КОРОНИМ® 10

МНН: Амлодипин
Производитель: Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Amlodipine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015667
Информация о регистрации в РК: 13.01.2016 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 65.09 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

КОРОНИМ® 5

КОРОНИМ® 10

Халықаралық патенттелмеген атауы

Амлодипин

Дәрілік түрі

Таблеткалар 5 мг, 10 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 6,935 мг амлодипин бесилаты (5 мг амлодипинге баламалы) немесе 13,87 мг амлодипин бесилаты (10 мг амлодипинге баламалы),

қосымша заттар: кальций гидрофосфат дигидраты, микрокристалды целлюлоза РН 102, эксплотаб (натрий крахмалы гликоляты), аэросил 200, магний стеараты.

Сипаттамасы

Бір жағында сызығы бар ақ түсті дөңгелек таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

«Баяу» кальций өзекшелерінің блокаторлары. Іріктелген «баяу» кальций өзекшелерінің блокаторлары. Дигидропиридин туындылары. Амлодипин. АТХ коды C08CA01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

КОРОНИМ® препаратының абсолюттік биожетімділігі 64-80% құрайды. Қан плазмасында ең жоғары концентрациясы 6-12 сағаттан кейін байқалады. Амлодипин қан плазмасы ақуыздарымен 97,5 % байланысады. Тамақтану амлодипиннің биожетімділігіне ықпалын тигізбейді, гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтеді.

Жүйелік қан ағысынан шығарылуы екі кезеңмен жүзеге асады, жартылай шығарылу кезеңі шамамен 30-50 сағатты құрайды. Бұл уақыт бүйрек жеткіліксіздігі кезінде артпайды. Қан плазмасында тұрақты тепе-тең концентрациясына тұрақты қабылдағанда 7-8 күннен кейін жетеді. Амлодипин белсенді емес метаболиттер түзе отырып, бауырда метаболизденеді, метаболиттердің 60%-ы несеппен, ал 10 %-ы өзгермеген күйде шығарылады.

Фармакoдинамикасы

Короним® препаратының белсенді заты Амлодипин дигидропиридин туындысы болып табылады. Дигидропиридинді рецепторлармен байланыса отырып, «баяу» кальций өзекшелерін бөгейді, жүректің тегіс бұлшықет және тамыр жасушалырының (көбінесе кардиомиоциттерге қарағанда тегіс бұлшықетті тамыр жасушаларына) ішіне кальцийдің трансжарғақшалы өтуін тежейді.

Гипотензиялық және антиангинальді әсер көрсетеді. Короним® препаратының гипотензиялық әсер ету механизмі тамырлардың тегіс бұлшықетіне тікелей босаңсытатын әсерімен байланысты. Антиангинальді әсері коронарлық және шеткергі артерия мен артериолдың кеңеюіне байланысты. Стенокардия кезінде миокард ишемиясының айқындылығын төмендетеді. Шеткергі артериолдарды кеңейте отырып, тамырлардың жалпы шеткергі қарсыласуын төмендетеді, миокардтың оттегіне қажеттілігін төмендетеді. Миокардтың өзгермеген және ишемияланған аймақтарында негізгі коронарлық артерияларды және артериолдарды кеңейте отырып, оттегінің миокардқа (әсіресе вазоспастикалық стенокардия) түсуін арттырады. Коронарлық артериялар констрикциясы дамуын болдырмайды (соның ішінде шылым шегуден туындаған).

Артериялық гипертензиямен ауыратын науқастарда Коронимнің бір реттік тәуліктік дозасы «жатқан» қалыпта да, «түрегеп тұрған» қалыпта да 24 сағат бойы артериялық қысымның төмендеуін қамтамасыз етеді. Баяу әсер ете бастауының арқасында амлодипин артериялық қысымның күрт төмендеуін туғызбайды.

Стенокардиясы бар науқастарда препараттың бір реттік тәуліктік дозасы дене жүктемесіне төзімділікті арттырады, дене жүктемесі аясында стенокардия ұстамасы мен ST (1 мм-ге) сегменті депрессиясы дамуын тежейді, стенокардия ұстамаларының жиілігін және нитроглицерин тұтынуды төмендетеді.

Миокард инфарктін, коронарлық артериялардың тері арқылы транслюминальді ангиопластикасын (ТЛП) бастан өткерген немесе стенокардиядан зардап шегетін жүрек-қантамыр аурулары (бір тамырдың зақымдалуымен және 3 және одан да көп артерияның стенозына дейін коронарлық атеросклерозды және ұйқы артериясының атеросклерозын қоса) бар пациенттерде Коронимді қолдану ұйқы артериясының интим-медия қалыңдауы дамуының алдын алады. Коронимді қолдану, сондай-ақ, жүрек-қантамыр себебінен болатын өлімді, миокард инфарктісін, инсультті, ТЛП, аорта-коронарлық шунттауды елеулі түрде төмендетеді, тұрақсыз стенокардияға және созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (СЖЖ) үдеуіне қатысты ауруханаға жату санының төмендеуіне әкеледі, коронарлық қан ағымын қалпына келтіруге бағытталған араласулар жиілігін төмендетеді.

Қолданылуы

- артериялық гипертензияда (монотерапияда да, басқа да гипотензиялық препараттармен бірге қолданғанда да)

- тұрақты стенокардияда және вазоспастикалық стенокардияда (Принцметалл стенокардиясы) (монотерапияда да, басқа да гипотензиялық препараттармен бірге қолданғанда да)

Қолдану тәсілдері және дозасы

Препарат жеткілікті мөлшердегі суды (100 мл) ішу арқылы пероральді тағайындалады. Тамақтану препараттың асқазан-ішек жолынан сіңуіне әсерін тигізбейді.

Ұсынылған бастапқы доза күніне бір рет 2,5 - 5 мг құрайды. Артериялық гипертензияда және стенокардияда – тәулігіне 5мг. Науқастың жеке реакциясына байланысты доза тәулігіне 10 мг – ең жоғарғы тәуліктік дозаға дейін арттырылуы мүмкін. Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.

Егде жастағы адамдарда қолдану. Әдеттегі дозада қолдану ұсынылады, препарат дозасын өзгерту қажет емес.

Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде қолдану. Әдеттегі дозада қолдану ұсынылады, алайда Т1/2 елеусіз ұлғаюы мүмкіндігін ескеру қажет.

Тиазидтік диуретиктерді, бета-адреноблокаторларды немесе ангиотензин-өзгертуші ферменттер (АӨФ) тежегіштерін бір уақытта қолданған кезде Коронимнің дозалау режимін өзгерту қажет емес.

Жағымсыз әсерлері

- бас ауыруы, бас айналу, ұйқышылдық, қажу

- тахикардия

- бет гиперемиясы

- жүректің айнуы, іштің ауыруы

- ісінулер, шеткергі ісінулерді қосқанда

Сирек

- жүрек ырғағының бұзылуы (қарыншалық тахикардия, жүрекшенің дірілдеуі), брадикардия, кеуде қуысының ауыруы

- қышыну, бөртпе, ангионевротикалық ісіну, экссудативті мультиформалы эритеманы қоса аллергиялық реакциялар

- артериялық гипотензия

- лейкопения, тромбоцитопения,

- гипергликемия

- көңіл-күйдің өзгеруі

- шеткергі нейропатия, тремор, гипестезия, парестезия

- естен тану

- дәм сезудің бұзылуы

- көрудің нашарлауы

- құлақтағы шуыл

- васкулит

- ентігу, жөтел, ринит

- диспепсиялық бұзылыстар, ауыздың құрғауы, нәжістің өзгеруі, қызылиектің гиперплазиясы, дене салмағының артуы/төмендеуі

- панкреатит

- гипергидроз

- алопеция, тері түсінің өзгеруі

- артралгиялар, миалгиялар, бұлшықет құрысулары, арқаның ауыруы

- поллакиурия, дизурия, никтурия

- потенцияның төмендеуі, гинекомастия

- қатты шаршау, астения

Өте сирек

- гастрит, гепатит, сарғаю, бауыр трансаминазалары деңгейінің жоғарылауы (негізінен холестазбен)

- есекжем

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- амлодипинге, дигидропиридин тобының басқа туындыларына немесе препарат құрамына кіретін қосымша заттарға жоғары сезімталдық

- артериялық гипотензия (систолалық артериялық қысым

90 мл с.б. –нан төмен)

- коллапс

- жүктілік және лактация кезеңі

- қантамырлық және кардиогенді шок

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге (тиімділігі және қауіпсіздігі анықталған жоқ)

Сақтықпен:

- бауыр функциясының бұзылуы

- синустық түйіннің әлсіздігі синдромы (айқын брадикардия, тахикардия)

- декомпенсация сатысындағы созылмалы жүрек жеткіліксіздігі

- митральді және аортальді стеноз

- жедел миокард инфаркті (және одан кейін 1 ай бойы)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Амлодипинді тиазидті диуретиктермен, альфа-адреноблокаторлармен, бета-блокаторлармен, ангиотензин -өзгертуші фермент тежегіштерімен, әсер етуі ұзартылған нитраттармен, сублингвальді нитроглицеринмен, қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен, антибиотиктермен және пероральді гипогликемиялық дәрілік препараттармен тағайындау қауіпсіз.

Аталған In vitro зерттеулер амлодипиннің дигоксин, фенитоин, варфарин немесе индометацин сияқты препараттардың ақуызбен байланысуына әсер етпейтінін көрсетті.

Симвастатин: 10 мг амлодипиннің көпреттік дозаларын 80 мг симвастатинмен бір уақытта тағайындау симвастатинмен монотерапиямен салыстырғанда симвастатиннің әсерін 77%-ға күшейтті. Сондықтан амлодипин қабылдайтын пациенттерде симвастатиннің ең жоғары дозасы тәулігіне 20 мг-ге дейін болуы тиіс.

Грейпфрут шырыны: Еріктілерде 240 мл грейпфрут шырынын 10 мг амлодипиннің бір реттік пероральді дозасымен бір уақытта қолдану амлодипиннің фармакокинетикасына елеулі әсер көрсеткен жоқ. Амлодипин метаболизміне жауап беретін негізгі фермент CYP3A4 генетикалық полиморфизмнің әсерін зерттеу мүмкіндігі болмады, сондықтан амлодипинді грейпфрутпен немесе грейпфрут шырынымен қолдану ұсынылмайды, себебі биожетімділігі жоғарылауы мүмкін, бұл артериялық қысымы жоғары кейбір пациенттерде күрт гипотензиялық әсерді туғызуы мүмкін.

CYP3A4 тежегіштері: Артериялық гипертензиясы бар егде жастағы (69 - 87 жас) пациенттерде 180 мг дилтиаземнің тәуліктік дозасын 5 мг амлодипинмен бір уақытта қолдану амлодипиннің жүйелік әсер етуінің 57%-дық ұлғаюына әкелді. Дені сау еріктілерде (18-ден 43 жасқа дейінгі) эритромицинді бір уақытта қолданғанда амлодипиннің жүйелік әсер етуі айтарлықтай өзгерген жоқ (AUC 22% артуы). Бұл деректердің клиникалық мәні анықталмағанмен, егде жастағы адамдарда фармакокинетикалық өзгеруі барынша айқын болуы мүмкін.

CYP3A4 күшті тежегіштері (мысалы, кетоконазол, итраконазол, ритонавир) дилтиаземге қарағанда көп дәрежеде амлодипиннің плазмалық концентрациясын жоғарылатуы мүмкін. Сондықтан амлодипинді CYP3A4 тежегіштерімен бірге сақтықпен пайдалану керек.

CYP3A4 индукторлары: CYP3A4 индукторларының амлодипинге әсер етуі туралы деректер жоқ. CYP3A4 индукторларын (мысалы, рифампицин, шілтерленген шайқурай) бір уақытта қолдану плазмада амлодипиннің концентрациясын айтарлықтай төмендетуі мүмкін. Сондықтан амлодипинді CYP3A4 индукторларымен бірге сақтықпен пайдалану керек.

Төменде келтірілген зерттеулерде бір уақытта қолданғанда амлодипиннің де, басқа зерттелген препараттың да фармакокинетикасында ешқандай елеулі өзгерістер болған жоқ.

Басқа дәрілік препараттардың амлодипинге әсер етуінің арнайы зерттеулері

Циметидин: Амлодипинді циметидинмен бір уақытта тағайындау амлодипин фармакокинетикасын өзгертпейді.

Алюминий/Магний (антацид): Алюминий/магний антацидтерін амлодипиннің бір реттік дозасымен бір уақытта қолдану амлодипин фармакокинетикасына айтарлықтай әсер еткен жоқ.

Силденафил (Виагра): 100 мг силденафилдің бір реттік дозасы гипертониялық ауруы бар пациенттерде амлодипиннің фармакокинетикалық параметрлеріне әсер еткен жоқ. Амлодипин мен силденафилді біріктіріп қолданғанда әр препарат өз бетінше қан қысымын төмендететін әсер көрсетті.

Амлодипиннің басқа дәрілік препараттарға әсер етуінің арнайы зерттеулері

Аторвастатин: 10 мг амлодипиннің көп реттік дозасын және 80 мг аторвастатинді бір уақытта қолдану тепе-тең жағдайда аторвастатиннің фармакокинетикалық параметрлерінің елеулі өзгеруіне әкелген.

Дигоксин: Амлодипинді дигоксинмен бір уақытта қолдану сарысуда дигоксин концентрациясын немесе дигоксиннің бүйрек клиренсін өзгерткен жоқ.

Этанол (спирт): 10 мг амлодипиннің бір реттік және көп реттік дозалары этанолдың фармакокинетикасына елеулі әсер көрсеткен жоқ.

Варфарин: Амлодипинді варфаринмен бір уақытта қолдану варфариннің әсерімен протромбинді уақыттың жауапты өзгерістерін өзгерткен жоқ.

Циклоспорин: Циклоспоринмен жүргізілген фармакокинетикалық зерттеулер амлодипиннің циклоспориннің фармакокинетикасын айтарлықтай өзгертпейтінін көрсетті.

Айрықша нұсқаулар

Сирек жағдайларда кальций өзекшелерінің тежегіштерімен емдеудің бастапқы кезеңінде немесе коронарлық артериялардың обтурациясы бар пациенттерде дозаны жоғарылатқан кезде ауыр дәрежелі стенокардия өрши түседі.

Жедел дамыған гипотензияда айқын аорта стенозы бар пациенттерге басқа вазодилятаторларды қолданған кезде сақ болу қажет.

NUHA классификациясы бойынша III және IV функционалдық кластық созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде Короним® препаратын қолданған кезде өкпе ісінуінің дамуы болуы мүмкін.

Егде жастағы пациенттерге ең төменгі бастапқы дозалар ұсынылған.

Ауыр дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі пациенттерге тағайындағанда сақ болу керек, өйткені амлодипин бауырда метаболизденеді және жартылай шығарылу кезеңі артады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және бала емізу кезінде Короним® препаратын қолдану қауіпсіздігі анықталған жоқ, сондықтан анасы үшін пайдасы ұрық пен жаңа туған нәресте үшін қауіптен артқан жағдайда ғана жүктілік кезінде қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарының жүргізушілері және кәсібі зейінді жұмылдырумен байланысты адамдарға жұмыс кезінде абайлап қолдану керек (емнің бас кезінде бас айналу және ұйқышылдық болуы мүмкін).

Артық дозалануы

Симптомдары: артериялық қысымды елеулі төмендетумен шамадан тыс шеткергі вазодилатация, рефлекторлы тахикардия болуы мүмкін.

Емі: асқазанды шаю, белсендірілген көмір тағайындау, жүрек-қантамыр жүйесі функциясын демеу, жүрек пен өкпе функцияларының көрсеткіштерін бақылап отыру, науқастың аяғын көтеріңкіреп жатқызу, айналымдағы қан көлемін және диурезді бақылау. Егер қарсы көрсетілімдері болмаса, тамырлар тонусы мен АҚ қалпына келтіру үшін тамыр кеңейтетін препараттар (допамин, норадреналин) қолданылуы мүмкін. Кальций өзекшелерінің блокадасына қарсы әсер көрсетуге көмектесетін кальций глюконатын көктамыр ішіне енгізуді пайдаланады. Гемодиализ тиімсіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы10 немесе 14 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 2 пішінді қаптамадан медициналық қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге өндіруші фирманың голограммасы бар картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.

Телефон нөмірі: (+7 727) 399-50-50

Факс нөмірі: (+7 727) 399-60-60

Электронды поштасы nobel@nobel.kz

 

Прикрепленные файлы

090753741477976328_ru.doc 74 кб
063033431477977579_kz.doc 83 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники