Крапивы масло
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Қалақай майы
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Майлы сығынды
Құрамы
100 мл препарат құрамында
белсенді зат – 5.0 г қалақай жапырақтары
қосымша заттар –100 мл-ге дейінгі күнбағыс майы
Сипаттамасы
Жасыл-қоңыр түсті, өзіне тән иісі және дәмі бар майлы сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы
Салқын тию және жөтел симптомдарын жоюға арналған препарат
АТХ коды R05
Фармакологиялық қасиеттері
Препараттың қабынуға қарсы, қақырық түсіретін, анемияға қарсы, қан тоқтататын, иммунитет өзгертуші, антиоксиданттық әсері бар
Қолданылуы
- бронхиттерде, пневмонияда, бронх демікпесінде, өкпе туберкулезінде
- темір тапшылығы бар анемияның алдын алуда және емдеуде, босану кезінде және одан кейінгі қан кетулерде, етеккірдің көп келуі
- секреторлы қызметі төмендеген гастриттерде
- иммунитет төмендегенде
- шашты нығайту және өсуін күшейту, қайызғақ түзілуін азайту үшін
Қолдану тәсілі және дозалары
Бронх өкпе жүйесінің қабыну ауруларында ас ішерден 15-20 минут бұрын 7 жасқа дейінгі балаларға – ½ шай қасықтан күніне 3 рет; 7 жастан үлкендер мен ересектерге - 1 шай қасықтан күніне 3 рет қабылдау керек. Емдеу курсы 10-14 күн.
Темір тапшылықты анемияда: ас ішерден 15-20 минут бұрын 7 жасқа дейінгі балаларға – ½ шай қасықтан күніне 4 рет; 7 жастан үлкендер мен ересектерге - 1 шай қасықтан күніне 4 рет қабылдау керек. Емдеу курсы 20-30 күн.
Босану кезінде және босанудан кейінгі кезеңде қан кетулердің алдын алуда ас ішер алдында 1 шай қасықтан күніне 4 рет босанардан 10 күн бұрын.
Шаштың өсуін нығайту үшін шашты жуардан 2-3 сағат бұрын бастың шашты бөлігіндегі теріге ысқылап жағу керек.
Жағымсыз әсерлері
Анықталмаған.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
Препаратқа жоғары сезімталдық
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулары
Жүктілік, лактация кезеңі
Жүктілік және лактация кезеңінде дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану керек.
Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозаланауы
Анықталмаған
Шығарылу түрі және қаптамасы
Бұралып жабылатын қақпағы және полиэтилен тығыны бар құтыдағы препарат 50 мл және 100 мл-ден.
Әрбір құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 18 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Сара» ӨК, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Маресьев к-сі, 74,
8 (7132) 53-20-22
Тіркеу куәлігінің иесі
«Сара» ӨК, Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Сара» ӨК, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Маресьев к-сі, 74,
8 (7132) 53-20-22
Электронды пошта: pk_sara@mail.ru