Кратал
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Кратал
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: құрғақ затқа шаққанда 43 мг долана жемісінің қою сығындысы, құрғақ затқа шаққанда 87 мг сасықшөптің қою сығындысы, 100% құрғақ затқа шаққанда 867 мг таурин,
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы.
Сипаттамасы
Екі беті дөңес, теңбілі бар, ашық сұрдан немесе ашық қоңырдан күңгірт коңыр түске дейінгі сопақша таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Жүрек ауруларын емдеуге арналған препараттар. Жүрек ауруларын емдеуге арналған басқа да біріктірілген препараттар.
АТХ коды C01E X
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Препарат компоненттері ас қорыту жолдарынан толық дерлік сіңеді. Тауриннің және қандағы препараттың басқа да компоненттерінің ең жоғары концентрацияға жететін уақыты 2 сағатты құрайды. Кратал организмнің тіндеріне және сұйықтықтарына біркелкі таралады. Оның негізгі мөлшері несеппен бірге шығарылады, жартылай шығарылу кезеңі – 6-8 сағат.
Фармакодинамикасы
Краталдың кардиотонуcтық, антиангинальді, антиоксиданттық аритмияға қарсы, гипоксияға қарсы, антиагрегациялық жеңіл әсерлері бар. Кратал дигиталистік уыттану белгілерін төмендетеді. Жұмысқа қабілеттілікті арттырады, көңіл-күйді жақсартады, тыныштандырғыш, нейропротекторлы әсер береді (соматонегативті бұзылуларды – тітіркенгенгіштікті, көңіл-күйдің тұрақсыздығын жояды).
Таурин – организмде түзілетін метаболит, ағзалар мен жүйелердің қызмет жағдайын және организмде зат алмасудың алуан түрін реттейтін әсері бар. Таурин қантамырларын кеңейтетін, антиагрегациялық, гипогликемиялық, гипохолестеринемиялық, уыттануға қарсы, гепатопротекторлы әсер береді. Таурин ренин-ангиотензиндік және калликринин-кининдік жүйелеріне тежегіш әсер танытады, антиоксиданттық әсер көрсете отырып, липидтердің асқын тотығу үдерісін бәсеңдетеді, цАМФ өнімдеріне жағымды ықпал етеді. Қанмен жабдықтауды және миокардтың қызмет ету жағдайын жақсартады, «коронарлық қорды» ұлғайтады, жүрек бұлшықетінің жиырылу және сорғыштық қызметтерін жақсартады, артериялық қысымды төмендетеді және жүректің жиырылу жиілігін (α – адренобөгегіш әсері есебінен) қысқартады.
Тауриннің нейропротекторлық әсері мидағы қан айналымын, орталық жүйке жүйесінің когнитивтік қызметтерін жақсартуда, миының органикалық зақымданулары бар науқастарда невротикалық симптоматиканы және соматовегетативтік бұзылуларды жоюда танылады.
Долана жемісінің сығындысы, онда тритерпендік қышқылдар (олеан, урсул, кратег) бар болғандықтан, коронарлық және ми қан айналымын күшейтеді, жүрек гликозидтері әсеріне миокардтың сезімталдығын жоғарылатады, миокардтың жиырылғыштығын орташа арттырады және оның қозғыштығын төмендетеді. Долана жемістерінің құрамында флавоноидтер, ацетилхолин, иіткіш заттар, фитостериндер бар, бұл антиоксидантты әсерге, сондай-ақ ұйқыны қалыпқа келтіру қабілеттілігі мен жалпы жағдайға жағымды әсер етуге себепші болады
Сасықшөптің физиологиялық белсенді заттары: алкалоидтар (леонурин, леонуридин), флавоноидтар, иіткіш заттар, витаминдер (А, Е, С), биометалл тұздары (калий, кальций, натрий, күкірт), гликозидтер, нейрондардағы жарғақша арқылы өтетін натрий ағысына және орталық жүйке жүйесіндегі ГАМҚ деградациясының баяулауы есебінен седативті, құрысуға қарсы және спазмолитикалық әсер береді.
Қолданылуы
Кешенді ем құрамында:
- нейроциркуляторлы дистонияда
- жүректің созылмалы ишемиялық ауруларында
- артериялық гипертензияда
- пострадиациялық синдромда.
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектерге тамақтанар алдында күніне 3 рет 1–2 таблеткадан, ішке қабылдауға тағайындайды. Емдеу курсы 3 – 4 аптаны құрайды.
Жағымсыз әсерлері
- жоғары сезімталдық
- аллергиялық реакциялар (гиперемия, бөртпе, қышыну, терінің ісінуі, есекжем)
- диспепсиялық құбылыстар
- жалпы әлсіздік
- қатты шаршау
- бас айналу
- ұйқышылдық
- артериялық гипотензия
- брадикардия
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- нейролептиктер мен транквилизаторларды қабылдау
- эрозивтік гастрит (өршу сатысы), асқазан мен 12 елі ішектің ойық жара ауруы
- айқын брадикардия және артериялық гипотензия
- жүктілік және лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Нитраттардың, β-адреноблокаторлардың, кальций антагонистерінің, антигипоксанттардың, нейропротекторлардың антиангинальді әсерлерін күшейтеді.
Жүрек гликозидтерінің кардиотонустық әсерін күшейтеді. Дигиталистік уыттану белгілерін төмендетеді.
Препаратты үшінші класқа жататын аритмияға қарсы дәрілерімен және цизапридпен бірге қолданбаған жөн.
Айрықша нұсқаулар
Препаратты ұсынылған дозасынан жоғарылатпаған дұрыс.
Кез келген жағымсыз құбылыстар пайда болған жағдайда науқас дәрігерге қаралуы қажет.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Емделу кезеңінде Краталды қабылдап жүрген емделушілердің көлік құралдарын басқарудан және қауіпті механизмдермен жұмыс істеуден бас тартқаны жөн.
Артық дозалануы
Симптомдары: асқын сезімталдық реакциялары, аллергиялық реакциялар, диспепсиялық реакциялар, жалпы әлсіздік, шаршау сезімі, бас айналу, ұйқышылдық, артериялық гипотензия, брадикардия.
Емі: препаратты тоқтату және симптоматикалық ем жүргізу.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Таблеткалар. Поливинилхлоридті немесе поливинилиденхлоридті үлбірден және лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.
2 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Борщагов химиялық-фармацевтикалық зауыты» Ғылыми-өндірістік орталығы» Жариялы акционерлік қоғамы,
03134, Украина, Киев қ., Мир к-сі 17.
Тіркеу куәлігінің иесі
«Борщагов химиялық-фармацевтикалық зауыты» Ғылыми-өндірістік орталығы» Жариялы акционерлік қоғамы, Украина
ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымны мекенжайы
Қазақстан Республикасы аумағындағы «Борщагов ХФЗ» ҒӨО ЖАҚ өкілдігі
050043, Алматы қ., Орбита-2 ы/а, 28 үй, 30 пәтер
Факс: +7(272) 20-78-05, 55-18-53
E-mail: vadimt58@list.ru