Корвалол (капли, 25 мл, Химфарм АО)

МНН: Мяты перечной масло, Фенобарбитал, Этилбромизовалерианат
Производитель: Химфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие снотворные и седативные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011008
Информация о регистрации в РК: 01.02.2013 - 01.02.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Корвалол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

25 мл тамшылар

Құрамы

25 мл ерітіндінің құрамында

белсенді заттар: 500.0 мг α-бромизовалериан қышқылының этилді эфирі, 456.5 мг фенобарбитал,

қосымша заттар: бұрыш жалбызы майы, натрий гидроксиді, 95 % этанол, тазартылған су.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар мөлдір, түссіз сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Ұйықтататын және тыныштандыратын басқа да препараттар

АТХ коды N05СМ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағанда сіңуі тіл асты аумағында-ақ басталады, құрамдастарының биожетімділігі жоғары (60-80 %-ға жуық). Ішке немесе тіл астына қабылдағаннан кейін әсер етуі 15-45 минут өткеннен кейін дамиды және 3-6 сағат бойы жалғасады. Егде жастағы адамдарда және бауыр циррозына шалдыққан емделушілерде Корвалолдың® метаболизмі төмендеген, сондықтан оларда жартылай шығару кезеңі ұзарады, бұл өз кезегінде дозаны азайту мен препаратты қабылдау арасындағы аралықтарды ұзартудың қажеттілігін талап етеді.

Фенобарбитал бауырда биотрансформацияланады, организмнен баяу (несеппен және өтпен) бөлінеді, бұл жинақталудың алғы шарттарын құрады.

Препарат құрамына кіретін натрий гидроксиді фенобарбиталды еритін фенобарбитал-натрийге ауыстырады.

Бұрышты жалбыз майы сіңуден соң бауырда биотрансформацияланады және глюкуронидтер түрінде несеппен және өтпен бөлінеді.

Фармакодинамикасы

Корвалол - тыныштандырғыш және түйілуді басатын препарат, әсері оның құрамына кіретін компоненттермен анықталады.

α-бромизовалериан қышқылының этил эфирі рефлекторлы тыныштандырғыш және түйілуді басатын әсер береді, оған негізінен ауыз қуысы мен мұрын жұтқыншағы рецепторларын тітіркендіруге, жүйке жүйесі орталық бөліктері рефлекторлық қозғыштығының төмендеуіне және ми қыртысы мен қыртыс астылық құрылымдар нейрондарындағы тежелу құбылыстарының күшеюіне, сондай-ақ орталықтық тамыр қозғалтқыш орталықтар белсенділігі төмендеуі мен тікелей тамырлардың тегіс бұлшықеттеріне жергілікті түйілуді басатын әсеріне байланысты болады.

Фенобарбитал ортаңғы және сопақша ми ретикулярлы формациясы орталықтарының үлкен жартышарлары қыртысына белсенділендіруші әсерін басады, сол арқылы ми қыртысы мен қыртыс асты құрылымдарына қоздырғыш әсер беру легін азайтады. Белсенділендіруші әсерлердің азаюы дозасына байланысты тыныштандырғыш, транквилизациялаушы немесе ұйықтататын әсер береді.

Корвалол жалпы артериялық қысымды төмендетіп, қан тамырлары, әсіресе жүрек қан тамырларының түйілуін басып және алдын ала отырып, тамыр қозғалтқыш орталықтарына, коронарлық және шеткергі қан тамырларына қоздырғыш әсерін азайтады.

Жалбыз майы құрамында эфир майларының мөлшері көп, оның ішінде

50 % жуық ментол және 4-9 % ментол эфирлері бар. Олар ауыз қуысының «суыту» рецепторларын тітіркендіруге және тегіс бұлшықеттер түйілулерін басып, тыныштандырғыш және жеңіл өт айдайтын әсер туғыза отырып, негізінен рефлекторлы түрде жүрек пен мидың қан тамырларын кеңейтуге қабілетті. Бұрыш жалбыз майы антисептикалық, спазмолитикалық әсер ету қабілетіне ие. Асқазан мен ішектің шырышты қабығының рецепторларын тітіркендіре отырып, ішек перистальтикасын күшейтеді.

Қолданылуы

  • ұйқысыздықта

  • жоғары ашушаңдықпен неврозда

  • вегетативті-қан тамыр дистониясында

  • жүрек-қан тамырлары жүйесі қызметінің бұзылуында (соның ішінде тахикардия, кардиалгия)

  • асқазан-ішек жолы бұлшықеттерінің түйілуі (ішек шаншуы)

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге

Корвалолды тамақтануға байланыссыз күніне 2-3 рет 15-30 тамшыдан алдын ала аздаған су мөлшерінде (30-50 мл) немесе қант түйірімен еріте отырып, ішке қабылдайды. Қажет болған жағдайда бір реттік дозасын 40-50 тамшыға дейін арттыруға болады.

15 жастан асқан балаларға

Балаларға 15 жастан бастап тәулігіне 3-15 тамшыдан аурудың клиникалық көрінісіне қарай тағайындайды.

Препаратты қолданудың ұзақтығын клиникалық тиімділігі мен препаратты көтере алушылығына байланысты дәрігер белгілейді.

Жағымсыз әсерлері

- эпигастрий аумағының жайсыздығы, жүрек айнуы

- ұйқышылдық, бас айналуы, зейінді шоғырландырудың төмендеуі

- жүрек ырғағының баяулауы

- аллергиялық реакциялар

Бұл құбылыстар дозаны азайтқанда қайтады.

Ұзақ уақыт қолданғанда препаратқа тәуелділіктің, «тоқтату» синдромы мен бромизм құбылыстарының пайда болуы мүмкін (орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуі, депрессия, апатия, ринит, конъюнктивит, акне, геморрагиялық диатез, қимыл-қозғалыстың бұзылуы, сананың шатасуы).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне, бромға жоғары сезімталдық

- бүйрек және/немесе бауыр қызметінің айқын бұзылыстары

- бауыр порфириясы

- ауыр жүрек жеткіліксіздігі

- маскүнемдік

- бассүйек-ми жарақаты немесе ми аурулары

- жүктілік, лактация кезеңі

- 15 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Корвалол жергілікті жансыздандыратын, ауруды басатын және ұйықтататын дәрілердің әсерін күшейтеді, бұл барбитур қышқылы туындыларының болуымен байланысты.

Вальпрой қышқылымен бір мезгілде қолданғанда оның әсері күшейеді.

Метотрексатпен бір мезгілде қолданғанда оның уыттылық әсері күшейеді.

Алкоголь препараттың әсері мен оның уыттылығын күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Препаратқа тәуелділік қалыптасу мүмкіндігіне байланысты препаратты ұзақ қолдану ұсынылмайды, организмде бромның жинақталуы кезінде уытты әсер етуі ықтимал.

Спиртті сусындарды бір мезгілде қолданудан аулақ болған жөн.

Препаратты артериялық гипотензия кезінде абайлап тағайындаған дұрыс.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Бас айналу және зейін шоғырлануының төмендеуі сияқты жағымсыз әсерлердің даму мүмкіндігіне байланысты емдеу кезінде автокөлікті басқаруға немесе қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеу ұсынылмайды.

Артық дозалануы

Симптомдары: бас айналу, мәңгіру, ұйқышылдық, қозу, бас ауыру, ауыр жағдайларда - тыныс алудың бәсеңдеуі, гипотермия, гипотензия, рефлекстердің болмауы немесе бәсеңдеуі, қарашықтың (салдандыратын кеңеюмен ауысатын) тарылуы

Емі: симптоматикалық. Арнайы у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 мл препараттан тамшылатқыш-тығынмен және бұралып кигізілетін полимер қақпақпен тығындалған шыны массадан жасалған тамшылатқыш- құтыда.

Құтылар медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге гофрланған картоннан немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа салынған. Бекітілген нұсқаулықтар саны топтық қаптамаға құты саны бойынша салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 8ºС-ден 15ºС-ге дейінгі температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

1 жыл 6 ай

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Химфарм» АҚ, Қазақстан,

Шымкент қ., Рашидов к-сі, н/ж, т/ф.: 560882

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, ҚАЗАҚСТАН,

Шымкент қ., Рашидов к-сі, н/ж, т/ф: 560882

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электронды поштасы standart@santo.kz

Прикрепленные файлы

820193901477976934_ru.doc 73 кб
768937341477978095_kz.doc 79.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники