Куриозин® (гель, 15 г)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Куриозин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
15 г гель
Құрамы
1 сықпа гельдің құрамында
белсенді заттар - 15,4 мг мырыш гиалуронаты (15 мг таза натрий гиалуронатына баламалы), 5 мг мырыш хлориді,
қосымша заттар: калий сорбаты, натрий гидроксиді, карбомер, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Іс жүзінде иіссіз, түссіз немесе түссіз дерлік мөлдір гель.
Фармакотерапиялық тобы
Безеулі бөртпені жергілікті емдеуге арналған басқа да препараттар
АТХ коды D10 АХ
Фармакологиялық қасиеттері
Куриозин қабынуға қарсы және бактерияға қарсы әсер көрсетеді.
Гиалурон қышқылы – мукополисахарид типтес полимер, гидрофильді қасиеттері бар, су молекулаларымен дисперсиялы матрикс түзеді, тері жабындарының серпінділігін және тонусын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады; қабынуға қарсы, аптисептикалық және күйікке қарсы әсер көрсетеді, регенерацияны көтермелейді. Гиалурон қышқылы протеогликандардың басқа молекулаларымен дәнекер тіннің жасушааралық массасын тұрақтандырады. Гиалурон қышқылының Zn2+-пен біріктірілімі Propionibacterium acne липазалық белсенділігінің тежелуіне ықпал етумен, патологиялық үдерісті бәсеңдетеді және эпидермистің бұзылған метаболизмін қалпына келтіреді, комедондардың, папулалар мен пустулалардың түзілуін болдырмайды.
Куриозин гель безеулердің пайда болуына жол бермейді, коллагеннің түзіле бастаған талшықтарының ретпен орналасуына ықпал етеді және тыртықтардың түзілуін кедергілейді, гранулоциттер мен макрофагтар белсенділігін арттырады және фибробласттар мен ангиогенездер пролиферациясын күшейтеді.
Жергілікті қолданған кезде гиалурон қышқылының және мырыштың жүйелік сіңірілуі төмен.
Қолданылуы
- ауырлық дәрежесі жеңіл және орташа болатын кәдімгі безеулер (әсіресе камедонды және папулезді-пустулезді безеулер).
Қолдану тәсілі және дозалары
Терінің зақымданған бөліктерін мұқият тазалағаннан кейін тәулігіне екі рет жұқа қабаттап жағады.
Гель бірнеше минут ішінде сіңіп кетеді, сондықтан таңғыш салудың қажеті жоқ. Безеу бөртпесін Куриозин гель препаратымен емдеу ұзақтығы аурудың ауырлығы мен ұзақтығына байланысты, дәрігер-дерматолог арқылы белгіленеді.
Жағымсыз әсерлері
Жиі (>1/100 - <1/10)
- ашыту сезімі және терінің қызаруы
- тері құрғаған кезде тырысу сезімі пайда болуы мүмкін (әдетте аталған көріністер емдеуді жалғастырған кезде өздігінен жоғалады)
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың кез келген ингредиентіне аса жоғары сезімталдық
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған.
Айрықша нұсқаулар
Препарат жасөспірім жаста қолдануға арналған.
Препарат фотосезімталдық тудырмайды, теріге немесе іш киімге жұқпайды.
Жүктілік, лактация кезеңі
Препаратты жүктілік кезінде және лактация кезеңінде қолдану жөнінде деректер жоқ.
Автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі
Препарат автокөлікті және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Жүйелік сіңірілуі төмен болуына орай артық дозалану ықтималдығы аз.
Шығарылу түрі және қаптамасы
15 г препараттан ұшы тесілетін ақ полиэтилен қақпақшасы бар алюминий сықпада.
1 сықпадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
15оС-ден 30оС-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші ұйымның атауы және елі
«Гедеон Рихтер» ААҚ, Венгрия
Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі
«Гедеон Рихтер» ААҚ, Венгрия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасы туралы шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы
ҚР-дағы «Гедеон Рихтер» ААҚ өкілдігі,
Алматы қ., Нұрлыбаев к-сі, 11
e-mail: info@richter.kz
Тел. 8 (7272) 58-26-22, 8 (7272) 58-26-23