Кратал для детей
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Кратал балаларға арналған
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: долана жемісінің қою сығындысы құрғақ затқа шаққанда 21.5 мг, сасықшөптің қою сығындысы құрғақ затқа шаққанда 43.5 мг, 100 % құрғақ затқа шаққанда таурин 433.5 мг,
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармелозасы, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы,
үлбірлі жабын құрамы: поливинил спирті – ішінара гидролизделген, макрогол (ПЭГ 3350), тальк, темірдің қызыл тотығы (Е 172), темірдің сары тотығы (Е 172), темірдің қара тотығы (Е 172), титанның қостотығы (Е 171)
Сипаттамасы
Қоңыр түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі беті дөңес, сопақша пішінді таблеткалар. Сындырғанда екі қабаты көрінеді.
Фармакотерапиялық тобы
Жүрек ауруларын емдеуге арналған препараттар. Жүрек ауруларын емдеуге арналған басқа да біріктірілген препараттар.
АТХ коды C01E X
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Өсімдік тектес дәрілік заттар құрамында түрлі биологиялық белсенді заттар бар. Балаларға арналған Кратал дәрілік затының фармакокинетикасына зерттеу жүргізілген жоқ.
Фармакодинамикасы
Балаларға арналған Кратал жұмсақ кардиотонустық, антиангинальді, коронаролитикалық, антиаритмиялық, антигипоксиялық, антиагреганттық, адаптогенді, энерготропты әсер береді. Қан айналымын және миокардтың функционалдық жай-күйін жақсартады, «коронарлық резервті» арттырады, жүрек бұлшықетінің жиырылатын және сорғыш функциясын жақсартады, жоғары артериялық қысымды орташа төмендетеді және жүректің жиырылу жиілігін қалыпқа келтіреді.
Балаларға арналған Кратал физикалық жұмысқа қабілеттілікті арттырады, көңіл-күйді жақсартады, тыныштандыратын әсер береді.
Таурин – организмде түзілетін метаболит, ағзалар мен жүйелердің функционалдық жағдайына және организмдегі зат алмасудың әртүрлі түрлеріне реттегіш әсері бар. Таурин тамыр кеңейтетін, антиагреганттық, гипогликемиялық, гипохолестеринемиялық, уыттануға қарсы, гепатопротекторлық әсер етеді. Таурин ренин-ангиотензиндік және калликринин-кининдік жүйелерге тежегіш әсер көрсетеді, антиоксиданттық әсер бере отырып, липидтердің асқын тотықты тотығу үдерісін бәсеңдетеді, цАМФ өніміне оң әсер етеді. Қан айналымын және миокардтың функционалдық жай-күйін жақсартады, «коронарлық резервті» арттырады, жүрек бұлшықетінің жиырылатын және сорғыш функциясын жақсартады, жоғары артериялық қысымды орташа төмендетеді және жүректің жиырылу жиілігін қалыпқа келтіреді.
Тауриннің нейропротекторлық әсері мидың қан айналымын, орталық жүйке жүйесінің когнитивтік функцияларын жақсартуда, невротикалық симптоматиканың және мидың органикалық зақымданулары бар науқастарда соматовегетативтік бұзылулардың жойылуында көрінеді.
Долана жемісінің сығындысы тритерпен қышқылдары (олеан, урсул, кратег) болуының арқасында коронарлық және ми қан айналымын жақсартады, миокардтың жүрек гликозидтері әсеріне сезімталдығын арттырады, миокардтың жиырылғыштығын орташа арттырады және оның қозғыштығын төмендетеді. Долана жемістерінің құрамында флавоноидтар, ацетилхолин, иіткіш заттар, фитостериндер бар, бұл антиоксиданттық әсерге, сондай-ақ, ұйқыны қалыпқа келтіруге және жалпы жай-күйге жағымды әсер көрсетуге негіз бола алады.
Сасықшөптің физиологиялық белсенді заттары: алкалоидтар (леонурин, леонуридин), флавоноидтар, иіткіш заттар, витаминдер (А, Е, С), биометалл тұздары (калий, кальций, натрий, күкірт), гликозидтер нейрондардағы жарғақшааралық натрий ағымына әсер ету және орталық жүйке жүйесінде ГАМК деградациясының баяулауы есебінен седативтік, құрысуға қарсы және спазмолитикалық әсер береді.
Қолданылуы
Нейроциркуляторлық бұзылулардың кешенді емі құрамында.
Қолдану тәсілі және дозалары
6-дан 11 жасқа дейінгі балаларға – 1 таблеткадан тәулігіне 3 рет;
12-ден 18 жасқа дейінгі балаларға – 2 таблеткадан тәулігіне 3 рет.
Препаратты тамақтанар алдында жеткілікті мөлшердегі сумен ішке қабылдайды. Емдеу курсы 1 айды құрайды. Қажет болғанда емдеу курсын қайталауға болады. Қайталанатын емдеу курстарының мерзімін дәрігер әр балаға жекелей тағайындайды.
Жағымсыз әсерлері
- жоғары сезімталдық
- аллергиялық реакциялар (гиперемия, бөрту, қышыну, терінің ісінуі, есекжем)
- диспепсиялық құбылыстар
- жалпы әлсіздік
- қатты қажу
- бас айналу
- ұйқышылдық
- артериялық гипотензия
- брадикардия
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- айқындалған брадикардия және артериялық гипотензия
- нейролептиктерді, транквилизаторларды қабылдау
- эрозиялы гастрит (асқыну фазасы), асқазан және 12 елі ішектің ойық жарасы
- жүктілік және лактация кезеңі
- 6 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Нитраттардың, β-адреноблокаторлардың, кальций антагонистерінің, антигипоксанттардың, нейропротекторлардың антиангинальді әсерлерін әлеуеттендіреді.
Жүрек гликозидтерімен бірге қолданғанда – кардиотонустық әсердің күшеюі, дигиталистік уыттану белгілерінің төмендеуі. Препаратты ІІІ класты антиаритмиялық дәрілермен (мысалы, амиодаронмен), цизапридпен бірге қолдануға болмайды.
Айрықша нұсқаулар
Балаларға арналған Краталмен емді бастар алдында дәрігермен кеңесу ұсынылады.
Препаратты ұсынылған дозаларынан асыруға болмайды.
Кез келген жағымсыз әсер пайда болған жағдайда науқас дәрігерге қаралуы қажет.
Жүктілік және лактация кезеңі
Қазіргі уақытқа дейін препаратты жүктілік немесе бала емізу кезеңінде қолдану туралы деректер жоқ.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
Балаларға қолданылады.
Артық дозалануы
Симптомдары: аса жоғары сезімталдық реакциялары, аллергиялық реакциялар, диспепсиялық реакциялар, жалпы әлсіздік, шаршау сезімі, бас айналу, ұйқышылдық, артериялық гипотензия, брадикардия.
Емі: препаратты тоқтату және симптоматикалық ем жүргізу.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Поливинилиденхлоридті үлбірден және бір жағы термолакпен жабындалған және екінші жағына мөр басылған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.
2 қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Борщагов химиялық-фармацевтикалық зауыты" ғылыми өндірістік орталық» жариялы акционерлік қоғамы,
03134, Украина, Киев қ., Мир к-сі 17.
Тіркеу куәлігінің иесі
«Борщагов химиялық-фармацевтикалық зауыты" ғылыми өндірістік орталық» жариялы акционерлік қоғамы, Украина
ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
Қазақстан Республикасы аумағындағы «Борщагов ХФЗ» ҒӨО ЖАҚ өкілдігі
050043, Алматы қ., Орбита ауд., 2, 28 үй, 30 кеңсе
факс: +7(272) 20-78-05, 55-18-53;
E-mail: vadimt58@list.ru