Ксарелто® (2.5 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Ксарелто
Халықаралық патенттелмеген атауы
Ривароксабан
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған 2,5 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 2,5 мг микрондалған ривароксабан,
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, гипромеллоза 5 сР (гидроксипропилметилцеллюлоза 2910), лактоза моногидраты, магний стеараты, натрий лаурилсульфаты,
қабықтың құрамы: темірдің (ІІІ) қызыл тотығы (Е172), гипромеллоза 5 сР (гидроксипропилметилцеллюлоза 2910), макрогол 3350 (полиэтиленгликоль (3350)), титанның қостотығы (Е171).
Сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі жағы дөңес, ашық-сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жақ бетінде үшбұрыш және «2.5» таңбасы және екінші жақ бетінде фирмалық байер кресті бар таблеткалар
Фармакотерапиялық тобы
Қан түзуге және қанға әсер ететін препараттар. Басқа да антикоагулянттар. Ривароксабан.
АТХ коды В01AХ06
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңуі және биожетімділігі
Ривароксабанның доза қабылдағаннан кейінгі абсолюттік биожетімділігі жоғары және 80-100% құрайды. Ривароксабан тез сіңеді; ең жоғары концентрацияға (Смакс.) таблетканы қабылдағаннан кейін 2-4 сағаттан соң жетеді. Ас қабылдау 10 мг дозадағы ривароксабанның AUC («концентрация – уақыт» қисығы астындағы аумақ) немесе Смакс ықпалын тигізбейді. 2,5 мг таблеткаларды тамақпен де, сондай-ақ тамақ ішуге байланыссыз да қабылдауға болады.
Ривароксабанның фармакокинетикасы орташа өзгергіштігімен сипатталады. Жекелей өзгергіштігі (вариациялық коэффициенті) 30-дан 40-ға дейінгі шаманы құрайды.
20 мг таблеткалар тұтас күйінде пероральді қабылдауға тағайындалғанда және таблетка ұсақталған түрде алма езбесінде немесе суда ерітіліп, назогастральді зонд арқылы енгізіліп, соңынан сұйық тамақ енгізілумен тағайындалғанда биожетімділігі (AUC және Смакс) салыстырарлықтай болды.
Болжамды дозаға тәуелді фармакокинетикалық бейінін ескере отырып, биожетімділігінің бұл деректерін төмендеу дозаларға да қатысты деуге болады.
Таралуы
Адам организмінде ривароксабанның үлкен бөлігі (92 - 95) плазма ақуыздарымен байланысқан, мұндайда негізгі байланыстырушы компоненті сарысулық альбумин болып табылады. Таралу көлемі – орташа (Vss) шамамен 50 л құрайды.
Метаболизмі және шығарылуы
Ривароксабан көбінесе метаболиттер түрінде (шамамен тағайындалған дозаның 2/3 бөлігі) несеппен және нәжіспен бірге бірдей арақатынаста шығарылады, сондай-ақ тікелей бүйрек экскрециясы арқылы өзгермеген зат түрінде (шамамен 1/3) шығарылады. Ривароксабанның метаболизмін СҮР 3A4, СҮР 2J2 изоферменттері, сондай-ақ Р450 цитохромы жүйесіне тәуелді емес ферменттер жүзеге асырады. Биотранформациясының негізгі аймақтары тотығу деградациясына ұшырайтын морфолин тобы және гидролизденетін амид топтары болып табылады.
Ривароксабан ақуыз тасымалдаушы Р-gp (Р-гликопротеин) және Всrр (сүт безі қатерлі обырына тұрақты ақуыз) үшін субстрат болып табылады.
Өзгермеген ривароксабан адам плазмасында өте маңызды қосылыс болып табылады, плазмада айналымда болатын маңызды немесе белсенді метаболиттер табылған жоқ.
Жүйелік клиренсі сағатына шамамен 10 л құрайтын ривароксабан, клиренс деңгейі төмен дәрілік заттарға жатқызылуы мүмкін. Ривароксабанды плазмадан шығарған кезде жартылай шығарылудың терминальді кезеңі жас емделушілерде 5 сағаттан 9 сағатқа дейінгі уақытты және егде емделушілерде 11 сағаттан 13 сағатқа дейінгі уақытты құрайды.
Жынысы/Егде жас
Егде емделушілерде ривароксабанның плазмадағы концентрациясы, жас емделушілерге қарағанда, жоғары болады, орташа АUС мәні жас емделушілердегі тиісті мәндерден, негізінен, төмендетілген жалпы және бүйректік клиренсі салдарынан, шамамен 1,5 есе артық болады.
Еркектер мен әйелдердің фармакокинетикасында клиникалық тұрғыдан маңызды айырмашылықтар табылған жоқ.
Әртүрлі салмақ категориясы
Өте аз немесе үлкен салмақ (50 кг-нан төмен және 120 кг-нан астам) ривароксабанның плазмадағы концентрациясына тек аздап қана ықпалын тигізеді (айырмашылығы 25-дан азды құрайды).
Балаларда
Бұл жастағы категориялар бойынша деректер жоқ.
Этникааралық айырмашылықтар
Еуропалық, афро-америкалық, латынамерикалық, жапондық немесе қытайлық этникалық топтарда фармакокинетикасы мен фармакодинамикасында клиникалық тұрғыдан маңызды айырмашылықтар байқалған жоқ.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр ауруының ауырлығын бағалау үшін Чайльд-Пью классификациясы жүйесі бар, ол бауырдың созылмалы ауруына, негізінен, циррозына баға беру үшін пайдаланылады. Антикоагулянттармен ем жүргізу жоспарланған емделушілер үшін бауыр функциясының бұзылуының критикалық аспектісі бауырда қанның ұю факторы синтезінің төмендеуі болып табылады. Бұл аспект классификация жүйесін құрайтын бес биохимиялық/клиникалық зерттеудің біреуін жүргізумен ғана бағаланатындықтан емделушілерде қан кетудің пайда болу қаупі классификация сызбасымен өзара анық байланыспауы мүмкін. Осыған байланысты антикоагулянтты терапияны тағайындау жөніндегі шешім, көрсетілген классификацияның деректеріне қарамай-ақ, қабылдануы тиіс.
Бауыр қызметінің жеңіл жеткіліксіздігімен бауыр циррозы бар (Чайлд-Пью классификациясы бойынша А класы) науқастарда ривароксабанның фармакокинетикасы тек елеусіз айырмашылықпен сипатталады, бұл ривароксабан AUC орташа 1.2 есе артуымен білінеді және фармакодинамикалық қасиеттерінің елеулі айырмашылығы болмауымен білінеді.
Ауырлық дәрежесі орташа бауыр қызметінің жеткіліксіздігі бар (Чайлд-Пью бойынша В класы) бауыр циррозымен науқастар үшін төмендегі көрсеткіштер тән: орташа АUС көрсеткіші 2,3 есе артық, бос АUС көрсеткіші 2,6 есе жоғарылаған, Ха қан факторы белсенділігінің елеулі (2,6 есе) бәсеңдеуі және протромбиндік уақыттың 2,1 есе жоғарылаған көрсеткіші.
Бауыр қызметінің жеткіліксіздігі орташа емделушілер ривароксабанға сезімталдығы жоғарырақ болды, ол плазмадағы ривароксабанның концентрациясы мен протромбинді уақыт арасындағы фармакокинетикалық және фармакодинамикалық өзара байланысының өте тығыздығымен білінді.
Бауыр қызметінің ауыр жеткіліксіздігі бар (Чайлд-Пью бойынша С класы) науқастарға препаратты қолдану жөнінде деректер жоқ.
Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі
Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі бар науқастарда креатинин клиренсі бойынша анықталатын, бүйрек қызметінің төмендеуіне кері пропорциональді ривароксабанның әсер ету деңгейінің артқаны байқалады.
Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі жеңіл (креатинин клиренсі минутына 80-50 мл), орташа ауыр (креатинин клиренсі минутына 50-30 мл) немесе ауыр (креатинин клиренсі минутына 30-15 мл) науқастарда плазмадағы ривароксабанның концентрациясының (AUС), тиісінше, 1,4-, 1,5- және 1,6 есе артқаны байқалды.
Бүйрек қызметінің жеңіл, орташа ауыр және ауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде қанның Ха факторы белсенділігінің жалпы төмендеуі, протромбинді уақыттың 1,3; 2,2 және 2,4 есе артуына сәйкес, 1,5; 1,9 және 2 есе артты.
Ксарелтоны® креатинин клиренсі минутына < 15 мл болатын емделушілерге қолдану жөнінде деректер жоқ. Ксарелтоны® креатинин клиренсі минутына 30-15 мл болатын емделушілерге қолданған кезде сақ болған жөн.
Негізгі ауру салдарынан, бүйрек қызметінің ауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде қан кетулердің және тромбоздың даму қаупі жоғары болады.
Фармакодинамикасы
Ксарелто – ішке қабылдаған кезде биожетімділігі бар қанның Ха факторының жоғары іріктелген синтетикалық тікелей тежегіші.
Ішкі және сыртқы жолдар арқылы Ха факторының түзілуімен қанның Х факторының белсенділенуі коагуляциялық каскадта орталықтық рөл атқарады. Қанның Ха факторы протромбиназа жиынтығы арқылы протромбинді тромбинге тікелей айналдырады, және де бұл реакция соңында фибриндік ұйындының пайда болуына және тромбоциттердің тромбинмен белсенділенуіне әкеледі. Коагуляциялық каскадтың амплифицикациялаушы табиғатының арқасында Ха факторының бір молекуласы тромбиннің 1000 молекуласынан астамының пайда болуына мүмкіндік береді. Бұдан басқа, Ха факторы арқылы болатын, протромбиназамен байланысты реакциялар жылдамдығы, бос Ха факторы арқылы жүретін реакция жылдамдығымен салыстырғанда, 300 000 есе артады және тромбиннің күшті «жарылыс тәрізді» пайда болуына әкеп соғады. Ха факторының іріктелген тежегіштері тромбиннің осылай пайда болуын тоқтатуға қабілетті. Осының салдары ретінде, Ксарелто қанның ұюына жасалатын бірқатар ерекше және жалпы сынамалар нәтижелерін өзгертеді.
Ха факторы белсенділігінің басылуы дозаға байланысты. Ксарелто протромбинді уақытқа дозаға тәуелді ықпалын тигізеді және егер сынама үшін «Neoplastin®» жиынтығы қолданылса, плазмадағы (r=0,98) концентрациялармен өзара жақын байланысады. Басқа да реактивтерді қолданғанда нәтижелері өзгеше болады. Аспаптың көрсеткішін секундтармен алған жөн, өйткені ХҚҚ (халықаралық қалыпты қатынас) деңгейі кумариндер үшін ғана калибрленген және валидацияланған және басқа антикоагулянттар үшін қолдануға келмейді. Ірі көлемдегі ортопедиялық операциялар жүргізілген емделушілерде протромбин үшін (Neoplastin®)5/95 процентилі таблетка қабылдағаннан кейін (яғни ең жоғары әсеріне жету уақытында) 2-4 сағаттан соң 13-тен 25 секундқа дейін ауытқиды.
Ксарелто сондай-ақ дозаға байланысты белсенділендірілген ішінара тромбопластинді уақытты (БІТУ) және НерТеst нәтижесін арттырады; алайда бұл параметрлерді Ксарелтоның фармакодинамикалық әсерлеріне баға беру үшін қолданбау керек. Ксарелто сондай-ақ қанның Ха анти-фактор белсенділігіне ықпалын тигізеді, бірақ калибровка үшін стандарттары жоқ.
Ксарелтомен емделу кезінде қанның ұю параметрлеріне мониторинг жүргізудің қажеттілігі жоқ.
Клиникалық тиімділігі
Жедел коронарлық синдромы бар емделушілерде ацетилсалицил қышқылымен (АСҚ) немесе АСҚ және тиенопиридинмен үйлесімдегі күніне екі рет 2,5 мг дозада Ксарелто®қолданудың негізгі зерттеулеріне 15.526 емделуші қатыстырылды. Ксарелто® қабылдау кезеңі орташа алғанда 13 айды (медиана) құрады,емнің ең ұзақ кезеңі 3 жылға дейін жалғасты. Емделушілердің 93.2% қатарлас ем ретінде АСҚ плюс тиенопиридин қабылдады және емделушілердің 6.8% тек АСҚ қабылдады. Қосарлы антитромбоцитарлық ем қабылдаған емделушілердің 98.8% клопидогрел қабылдаған, 0.9 % тиклопидин және 0.3 % празугрел қабылдаған.
Плацебомен салыстырғанда, жүрек-қан тамырлық өлім, миокард инфарктісі немесе инсультті қоса алғандағы, Ксарелтоның ® біріншілік жиынтық көрсеткішін нақты төмендетті. Бұл көрсеткіш ацетилсалицил қышқылымен (АСҚ) немесе АСҚ және тиенопиридинмен үйлесімдегі күніне екі рет 2,5 мг дозада Ксарелто® қабылдаған топта 6,1% құрады, АСҚ немесе АСҚ және тиенопиридинмен үйлесімдегі плацебо тобындағы 7,4% салыстырғанда (қауіп қатынасы 0,84; р=0,020). Сондай-ақ Ксарелто® тобында екіншілік жиынтық көрсеткіш төмендеу болды (кез келген себепті өлім жағдайы, миокард инфарктісі және инсульт), бұл көрсеткіш Ксарелто® қабылдаған топта плацебо тобындағы 7,4% салыстырғанда 6,3% құрады (қауіп қатынасы 0,83; р=0,016). Ксарелтомен® ем қабылдаған емделушілерде жалпы өлім жағдайы төмен болды: 2% - плацебо тобындағы 2,8% салыстырғанда (қауіп қатынасы 0,66; р=0,002). Сыртартқысында іркілісті жүрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде Ксарелто® тиімділігінің біріншілік жиынтық көрсеткіші (жүрек-қан тамырлық өлім, миокард инфарктісі немесе инсульт) бойынша плацебомен салыстырғандағы айырмашылығы көбірек болды: плацебо тобындағы 17,2% салыстырғанда (қауіп қатынасы 0,58; р=0,016) Ксарелто® тобында бұл көрсеткіш 10,5% құрады. Қосымша талдау Ксарелто® тобында плацебо тобымен 1,7% салыстырғанда стент тромбозы жиілігі (1,2%) төмендегенін (қауіп қатынасы 0,70; р=0,033) көрсетті.
Қауіпсіздіктің бірінші көрсеткішінің жиілігі (TIMI - Thrombolysis In Myocardial Infarction, миокард инфарктісіндегі тромболизисті зерттеу бағдарламасы бойынша аортокоронарлық шунттауға байланысты емес көп қан кетулер жиілігі) Ксарелто® тобында жоғары болды, бұл көрсеткіш плацебо тобындағы 0,4% салыстырғанда Ксарелто® тобында 1,3% құрады. Сондай-ақ өмірге қауіп төндіретін қан кетулер жиілігі де жоғары болды - Ксарелто® тобында 0,8% және 0,4% - плацебо тобында. Алайда көктамыр ішіне инотроптық дәрілермен ем алуды талап ететін фатальді қан кетулер жиілігі, гипотензия және қан кетуді емдеу үшін хирургиялық араласулар Ксарелто® тобында және плацебо тобында салыстырарлықтай болды.
Емделушілер Ксарелтоның® бірінші дозасын әдетте антикоагулянттарды парентеральді қолдану тыйылған кезеңде, реваскуляризация шараларын қоса, ауруханаға жатқызылған соң және ЖКС кейінгі жай-күйі тұрақтанған соң кем дегенде 24 сағаттан кейін және ең көбі 7 күн бойына (орташа 4,7 күн) қабылдады.
Зерттеулерге сыртартқысында инсульт және транзиторлық ишемиялық шабуыл (ТИШ) болған біршама емделушілер алынды. Осыған байланысты бұндай емделушілерде ацетилсалицил қышқылымен (АСҚ) немесе АСҚ және тиенопиридинмен үйлесімде күніне екі рет 2,5 мг дозада Ксарелто® қолдану ұсынылмайды.
Қолданылуы
- жедел коронарлық синдромды (ЖКС) өткерген (ЭКГ-да ST сегменті көтерілуі бар және көтерілуі жоқ миокард инфарктісі немесе тұрақсыз стенокардия ) емделушілерде атеротромбоздық жағдайлардың алдын алу үшін (жүрек-қан тамырлық өлім, миокард инфарктісі және стент тромбозы), ацетилсалицил қышқылымен немесе ацетилсалицил қышқылы және тиенопиридинмен (клопидогрел немесе тиклопидин) біріктірілімде
Қолдану тәсілі және дозалары
Ксарелтоны® тамақ ішуге байланыссыз қабылдауға болады.
Жедел коронарлық синдромнан кейін препараттың ұсынылатын дозасы күніне 2 рет 2,5 мг 1 таблетка Ксарелтоны құрайды.
Емделушілер сондай-ақ Ксарелтомен бірге ацетилсалицил қышқылын 75- 100 мг тәуліктік дозада немесе 75- 100 мг тәуліктік дозада ацетилсалицил қышқылын 75 мг тәуліктік дозадағы клопидогрелмен біріктірілімде немесе медицинада қолданылуы бойынша нұсқаулыққа сәйкес және дәрігер шешімі бойынша тиклопидиннің тәуліктік дозасымен қабылдау керек.
Ксарелто 2,5 мг препаратымен емдеу реваскуляризация бойынша емшараларды қоса, ЖКС байланысты жай-күйдің тұрақтануынан кейін мүмкіндігінше ертерек басталуы керек. Ксарелто®қабылдауды емделуші стационарға түскеннен кейін 24 сағат өткен соң ғана бастауға болады. Ксарелто 2,5 мг қабылдауды әдетте антикоагулянттарды парентеральді қолдануды тоқтатқан кезеңде бастау керек.
Егер емделуші таблетканы тұтас жұта алмаса, таблетканы майдалауға болады және оны дәл қабылдар алдында сумен немесе консистенциясы жұмсақ тамақпен, мысалы алма пюресімен араластырып қабылдауға болады, одан кейін емделуші дереу тамақ ішуі керек.
Ксарелтоның® майдаланған, аз мөлшердегі суға араластырылған таблеткасын асқазан зонды көмегімен беруге болады, бұл арада таблетканы қабылдар алдында зондтың асқазанда тұрғанын анықтап алу керек. Майдаланған таблетканы зонд арқылы енгізуден кейін зондты әуелі сумен жуу керек, содан кейін энтеральді қоректендіруді енгізу керек.
Емнің ұсынылатын ұзақтығы (Ксарелтоны® күніне екі рет 2,5 мг дозада ацетилсалицил қышқылымен (АСҚ) немесе АСҚ және тиенопиридинмен үйлестіре) 24 айдан кем емес уақытты құрайды.
Жедел коронарлық синдромды өткерген емделушілерде жүрек-қан тамырлық бұзылуы даму қаупі сақталуы жалғаса беретіндіктен емді 24 айдан астам ұзақтыққа ұлғайту мәселесін қарастыру ұсынылады.
Доза қабылдауды босатып алғандағы әрекет
Таблетка қабылдауды жіберіп алған жағдайда Ксарелто® препаратының ұсынылған 2.5 мг дозасын ұдайы қабылдауды жоспардағы келесі қабылдау уақыты бойынша жалғастыру керек.
Емделушілердің жеке популяциялары бойынша қосымша ақпарат
Егде емделушілерге, сондай-ақ жынысына, дене салмағына немесе этникалық ерекшелігіне қарай доза түзету талап етілмейді.
Бауыр тарапынан бұзылулары бар емделушілер
Клиникалық елеулі қан кету қаупі жоғары коагулопатиямен қатар жүрмейтін, бауыр ауруы бар науқастарда доза түзету талап етілмейді. Бауыр тарапынан орташа бұзылуы бар науқастарда (Чайлд-Пью жіктемесі бойынша В класы) клиникалық деректері шектеулі болуы препараттың фармакологиялық белсенділігінің елеулі жоғарылығын көрсетеді. Бауыр тарапынан ауыр бұзылуы бар науқастарда клиникалық деректер (Чайлд-Пью жіктемесі бойынша С класы) жоқ.
Бүйрек тарапынан бұзылулары бар емделушілер
Жеңіл немесе ауырлығы орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда Ксарелто дозасын түзету талап етілмейді. Креатинин клиренсі 15-30 мл/мин ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда Ксарелтоқолдану туралы клиникалық деректер шектеулі болуы плазмадағы ривароксабан деңгейінің елеулі жоғарылауын көрсетеді. Осыған байланысты бұл топтардың науқастарында Ксарелтоны сақтықпен қолдану керек, және қажет болғанда доза түзету мүмкіндігін жеке тәртіпте қарастыру керек. Креатинин клиренсі <15 мл/мин ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда Ксарелтоны қолдану ұсынылмайды.
K витамині антагонистерінен (КВА) Ксарелтоға® ауысу
Емделушілер КВА-нен Ксарелтоға® өткенде, Ксарелтонықабылдағаннан кейін ХҚҚ мәні қате түрде жоғарылайды. ХҚҚ Ксарелтоның® антикоагулянттық белсенділігін анықтауға жарамсыз, және бұл мақсатқа сондықтан пайдалануға болмайды ("Дәрілермен өзара әрекеттесуін " қараңыз).
Ксарелтодан® K витамині антагонистеріне (КВА) өту
Ксарелтодан® КВА өткенде антикоагулянттық әсердің жеткіліксіздігі туындауы мүмкін. Осыған байланысты осындай ауысу уақытында альтернативті антикоагулянттар көмегімен үздіксіз жеткілікті антикоагулянттық әсерді қамтамасыз ету керек. Ксарелтоның® ХҚҚ жоғарылатуы мүмкіндігін атап өту керек. Ксарелтодан® КВА өткенде ХҚҚ ≥2,0 көрсеткішіне жеткенше бір мезгілде КВА қабылдау керек. Өту кезеңінің бастапқы екі күні ішінде КВА стандартты дозасын қабылдау керек, соңынан ХҚҚ көрсеткіші анықталу нәтижесіне қарай КВА дозасы тағайындалады. Ксарелтоны® және КВА қабылдау кезінде ХҚҚ көрсеткішін алдындағы дозаны қабылдаудан кейін 24 сағат өткеннен кейін ғана, бірақ Ксарелтоның®келесі дозасын қабылдауды бастағанға дейін анықтау керек. Ксарелтоны® қолдануды тоқтатқан соң препараттың соңғы дозасын қабылдағаннан кейін 24 сағаттан кейін ғана ХҚҚ нақты анықтау жүргізуге болады.
Парентеральді антикоагулянттардан Ксарелтоға® өту
Парентеральді антикоагулянттар қабылдаушы емделушілер үшін Ксарелтоны® қолдануды препаратты келесі (мысалы, төменмолекулярлы гепаринді) жоспарлы парентеральді енгізу уақытынан 0-2 сағат бұрын бастау керек немесе препаратты (мысалы, фракцияланбаған гепаринді көктамыр ішіне енгізу) үздіксіз парентеральді енгізуді тоқтатқан сәттен бастау керек.
Ксарелтодан® парентеральді антикоагулянттарға өту
Ксарелтоны® тоқтату керек және парентеральді антикоагулянттың бірінші дозасын Ксарелтоның® келесі дозасын қабылдау керек кезде енгізу қажет.
Жағымсыз әсерлері
Аяқта үлкен көлемдегі ортопедиялық операция жасатқан (тізе немесе ұршық буынын тұтас протездеу) 6097 емделушіде ұзақтығы 39 күнге дейін созылған 10 мг дозада Ксарелто® қабылдаудың қауіпсіздігі бағаланған.
3 апта бойына күніне екі рет 15 мг дозада, соңынан 21 айға дейінгі кезеңде күніне бір рет 20 мг дозада қабылдаумен 4 556 емделушіде Ксарелто® қабылдаудың қауіпсіздігі бағаланған.
Инсульттің және жүйелік тромбоэмболияның алдын алуда шығу тегі клапандық емес жүрекше фибрилляциясы бар, Ксарелтоның® бірден кем емес дозасын қабылдаған 7750 емделушіде, сондай-ақ жедел коронарлық синдромы бар (ЖКС) ацетилсалицил қышқылын немесе ацетилсалицил қышқылын клопидогрелмен немесе тиклопидинмен біріктірілімде қабылдауға қосымша Ксарелтоның® (күніне екі рет) бірден кем емес немесе 2,5 мг болмаса 5 мг Ксарелто® (күніне екі рет) дозасын қабылдаған 10225 емделушіде Ксарелто® қабылдаудың қауіпсіздігі бағаланған.
Ксарелтоны®пайдалануда тіркелген қолайсыз реакциялардың жиілігі туралы жалпы деректер төменде келтірілген.
Жиі ( ≥1/100-ден <1/10дейін)
- анемия (тиісті зертханалық параметрлерді қоса)
- көзге қан құйылуы (конъюнктиваға қан құйылуды қоса)
- асқазан-ішек жолдары аумағындағы ауыру, диспепсия, жүрек айнуы, іш қатуы*, диарея, құсу*, қызл иек қанағыштығы, асқазан-ішектен қан кету (ректальді қан кетулерді қоса)
- қызба*, шеткергі ісінулер, жалпы өзін-өзі нашар сезіну (әлсіздік пен астенияны қоса)
- жүргізілген шаралардан кейінгі қан құйылулар (оның ішінде операциядан кейінгі анемия және жарадан қан кету), қанталау
- бауыр трансаминаза деңгейінің жоғарылауы
- аяқ-қолдың ауыруы*
-бас айналуы, бас ауыруы
- урогенитальдық жолдан қан кету (оның ішінде гематурия және
меноррагия**), бүйрек жеткіліксіздігі, креатинин деңгейі жоғарылауы, мочевина* деңгейі жоғарылауы
-мұрыннан қан кету, қан түкіру
- қышыну (кейбір жиі емес жайылған қышыну жағдайларын қоса), бөртпе, экхимоз, тері және тері асты қан құйылулары
- артериялық гипотензия, гематома
Жиі емес ( ≥1/1000-ден <1/100 дейін)
- тромбоцитемия (оның ішінде тромбоциттер құрамының жоғары болуы)*
- тахикардия
- ауыз құрғауы
- өзін нашар сезіну, оның ішінде дімкәстік
- бауыр функциясы бұзылуы
- аллергиялық реакциялар, аллергиялық дерматит
- жарақаттан қан бөлінуі*
- билирубин концентрациясы жоғарылауы, сілтілік фосфатаза белсенділігі жоғарылауы*, лактатдегидрогеназа (ЛДГ)*, липаза*, амилаза*, гаммаглютамилтрансферраза (ГГТ*) деңгейінің артуы
- гемартроз
-естен тану, мидың ішіне және бассүйек ішіне қан құйылу
- есекжем
Сирек ( ≥1/10000-ден <1/1000 дейін)
- қан тамырлық псевдоаневризмалар***
- оқшауланған ісінулер*
- сарғаю
- конъюгацияланған билирубин концентрациясының артуы (қатарлас аланинтрасфераза жоғарылауында немесе онсыз)
- бұлшықеттерге қан құйылу
* аяқта үлкен көлемдегі ортопедиялық операциядан кейін тіркелген
** < 55 жастағы әйелдерде «өте жиі» жиілігімен КТЭ емдеуде тіркелген
*** ЖКС алдын ала емдеуде «жиі емес» ретінде тіркелген
Постмаркетингтік тәжірибе деректері бойынша:
- ангионевротикалық ісіну, аллергиялық ісіну (постмаркетингтік тәжірибе барысында Ксарелто® қолдануға байланысты уақытша өзара әрекеттесуде анықталды).
Әсер етуінің фармакологиялық механизмін ескере отырып, Ксарелто® қолдану кез келген ағзадан және тіннен жасырын немесе ашық қан кетудің жоғары қаупімен қатар жүруі мүмкін, бұл постгеморрагиялық анемияға алып келуі мүмкін. Белгілері, симптомдары және ауырлығы (өліммен аяқталу мүмкіндігін қоса) қан кетудің және / немесе анемияның орнына және ауырлық дәрежесіне немесе ұзақтығына байланысты ауытқуы мүмкін. Қан кету қаупі емделушілердің белгілі бір топтарында, мысалы бақыланбайтын ауыр артериялық гипертензиясы және / немесе гемостазға әсер етуші препараттармен қатарлас ем қабылдаушыларда жоғары болуы мүмкін («Айырықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз). Геморрагиялық асқынулар әлсіздікпен, бозарумен, бас айналуымен, бас ауруымен, түсініксіз домбығумен, ентігумен немесе түсініксіз шок жағдайымен білінуі мүмкін. Кейбір жағдайларда анемия салдары ретінде миокард ишемиясы симптомдары (кеуденің ауыруы немесе стенокардия) пайда болуы мүмкін.
Сондықтан антикоагулянттар қабылдаушы емделушілердің жай-күйін бағалауда қан құйылу мүмкіндігін қарастыру керек.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- ривароксабанға немесе препараттың қосымша заттарына жоғары сезімталдық
- клиникалық білінулері бар жедел қан кету (мысалы,
бассүйекішілік қан кету, асқазан-ішектен қан кету)
- елеулі клиникалық қан кету қаупіне байланысты коагулопатиямен қатарлас жүретін бауыр ауруы
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер (аталған жастағы топтағыларда қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған)
Ксарелтоны креатинин клиренсі <15 мл/мин. ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда, сондай-ақ клиникалық деректері жоқ болуына байланысты ауыр бауыр жеткіліксіздігі бар науқастарда қолдану ұсынылмайды.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Фармакокинетикалық әрекеттесулер
Риваpоксабанның шығарылуы, негізінен, бауырдағы Р450 (СҮР 3A4, СҮР 2J2) цитохром жүйесі арқылы болатын метаболизмі және Р-gp/Bcrp тасымалдаушыларының жүйелерін (Р-гликопротеин/ақуыздың сүт безінің қатерлі ісігіндегі тұрақтылығын) пайдаланып, өзгермеген дәрілік заттардың бүйректік экскрециясы арқылы жүзеге асады.
Ривароксабан СҮР 3A4 изоферментін және цитохромның маңызды басқа да изоформаларын төмендетпейді және индукцияламайды.
Ксарелтоны® және СҮР 3A4 изоферменті мен Р-гликопротеиннің күшті тежегіштерін бір мезгілде қолдану бүйрек және бауыр клиренсінің төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін, сөйтіп, жүйелік әсер етуді елеулі арттыруы мүмкін.
Ксарелтоны® және СҮР 3A4 пен Р-гликопротеиннің күшті тежегіштері болып табылатын зеңдерге қарсы азолды кетоконазол препаратын (400 мг тәулігіне 1 рет) біріктіріп қолдану Ксарелтоның® орташа тепе-тең АUС-ң 2,6 есе жоғарылауына және препараттың фармакодинамикалық әсерлерінің елеулі күшеюімен қоса, Ксарелтоның® орташа С макс-ң 1,7 есе артуына әкеп соқтырды.
Ксарелтоны® және СҮР 3A4 пен Р-гликопротеиннің күшті тежегіштері болып табылатын АИВ протеаза тежегіші ритонавирді (тәулігіне 2 рет 600 мг) біріктіріп тағайындау Ксарелтоның® орташа тепе-тең АUС мәнінің 2,5 есе жоғарылуына және препараттың фармакодинамикалық әсерлерінің елеулі күшеюімен қоса, Ксарелтоның® орташа С макс-ң 1,6 есе артуына әкеп соқтырды. Осыған байланысты зеңдерге қарсы жүйелік азолды препараттарын немесе АИВ протеаза тежегіштерімен бір мезгілде ем қабылдап жүрген емделушілерге Ксарелтоны® қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл дәрілік препараттар қан кету қаупінің артуына алып келетін плазмадағы ривароксабан концентрациясын елеулі клиникалық деңгейге дейін жоғарылатуы мүмкін.
СҮР 3A4 изоферментін елеулі төмендететін және Р-гликопротеинді орташа төмендететін кларитромицин (тәулігіне 2 рет 500 мг) ривароксабанның орташа тепе-тең АUС мәнін 1,5 есе және Смакс. мәнін 1,4 есе артуын туындатты. АUС мен Смакс мәндерінің бұлай жоғарылауы бұл көрсеткіштердің қалыпты тербелу шегінде болады, және клиникалық тұрғыдан маңызды емес деп есептеледі.
СҮР 3A4 изоферментін және Р-гликопротеинді орташа төмендететін эритромицин (500 мг тәулігіне 3 рет) ривароксабанның АUС мен Смакс-ң орташа мәнін 1,3 есе арттырды. Бұл арттыру АUС мен Смакс мәндерінің қалыпты өзгергіштігіне лайық және клиникалық тұрғыдан маңызды емес деп есептеледі.
Жеңіл дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде эритромицин (тәулігіне үш рет 500 мг) қабылдау қатарлас мұндай ем қабылдамаған, бүйрек функциясы қалыпты емделушілермен салыстырғанда AUC орташа көрсеткішінің 1,8 есе және Смакс. 1,6 есе жоғарылауын туындатты. Орташа дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде эритромицин қолдану қатарлас мұндай ем қабылдамаған, бүйрек функциясы қалыпты емделушілермен салыстырғанда AUC орташа көрсеткішінің 2,0 есеге және Смакс. 1,6 есеге жоғарылауын туындатты.
СҮР 3A4 изоферментін орташа төмендететін флуконазол (тәулігіне бір рет 400 мг) ривароксабанның орташа AUC мәнін 1,4 есе және орташа Cmax мәнін 1,3 есе арттырды. Бұл арттыру АUС мен Смакс мәндерінің бұлай жоғарылауы бұл көрсеткіштердің қалыпты тербелу шегінде болады және клиникалық тұрғыдан маңызды емес деп есептеледі.
Ксарелтоны® және СҮР 3A4 пен Р-гликопротеиннің күшті индукторы болып табылатын рифампицинді біріктіріп тағайындау ривароксабанның орташа АUС мәнінің шамамен 50-ға төмендеуіне және оның фармакодинамикалық әсерлерінің қатарласа азаюына әкеп соқтырды. Ксарелтоны® басқа да күшті СҮР 3A4 индукторларымен (мысалы, фенитоинмен, карбамазепинмен, фенобарбиталмен немесе шілтер жапырақты шайқураймен) біріктіріп қолдану да ривароксабанның плазмадағы концентрациясының төмендеуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Күшті СҮР 3A4 индукторлары Ксарелтоны 2,5 мг дозада тәулігіне екі рет қабылдаушы емделушілерде сақтықпен қолданылуы тиіс.
Фармакодинамикалық әрекеттесулер
Эноксапаринді (бір реттік 40 мг доза) және Ксарелтоны® (бір реттік 10 мг доза) біріктіріп тағайындағаннан кейін қанның ұюына жасалатын сынамаға (протромбинді уақыт, БІТУ) қосымша өзгерістермен қатарласпайтын анти-Ха белсенділігіне қатысты аддитивті әсері байқалды. Эноксапарин ривароксабанның фармакокинетикасын өзгерткен жоқ.
Ксарелто® 15 мг мен клопидогрел (екпінді доза 300 мг, кейін демеуші 75 мг доза тағайындауға ұласады) арасында фармакокинетикалық өзара әрекеттесу байқалған жоқ, алайда кейбір емделушілерде тромбоциттер агрегациясымен және Р-селектиннің деңгейімен немесе GPIIb/IIIa-рецепторларымен өзара байланысы жоқ қан кету уақытының клиникалық елеулі артуы анықталды,
Ксарелтоны® 15 мг және напроксенді 500 мг дозада біріктіріп тағайындағаннан кейін қан кету уақытының клиникалық тұрғыдан елеулі ұзаруы байқалған жоқ. Соған қарамастан, жекелеген адамдарда айқынырақ фармакодинамикалық жауап болуы мүмкін.
Емделушілердің варфариннен (ХҚҚ 2,0-ден 3,0-ке дейін) Ксарелтоға® (20 мг) немесе Ксарелтодан® (20 мг) варфаринге ауысуы, әсерлердің қарапайым жиынтығында (ХҚҚ жекелеген мәндері 12-ге жетуі мүмкін) күтуге болатынға қарағанда, протромбинді уақытты/ХҚҚ (Неопластин тест-жинақ) үлкен дәрежеде арттырды, сол кезде БІТУ-ге ықпалы ретінде Ха факторы белсенділігінің төмендеуі және тромбиннің эндогендік потенциалы аддитивті болды.
Осындай ауыстыру кезеңінде Ксарелтоның® фармакодинамикалық әсерлерін зерттеу қажет болған жағдайда, варфарин ықпалын тигізбейтін қажетті тесттер ретінде, анти-Ха, PiCT және HepTest® белсенділігін анықтауды қолдануға болады.
Варфаринді қолдануды тоқтатқаннан кейін 4-ші күннен бастап, талдаулардың барлық нәтижелері (соның ішінде ПУ, БІТУ, Ха факторы белсенділігінің тежелуі және ТЭП (тромбиннің эндогендік потенциалы)) Ксарелтоның® ғана ықпалын көрсетеді ("Қолдану тәсілі және дозалары" тарауын қараңыз).
Көрсетілген кезеңде варфариннің фармакодинамикалық әсерін зерттеу қажет болған жағдайда, Ксарелтоға® өте аз дәрежеде ықпалын тигізетін қажетті тесттер ретінде, ХҚҚ-ны ривароксабанның Ctrough (препараттың қалдық концентрациясы) бойынша Ксарелтоны® соңғы қабылдаудан кейін 24 сағаттан соң бағалауда пайдалану мүмкіндігі бар.
Варфарин мен Ксарелто® арасында фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер анықталмаған.
Ривароксабанмен және мидазоламмен (CYP 3A4 субстраты), дигоксинмен (Р-гликопротеин субстраты) немесе аторвастатинмен (CYP 3A4 және P-GP субстраты) фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер анықталмады.
Омепразолдың протон помпасы тежегіштерін, H2 — ранитидин рецепторы антагонисін, алюминий — гидроксид/магний гидроксиді антацидтерін, напроксен, клопидогрел немесе эноксапаринді бір мезгілде қолдану ривароксабанның биожетімділігіне және фармакокинетикалық қасиеттеріне әсер етпейді. Ривароксабанді және 500 мг ацетилсалицил қышқылын бір мезгілде қолдануда клиникалық елеулі фармакокинетикалық және фармакодинамикалық өзара әрекеттесулері анықталмады.
Айрықша нұсқаулар
Сақтық шаралары және алдын ала ескертулер
Ксарелтоны® азол тобының зеңге қарсы препараттарымен (мысалы, кетоконазолмен) немесе АИВ протеазасы тежегіштерімен (мысалы ритонавирмен) жүйелік ем қабылдап жүрген емделушілерде қолдану ұсынылмайды. Бұл дәрілік препараттар CYP3A4 изоферментінің және Р-гликопротеиннің күшті тежегіштері болып табылады. Салдары ретінде, бұл дәрілік препараттар плазмадағы ривароксабан концентрациясын клиникалық елеулі деңгейге дейін (орташа алғанда 2,6 есе) жоғарылатуы мүмкін, бұл қан кету қаупін арттырады («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).
Азолды зеңге қарсы флуконазол препараты - CYP3A4 орташа тежегіші, ривароксабан экспозициясына айқындығы аз әсер етеді және онымен бір уақытта қолданылуы мүмкін («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).
Бүйрек функциясы бұзылуы
Препаратты қан плазмасындағы ривароксабан концентрациясын жоғарылататын препараттармен бір уақытта қабылдаушы орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде (креатинин клиренсі <50-30мл/мин.) тағайындағанда сақ болу керек.
Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар науқастарда (креатинин клиренсі <30мл/мин.), қан плазмасындағы ривароксабан концентрациясы елеулі жоғарылауы мүмкін (орташа 1,6 есе), бұл қан кетудің жоғары қаупіне алып келуі мүмкін.
Клиникалық деректері шектеулі болуына байланысты креатинин клиренсі 15-30 мл/мин. ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарды емдеуде Ксарелтоны® сақтықпен қолдану керек.
Креатинин клиренсі <15 мл/мин., ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда, сондай-ақ клиникалық деректері жоқ болғандықтан ауыр бауыр жеткіліксіздігі бар науқастарды емдеуде Ксарелтоны® қолдану ұсынылмайды.
Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер немесе қан кету қаупі жоғары және зеңге қарсы азол тобының препараттарымен немесе АИВ протеаза тежегіштерімен қатарлас жүйелік ем қабылдаушы емделушілер ем басталған сәттен бастап қан кету түріндегі асқынуды уақытында анықтау үшін дәрігердің мұқият бақылауында болуы тиіс.
Бұндай бақылау ішіне емделушіні ұдайы физикалдық зерттеу, хирургиялық жара дренажынан бөліністерді мұқият бақылау және гемоглобин деңгейін ауық-ауық өлшеу кіруі мүмкін.
Сыртартқысында инсульт немесе транзиторлық ишемиялық шабуыл болған емделушілер
Сыртартқысында ЖКС және инсульт немесе транзиторлық ишемиялық шабуыл (ТИШ) бар емделушілерді емдеуде Ксарелто® 2,5 мг қабылдау ұсынылмайды. Сыртартқысында ЖКС және инсульт немесе ТИШ бар аздаған емделушілердегі қолда бар шектеулі деректер бұндай емделушілердің емнен еш басымдық ала алмайтынын көрсетеді.
Қан кету қаупі
Ксарелтоны, сондай-ақ басқа да антитромбоздық препараттармен қан кету қаупі жоғары емделушілерді емдеуде сақтықпен пайдалану керек, оның ішінде егер төмендегі жағдайлар бар болса:
- туа біткен немесе жүре пайда болған қан кетуге бейімділік
- бақыланбайтын ауыр артериялық гипертония
- белсенді фазадағы асқазан-ішек жолдарының ойық жара ауруы
- жуырда өткерген асқазан-ішек жолдарының ойық жарасы
- тамырлық ретинопатия
- жуырда өткерген бассүйекішілік немесе миішілік қан құйылуы
- мидың және жұлынның тамырлық аномалиялары
- миға, жұлынға немесе көзге жуырда өткерген операция.
- сыртартқысындағы бронхоэктаза немесе өкпеден қан кету.
Гемостазға әсер етуші дәрілік препараттарды, мысалы, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (ҚҚСД), тромбоциттер агрегациясының тежегіштері немесе басқа да антитромбоздық дәрілерді қабылдаушы емделушілерге Ксарелто тағайындауда сақ болу керек.
Ксарелтоны® АСҚ немесе АСҚ плюс клопидогрел/ тиклопидинмен үйлесімде қабылдаушы жедел коронарлық синдромнан кейінгі емделушілер, ҚҚСП ұзақ емін тек пайдасы қаупінен артық болған жағдайда ғана қабылдауы тиіс.
Асқазан-ішек жолдарының ойық жаралы ауруы даму қаупі бар емделушілерге тиісті алдын алу емін жүргізу мәселесін қарастыру керек.
Гемоглобин деңгейінің немесе артериялық қысымның түсініксіз төмендеуінде қан кетуді оқшаулауды ойластыру керек.
Ксарелтоның қауіпсіздігі мен тиімділігі ацетилсалицил қышқылы және клопидогрел/ тиклопидин сияқты антиагрегантты дәрілердің біріктірілімінде зерттелді. Празугрел және тикагрелор сияқты басқа антиагреганттық дәрілермен бірге қолдану зерттелмеген, тиісінше ұсынылмайды.
Қан кетуді емдеу
Егер ривароксабан қабылдаушы емделушіде қан кету түріндегі асқыну туындаса препаратты келесі қабылдауды тоқтату керек, немесе қажет болғанда бұл препаратпен емді тоқтату керек. Ривароксабанның жартылай шығарылу кезеңі шамамен 5-13 сағатты құрайды. Емдеу ауырлығына және қан кетудің орналасуына қарай әркімде жеке қаралуы тиіс. Қажет болғанда
механикалық компрессия (мысалы, ауыр мұрын қан кетулерінде), қан кетуді тоқтатуға арналған емшаралары бар хирургиялық гемостаз, су-электролиттік теңгерімді қалпына келтіру және гемодинамикалық демеу, қан немесе оның компоненттерін (анемия немесе коагулопатия туындауына қарай эритроцитарлық масса немесе жаңадан мұздатып қатырылған плазманы) немесе тромбоциттерді құю сияқты тиісті симптоматикалық емді пайдалану мүмкіндігі бар.
Егер жоғарыда аталған шаралар қан кетуді жоя алмаса, протромбиндік кешен концентраты (PCC), белсендірілген протромбиндік кешен концентраты (БPCC) немесе рекомбинантты фактор VIIa (рФVIIa) сияқты спецификалық прокоагулянттық препараттар тағайындалуы мүмкін. Алайда қазіргі кезде бұл препараттарды Ксарелто®қабылдаушы емделушілерде қолдану тәжірибесі шектеулі.
Протамин сульфаты және К витамині Ксарелтоның® қан ұюына қарсы белсенділігіне әсері жоқ деп болжанады.
Ксарелто®қабылдаушы емделушілерде транексам қышқылын қолданудың шектеулі тәжірибесі бар, және аминокапрон қышқылын және апротининді қолданудың тәжірибесі жоқ.
Ксарелто®қабылдаушы емделушілерде десмопрессин сияқты жүйелік гемостатикалық препараттарды қабылдаудың дұрыстығына ғылыми негіз немесе пайдалану тәжірибесі жоқ.
Нейроаксиальді (эпидуральді/жұлын) анестезия
Нейроаксиальді (эпидуральді/ жұлын) анестезия немесе / жұлын пункциясын жүргізуде тромбоэмболиялықасқынудың алдын алу үшін антитромбоздық дәрілер қабылдаушы емделушілер эпидуральді немесе жұлын гематомасы даму қаупіне ұшырайды, бұл ұзақ уақыттық салдануды туындатуы мүмкін.
Мұндай құбылыстардың даму қаупі тұрақты эпидуральді катетерлерді пайдаланғанда немесе гемостазға ықпал ететін препараттарды біріктіріп қабылдағанда бұрынғысынан ары жоғарылайды. Қауіп сондай-ақ жарақаттық немесе көптеген эпидуральді немесе жұлын пункциясынан кейін де жоғарылауы мүмкін.
Емделушілерді неврологиялық бұзылыстардың (мысалы, аяқтың ұйып қалуы немесе әлсізденуі, қуық немесе ішек дисфункциясы) белгілерін немесе симптомдарын анықтауға қатысты жиі бақылап отыру қажет. Неврологиялық ауытқулар анықталған жағдайда емделушіге шұғыл диагностика және ем жүргізу қажет.
Дәрігер антикоагулянттар қабылдайтын және тромбоздың алдын алу үшін антикоагулянтты ем тағайындалған емделушілерге нейроаксиальді араласым жүргізуден бұрын қауіпке қатысты потенциалды пайданы ескеруі тиіс.
Эпидуральді катетер Ксарелто® таблеткасын соңғы қабылдағаннан кейін 18 сағаттан соң шығарылуы керек.
Ксарелтоны® катетер шығарылғаннан кейін кемінде 6 сағаттан соң қабылдау қажет.
Жарақаттық пункция жағдайында Ксарелто® қабылдау 24 сағатқа шегерілуі тиіс.
Хирургиялық араласулар
Егер инвазивті емшара немесе хирургиялық араласулар жүргізу керек болса, Ксарелто® 2,5 мг қабылдауды, ең кемі араласу алдында 12 сағат бұрын және дәрігердің клиникалық қорытындысы негізінде тоқтату керек.
Егер ЖКС бар емделуші жоспарлы операцияға дайындалса және антиагреганттық әсер қолайсыз болып табылса, тромбоциттер агрегациясы тежегіштерін қабылдауды өндірушінің қолданылуы бойынша нұсқаулығында сипатталған ақпаратқа сәйкес тоқтату керек.
Егер емшараны кейінге қалдыруға болмаса, оны қан кету қаупінің жоғарылауына шұғыл араласымның қажеттілігімен салыстырып, баға берген жөн.
Ксарелтоны® қабылдауды, тиісті клиникалық көрсеткіштер және талапқа сай гемостаз бар болған жағдайда, мүмкіндігінше тезірек инвазивті емшарадан немесе хирургиялық араласымнан кейін қайта бастаған жөн («Фармакокинетикасы» бөлімін қараңыз).
Q–T аралығына әсері.
Ривароксабанды қолдануда Q–T аралығының ұзару тиімділігі анықталмаған.
Зертханалық параметрлеріне ықпалы
Коагулограмма тесттерінің нәтижесіне (протромбинді уақыт, БІТУ, Hep Test®) ықпалы, Ксарелтоның® әсер ету механизмін ескерсек, күтілген шамаға сәйкес келеді.
Жүктілік және лактация кезеңі
Ксарелтоның® жүкті әйелдердегі қауіпсіздігі және тиімділігі анықталған жоқ, сондықтан Ксарелтоны® жүктілік кезеңінде әйелдерге қолдануға болмайды.
Ксарелтоның® емшек емізу кезеңіндегі қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ.
Осыны ескере отырып, Ксарелтоны® емшек емізуді тоқтатқаннан кейін ғана қолдануға болады.
Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер
Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер Ксарелтомен® емделу кезеңінде контрацепцияның тиімді әдістерін қолданғандары жөн.
Педиатрияда қолданылуы
Препаратты балаларда және 18 жасқа толмаған жасөспірімдерде қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Бас айналу немесе есінен тану жағдайларының болғаны жөнінде мәлімделген, бұл автокөлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпалын тигізуі мүмкін. Осындай реакциялар байқалған емделушілер автокөлікті басқаруды немесе механизмдерді пайдалануды тоқтата тұрғаны жөн.
Артық дозалануы
Ривароксабанды 600 мг-ға дейін қабылдаған кезде артық дозаланудың қан кетулерсіз немесе басқа да жағымсыз реакцияларсыз сирек жағдайлары тіркелген. Сіңуі шектеулі болғандықтан, 50 мг-ға тең және одан жоғары емдік дозаларды қолданған кезде, қан плазмасында оның орташа концентрациясының әрі қарай артуынсыз, препарат концентрациясының төмен деңгейлі платосы дамуы күтіледі.
Емі: ривароксабанның арнайы у қайтарғысы белгісіз. Артық дозаланған жағдайда ривароксабанның сіңуін төмендету үшін белсенділендірілген көмірді қолдануға болады. Плазма ақуыздарымен қарқынды түрде байланысатынын ескерсек, диализ жүргізген кезде ривароксабан шығарылмайды деп күтіледі.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Жылумен дәнекерленген алюминий/ полипропиленнен жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 немесе 14 таблеткадан салынған.
2, 4 пішінді қаптамада 14 таблеткадан немесе 10 пішінді қаптамада 10 таблеткадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
300С-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Байер Фарма АГ, Германия
51368 Леверкузен, Германия
Тіркеу куәлігінің иесі
Байер Фарма АГ, Германия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар)
сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Байер КАЗ» ЖШС
Тимирязев к-сі, 42, «Экспо-Сити» бизнес-орталығы, 15 пав.
050057 Алматы, Қазақстан Республикасы,
тел. +7 727 258 80 40, факс: +7 727 258 80 39,
e-mail: kz.claims@bayer.com