Лакто G Форте

МНН: Бифидобактерии бифидум, Лактобоциллы ацидофильные
Производитель: ДЖИ ЭМ Фармасютикалс ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты, содержащие микроорганизмы, продуцирующие молочную кислоту
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№025811
Информация о регистрации в РК: 23.05.2022 - 23.05.2027

Инструкция

Саудалық атауы

Лакто-G Форте

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозасы

Капсулалар

Фармакотерапиялық тобы

Ас қорыту жүйесі және зат алмасу. Диареяға қарсы, ішектің қабынуына қарсы/микробқа қарсы препараттар. Антидиареялық микроорганизмдер. Сүт қышқылын өндіретін микроорганизмдер.

коды АТХ А07FA01

Қолданылуы

Патологиялық жағдайлардың алдын алу және емдеу үшін:

- балалар мен ересектердегі дисбактериозды, сонымен қатар антибиотиктермен және басқа химиотерапиялық дәрілермен емдеу кезінде пайда болатын

Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • әсер етуші заттарға немесе 6.1 бөлімінде аталған кез келген қосымша заттарға ас жоғары сезімталдық

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Лакто-G Форте препаратын қолданар алдында дәрігердің кеңесіне жүгіну керек, егер:

  • дене температурасы 380С-ден жоғары болса;

  • нәжісте қан мен шырыштың іздері байқалса;

  • екі күннен астам диарея және іштің ауыруы, сусыздану және салмағын жоғалту байқалса;

  • созылмалы аурулар (қант диабеті, жүрек – қантамырлары аурулары) немесе иммунитеттің төмендеуімен сипатталатын жағдайлар (мысалы, АИТВ-инфекциясы) байқалса.

Капсулалардың ішіндегісін ыстық суда (400С-ден жоғары) еріту ұсынылмайды, одан алынған ерітінді сақтауға болмайды.

Препаратты қолдану кезеңінде алкоголь қабылдау ұсынылмайды.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Лакто-G Форте басқа препараттармен жағымсыз өзара әрекеттесуі байқалмады.

Антибиотиктермен және химиотерапиялық препараттармен бір мезгілде қолданған кезде үш сағаттық аралықты сақтау ұсынылады.

Арнайы ескертулер

Бауыр және бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге препаратты қолдану бойынша ерекше нұсқаулар жоқ.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік және лактация кезінде дәрілік затты қолдануға тыйым салынбайды. Алайда препаратты тағайындау туралы шешімді емдеуші дәрігер қабылдайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Арнайы ұсынымдар жоқ.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

2 жасқа дейінгі балаларға тамақтанар алдында тәулігіне 1 капсуладан қабылдау ұсынылады. Капсуланың ішіндегісін аз мөлшерде сұйықтықпен (шырын, қант қосылған су) сұйылтыңыз.

2-12 жас аралығындағы балаларға тәулігіне 1-2 капсуладан тамақтанар алдында судың аздаған мөлшерімен қабылдау ұсынылады. Егер бала капсуланы жұта алмаса, онда 2 жасқа дейінгі балалар сияқты қабылдау ұсынылады.

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға тәулігіне 2-3 капсуладан тамақтану алдында аз мөлшердегі сұйықтықпен ішіп қолдану ұсынылады.

Енгізу әдісі мен жолы

Препарат тамақ ішер алдында ішке қабылданады.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу ұзақтығы дисбактериоздың даму себебіне және организмнің жеке ерекшеліктеріне байланысты. Әдетте емдеу курсы 2-4 аптаға созылады.

Артық дозаланғанда қабылдау қажет шаралар

Артық дозалану симптомдары сипатталмаған.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне консультацияға жүгіну бойынша ұсынымдар

Егер сізде препаратты қабылдау туралы қосымша сұрақтарыңыз болса, өз дәрігерге қаралыңыз.

ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Препарат жақсы көтерімді, ұсынылған дозаларда қолданғанда жағымсыз әсерлері байқалмады

  • аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді заттар: Lactobacillus acidophilus

Bifidobacterium longum

Bifidobacterium bifidum

Bifidobacterium lactis

Бактериялардың жалпы саны 5х109КТБ-дан кем емес,

қосымша заттар: фруктоолигосахаридтер, күріш мальтодекстрині, магний стеараты.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Өлшемі №0 қатты капсулалар. Капсуланың түсі: қақпағы мен корпусы түссіз.

Капсулалардың ішіндегісі – сарғыш теңбілді ақ ұнтақ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 капсуладан поливинилхлоридті/поливинилиденхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған, пішінді ұяшықты қаптамада.

1 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

ООО ДЖИ ЭМ Фармасютикалс, Грузия

Тбилиси қ-сы, Поничала 65

Тел.: +995 32 2404801/02

Факс: +995 32 2404803

Электронды пошта: office@gmpgeo.com

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

ООО ДЖИ ЭМ Фармасютикалс, Грузия

Тбилиси қ-сы, Поничала 65

Тел.: +995 32 2404801/02

Факс: +995 32 2404803

Электронды пошта: office@gmpgeo.com

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

ҚР өкілі Алматы қ-сы, Гоголь к-сі № 155, 38 п.

Телефоны: + 7 (707) 723 27 72

Электронды пошта: mss001@mail.ru

Прикрепленные файлы

Lacto-G_forte_-_instr.Рус_.2021_(2)_.docx 0.04 кб
Lacto-G_forte_-_ЛВ_KAZ_reg.2021_(2)_.docx 0.03 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту