алғашқы 8 аптасында пайда болса, дәрілік реакцияның дамуы болжанады.

Жоғары сезімталдық реакциясының ерте көріністері (мысалы, жоғары температура, лимфаденопатия) бөртпесіз де пайда болуы мүмкін. Бөрту пайда болғанда (емделушінің жасына байланыссыз) емделушіні мұқият тексеруден өткізіп, егер дерматологиялық белгілердің дамуын басқа себеппен түсіндіруге болмаса, Ламитор емін тоқтату керек.

Бөртпенің пайда болуы жоғары сезімталдықтың әртүрлі жүйелі көріністерімен (жоғары дене температурасымен, лимфаденопатиямен, беттің ісінуімен, бауыр және қан түзілу жүйесі тарапынан болатын реакциялармен) қатар жүруі мүмкін. Жоғары сезімталдық реакцияларының ауырлық дәрежесі әртүрлі болады, кейде диссеминацияланған тамырішілік коагулопатия мен көп мүшелердің қызметтік жеткіліксіздігінің дамуы ықтимал. Жоғары сезімталдықтың ерте нышандары (мысалы, жоғары дене температурасы, лимфаденопатия) тері бөртпесімен үнемі қатар жүрмейтінін ескерген жөн.

Бауыр қызметінің бұзылулары, әдетте, жоғары сезімталдық синдромының бір бөлігі болып саналады, алайда басқа белгілермен қатар жүруі үнемі емес.

Ламитормен ұзақ емдеу фолий қышқылының метаболизмін өзгертуі мүмкін, өйткені Ламитор дигидрофолат редуктазасының әлсіз тежегіші болып табылады. Бұл орайда, Ламитормен 12 ай емдеу гемоглобин деңгейіне, эритроциттердің орташа көлеміне, плазмадағы және эритроциттердегі фолий қышқылының концентрациясына, ал 5 жыл емделгеннен кейін фолий қышқылының концентрациясына елеулі әсер етпейді.

Контрацептивтерді ішу арқылы қабылдағанда Ламитордың этинилэстрадиол мен левоноргестрел концентрациясына әсері жоқ екеніне қарамастан, Ламитормен емделу кезінде контрацептивтерді ішу арқылы қабылдайтын емделуші әйелдерде етеккір оралымының бұзылуы емдеуші дәрігердің жіті зейін аударуын талап етеді.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар, гемодиализде жүрген науқастарды емдегенде, орташа алғанда, 4-сағаттық гемодиализ кезінде ағзадан 20% ламотриджин шығарылатынын ескеру керек.

Ламитормен емдеуді күрт тоқтату эпилепсиялық статусқа дейін апаратын эпилепсиялық ұстамаларға түрткі болады. Сондықтан емді дереу тоқтатуды талап ететін ерекше жағдайларды (мысалы, тері бөртпесінің пайда болуын) қоспағанда, препаратты тоқтату 2 апта ішінде дозаны баяу азайтумен біртіндеп жүргізіледі.

Ауыр құрысулар және эпилепсиялық статус кейде өліммен аяқталатын рабдомиолиздің, мүшелердің көпмүшелік жеткіліксіздігінің, сондай-ақ диссеминацияланған тамырішілік коагулопатияның дамуына әкелуі мүмкін. Осыған ұқсас жағдайлар Ламиторды қолданумен байланысты да орын алды.

Биполярлық бұзылыстарға өзіне-өзі қол жұмсауға бейімділік тән, сондықтан препаратты өзін-өзі өлтіруге бейім емделушілерге тағайындағанда науқастарды тиянақты қадағалау талап етіледі.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Ламитормен емделу кезеңінде бас айналуы және диплопия пайда болуы мүмкін. Сондықтан автокөлік жүргізуді және механизмдерді басқаруды қоя тұру ұсынылады.

Артық дозаланғанда

Белгілері: нистагм, атаксия, бас айналу, ұйқышылдық, бас ауыру, жүрек айну, кома.

Емі: белгісіне қарай.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

5 пішінді ұяшықты қаптамадан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қораптан жасалған пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Торрент Фармасьютикалс Лимитед, Индрад 382721, Дист. Мехсана Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

Торрент Фармасьютикалс Лимитед, Индрад 382721, Дист. Мехсана Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ТОРРЕНТ ФАРМАСЬЮТИКАЛС ЛИМИТЕД» компаниясының өкілдігі, Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., 050010, Құрманғазы к-сі, 20 үй, 29 кеңсе.

Телефон нөмірі 8 (727) 261-73-40

Факс нөмірі 8 (727) 261-73-40

Электрондық пошта: office@torrent.kz

 

Прикрепленные файлы

770378231477977160_ru.doc 121 кб
029746811477978324_kz.doc 159 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники