Ламикон крем (1%)

МНН: Тербинафин
Производитель: Фармак ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Terbinafine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№005678
Информация о регистрации в РК: 26.10.2021 - 26.10.2031

Инструкция

Саудалық атауы

Ламикон

Халықаралық патенттелмеген атауы

Тербинафин

Дәрілік түрі

1% 15 г крем

Құрамы

100 г препараттың құрамында

белсенді зат- тербинафин гидрохлориді 100 % сусыз затқа шаққанда - 1,0 г

қосымша заттар фенилэтил спирті, ақ жұмсақ парафин, минералды май (сұйық парафин), цетостеарил спирті, полиэтиленгликоль (макрогол) 20 цетостеарилді эфир, пропиленгликоль, полоксамер 407, натрий гидроксиді, тазартылған су.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар ақ немесе ақ дерлік түсті крем.

Фармакотерапиялық тобы

Жергілікті қолдануға арналған басқа да зеңге қарсы препараттар. Тербинафин.

АТЖ коды D01А Е15

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Тербинафинді крем түрінде жергілікті қолданған кезде жүйелік қан ағымына (қолданылатын дозаның 5% аздау) өте шектеулі сіңіріледі, сондықтан оның жүйелік әсер ету мөлшері аз. Ламикон кремі терінің дермальді қабатына жылдам еніп, липофильді мүйізді қабатында жиналады (оның ішінде май бездері және шашты фолликулдарда). Айқын эпидермо- және онихотроптылықпен ерекшеленеді.

Жергілікті қолданғанда Ламикон кремі тез әсер ете бастайды, қысқа мерзімдік емдеу барысында тиімділігін көрсетеді (7 күн). Препараттың фунгицидті әсер етуіне қажетті тербинафин концентрациясы емдеуді тоқтатқаннан кейінгі 7 күн бойы эпидермистің мүйізді қабатында болады.

Фармакодинамикасы

Тербинафин кең ауқымды әсер ететін зеңге қарсы препарат, аллиламиннің туындысы.

Скваленэпоксидаза ферментін тежеу жолымен зең жасушалы жарғақшасында стериндер биосинтезінің ерте кезеңін өзіне тән түрде бәсеңдетеді. Бұл эргостерол тапшылығына және зең жасушасы өлуін туындататын скваленнің жасуша ішілік жиналуына әкеледі. Скваленэпоксидаза ферменті цитохром Р450 жүйесіне жатпайды, осылайша тербинафин адамның цитохром Р450 жүйесіне, әрі сәйкесінше гормондар немесе басқа дәрілік препараттар метаболизміне әсер етпейді.

Тербинафин зең түрлерінің келесілеріне қатысты фунгицидті (зең жасушасы өлуін туғызады) әсер етеді:

- Trichophyton (T. rubrum, Т. mentagrophytes, T.

verrucosum, Т. tonsurans, Т. violaceum), Microsporum canis, Epidermophyton

floccosum) секілді дерматофиттер

- Pityrosporum orbiculare (Malassezia furfur түрінде де белгілі)

- зеңді саңырауқұлақтар

- анықталған диморфты саңырауқұлақтар

Тербинафин ашытқы саңырауқұлақтарға қатысты алғанда белсенді (негізінен Candida тұқымдастығы), олардың түріне қарай фунгицидті немесе фунгистатикалық болуы мүмкін.

Ламикон кремінің қабынуға қарсы, қышуға қарсы әрі эпителилендіруші әсері бар.

Қолданылуы

  • дерматофиттермен, оның ішінде шап эпидермофитиясы, дененің тегіс терісі мен ірі қатпарлары зеңдік зақымданулары туғызған терілік зең жұқпаларының алдын алу және емдеуде

  • Candida тұқымдастығы саңырауқұлақтар туғызған тері кандидозында

  • әр түсті теміреткіде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға

Ламикон кремін теріге тәулігіне 1 немесе 2 рет жағады. Крем жағардың алдында зақымданған тері бөлігін тазалап, кептіру керек. Кремді зақымданған тері мен жанамалас жатқан бөлігіне жұқалап жағады да, ақырын ғана уқалай сылайды. Тері қатпарларының баздануымен ілесе жүретін жұқпалар кезінде (сүт бездері асты, саусақ арасы, бөксе арасы, шап аймағында) крем жағылған бөліктерді, әсіресе түнде, дәкемен жабуға болады.

Емнің ұсынылатын ұзақтығы

көкірек, балтыр микоздары 1 апта

табан микоздары 1 апта

тері кандидозы 1 апта

әр түсті теміреткі 2 апта.

Емдеу ұзақтығы аурудың сипаты мен ауырлығына байланысты. Симптомдардың жеңілдеуі, әдетте емдеудің алғашқы күндері байқалады.

Үнемі қолданбау немесе емдеуді уақытынан ерте тоқтату рецидивке әкелуі мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

– терінің қызаруы, қышу немесе күйдіру сезімі( аллергиялық реакциялар)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- тербинафин немесе препараттың басқа құрамдас бөліктеріне жоғары сезімталдықта

- 12 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Крем тек қана сыртқа қолдануға арналған және ішке қабылдауға, интраназальді, қынап ішіне қолдануға, офтальмологиялық тәжірибеде қолдануға жарамсыз. Кремнің көз шырышты қабығына тиіп кетуінен сақтанған жөн. Крем көзге тиіп кеткен болса, оны көп мөлшердегі сумен жуу қажет, қажет болған жағдайда дәрігердің кеңесіне жүгінген абзал.

Бүйрек/бауыр жеткіліксіздігі, маскүнемдік, сүйек кемігі қан түзуінің бәсеңдеуі, ісіктер, зат алмасу аурулары, аяқ-қол қан тамырларының окклюзиялық ауруларында сақтықпен қолдану керек.

Тітіркенген, аллергиялық реакциялар немесе өзін нашар сезінген жағдайда тербинафинді қолдануды тоқтатып, сәйкесінше ем тағайындау үшін дәрігерге көрінген жөн.

Жұқпаланған бөліктерге жабыстырылып тар киім киілмеуі тиіс.

Аяқ жұқпалары бар науқастар жақсы желдетілетін аяқ киім кигені дұрыс. Аяқ киім мен шұлықты күніне кем дегенде бір рет ауыстырып отырған жөн. Емдеу әсерінің оңды болуына қол жеткізу үшін ем басталар алдында және аяқталғаннан кейін аяқ киімді зарарсыздандырып отыру қажет (Ламикон спрейін қолданған тиімді).

Анағұрлым жақсы клиникалық әсерге қол жеткізу үшін емдеудің ұсынылған ұзақтығын сақтау маңызды.

Жүктілік және емшек емізу кезеңінде қолдану

Жүктілік және лактация кезеңінде қолдану ұсынылмайды, сондықтан оны қатаң көрсетілімдер бойынша және ана денсаулығы үшін күтілетін пайдасы ұрыққа немесе сәбиге төнетін қатердің ықтималдығынан артық болатын жағдайларда ғана қолданады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозаланғанда

Жүйелік сіңірілуі төмен болғандықтан Ламикон препаратымен артық дозалану мүмкіндігі аз. Егер крем кездейсоқ асқазанға түскен болса, құстыру керек немесе асқазанды шаю қажет.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий сықпада 15 г-ден. Әр сықпаны медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

“Фармак” ААҚ, Украина

Мекенжайы: Украина, 04080, Киев қ., Фрунзе к-сі, 63.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фармак» ААҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасы, 050031 Алматы қ., Төле би к-сі, 291-291а L 74-кеңсе,

Тел/факс: +7 (727) 250 10 28, электрондық адресі: znamer@ukr.net

 

 

 

5

 

Прикрепленные файлы

578721161477977141_ru.doc 68 кб
583390191477978308_kz.doc 77.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники