Лазорин®
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
ЛАЗОРИН
Халықаралық патенттелмеген атауы
Трамазолин
Дәрілік түрі
Дозаланған мұрын спрейі 1.18мг/мл, 10 мл
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат – 1,265 мг трамазолин гидрохлорид моногидраты (1,18 мг трамазолин гидрохлоридіне баламалы),
қосымша заттар: лимон қышқылының моногидраты, натрий гидроксиді, бензалконий хлориді, гипромеллоза (Метоцел Е 4М Премиум), повидон К25, глицерин 85 %, магний сульфаты гептагидраты, магний хлориді гексагидраты, кальций хлориді дигидраты, натрий гидрокарбонаты, натрий хлориді, цинеол, левоментол, рацемиялық камфора, тазартылған су.
Сипаттамасы
Эвкалипт иісі бар, мөлдір, ақшыл сары ерітінді
Фармакотерапиялық тобы
Мұрынға арналған препараттар. Антиконгестанттар және жергілікті қолданылатын басқа да мұрынға арналған препараттар. Симпатомиметиктер. Трамазолин
АТХ коды R01AA09
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңуі және таралуы. Фармакокинетикалық зерттеулер адамға жүргізілген жоқ. Клиникаға дейінгі зерттеулер интраназальді қолданғаннан кейін енгізілген дозасының 50-ден 80 %-ға дейінгісі сіңетінін көрсетті.
Метаболизмі мен шығарылуы. Трамазолин мен оның метаболиттері барлық ішкі ағзаларға таралады, ең жоғарғы концентрациясы бауырда анықталады. Трамазолинді қолданғаннан кейін оның үш негізгі метаболиті несепте анықталған. Терминалдық жартылай шығарылу кезеңі 5–7 сағатты құрайды. Негізінен бүйрек арқылы шығарылады.
Фармакодинамикасы
Трамазолин гидрохлориді – альфа-2-адреномиметик, тамырлардың тарылуын туғызады. Тамырды тарылтатын әсерінің арқасында препарат мұрынның шырышты қабығына жаққан кезде ісінуді азайтады. Нәтижесінде, мұрын жолдарының өткізгіштігі қалпына келеді мұрынмен тыныс алу жеңілдейді. Препараттың әсері алғашқы 5 минут ішінде басталады және 8-10 сағатқа жалғасады.
Қолданылуы
– жедел респираторлық аурулардан және/немесе полиноздан туындаған (ринит, пішен қызбасы) мұрынның шырышты қабығының ісінуінде, мұрынның бітелуінде
– синуситте және ортаңғы отитте (евстахиитте), мұрынның қосалқы қойнауларының ішінен ағып шығуды жеңілдету үшін (дәрігердің ұсынымы бойынша)
Қолдану тәсілі және дозалары
Интраназальді.
Ересектер мен 6 жастан асқан балалар: әр мұрын жолына 1 бүркуден, қажеттілігіне қарай күніне 4 бүркуге дейін.
Препаратты қабылдауды дәрігердің тағайындауынсыз 5-7 күннен артық қолдануға болмайды.
Дозалағыш құрылғысы бар құтыны пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар:
Препаратты бүрку алдында мұрын жолдарын тазарту керек.
1. Қорғағыш қалпақшасын шешіңіз.
2. Алғаш пайдаланар алдында аэрозольдің біркелкі тұрақты бұлты пайда болғанға дейін, ауаға бірнеше рет бүрку қажет (1 сурет). Бұдан кейін дозалағыш құрылғы пайдалануға дайын.