Кызыл май масло полифитовое

Производитель: ПК "Фирма "Кызылмай"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие разные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014375
Информация о регистрации в РК: 11.10.2019 - 11.10.2024

Инструкция

Саудалық атауы

Қызыл май полифит майыХалықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Полифит майы

Құрамы

100 г препараттың құрамында

белсенді заттар: меллиса шөбі 0.20 г, жатаған тасшөп шөбі 0.20 г, итмұрын жемістері 1.0 г, мия тамыры 1.60 г, қалақай жапырақтары 2.0 г, шайқурай шөбі 12.0 г, шырғанақ майы 1.60 г

қосымша зат - өсімдік майы

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі және дәмі бар қара-қызыл түстен қошқыл-қызыл түске дейін болатын майлы сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да емдік өнімдер.

АТХ коды V03

Фармакологиялық қасиеттері

Меллиса шөбінің құрамында эфир майы, иіткіш заттар, В1, В2 витаминдері бар.

Тасшөп шөбінің құрамында негізгі компоненттері тимол корвакрол болып табылатын эфир майы бар.

Итмұрын жемісінің құрамында С витамині, флавоноидтар, каротиноидтар бар.

Қызыл мия құрамына глицирризин кіреді.

Қалақай жапырағының құрамында ацетилхолин, гистамин, К1, В1, В2, Е витаминдері, бета-каротин бар.

Шайқурай шөбінің құрамында флавоноидтер (сонымен бірге рутин) картиноидтер, антрацен туындысы бар.

Шырғанақ майының құрамында С, А, В1, В2, В4, К, Р, РР, Е витаминдері, көп қанықпаған май қышқылдары, қант, фитонцидтер, микроэлементтер бар.

«Қызыл май» полифит май препараты қабынуға қарсы, регенерациялайтын, сергітетін, түйілуді басатын, антиоксиданттық, уыт қайтаратын, жараны жазатын қасиеттерге ие.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында:

- гастриттерде, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруларында, шаншуларда, энтерколиттерде, проктиттерде, геморройда

- ринитте, тонзиллитте, ларингитте, трахеитте, бронхитте

- кольпиттерде, жатыр мойынының эрозиясында

- простатитте, анус жарығында

- терінің сәулемен зақымдануында, ойылуында

- иммунитет қорағанысының төмендеуімен қатар жүретін ауруларда

Қолдану тәсілі және дозалары

Асқазан-ішек жолдары аурулары кезінде:

- тамақтанардан 1 сағат бұрын сүт тағамдарына, кисельге немесе балға араластырып 0,5-1 ш.қ. күніне 4-6 рет ішу керек. Емдеу курсы 4-8 апта.

Жоғарғы тыныс алу жолдары аурулары кезінде:

- мұрын қуыстарының шырышты қабаттарына күніне 1 рет жағу түрінде;

- мұрынжұтқыншаққа немесе көмейге 0,5 мл-ден құю арқылы 10-15 емшара курсы;

- 1 ш.қ. ішу арқылы ересектерге және балаларға ½ ш.қ. тамақтанардан 20-30 минут бұрын күніне 2-3 рет ішу. Емдеу курсы 1-2 апта.

Балаларға ересектердің дозасының жартысын тағайындайды.

Гинекологиялық аурулар кезінде: шырышты қабық пен жатыр мойнын фурациллинмен өңдегеннен кейін майға малынған тампон енгізіледі, курс 1-2 апта.

Простатитте, проктитте, геморрой кезінде препаратты клизма түрінде (ішекті алдын ала тазалаған соң) 10-15 мл-ден күніне 1 рет енгізеді, курсы 10-15 емшара. Сыртқа анус жарығында, геморройда күніне 2-3 рет жағу керек.

Ойылуды, терінің сәулемен зақымдануын емдеу кезінде:

- өңезден тазаланған жерге майды жағып, дәкемен орап қояды, оны күн сайын ауыстырып тұру керек.

Жағымсыз әсерлері

- сирек жағдайларда: қышыма, күйдіру, гиперемия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары жеке сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекeттестігі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Педиатрияда қолдану

Препаратты балалар тәжірибесінде ұсынылғаннан аспайтын дозада тағайындайды.

Жүктілік және лактация кезеңінде қолдану

Препаратты жүкті және бала емізетін әйелдерге емдік дозаларда пайдалануға болады.

Автокөлікті және қауіпті деп саналатын механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препаратты қолдану автокөлік пен қауіпті деп саналатын механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 мл-ден, 100 мл-ден тығыздағыш тамшуыр-қақпақтармен және бақылау сақинасы бар полимер қақпақпен тығындалған медициналық құтыларда. Құтыларға этикеттік немесе жазу қағазынан жасалған заттаңбалар желімделеді. Әрбір құты мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қосымша парақпен бірге қорапшалық картоннан жасалған қорапшаға қапталады.

Сақтау шарттары

18°С-ден аспайтын температурада жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Қызылмай» Фирмасы» ӨК, Қазақстан

Алматы қ., Ипподром к-сі, 6

Тіркеу куәлігінің иесі

«Қызылмай» Фирмасы» ӨК, Қазақстан

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Қызылмай» Фирмасы» ӨК

Қазақстан Республикасы,

Алматы қ-сы, Ипподром к-сі, 6

т. 382-20-27, факс 382-19-20

Е – mail: reception@kyzylmay.com

Прикрепленные файлы

008048271477976692_ru.doc 48 кб
084778151477977850_kz.doc 45 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники