Кызыл май-Липофит®
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
«Қызыл май – Липофит»®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Суппозиторийлер
Құрамы
Бір суппозиторийдің құрамында
белсенді заттар: 0.001 г мыңжапырақ шөбінің қою сығындысы, 0.60 г «Қызыл май» полифитті майы
қосымша заттар: сары балауыз, какао майы.
Сипаттамасы
Крем түстестен крем тәрізді қоңыр түсті, біртекті немесе кесіндісінде қуыс өзегі бар суппозиторийлер. Тоңазытқышта сақтағанда балауыздың кристалдануы есебінен, бөлме температурасында жоғалатын түйіршіктенуі пайда болуы мүмкін.
Фармакотерапиялық тобы
Интравагинальді енгізуге арналған қабынуға қарсы препараттар
АТХ КОДЫ G02 СС
Фармакологиялық қасиеттері
Мыңжапырақтың қою сығындысының құрамында бағалы липоидті компоненттер: эфир майлары, бальзамдар, шайырлар, майда еритін витаминдер, пигменттер және полифитті майдың қабынуға қарсы және репаративті қасиеттерін күшейтетін басқа биологиялық белсенді қосылыстар бар.
«Қызыл май» полифитті майының қабынуға қарсы, регенерациялаушы, сергітетін, түйілуді басатын, антиоксиданттық, уыттануға қарсы, жараны жазатын қасиеттері бар, әлсіз жібіткіш әсер береді.
«Қызыл май – Липофит» ® суппозиторийлері қабынуға қарсы, ауыруды басатын антисептикалық және репаративті әсер етеді. Шырышты қабықтардың ауыруы мен тітікенуін басады, жеңіл жібіткіш әсері бар.
Қолданылуы
Кешенді ем құрамында:
- гинекологиялық ауруларда (кольпит, цервицит, эрозия)
-
урологиялық ауруларда (цистит, простатит)
-
проктологиялық ауруларда (проктит, колит, геморрой)
Қолдану тәсілі мен дозалары
Ректалді немесе қынапқа 1- 2 суппозиторийден 10-15 күн бойы күніне 1-2 рет енгізеді. Жібіткіш дәрі ретінде ұзақ уақыт қолдану керек.
Жағымсыз әсерлері
- препараттың құрамдас компоненттеріне аллергиялық реакциялар болуы мүмкін
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Педиатрияда қолданылуы
Препарат балалар тәжірибесінде қолданылмайды.
Жүктілік және лактация
Препаратты жүкті және бала емізетін аналарда емдік дозаларда пайдалануға болады.
Көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Анықталмаған
Шығарылу түрі мен қаптамасы
5 немесе 10 суппозиторийден поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. Бір (10 суппозиторийден) немесе екі (5 суппозиторийден) пішінді қаптамадан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.
Сақтау шарттары
100С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Қызылмай» Фирмасы» ӨК, Қазақстан
Алматы қ-сы, Ипподром к-сі, 6
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
«Қызылмай» Фирмасы» ӨК, Қазақстан
ҚР аумағында өнім сапасына қатысты тұтынушылардың шағымын қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Қызыл май» Фирмасы» ӨК
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ-сы, Ипподром к-сі 6
Тел. 382-20-37, факс 382-19-20
E-mail: reception@kyzylmay.com
3