Ламизил Уно
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Ламизил® Уно
Халықаралық патенттелмеген атауы
Тербинафин
Дәрілік түрі
Сыртқа қолдануға арналған үлбір түзуші 1% ерітінді
Құрамы
1 г ерітіндінің құрамында
белсенді зат - 11,25 мг тербинафин гидрохлориді (10 мг тербинафинге баламалы),
қосымша заттар: акрилаттар/октилакриламид сополимер (дермакрил 79), орта ұзындықтағы тізбекті триглицеридтер, гидроксипропилметилцеллюлоза (Klucel MF), этанол 96% (к/к).
Сипаттамасы
Этанол иісі бар, түссізден аздап-сарғыш түске дейінгі, мөлдірден сәл күңгірт түске дейінгі тұтқыр ерітінді.
Фармакотерапиялық тобы
Зеңге қарсы жергілікті қолдануға арналған басқа да препараттар. Тербинафин
АТХ коды D01AE15
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ламизил® Уно ерітіндісін жаққаннан кейін тербинафин теріде 72 сағат бойы қалады. Тербинафин үлбірден терінің мүйізді қабатына тез өтеді: емшарадан кейін 60 минуттан соң жағылған дозасының 16-18 %-ы мүйізді қабатта анықталады. Тербинафиннің босап шығуы үдемелі сипат алады, әсер етуші заты 13 күннен кейін мүйізді қабатта тербинафиннің in vitro дерматофиттерге қатысты ең төменгі тежегіш концентрациясынан асатын концентрацияда табылады.
Жүйелік биожетімділігі өте болымсыз. Үлбір түзуші ерітінді түріндегі тербинафинді екі табанның беткейлік аумағынан 3 есе артық арқа бөлігіне жағу нәтижесінде, сіңірілген тербинафиннің әсері оны 250 мг таблетка түрінде ішу арқылы қабылдағаннан кейінгі тербинафиннің әсерінен небары 0,5 %-ды құрады.
Жергілікті қолданғанда препараттың сіңірілуі 5 %-дан аз. Ламизил® Уно азғантай жүйелік әсер береді.
Фармакодинамикасы
Тербинафин кең ауқымды зеңге қарсы белсенділікке ие аллиламин болып табылады; Trichophyton (оның ішінде, T. rubrum, T. mentagrophytes, T. verrucosum, T. violaceum), Microsporum canis және Epidermophyton floccosum сияқты дерматофиттер туғызатын зең жұқпаларын емдеуде пайдаланылады. Азғантай концентрацияларда тербинафин дерматофиттер мен зеңдік ағзаларға қатысты фунгицидтік әсер береді. Тербинафин сондай-ақ ашытқы саңырауқұлақтарға қатысты түрлеріне (оның ішінде, Pityrosporum orbiculare немесе Malassezia furfur) байланысты фунгицидтік немесе фунгистатикалық белсенділікке ие.
Тербинафин саңырауқұлақтарда жүретін стеролдар биосинтезінің ерте сатысын спецификалық түрде өзгертеді. Бұл эргостерол тапшылығына және жасушаішілік сквален жиналуына алып келеді, бұл саңырауқұлақ жасушасының өлімін тудырады. Тербинафиннің әсері саңырауқұлақтың жасуша жарғақшасында орналасқан скваленэпоксидаза ферментін тежеуі арқылы жүзеге асады. Скваленэпоксидаза Р450 цитохромы жүйесімен байланыссыз. Тербинафин гормондардың немесе басқа дәрілік препараттардың метаболизміне әсер етпейді.
Ламизил® Уноның емдік әсері Tinea pedis-тен («атлеттің табаны») зардап шегетін тұлғаларда препаратты екі табанға бір рет жаққаннан кейін қамтамасыз етіледі. Препаратты қолданғаннан кейінгі рецидивтер деңгейі едәуір төмен және емдеуден соң 3 айдан кейін 12,5%-ды құрайды.
Қолданылуы
- табан микоздарында (дерматофитияларда) (табан «зеңі», Tinea pedis немесе «атлеттің табаны»)
Қолдану тәсілі мен дозалары
Сыртқа
Ересектер мен 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Ламизил® Уно, үлбір түзуші ерітінді, теріге тек бір рет жағылады, өйткені препарат қорғағыш полимер үлбір түзеді, ол әсер етуші затты біртіндеп босатып шығарады. Ламизил® Уноны, егер тіпті зеңдік зақымдану бір аяқта ғана байқалса да, екі табанға да бір рет жағады. Бұл зеңдердің (дерматофиттердің) жойылуына кепілдік береді, олар табанның зақымдалғаны көрінбейтін бөліктерінде орналасуы мүмкін.
Препаратты жағар алдында табан мен қолдарды жуып, құрғату қажет. Әуелі бір аяғы, сосын екіншісі тазаланады.
Емшараны саусақтар арасындағы бөліктерден бастай отырып, жұқалап саусақтардың арасы мен олардың беткейлерінің айналасына, сондай-ақ табан мен аяқ басының бүйірлеріне 1,5 см дейінгі биіктікте біркелкі жағу керек. Дәл осы жолмен аяқтың келесі басын да, тіпті оның терісі сау көрінсе де тазалау керек. Үлбір түзілгенше 1-2 минут бойы құрғатады. Аяқтарды тазалап болғаннан кейін қолды жуу керек.
Ламизил® Уноны теріге ысқылап жағуға болмайды.
Жақсы нәтижелерге жету үшін тазаланған жерді емшарадан кейін 24 сағат бойына жумаған жөн. Сондықтан, Ламизил® Уноны душ немесе ванна қабылдағаннан кейін жағу ұсынылады және келесі күні аяқтарды дәл сол уақытта қайтадан жуу керек.
Препараттың екі табанға үлбір жағуға қажетті мөлшерін, емшараны жоғарыда сипатталған әдіс бойынша орындай отырып жағу қажет. Препараттың пайдаланылмаған қалдығын жою керек.
Клиникалық симптоматикасының жақсаруы әдетте бірнеше күн ішінде байқалады. Егер бір аптадан кейін жақсару белгілері болмаса, дәрігерге қаралу керек.
Егде жастағылар
Егде науқастарды емдеуде, жас емделушілерге қарағанда, басқа дозаларының қажет болғаны немесе басқа жағымсыз әсерлер туындағаны туралы мәлімет жоқ.
Жағымсыз әсерлері
Жағымсыз әсерлері аса сирек байқалады, айқындығы әлсіз және қысқа мерзімді сипатта болады.
Жүйелік реакциялар
өте сирек (< 1/10 000)
- аллергиялық реакциялар (бөртпе, қызару, буллездік дерматит және есекжем).
Жергілікті реакциялар
сирек (>1/1 000, < 1/100)
- құрғау
- терінің препаратпен өңделген бөлігіндегі терінің тітіркенуі немесе күйдіру мен шаншуды сезінуі.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- тербинафинге немесе препарат құрамына кіретін белсенді емес
ингредиенттердің біреуіне жоғары сезімталдық
- 15 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Ламизил® Уноның дәрілермен өзара әрекеттесулері белгісіз
Айрықша нұсқаулар
Ламизил® Уноны Tinea pedis тудырған (мокассин типіндегі/moccasin type) созылмалы табан гиперкератозы жағдайында қолдану ұсынылмайды.
Ламизил® Уно тек сыртқа қолдануға арналған.
Препаратты бет терісіне жақпаған жөн, ол көздің шырышты қабығының тітіркенуін тудыруы мүмкін. Кездейсоқ көзге түсіп кеткен жағдайда, оны ағынды сумен мұқият жуып тастау керек.
Препаратты ішке қабылдауға болмайды!
Препаратқа аллергиялық реакция дамыған жағдайда, үлбірді органикалық еріткіштің көмегімен алып тастау (мысалы, денатурацияланған спирт) және табандарды сабынды сумен жуу керек.
Аллергиялық реакциялар дамыған жағдайда препаратты тоқтату қажет.
Сақтықпен: бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігінде, маскүнемдікте, сүйек кемігі қаны түзілуінің тежелуінде, ісіктерде, зат алмасу аурулары, аяқ қан тамырларының окклюзиялық ауруларында, 15 жасқа дейінгі балаларда (жеткілікті клиникалық тәжірибенің болмауы).
Жүктілік және лактация кезеңі
Ламизил® Уноны жүкті әйелдерде қолданудың клиникалық тәжіриесі шектеулі болғандықтан, оны тек қатаң көрсетілімдер бойынша қолдану керек.
Тербинафин емшек сүтімен бөлініп шығады, сондықтан препаратты бала емізетін аналарға тағайындамаған жөн.
Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Сыртқа қолданылғанда Ламизил® Уно автокөлік жүргізу мен механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықпал етпейді.
Артық дозалануы
Препараттың артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбаған.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
Бірінші ашу сақинасымен, бұрандалы полиэтилен қақпағы бар ламинатталған (полиэтилен/алюминий/полиэтилен) сықпаларға 4 г салынған.
Сықпа пластик контейнерге орналастырылып, қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Новартис Консьюмер Хелс СА, Швейцария.
Рю де Летраз, п/я 269, 1260 Нион, Швейцария.
Тіркеу куәлігінің иесі
Новартис Консьюмер Хелс СА, Швейцария
ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
Алматы қ., Жамақаев к-сі, 155 А,
Тел. +7 (727)2581291
e-mail leknet.lek.si.kz
5