Крапив листья
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Қалақай жапырақтары
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
30 г, 50 г жапырақтар
Құрамы
1 қорапшаның ішінде
белсенді зат - 30 г, 50 г қалақай жапырақтары
Сипаттамасы
Диаметрі 8 мм. тесігі бар елеуіш арқылы өтетін әр түрлі пішіндегі жапырақ түйірлері. Түсі күңгірт-жасыл. Иісі әлсіз. Дәмі ащылау.
Фармакотерапиялық тобы
Қан түзілуіне және қанға әсер ететін препараттар. Гемостатиктер.
АТХ коды B02
Фармакологиялық қасиеттері
Қалақай жапырақтарында А, С, К, В1, В2, В3 витаминдері, микроэлементтер (мыс, темір, кальций), иіткіш заттар, каротиноидтар, органикалық қышқылдар бар. Препараттың қан тоқтататын, несеп айдайтын, жалпы нығайтатын әсері бар.
Қолданылуы
Кешенді емде
- қан кетуде (оның ішінде метроррагия, өкпеден қан кету, гематурия, ішек және геморроидальді қан кету)
- гиповитаминозда
- шашты нығайту мен өсуін жақсарту үшін
Қолдану тәсілі және дозалары
10 г (2 ас қасық) препаратты шыны немесе эмальды ыдысқа салып, 200 мл (1 стақан) қайнаған су құйып, қақпақпен жабады және 15 мин бойы қайнап тұрған су моншасында қыздырады. 45 мин бойы бөлме температурасында салқындатқаннан кейін сүзеді, қалған массаны сығады. Алынған тұнбаның көлемін қайнаған сумен 200 мл-ге дейін жеткізіп толтырады. Дайындалған тұнбаны салқын жерде 2 тәуліктен асырмай сақтайды. Ересектерге күніне 3 рет 1/3 стақаннан. Балаларға күніне 3 рет 2-3 ас қасықтан.
Басты жуғаннан кейін тұнбамен сулайды және теріге жеңіл сылап жағады. Сылап жағуды 2-3 ай бойы аптасына 2-3 реттен жасайды.
Емдеу курсының ұзақтығын ауру барысының дәрежесі мен сипатын ескере отырып, дәрігер жеке анықтайды.
Жағымсыз әсерлері
Болуы мүмкін
-
аллергиялық реакциялар
-
гиперкоагуляция
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препаратқа асқын сезімталдық
- гиперкоагуляция
- жүктілік
- қан кету (операциялық араласуды талап ететін аурулар және ісіктер)
- тромбофлебитке бейімді адамдарда
- бүйрек функциясының бұзылуы
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Қалақай жапырақтарының сығындылары мен диклофенакты бір уақытта қолданғанда соңғысының әсері күшеюі мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Бүйрек жеткіліксіздігінде, артериялық гипертензиясында, атеросклерозда сақтықпен қабылдайды. Теріде пигментті дақтар, секпілдер болғанда күн сәулесіне сезімталдық артатындықтан қалақайды және оның препараттарын тамаққа қолдануға болмайды.
Балаларда
Дәрігердің тағайындауымен 6 жастан бастап қолданады.
Лактация кезеңі
Дәрігердің тағайындауымен қолданады.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Ықпал етпейді
Артық дозалануы
Симптомдары: жағымсыз реакциялардың күшеюі
Емі. Симптоматикалық ем
Шығарылу түрі және қаптамасы
30 г және 50 г-нан полиэтилен немесе полимер және біріктірілген материалдан жасалған немесе картон қорапшаға салынған полипропилен пакеттерде, онда медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қысқаша аңдатпа жазылған.
Қорапша полиэтилен немесе полипропилен үлбірмен жабылады, сосын медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың тиісті мөлшерімен бірге қораптық картоннан жасалған топтық тасымалдық ыдысқа салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!
Босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облысы,
160019, Шымкент қ., Химфармзавод ы/а, 2/1
Тіркеу куәлігінің иесі
«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облысы,
160019, Шымкент қ., Химфармзавод ы/а, 2/1
е-mail: kontakt@zerdefito.kz