Коргликон Галичфарм

Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Коргликон
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Инъекцияға арналған 0,6 мг/мл ерітінді
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат: 0,6 мг коргликон
қосымша заттар: хлорбутанол гемигидраты, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Сарғыштау түсті мөлдір сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Жүрек ауруларын емдеуге арналған препараттар. Жүрек гликозидтері.
Басқа да жүрек гликозидтері. АТХ коды С01А Х.
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Көктамырға енгізгеннен кейін препараттың әсері 3-5 минуттан соң байқалады, ең жоғары деңгейіне 30 минут ішінде жетеді. Препарат плазма ақуыздарымен байланыспайды, организмде метаболизденбейді. Өзгермеген күйде көбінесе несеппен шығарылады. Іс жүзінде жинақталатын әрекеті жоқ. Организмнен жартылай шығарылу кезеңі (ең алдымен бүйрекпен) - шамамен 28 сағат.
Фармакодинамикасы
Коргликон жүрек гликозидтері тобына жатады және өзінің спецификалық әсері бойынша строфантинге жақын, бірақ әсері ұзақтау болады. Коргликон дәрілік затының әсер ету механизмі кардиомиоциттердің Na+-K+-АТФ-аза бөгелісімен, миофибрилдердің жиырылу үдерісін энергетикалық қамтамасыз етуге ықпал етумен байланысты. Препараттың оң миотропты әсері, теріс хроно- және дромотропты тиімділігі бар, жүрек ырғағы мен Гисс шоғыры бойымен өткізгіштікті мардымсыз баяулатады. Препарат гемодинамиканы жақсартады, симпатоадреналдық жүйе белсенділігін төмендетеді. Препарат орталық жүйке жүйесіне тыныштандыратын әсер көрсетеді.
Қолданылу
Жедел және созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (дигиталис препараттарын көтере алмаушылықта)
Қолдану тәсілі және дозалары
Коргликон көктамыр ішіне енгізіледі. Енгізу тәулігіне 1-2 рет 5-6 минут бойы баяу жүргізіледі (препаратты тек натрий хлоридінің 10-20 мл изотониялық ерітіндісінде сұйылтады). Ересектерге бір реттік дозада 0,5-1 мл, 2-ден 5 жасқа дейінгі балаларға 0,2-0,5 мл; 6-дан 12 жасқа дейін 0,5-0,75 мл енгізіледі. Тәулігіне 2 рет енгізгенде инъекциялар арасындағы аралық 8-12 сағатқа тең болады.
Ересектерге арналған ең жоғары дозалары: көктамыр ішіне бір реттік – 1 мл, тәуліктік – 2 мл.
Жағымсыз әсерлері
Жүрек-қантамыр жүйесі жағынан: препарат автоматизм мен өткізгіштікке ықпал ету есебінен, әсіресе, жылдам енгізгенде жүрек ырғағының бұзылуын туындатады (экстрасистолия, атриовентрикулярлы блокада, брадиаритмия, қарыншалық аритмиялар, AV-өткізгіштігінің баяулауы).
Асқазан-ішек жолы жағынан: жүрек айну, құсу, диарея, ауыздың кеберсуі, анорексия, эпигастрийдегі жайсыздану және ауыру.
Жүйке жүйесі және сезім мүшелері тарапынан: сананың шатасуы, аяқ-қолдың ауыруы және парестезия, апатия, әлсіздік, ұйқысыздық, бас айналу, бас ауыру, түс ажырату қабілетінің бұзылуы, ұзақ уақыт қолданған кезде көру аясының тарылуы, көру өткірлігінің төмендеуі.
Аллергиялық реакциялар: анафилактикалық шок, бөрту.
Басқалары: гипокалиемия, гинекомастия (ұзақ уақыт қолданғанда).
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- Препарат компоненттеріне, сондай-ақ басқа жүрек гликозидтеріне жоғары сезімталдық
- диастолалық қызмет бұзылуы кезіндегі жүрек жеткіліксіздігі
- жедел миокард инфарктісі
- әртүрлі дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада
- брадикардия
- экстрасистолия
- имплантатталған ырғақ жетектегіші жоқ синустық түйіннің әлсіздік синдромы
- тұрақсыз стенокардия
- каротидтік синустың аса жоғары сезімталдық синдромы
- жедел миокардит
- эндокардит
- гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатия
- констриктивті перикардит
- аортаның кеуде бөлігінің аневризмасы
- оқшауланған митральді стеноз
- WРW синдром
- гиперкальциемия
- гипокалиемия
- гликозидтік уыттану
- 2 жасқа дейінгі балаларға
- жүктілік
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Адреномиметикалық дәрілер. Эфедрин гидрохлоридін, адреналин гидрохлоридін немесе норадреналин гидротартратын, сондай-ақ селективті бета-адреномиметикалық дәрілерді бір мезгілде қолдану жүрек аритмияларының пайда болуына түрткі болады.
Кальций антагонистері (әсіресе, верапамил), хинидин, эритромицин, тетрациклин, амиодарон қан плазмасындағы препарат концентрациясын арттырады және шығарылуын баяулатады. Бірге қолдану қажет жағдайда Коргликон дозасын 2 есе азайтады.
Аминазин және басқа фенотиазин туындылары. Жүрек гликозидтерінің әсері азаяды.
Антихолинестеразалық препараттар. Антихолинестеразалық препараттарды жүрек гликозидтерімен бір мезгілде қолданғанда брадикардия күшейеді. Қажет болса, оны атропин сульфатын енгізумен жоюға немесе әлсіретуге болады.
Глюкокортикостероидтар. Гипокалиемия пайда болғанда глюкокортикостероидтармен ұзақ уақыт емдеу салдарынан жүрек гликозидтерінің қолайсыз әсерлері артуы мүмкін.
Диуретиктік дәрілер. Диуретиктік дәрілерді жүрек гликозидтерімен бір мезгілде қолданғанда соңғыларының әсері күшейеді. Оларды бір мезгілде қолданғанда ұтымды дозалануын ұстану керек.
Калий препараттары. Калий препараттарының әсер етуімен жүрек гликозидтерінің қолайсыз әсерлері азаяды.
Кальций препараттары. Жүрек гликозидтерімен емдегенде кальций препараттарын парентеральді қолдану қауіпті, өйткені кардиоуыттылық әсерлер күшейеді.
Инсулин. Инсулинмен бір мезгілде қолданғанда гликозидті уыттану қатері артады.
Этилендиаминтетрасірке динатрий тұзы қышқылы (ЭДТҚ). Жүрек гликозидтерінің тиімділігі мен уыттылығының төмендеуі байқалады.
Кортикотропин препараттары. Жүрек гликозидтерінің әсері кортикотропиннің ықпал етуімен күшейеді.
Ксантин туындылары. Кофеин немесе теофиллин препараттары жүрек ырғағының бұзылу қаупін арттырады.
Натрий аденозинотрифосфаты. Натрий аденозинотрифосфатын жүрек гликозидтерімен бір мезгілде тағайындауға болмайды.
Эргокальциферол. Эргокальциферол туғызған гипервитаминозда гиперкальциемияның дамуынан болатын жүрек гликозидтерінің әсері күшеюі мүмкін.
Есірткілі анальгетиктер. Фентанил мен жүрек гликозидтерінің біріктірілімі гипотензияға себеп болады.
Парацетамол. Осы өзара әрекеттесудің клиникалық мәні жеткіліксіз зерттелген, бірақ парацетамолдың ықпал етуімен жүрек гликозидтерінің бүйрекпен аз бөлінуі жөнінде деректер бар.
Айрықша нұсқаулар
Бүйрек қызметі бұзылған тұлғаларда, егде жастағы тұлғаларда, электростимулятор имплантталған, әлсіреген науқастарда дозаны мұқият таңдау қажет. Коргликон қолданылғанда электролит теңгерімін бақылау қажет. Бүйректің бөліп шығару қызметі бұзылғанда гликозидтік уыттанудың пайда болуынан сақтану үшін препарат дозасын азайту қажет. Гипокалиемия, гипомагниемия, гиперкальциемия, жүрек қуыстарының айқын дилатациясы, өкпелік жүрек, алкалоз кезінде, егде жастағы адамдарда гликозидтік уыттанудың даму ықтималдығы артады.
Көктамыр ішіне жылдам енгізгенде брадиаритмия, қарыншалық тахикардия, атриовентрикулярлық блокада дамуы және жүректің тоқтап қалуы мүмкін. Осы әсердің алдын алу үшін тәуліктік дозаны 2-3 енгізуге бөлуге болады. Ем электрокардиограмманың тұрақты бақылауымен жүргізіледі. Препаратты тиреотоксикоз және жүрекшелік экстрасистолия кезінде тағайындағанда, жүрекше жыпылықтауына ұласуы мүмкін екендіктен, сақ болу керек.
Жүктілік немесе бала емізу кезеңінде қолдану
Препарат жүктілік және бала емізу кезеңінде қарсы көрсетілімді.
Педиатрияда қолданылуы
2 жастан асқан балаларға қолдану рұқсат етілген.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Коргликон қолдану кезінде психомоторлық реакциялар жеделдігін талап ететін қызмет түрлерімен айналысу ұсынылмайды.
Артық дозалануы
Артық дозалану кезінде мына симптомдар көрініс береді:
Жүрек-қантамыр жүйесі жағынан: аритмиялар, соның ішінде брадикардия, атриовентрикулярлық блокада, қарыншалық тахикардия немесе экстрасистолия, қарыншалар фибрилляциясы.
Ас қорыту жолы жағынан: анорексия, жүрек айну, құсу, диарея.
Орталық жүйке жүйесі және сезім мүшелері тарапынан: бас ауыру, қатты шаршау, сирек – түс ажырату қабілетінің бұзылуы, көру өткірлігінің төмендеуі, скотомалар, макро- және микропсия, өте сирек – сананың шатасуы, синкопалық жағдайлар.
Емі: гликозидтік уыттану дамығанда, аритмиялар пайда болғанда калий препараттарын, дұрысы инсулинсіз, көктамыр ішіне тамшылатып енгізеді (қан сарысуындағы калийдің 5 мEq/л концентрациясы кезінде тоқтатады). Калий препараттары AV-өткізгіштігінің бұзылуында қарсы көрсетілімді. Айқын брадикардияда атропин сульфатының ерітіндісін тағайындайды. Оксигенотерапия көрсетілген. У қайтарғы зат ретінде унитиол тағайындалады (алғашқы 2 күнде тері астына 0,05 г препарат есебінен (1 мл 5 % ерітінді) науқастың әр 10 кг дене салмағына тәулігіне 3-4 рет, сонан соң тәулігіне 1-2 рет Коргликонның кардиоуытты әсері басылғанша енгізіледі). Белгісіне қарай емдеу.
Шығарылу түрі және қаптамасы
1 мл препараттан шыны ампулаларда.
10 ампуладан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және ампулалық скарификатормен бірге гофрланған астары бар қорапқа салынады. Қорап заттаңба-бандерольмен жапсырылады.
Немесе 10 ампуладан пішінді ұяшықты қаптамаға салады.
1 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және ампулалық скарификатормен бірге пәшкеге салынған.
Сындыру сақинасы немесе нүктесі бар ампулалар пайдаланылғанда скарификаторлар салынбайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Галичфарм» АҚ, Украина, 79024,
Львов қ-cы, Опрышковская к-сі, 6/8
Тіркеу куәлігі иесі
«Галичфарм» АҚ, Украина
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
Қазақстан Республикасындағы «Артериум» корпорациясының өкілдігі
050060, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 97 үй, 3 подъезд, «54» кеңсе
Тел./факс: 8 (727) 315-82-09; 8 (727) 315-82-10;
Е-mail: Almaty@arterium.kz