Костарокс® (120 мг)

МНН: Эторикоксиб
Производитель: Кадила Фармасьютикалс Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Etoricoxib
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023742
Информация о регистрации в РК: 25.08.2023 - 25.08.2033

Инструкция

Саудалық атауы

Костарокс®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Эторикоксиб

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 30 мг, 60 мг, 90 мг, 120 мг

Құрамы

Үлбірлі қабықпен қапталған 30 мг бір таблетканың құрамында

белсенді зат: 30 мг эторикоксиб,

қосымша заттар: сусыз кальций гидрофосфаты, микрокристалды целлюлоза, повидон, магний стеараты, натрий кроскармеллозасы.

үлбірлі қабықтың құрамы: гипромеллоза 15 сПз (Е 464), лактоза моногидраты, титанның қостотығы (Е 171), триацетин (Е 1518), индигокармин алюминий лагы (Е 132) (11 - 14) (3 - 5 %), темірдің сары тотығы (Е 172).

Үлбірлі қабықпен қапталған 60 мг бір таблетканың құрамында

белсенді зат: 60 мг эторикоксиб,

қосымша заттар: сусыз кальций гидрофосфаты, микрокристалды целлюлоза, повидон, магний стеараты, натрий кроскармеллозасы.

үлбірлі қабықтың құрамы: гипромеллоза 15 сПз (Е 464), лактоза моногидраты, титанның қостотығы (Е 171), триацетин (Е 1518), индигокармин алюминий лагы (Е 132) (11 - 14) (3 - 5 %), темірдің сары тотығы (Е 172).

Үлбірлі қабықпен қапталған 90 мг бір таблетканың құрамында

белсенді зат: 90 мг эторикоксиб,

қосымша заттар: сусыз кальций гидрофосфаты, микрокристалды целлюлоза, повидон, магний стеараты, натрий кроскармеллозасы.

үлбірлі қабықтың құрамы: гипромеллоза 15 сПз (Е 464), лактоза моногидраты, титанның қостотығы (Е 171), триацетин (Е 1518).

Үлбірлі қабықпен қапталған 120 мг бір таблетканың құрамында

белсенді зат: 120 мг эторикоксиб,

қосымша заттар: сусыз кальций гидрофосфаты, микрокристалды целлюлоза, повидон, магний стеараты, натрий кроскармеллозасы.

үлбірлі қабықтың құрамы: гипромеллоза 15 сПз (Е 464), лактоза моногидраты, титанның қостотығы (Е 171), триацетин (Е 1518), индигокармин алюминий лагы (Е 132) (11 - 14) (3 - 5 %), темірдің сары тотығы (Е 172).

Сипаттамасы

Көк-жасыл түсті, үлбірлі қабықпен қапталған, екі жақ беті дөңес, дөңгелек пішінді таблеткалар (30 мг доза үшін).

Күңгірт-жасыл түсті, үлбірлі қабықпен қапталған, екі жақ беті дөңес, дөңгелек пішінді таблеткалар (60 мг доза үшін).

Ақ түсті, үлбірлі қабықпен қапталған, екі жақ беті дөңес, дөңгелек пішінді таблеткалар (90 мг доза үшін).

Бозғылт-жасыл түсті, үлбірлі қабықпен қапталған, екі жақ беті дөңес, дөңгелек пішінді таблеткалар (120 мг доза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларын емдеуге арналған препараттар. Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар. Қабынуға қарсы стероидты емес және ревматизмге қарсы басқа препараттар. Коксибтер. Эторикоксиб.

АТХ коды М01АН05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі. Ішке қабылдағанда эторикоксиб жақсы сіңеді. Абсолюттік биожетімділігі 100%-ға жуық. Тепе-тең жағдайға жеткенге дейін тәулігіне бір рет 120 мг қабылдағаннан кейін, қан плазмасында ең жоғары концентрация (орташа геометриялық Cmax = 3.6 мкг/мл) ересектерде ашқарынға қабылдағаннан кейін шамамен 1 сағаттан (Tmax) соң байқалды. Орташа геометриялық АUC0-24сағ. мәні 37.8 мкг·сағ./мл құрады. Клиникалық дозалар ауқымының шегінде эторикоксибтің фармакокинетикасы дозаға тәуелді болып табылады.

Тамақтану кезінде (құрамында май мөлшері жоғары тамақ) эторикоксибтің 120 мг дозасын қабылдағанда сіңу дәрежесіне клиникалық тұрғыдан маңызды ықпалы байқалған жоқ. Сіңу дәрежесі өзгереді, деректер клиникалық тұрғыдан маңызды деп қарастырылмаса да, бұл концентрациясының (Сmax) 36%-ға төмендеуімен және сіңу уақытыныңmax) 2 сағатқа артуымен сипатталады. Клиникалық зерттеулерде эторикоксиб, тамақ ішуге қарамай-ақ, қолданылды.

Таралуы. Эторикоксиб адам қаны плазмасының ақуыздарымен 0.05 мкг/мл-ден 5 мкг/мл дейінгі концентрациялар ауқымында 92%-ға байланысады. Адамда таралу көлемі тепе-тең жағдайда (Vdss) 120 л жуықты құрайды.

Эторикоксиб егеуқұйрықтарда және үй қояндарында плаценталық бөгет арқылы, сондай-ақ егеуқұйрықтарда гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтеді.

Метаболизмі. Эторикоксиб қарқынды түрде метабоизденеді; дозаның 1%-дан азы бастапқы белсенді зат түрінде несеппен бірге шығарылады. Метаболизмнің негізгі жолы – бұл Р450 (CYP) цитохромы ферменттерімен катализдену кезінде 6-гидроксиметилэторикоксиб туындысының түзілуі. CYP3A4 эторикоксибтің in vivo метаболизміне мүмкіндік береді. Іn vitro зерттеулер CYP2D6, CYP2C9, CYP1A2 және CYP2C19 да метаболизмнің негізгі жолын катализдеуі мүмкін екендігін көрсетеді, бірақ олардың сандық сипаттамасы in vivo зерттелген жоқ.

Адамда 5 метаболит сәйкестендірілді. Негізгі метаболит, дериват 6’-гидроксиметилінің әрі қарайғы тотығуынан түзілген 6’-карбоксил қышқылы, эторикоксиб дериваты болып табылады. Бұл негізгі метаболиттер циклооксигеназа-2 (ЦОГ-2) тежегіштері ретінде белсенділігінің өлшенуін көрсетпейді, немесе тек әлсіз белсенді тежегіштер болып табылады. Осы метаболиттердің бірде-біреуі циклооксигеназаны-1 (ЦОГ-1) тежемейді.

Шығарылуы. Радиоизотоппен таңбаланған эторикоксибтің 25 мг дозасын вена ішіне бір рет енгізгеннен кейін радиоактивті эторикоксибтің 70%-ы несеппен бірге және 20%-ы нәжіспен бірге, негізінен, метаболиттер түрінде шығарылады. 2%-дан азы өзгермеген белсенді зат түрінде табылады.

Эторикоксибтің шығарылуы, негізінен, метаболизм арқылы жүреді, кейіннен бүйрек арқылы шығарылады. Тәулігіне бір рет 120 мг қабылдағанда эторикоксиб тепе-тең концентрациясына 7 күн ішінде жетіп, жиналу көрсеткіші 2-ге жуық болады, бұл 22 сағатқа жуық жартылай ыдырау кезеңіне сәйкес келеді. Эторикоксибтің 25 мг дозасын вена ішіне енгізгеннен кейін қан плазмасындағы клиренсі минутына 50 мл-ге жуықты құрайды.

Пациенттердің жеке топтары

Егде жас. Егде жастағы (65 жастан асқан) пациенттердегі фармакокинетикасы өте жас пациенттердегі фармакокинетикаға ұқсас.

Жынысы. Эторикоксибтің фармакокинетикасы әйелдер мен еркектерде ұқсас.

Бауыр функциясының бұзылуы. Бауыр функциясының ауырлығы жеңіл дәрежедегі бұзылулары бар (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 5-6 балл) пациенттерде эторикоксибтің 60 мг дозасын тәулігіне бір рет қолданғанда AUC орташа көрсеткіші, дені сау адамдардағы эторикоксибтің осы дозасындағыға қарағанда, шамамен 16%-ға көбірек. Бауыр функциясының ауырлығы орташа дәрежедегі бұзылулары бар (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 7-9 балл) пациенттерде эторикоксибтің 60 мг дозасын екі күнде бір рет қолданғанда AUC орташа көрсеткіші эторикоксибтің 60 мг дозасын тәулігіне бір рет қабылдаған адамдардағы көрсеткішке ұқсас болды; эторикоксибтің 30 мг дозасын қолдану пациенттердің осы тобында зерттелген жоқ. Бауыр функциясы бұзылуларының ауыр түрлері бар (Чайлд - Пью шкаласы бойынша ≥10 балл) пациенттерге қатысты клиникалық немесе фармакокинетикалық деректер жоқ.

Бүйрек функциясының бұзылуы. Эторикоксибтің бір реттік 120 мг дозасының фармакокинетикасы бүйрек функциясының орташа және ауыр бұзылулары бар пациенттерде, сондай-ақ гемодиализге әкелетін бүйректің терминальді сатыдағы ауруы бар пациенттерде дені сау адамдардағы осындайдан аздаған айырмашылығы болды. Гемодиализ эторикоксибтің шығарылуына азғантай ықпалын тигізеді (диализ клиренсі минутына 50 мл жуықты құрайды).

Балалар. Эторикоксибтің фармакокинетикасы 12 жастан кіші балаларда зерттелген жоқ.

12-17 жастағы жасөспірімдердің қатысуымен жүргізілген фармакокинетикалық зерттеулерде (n=16) эторикоксибтің 60 мг дозасын тәулігіне бір рет қабылдаған дене салмағы 40 - 60 кг жасөспірімдердегі және эторикоксибтің 90 мг дозасын тәулігіне бір рет қабылдаған дене салмағы 60 кг-ден көбірек жасөспірімдердегі фармакокинетикасы, эторикоксибтің 90 мг дозасын тәулігіне бір рет қабылдаған ересектердегі фармакокинетикаға ұқсас болды. Эторикоксибтің қауіпсіздігі мен тиімділігі балаларда анықталған жоқ.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі. Костарокс® препаратының құрамында белсенді зат эторикоксиб бар. Ішке қабылдауға арналған эторикоксиб дозалардың клиникалық ауқымы аясында қолданғанда ЦОГ-2 селективті тежегіші болып табылады.

Клиникалық фармакологиялық зерттеулерде тәулігіне 150 мг дейінгі дозаларда қолданғанда эторикоксиб, ЦОГ-1 тежемей-ақ, ЦОГ-2 дозаға байланысты тежейді. Эторикоксиб асқазанда простагландиндер синтезін тежемейді және тромбоциттердің функциясына ықпалын тигізбейді.

Циклооксигеназа простагландиндердің түзілуіне жауап береді. ЦОГ-1 және ЦОГ-2 екі изоформасы сәйкестендірілді. ЦОГ-2 қабынуға қарсы импульстермен индукцияланатын және ауыру, қабыну және қызбаның простаноидты медиаторларының синтезіне жауап беретін негізгі фактор ретінде қарастырылатын ферменттің изоформасы болып табылады. ЦОГ-2 сондай-ақ овуляция, имплантация және артериялық түтіктің жабылу үдерістеріне, бүйрек пен орталық жүйке жүйесі функциясының реттеуге (қызба индукциясы, ауыруды сезіну, когнитивті функция) әсерін тигізеді; сонымен қатар ойық жаралардың жазылу үдерісіне қатысуы мүмкін. ЦОГ-2 адамда асқазан ойық жарасының айналасындағы тіндерде сәйкестендіріледі, бірақ оның ойық жараның жазылуы үшін маңызы анықталған жоқ.

Қолданылуы

  • остеоартритте

  • ревматоидты артритте

  • шорбуынданған спондилитте

  • жедел подагралық артритпен байланысты ауыруды және қабыну симптомдарын симптоматикалық емдеуде

  • стоматологиялық операция жүргізумен байланысты орташа ауыруды қысқа мерзімдік емдеуде

ЦОГ-2 селективті тежегішін тағайындау жөніндегі шешім пациент үшін барлық жекелей қауіптерге берілген бағаға негізделуі тиіс.

Қолдану тәсілі және дозалары

Костарокс® препараты тамақ ішуге қарамай ішке қабылдай беруге арналған. Егер Костарокс® препаратын тамақ ішер алдында қабылдаса, әсері тезірек басталады, симптомдарды тезірек бәсеңдету қажет болғанда мұны ескерген жөн.

Эторикоксибті қабылдаған кезде жүрек-қантамырлық асқынулардың туындау қаупі дозаны және қолдану ұзақтығын арттырғанда жоғарылауы мүмкін болғандықтан, ең жоғары қысқа уақыт кезеңі ішінде тиімді ең төмен дозаны пайдалану керек. Симптомдарды жеңілдету қажеттілігіне және жүргізілген емнің жауабына, әсіресе остеоартриті бар пациенттерде, мезгіл-мезгіл баға беріп отырған жөн.

Остеоартрит

Костарокс® препаратының ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет 30 мг құрайды. Кейбір пациенттерде жеткілікті әсері жоқ болғанда дозаны тәулігіне бір рет 60 мг дейін арттыру жөніндегі мәселені қарастырған жөн. Әсері жоқ болған жағдайда емдеудің басқа да ықтимал әдістері жөніндегі мәселені қарастыруға болады.

Ревматоидты артрит

Костарокс® препаратының ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет 90 мг құрайды.

Шорбуынданатын спондилоартрит

Костарокс® препаратының ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет 90 мг құрайды.

Жедел ауыру жағдайлары

Костарокс® препаратын жедел ауыру синдромы кезеңінде ғана қолданған жөн.

Жедел подагралық артрит

Костарокс® препаратының ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет 120 мг құрайды. Клиникалық сынақтарда жедел подагралық артрит үшін эторикоксиб 8 күн бойы тағайындалған.

Хирургиялық стоматологияда операциядан кейінгі ауыру

Костарокс® препаратының ұсынылатын дозасы ең көп дегенде 3 күн бойы тәулігіне бір рет 90 мг құрайды. Кейбір пациенттер үшін операциядан кейінгі ауыруды сездірмеудің басқа да әдістерін қарастыру қажет болуы мүмкін.

Әрбір ретте қолдану үшін ұсынылғаннан артық дозалар қосымша тиімділік болмайды, немесе олар зерттелген жоқ.

Демек:

- остеоартритте доза тәулігіне 60 мг-ден аспауы тиіс;

- ревматоидты артритте және шорбуынданған спондилитте доза тәулігіне 90 мг-ден аспауы тиіс;

- жедел подаграда доза ең көп дегенде 8 күн бойы емдегенде 120 мг-ден аспауы тиіс;

- стоматологиялық операциядан кейін қатты ауырғанда доза тәулігіне 90 мг-ден аспауы тиіс, ал емдеу ең көп дегенде 3 күн бойы жүргізіледі.

Пациенттердің жеке топтары

Егде жастағы пациенттер. Егде жастағы пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес. Басқа препараттар жағдайындағы сияқты, егде жастағы пациенттерде де сақтық танытқан жөн.

Бауыр функциясының бұзылуы. Көрсетілімдеріне қарамай, бауырдың жеңіл дисфункциясы бар (Чайлд-Пью бойынша 5-6 балл) пациентерде дозаны тәулігіне бір рет 60 мг дозадан арттырмаған жөн. Көрсетілімдеріне қарамай, бауырдың орташа дисфункциясы бар (Чайлд-Пью бойынша 7-9 балл) пациенттерде доза тәулігіне бір рет 30 мг-ден аспауы тиіс.

Клиникалық қолдану тәжірибесі, әсіресе бауыр функциясының ауырлығы орташа бұзылулары бар пациенттерде шектеулі, сондықтан сақтық таныту ұсынылады. Бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар (Чайлд-Пью бойынша ≥10 балл) пациенттерде клиникалық қолдану тәжірибесі жоқ, сондықтан эторикоксибті мұндай пациенттерге қолдануға болмайды.

Бүйрек функциясының бұзылуы. Креатинин клиренсі 30 мл/мин пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес. Креатинин клиренсі <30 мл/мин пациенттерге эторикоксибті пайдалануға болмайды.

Балалар. Эторикоксибті 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз әсерлері клиникалық зерттеу деректеріне негізделген және туындау жиілігі бойынша жіктелген: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, <1/10), жиі емес (≥1/1000, <1/100), сирек (≥1/10000, <1/1000), өте сирек (<1/10000).

Өте жиі

- абдоминальді ауыру

Жиі

  • астения/шаршау, тұмау тәрізді ауру

  • бас айналу, бас ауыру

  • бронхтың түйілуі

  • жүректің қағуы, аритмия, гипертензия, ісінулер/сұйықтықтың іркілуі

  • іш қату, метеоризм, гастрит, қыжыл/қышқыл рефлюксі, диарея, диспепсия/ эпигастральді аймақта жайсыздықты сезіну, жүректің айнуы, құсу, эзофагит, ауыз қуысының ойық жарасы

  • альвеолярлы остеит

  • AЛT деңгейінің жоғарылауы, АСТ деңгейінің жоғарылауы

  • экхимоздар

Жиі емес

˗ дәмнің бұзылуы, ұйқысыздық, парестезия/гипестезия, ұйқышылдық, үрейлену, депрессия, ақыл-ой қызметінің нашарлауы, елестеулер

˗ көрудің жіті болмауы, конъюнктивит

˗ құлақтың шуылдауы, вертиго

˗ жүрекшелердің фибрилляциясы, тахикардия, жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігі, ЭКГ-де спецификалық емес өзгерулер, стенокардия, миокард инфарктісі, қан кернеулері, инсульт, ми қан айналымының транзиторлық ишемиялық бұзылулары, гипертониялық криз, васкулит

˗ кеуде қуысының ауыруы, жөтел, диспноэ, мұрыннан қан кету, жоғары тыныс жолдарының инфекциялары

˗ іштің желденуі, ішектің жиырылу сипатының өзгеруі, ауыз ішінің құрғауы, гастродуоденальді ойық жаралар, гастроинтестинальді тесілуді және қан кетуді қоса пептикалық ойық жаралар, тітіркенген ішек синдромы, панкреатит, гастроэнтерит, тәбеттің төмендеуі немесе күшеюі, дене салмағының артуы

˗ протеинурия, сарысулық креатинин деңгейінің жоғарылауы, бүйрек функциясының жеткіліксіздігін қоса бүйрек функциясының бұзылуы, несеп шығару жолдарының инфекциялары

˗ бұлшықет спазмдары/құрысулар, қаңқа-бұлшықет ауыруы/қимылсыздық

˗ аса жоғары сезімталдық реакциялары, беттің ісінуі, қышыну, бөртпе, эритема, есекжем

˗ анемия (көбіне асқазан-ішек жолынан қан кетулер нәтижесінде), лейкопения, тромбоцитопения

˗ қан мочевинасындағы азот деңгейінің жоғарылауы, креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы, гиперкалиемия, несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы

Сирек

  • сананың шатасуы, мазасыздық

  • гепатит, бауыр функциясының жеткіліксіздігі, сарғаю

  • ангионевроздық ісіну, шокты қоса анафилаксиялық/анафилактоидтық реакциялар, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, тұрақты дәрілік эритема

  • қандағы натрий деңгейінің төмендеуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • белсенді затқа немесе препараттың құрамына кіретін қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

  • өршу сатысындағы пептикалық ойық жара немесе жедел асқазан-ішектік қант кету

  • анамнезде ЦОГ-2 (циклооксигеназа-2) тежегіштерін қоса ацетилсалицил қышқылын немесе ҚҚСП қолданғаннан кейін бронхтың түйілуі, жедел ринит, назальді полиптер, ангионевроздық ісіну, есекжем немесе басқа да аллергиялық реакциялардың дамығаны көрсетілген пациенттер

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • бауыр функциясының ауыр бұзылулары (сарысулық альбумин <25 г/л немесе Чайлд-Пью ≥10)

  • анықталған бүйректік креатинин клиренсі минутына <30 мл

  • 18 жасқа дейінгі балалар

  • ішектің қабыну аурулары

  • жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігі (NYHA II-IV)

  • бақыланбайтын тұрақты артериялық гипертензиясы 140/90 мм.с.б.-нан жоғары

  • жүректің анықталған ишемиялық ауруы, шеткері артериялар аурулары және/немесе цереброваскулярлық ауру

- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға (препарат құрамында лактоза моногидраты бар болғандықтан)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Фармакодинамикалық өзара әрекеттесулер

Пероральді антикоагулянттар. Варфаринді үнемі қолданумен жағдайы тұрақтанған пациенттерде, тәулігіне эторикоксибтің 120 мг дозасын қабылдау Халықаралық қалыптасқан қатынастың (ХҚҚ) протромбин уақытының шамамен 13%-ға артуымен қатар жүрді. Сондықтан пероральді антикоагулянттарды қабылдап жүрген пациенттерде ХҚҚ протромбин уақытын, әсіресе эторикоксибті қабылдаудың алғашқы күндері немесе оның дозасын өзгерткен кезде жиі тексерген жөн.

Диуретиктер, ангиотензинөзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштері және ангиотензин ІІ антагонистері. ҚҚСП диуретиктердің және гипертензияға қарсы басқа да препараттардың әсерін бәсеңдетуі мүмкін. Бүйрек функциясы бұзылған кейбір пациенттерде (мысалы, дегидратациясы бар пациенттерде немесе бүйрек функциясы әлсіреген егде жастағы пациенттерде) АӨФ тежегішін немесе ангиотензин ІІ антагонисін және ЦОГ тежейтін препараттарды бір мезгілде қолдану, бүйрек функциясының ықтимал жедел жеткіліксіздігін қоса, бүйрек функциясының кейіннен нашарлауына әкелуі мүмкін, бұл әдетте қайтымды сипатта болады. Эторикоксибті АӨФ тежегіштерімен немесе ангиотензин ІІ антагонистерімен бір мезгілде қолданатын пациенттерде мұндай өзара әрекеттесулердің туындауы мүмкін екендігін ескерген жөн. Сондықтан мұндай біріктірілімді әсіресе егде жастағы пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Адекватты гидратация жүргізген және біріктірілген емнің бас кезінде, сондай-ақ әрі қарай белгілі бір мерзімде бүйрек функциясына мониторинг жүргізу мәселесін қарастырған жөн.

Ацетилсалицил қышқылы. Эторикоксибтің 120 мг дозасын тәулігіне бір рет қолдану ацетилсалицил қышқылының (тәулігіне бір рет 81 мг) антиагреганттық белсенділігіне ықпалын тигізген жоқ. Эторикоксибті жүрек-қантамыр асқынуларының профилактикасына арналған дозаларда (төмен дозалар) қолданылатын ацетилсалицил қышқылымен бір мезгілде тағайындауға болады. Алайда ацетилсалицил қышқылының төмен дозаларын және эторикоксибті бір мезгілде қолдану, эторикоксибтің монотерапиясымен салыстырғанда, АІЖ ойық жараларының немесе басқа да асқынулардың туындау жиілігінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Эторикоксибті жүрек-қантамыр асқынуларының профилактикасы үшін белгіленгеннен асатын дозалардағы ацетилсалицил қышқылымен, сондай-ақ басқа да ҚҚСП-пен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Циклоспорин және такролимус. Эторикоксибтің осы препараттармен өзара әрекеттесуі зерттелмесе де, ҚҚСП циклоспориндермен және такролимуспен бір мезгілде қолдану соңғысының нефроуыттылық әсерін күшейтуі мүмкін. Эторикоксибті осы препараттардың кез келгенімен бір мезгілде қолданғанда бүйрек функциясын бақылаған жөн.

Фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер

Эторикоксибтің басқа препараттардың фармакокинетикасына ықпалы

Литий. ҚҚСП литийдің бүйрек арқылы шығарылуын бәсеңдетеді, осылайша, қан плазмасындағы литий деңгейін арттырады. Осы препараттарды бір мезгілде қолдану кезеңінде, сондай-ақ ҚҚСП қолдануды тоқтатқан кезде, егер қажет болса, осы қандағы литий деңгейіне жиі бақылау жүргізеді және литий дозасын түзетеді.

Метотрексат. Екі зерттеуде ревматоидты артритте метотрексаттың 7,5 мг-ден 20 мг дейінгі дозасын аптасына бір рет қабылдаған пациенттерде жеті күн бойы тәулігіне бір рет 60 мг, 90 мг және 120 мг дозаларда қолданған кездегі эторикоксибтің әсерлері зерттелді. Эторикоксибтің 60 мг және 90 мг дозалары қан плазмасындағы метотрексаттың концентрациясына және бүйректік клиренсіне ықпалын тигізген жоқ. Бір зерттеуде эторикоксибтің 120 мг дозасы метотрексаттың көрсеткіштеріне ықпалын тигізген жоқ, бірақ басқа зерттеуде қан плазмасындағы метотрексаттың концентрациясы 28%-ға жоғарылады, ал метотрексаттың бүйректік клиренсі 13%-ға төмендеді. Эторикоксиб пен метотрексатты бір мезгілде қолданғанда метотрексаттың уыттылығына қатысты тиісінше мониторинг жүргізген жөн.

Пероральді контрацептивтер. Эторикоксибтің 60 мг дозасын құрамында 35 мкг этинилэстрадиол және 0.5-1 мг норэтиндрон бар пероральді контрацептивтермен бір мезгілде қолданғанда, 21 күн ішінде этинилэстрадиолдың AUC0 24 мәнінің 37%-ға жоғарылауына әкелді. Эторикоксибтің 120 мг дозасын жоғарыда көрсетілген пероральді контрацептивтермен бір мезгілде немесе 12 сағат аралықпен қолданғанда этинилэстрадиолдың AUC0 24 мәнін тепе-тең жағдайда 50-60%-ға арттырды. Эторикоксибпен бір мезгілде қолданылатын пероральді контрацептивті таңдағанда этинилэстрадиол концентрациясының осылай жоғарылауын ескерген жөн. Этинилэстрадиол экспозициясының жоғарылауы пероральді контрацептивтерді қолданумен байланысты жағымсыз әсерлердің (мысалы, қауіп тобындағы әйелдерде веналардың тромбоэмболиясы) туындау жиілігін арттыруы мүмкін.

Гормоналмастыратын ем. 120 мг эторикоксибті конъюгацияланған эстрогендерді (конъюгацияланған эстрогендер 0.625 мг) қамтыған гормонның орнын алмастырғыштармен бірге қабылдау 28 күн ішінде тепе-тең жағдайда конъюгацияланбаған эстронның (41%-ға), эквилиннің (76%-ға) және 17-β-эстрадиолдың (22%-ға) AUC0 24 орташа көрсеткішін арттырады. Ұзақ қолдану үшін ұсынылатын эторикоксиб (30 мг, 60 мг және 90 мг) дозаларының ықпалы зерттелген жоқ.

Эторикоксибтің 120 мг дозасы конъюгацияланған эстрогендер монотерапиясымен салыстырғанда, конъюгацияланған эстрогендердің эстрогендік компоненттерінің экспозициясын (AUC0 24) жартысынан азға төмендетті; соңғысының дозасы 0.625 мг-ден 1.25 мг дейін арттырылды. Осындай жоғарылаудың клиникалық маңызы белгісіз, ал конъюгацияланған эстрогендердің өте жоғары дозаларының эторикоксибпен біріктірілімі зерттелген жоқ. Эторикоксибті бір мезгілде қолданғанда, постменопауза кезеңінде қолдану үшін гормональді препаратты таңдағанда эстрогендердің осылай жоғарылауына назар аударған жөн, өйткені эстрогендердің экспозициясының артуы орнын алмастыратын гормонмен емдегенде жағымсыз әсерлердің туындау қаупін ұлғайтуы мүмкін.

Преднизон/преднизолон. Препараттармен өзара әрекеттесуге жүргізілген зерттеулерде эторикоксиб преднизонның/преднизолонның фармакокинетикасына клиникалық тұрғыдан маңызды ықпалын тигізген жоқ.

Дигоксин. Эторикоксибтің 120 мг дозасын 10 күн бойы тәулігіне бір рет қолданғанда тепе-тең жағдайда AUC0 24 көрсеткішіне, дигоксиннің бүйрек арқылы шығарылуына ықпалы байқалған жоқ. Дигоксиннің Cmax көрсеткішінің (шамамен 33%-ға) артқаны байқалды. Мұндай жоғарылау, әдеттегідей, көптеген пациенттер үшін елеулі болып табылмайды. Алайда эторикоксиб пен дигоксинді бір мезгілде қолданғанда дигоксиннің уытты әсеріне қатысты жоғары қаупі бар пациенттердің жағдайын бақылаған жөн.

Эторикоксибтің сульфотрансферазалармен метаболизденетін препараттарға ықпалы.

Эторикоксиб адамның сульфотрансферазасы, атап айтқанда, SULT1E1 белсенділігінің тежегіші болып табылады, сондай-ақ қан сарысуындағы этинилэстрадиолдың концентрациясын арттыруы мүмкін. Қазіргі таңда әртүрлі сульфотрансферазалардың ықпалы жөнінде деректер аз болғандықтан, ал көптеген препараттарды қолданудың клиникалық маңыздылығы зерттелмегендіктен, эторикоксибті негізінен адамның сульфотрансферазаларымен метаболизденетін препараттармен (мысалы, пероральді сальбутамол және миноксидил) бір мезгілде сақтықпен тағайындаған дұрыс.

Эторикоксибтың CYP жүйесінің изоферменттерімен метаболизденетін препараттарға ықпалы.

Іn vitro зерттеу деректерін негіздесек, эторикоксиб Р450 (CYP) 1А2, 2С9, 2С19, 2D6, 2E1 және 3А4 цитохромдарын тежейді деп күтілмейді. Зерттеулерде эторикоксибтің 120 мг дозасын күн сайын қолдану бауырлық CYP3A4 белсенділігіне ықпалын тигізген жоқ, бұл эритромициннің тыныс алуға жүргізілген тестісі бойынша анықталды.

Басқа препараттардың эторикоксибтің фармакокинетикасына ықпалы

Эторикоксиб метаболизмінің негізгі жолы CYP жүйесінің ферменттеріне байланысты. CYP3A4 in vivo эторикоксибтің метаболизміне мүмкіндік береді. Іn vitro зерттеулер CYP2D6, CYP2C9, CYP1A2 және CYP2C19 ферменттері де метаболизмнің негізгі жолын катализдеуі мүмкін екендігін көрсетеді, бірақ олардың мөлшерлік сипаттамасы in vivo зерттелген жоқ.

Кетоконазол. Кетоконазол CYP3A4 күшті тежегіші болып табылады. 400 мг дозаларды тәулігіне бір рет 11 күн бойы қолданғанда кетоконазол эторикоксибтің 60 мг бір реттік дозасының фармакокинетикасына клиникалық тұрғыдан маңызды әсерін тигізген жоқ (AUC мәні 43%-ға артты).

Рифампицин. Эторикоксиб пен рифампицинді (CYP ферменттерінің күшті индукторы) бір мезгілде қолдану қан плазмасында эторикоксиб концентрациясының 65%-ға төмендеуіне әкелді. Мұндай өзара әрекеттесу, егер эторикоксибті рифампицинмен бір мезгілде қолданса, симптомдардың қайталануымен қоса жүруі мүмкін. Ал осы деректер дозаны арттыру қажеттілігін көрсетуі мүмкін, эторикоксибті әрбір ретте қолдану үшін көрсетілгеннен артық дозаларда қолдану ұсынылмайды, өйткені рифампицин мен эторикоксибті мұндай дозаларда біріктіріп қолдану зерттелген жоқ.

Антацидтер. Антацидтік препараттар эторикоксибтің фармакокинетикасына клиникалық тұрғыдан маңызды ықпалын тигізбеді.

Айрықша нұсқаулар

Асқазан-ішек жолына ықпалы. Эторикоксибті қолданған пациенттерде асқазан-ішек жолы тарапынан асқынулар (тесілулер, ойық жаралар немесе қан кетулер), кейде өліммен аяқталу жағдайлары мәлімделді.

АІЖ тарапынан асқынулардың даму қаупі жоғары пациенттерді (кез келген басқа ҚҚСП немесе ацетилсалицил қышқылын бір мезгілде қолданып жүрген пациенттерді, анамнезінде ойық жара немесе асқазан-ішектік қан кетулер сияқты АІЖ аурулары бар пациенттерді) емдегенде ҚҚСП абайлап қолдану ұсынылады.

Эторикоксибті және ацетилсалицил қышқылын (тіпті, төмен дозаларда) бір мезгілде қолданғанда АІЖ тарапынан жағымсыз әсерлердің (асқазан-ішектік ойық жаралар немесе АІЖ тарапынан басқа да асқынулар) туындауына қосымша қауіп бар. Ұзаққа созылған клиникалық зерттеулерде ЦОГ-2 селективті тежегіші + ацетилсалицил қышқылы және ҚҚСП + ацетилсалицил қышқылын қолданғанда АІЖ үшін қауіпсіздікке қатысты айқын айырмашылықтар байқалған жоқ.

Жүрек-қантамыр жүйесіне ықпалы. Клиникалық зерттеулер ЦОГ-2 селективті тежегіштерін қолдану, плацебомен және кейбір ҚҚСП-пен салыстырғанда, тромбоздық асқынулардың (әсіресе миокард инфарктісі және инсульт) туындау қаупімен байланысты болуы мүмкін екендігін көрсетеді. Эторикоксибтің дозасын және қолдану ұзақтығын арттырғанда жүрек-қантамыр асқынуларының қаупі ұлғаюы мүмкін болғандықтан, барынша ең жоғары қысқа кезең ішінде препараттың тиімді ең төмен дозаларын қолданған жөн.

Ауыру симптомдарын жеңілдету қажеттілігін және жүргізілген емнің жауабын, әсіресе остеоартриті бар пациенттерде, мезгіл-мезгіл қайта қарастырған жөн.

Жүрек-қантамырлық асқынулардың даму қаупінің айқын факторлары (артериялық гипертензия, гиперлипидемия, қант диабеті, шылым шегу сияқты) бар пациенттерде мұндай мүмкіндікті мұқият қарастырғаннан кейін ғана эторикоксибпен емдеу керек.

ЦОГ-2 селективті тежегіштері жүрек-қантамыр ауруларының профилактикасы үшін аспиринді алмастырушылар болып табылмайды, өйткені тромбоциттерге әсер етпейді. Сондықтан антиагрегантты препараттарды қолдануды тоқтатпаған жөн.

Бүйрекке ықпалы. Бүйректік простагландиндер бүйрек перфузиясын демеу үшін компенсаторлық рөл атқаруы мүмкін. Сондықтан бүйрек перфузиясы әлсірегенде эторикоксибті қабылдау простагландиндердің түзетілуін азайтуы мүмкін және осының салдарынан – бүйректік қан ағыны төмендейді және бүйрек функциясы әлсірейді. Мұндай реакциялардың қаупі бұрыннан бүйрек функциясы едәуір әлсіреген, жүрек функциясының орны толтырылмаған жеткіліксіздігі немесе циррозы бар пациенттерде өте жоғары. Мұндай пациенттерде бүйрек функциясын бақылау мүмкіндігін қарастырған жөн.

Сұйықтықтың іркілуі, ісінулер және артериялық гипертензия. Простагландиндер синтезін тежейтін басқа препараттарды қолданған кездегідей, эторикоксибті қабылдап жүрген кейбір пациенттерде сұйықтықтың іркілуі, ісінулер және артериялық гипертензия байқалды. Эторикоксибті қоса, барлық ҚҚСП жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігінің туындауына немесе қайталануына әкелуі мүмкін. Препаратты анамнезінде жүрек функциясының жеткіліксіздігі, сол жақ қарынша функциясының бұзылуы немесе артериялық гипертензиясы бар пациенттерге, сондай-ақ кез келген басқа себептен туындаған ісінулері бар пациенттерге сақтықпен тағайындайды. Мұндай пациенттерде жағдайдың клиникалық нашарлау белгілерінде эторикоксиб қабылдауды тоқтатумен қоса, тиісті шаралар қолданған жөн.

Эторикоксибті әсіресе жоғары дозаларда қолдану, кейбір басқа ҚҚСП және ЦОГ-2 селективті тежегіштерін қолдануға қарағанда, өте жиі және ауыр артериялық гипертензиямен қатар жүруі мүмкін. Сондықтан гипертензия эторикоксибпен емдеуді бастар алдында бақылауда болуы тиіс, сондай-ақ эторикоксибпен емдеу кезінде артериялық қысымды бақылауға көңіл бөлген жөн. Қысым едәуір артқан кезде альтернативті ем тағайындау керек. Емдеуді бастағаннан кейін 2 апта бойы, содан кейін мезгіл-мезгіл артериялық қысымды (АҚ) бақылап отыру керек. Егер АҚ едәуір жоғарыласа, альтернативті емдеу мүмкіндігін қарастыру қажет.

Бауырға ықпалы. Ұзақтығы бір жылға созылған клиникалық зерттеулерде эторикоксибтің тәулігіне 30 мг, 60 мг және 90 мг дозаларымен ем қабылдаған пациенттердің шамамен 1%-да аланинаминотрансфераза (АЛТ) және/немесе аспартатаминотрансфераза (АСТ) белсенділігінің (қалыптың жоғары шегімен салыстырғанда, шамамен үш және одан көп есе) жоғарылағаны байқалды.

Бауыр функциясының симптомдары және/немесе белгілері бар барлық пациенттердің, сондай-ақ бауыр функциясының патологиялық көрсеткіштері бар пациенттердің жағдайларын бақылаған жөн. Бауыр функциясының бұзылу белгілерінде немесе бауыр функциясының тұрақты патологиялық өзгерулерінде (қалыптың жоғары шегінен үш есе жоғары) эторикоксиб қабылдауды тоқтату керек.

Жалпы нұсқаулар. Егер емдеу кезінде пациентте жоғарыда көрсетілген қандай да болсын ағзалар жүйесі функцияларының нашарлағаны байқалса, тиісті шаралар қабылдаған және эторикоксиб қабылдауды тоқтату мәселесін қарастырған жөн. Эторикоксибті егде жастағы пациенттерге және бүйрек, бауыр немесе жүрек функциясы бұзылған пациенттерге қолданғанда тиісті медициналық бақылау жүргізу керек.

Дегидратациясы бар пациенттерді эторикоксибпен емдеуді бастағанда сақ болған жөн. Эторикоксибті қолдануды бастар алдында регидратация жүргізу ұсынылады.

Постмаркетингтік бақылау кезінде ҚҚСП және кейбір ЦОГ-2 селективті тежегіштерін қолданғанда күрделі тері реакцияларының, кейбір жағдайларда өліммен аяқталатын, соның ішінде эксфолиативті дерматиттің, Стивенс-Джонсон синдромының және уытты эпидермальді некролиздің туындағаны жөнінде өте сирек мәлімделген. Мұндай реакциялардың туындауының ең жоғары қаупі емнің бас кезінде, ал олардың көрініс беруі, көптеген жағдайларда, емнің алғашқы айы ішінде. Эторикоксиб қолданған пациенттерде күрделі аса жоғары сезімталдық реакциялары (анафилаксия және ангионевроздық ісіну сияқты) жөнінде мәлімделді. Кейбір ЦОГ-2 селективті тежегіштері анамнезінде қандай да болсын препаратқа аллергиялық реакциясы бар пациенттерде тері реакцияларының туындау қаупін арттыруы мүмкін. Эторикоксибті қабылдауды теріде бөртпелер, шырышты қабықтардың зақымдануы немесе аса жоғары сезімталдықтың басқа да белгілері алғаш көрініс берген кезде тоқтатқан жөн.

Эторикоксиб қызбаның көріністерін немесе инфекцияның басқа да белгілерін басуы мүмкін.

Эторикоксиб пен варфаринді немесе басқа да пероральді антикоагулянттарды бір мезгілде абайлап тағайындайды.

ЦОГ және простагландиндер синтезін тежейтін басқа препараттардағы сияқты, эторикоксибті қолдану жүкті болуды жоспарлап жүрген әйелдерге ұсынылмайды.

Костарокс® препаратының құрамына лактоза моногидраты кіреді. Тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер бұл препаратты қабылдамауы тиіс.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік. Жүкті әйелдерге эторикоксибті қолдану жөнінде клиникалық деректер жоқ. Адамда жүктілік үшін потенциалды қаупі белгісіз. Простагландиндер синтезін тежейтін басқа препараттар сияқты, жүктіліктің кеш мерзімдерінде эторикоксибті қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл артериялық түтіктің мезгілінен бұрын жабылуына әкелуі және жатырдың жиырылмауын туындатуы мүмкін. Жүктілік кезінде эторикоксибті қолдануға болмайды. Жүктілік диагнозы қойылған жағдайда эторикоксибпен емдеуді тоқтатқан жөн.

Лактация. Емшек сүтіне эторикоксибтің бөлініп шығатыны-шықпайтындығы белгісіз. Эторикоксиб сүтке in vivo бөлініп шығады. Бала емізетін әйелдер эторикоксибпен емделу кезінде емшек емізуді тоқтатқаны жөн.

Фертильділік. ЦОГ-2 басқа да селективті тежегіштері сияқты, жүкті болуды жоспарлап жүрген әйелдерге эторикоксибті қолдану ұсынылмайды.

Көлік құралын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Эторикоксибті қабылдау кезінде бас айналу, вертиго немесе ұйқышылдық көріністері орын алған пациенттерге автомобильді жүргізуге немесе механизмдерді басқаруға рұқсат етпеу керек.

Артық дозалануы

Симптомдары. Эторикоксибті 500 мг-ге дейінгі бір реттік дозаларда қолдану немесе тәулігіне 150 мг-ге дейін көп реттік қолдану 21 күн ішінде елеулі уытты әсерлерді туындатқан жоқ. Көптеген жағдайларда жағымсыз әсерлері жөнінде мәлімделмесе де, эторикоксибпен жедел артық дозалану жағдайы мәлімделді. Өте жиі байқалатын жағымсыз әсерлер эторикоксибтің қауіпсіздігі бейінімен үйлесімді болды (мысалы, АІЖ тарапынан жағымсыз әсерлер, реноваскулярлық реакциялар).

Емі. Артық дозаланған жағдайда АІЖ-ден сіңбеген эторикоксибті жою, клиникалық бақылау жүргізу сияқты әдеттегі демеуші шараларды қолданған, және қажет болғанда, демеуші ем жүргізген мақсатқа сай келеді.

Эторикоксиб гемодиализ кезінде жойылмайды; перитонеальді диализде эторикоксибтің шығарылуы белгісіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Үлбірлі қабықпен қапталған 30 мг №14 (1х14), №28 (2х14) таблеткалар: Алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 14 таблеткадан салынған. Пішінді ұяшықты 1 немесе 2 қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Үлбірлі қабықпен қапталған 60 мг №7 (1х7), №14 (1х14), №28 (2х14) таблеткалар: Алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 7 немесе 14 таблеткадан салынған. Пішінді ұяшықты 1 немесе 2 қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Үлбірлі қабықпен қапталған 90 мг №7 (1х7), №14 (1х14), №28 (2х14) таблеткалар: Алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 7 немесе 14 таблеткадан салынған. Пішінді ұяшықты 1 немесе 2 қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Үлбірлі қабықпен қапталған 120 мг №7 (1х7), №14 (1х14), №28 (2х14) таблеткалар: Алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 7 немесе 14 таблеткадан салынған. Пішінді ұяшықты 1 немесе 2 қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші/Қаптаушы

Кадила Фармасьютикалс Лтд, Үндістан

No. 1389, Trasad Road, City: Dholka -382 225, Dist.: Ahmedabad, Gujarat State, India

Тіркеу куәлігінің иесі

Лек Фармасьютикалс д.д., Словения

Verovškova 57, 1526 Ljubljana, Slovenia

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс жасау деректері

«Сандоз Фармасьютикалс д.д.» акционерлік қоғамының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі,

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050000, Құрманғазы к-cі, 95.

Тел.: +7 (727) 258-24-47

Факс: +7 (727) 244-26-51

e-mail: drugsafety.cis@novartis.com

Прикрепленные файлы

Проект_инструкции_рус_28.05_.2018_.docx 0.04 кб
Костарокс_каз_исправ.doc 0.2 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту