Корвалол (25 мл)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Корвалол
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ішуге арналған 25 мл тамшылар
Құрамы
100 мл препараттың құрамында белсенді заттар: α- бромизовалериан қышқылының этил эфирі – 2,00 г, фенобарбитал 1,826 г, бұрыш жалбызының майы– 0,142 г, қосымша заттар: натрий гидроксиді, 95 % этил спирті, тазартылған су.
Сипаттамасы
Арнайы хош иісі бар мөлдір түссіз сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Басқа ұйықтататын және тыныштандыратын препараттар.
АТЖ коды N05CM
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Препаратты ішке қабылдағаннан кейін фенобарбитал түгелдей дерлік, бірақ салыстырмалы түрде аш ішекте баяу сіңіріледі, биожетімділігі 80%-ды құрайды, жартылай ыдырау кезеңі 2-4 сағатты құрайды; бауырда биоөзгеріске ұшырайды, ағзадан баяу (несеппен және өтпен) шығарылады, бұл жинақталуына із ашады. Фенобарбиталдың ерітілген фенобарбитал-натрийге айналуы үшін препараттың құрамына натрий гидроксиді енгізілуі тиіс. Бұрыш жалбызының майы бауырда сіңірілгеннен кейін бауырда биоөзгеріске түседі және несеппен және өтпен глюкоронидтер түрінде шығарылады.
Фармакодинамикасы
Біріктірілген препарат. Тыныштандыратын және ауыруды басатын дәрі. α-бромизовалериан қышқылының этил эфирінің тыныштандыратын (шүйгіншөп сығындысы тәрізді) және ауыруды басатын әсері бар. Фенобарбитал басқа құрамдас бөліктерінің тыныштандыратын әсерін күшейтеді және бірқатар тамыр кеңітетін әсер береді. Бұрыш жалбызы майының рефлекторлық тамыр кеңітетін және спазмолитикалық әсері бар.
Қолданылуы
- жүрек-қантамыр жүйесінің функциональді бұзылуларында
- қатты ашушаңдықпен невроздарда
- ұйқысыздықта
- тахикардияда
- ішек түйілуінде
Қолдану тәсілі мен дозалары
Ас ішер алдында ішке, 15-30 тамшыдан, алдын ала азғантай су мөлшеріне араластырып (30-40 мл), күніне 2-3 рет. Қажет болған жағдайда бір реттік доза (мысалы, тахикардияда) 40-50 тамшыға дейін ұлғайтылуы мүмкін.
12 жастан асқан балаларға аурудың клиникалық көріністеріне қарай тәулігіне 3-15 тамшы тағайындайды.
Препаратты қабылдау ұзақтығын дәрігер жекелей белгілейді.
Жағымсыз әсерлері
- ұйқышылдық байқалуы мүмкін
- аздап бас айналуы
Ұзақ уақыт қолданғанда
- бромизм, (тұмау, коньюнктивит, гастроэнтероколит, терінің қышуы, эритемалар)
- жадының бұзылуы, әсерінің төмендеуі, физикалық және психикалық тәуелділік.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың құрамдас бөліктеріне жоғары сезімталдықта
- бүйрек және/немесе бауыр қызметінің айқын бұзылуларында
- жүктілік пен лактация кезеңінде
- 12 жасқа дейінгі балаларда
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
ОЖЖ бәсеңдететін дәрілік заттар әсерін күшейтеді. Фенобарбитал (микросомалық қышқылдану индукторы) бауырда метаболизденетін дәрілік заттардың тиімділігін (соның ішінде, кумариннің туындылары, гризеофульвин, глюкокортикостероидтар, пероральді контрацептивтер) төмендетуі мүмкін; жергілікті жансыздандырушы, ауыруды басатын және ұйықтататын препараттардың әсерін күшейтеді.
Айрықша нұсқаулар
Ми ауруларында және маскүнемдікке шалдыққан тұлғалардағы бассүйек-ми жарақаттарында сақтықпен қолдану керек.
Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Препараттың құрамында 58 көлемді % этанол және фенобарбитал бар, сондықтан корвалол қабылдап жүрген емделушілерге, емдеу кезінде зейін шоғырландыру мен психомоторлық реакциялардың жылдамдығын талап ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен шұғылданбаған дұрыс.
Артық дозаланғанда
Белгілері: ОЖЖ бәсеңдеуі, нистагизм, атаксия, АҚ төмендеуі, қозу, броммен созылмалы улану (депрессия, ринит, конъюктивит, геморрагиялық диатез, қимыл-қозғалыс үйлесімінің бұзылуы).
Емі: белгілеріне қарай.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
25 мл-ден бұрандалы мойны, тамшылатқыш тығындармен тығындалған қақпағы бар күңгірт шыныларға құйылады.
Әрбір құты мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 8˚С-ден 15 ˚С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
"Гиппократ"ЖШҚ, Ресей Федерациясы, 443012, Самара қ-сы, Охтинский к-сі, 10-13.
(846) 955-27-77
Тіркеу куәлігінің иесі
«Гиппократ» ЖШҚ, Ресей Федерациясы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
"Гиппократ" ЖШҚ, Ресей Федерациясы, 443012, Самара қ-сы, Охтинский к-сі, 10-13.
(846) 955-27-77
А.В. Гусев