Корвалмент

МНН: Раствор ментола в ментиловом эфире кислоты изовалериановой
Производитель: Киевский витаминный завод ПАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие комбинированные препараты для лечения заболеваний сердца
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023100
Информация о регистрации в РК: 01.03.2022 - 01.03.2032
Номер регистрации в РБ: 8701/08/11/13/18/20
Информация о регистрации в РБ: 31.12.2018 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

КОРВАЛМЕНТ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сублингвалді капсулалар, 100 мг

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат: изовалериан қышқылының ментил эфиріндегі ментол ерітіндісі – 100.0 мг,

қосымша заттар (қабығы): желатин, глицерин.

Сипаттамасы

Шар тәрізді немесе сфера пішінді, тігісі, ментол иісі бар мөлдір түссіз немесе сарғыш реңді майлы сұйықтықпен толтырылған түссіз немесе әлсіз сарыдан ақшыл қоңыр-сары түске дейінгі жұмсақ желатинді капсулалар.

Фармакотерапиялық тобы

Жүрек-қантамыр жүйесі. Кардиологиялық препараттар. Кардиологиялық басқа препараттар. Кардиологиялық препараттардың басқа біріктірілімдері.

АТХ коды С01ЕХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сублингвалді қолданғанда Корвалмент ауыз қуысы шырышты шырышты қабығымен сіңіріледі. Емдік әсері шамамен 5 минуттан кейін басталады.

Сіңгеннен кейін бауырда биотрансформацияланады және глюкуронидтер түрінде несеппен бөлінеді.

Фармакодинамикасы

Дәрілік зат орталық жүйке жүйесіне тыныштандыратын әсерін байқатады, сондай-ақ орташа рефлекторлы тамыр тарылтатын (коронаролитикалық) әсер береді, ауыз қуысы шырышты қабығының сезімтал жүйке («салқындату») рецепторларын рефлекторлы тітіркендіру жолымен әсер етеді. Рецепторлар стимуляциясы ауыру сезімталдығын азайтуда, ауыру сезімін азайтуда, тамырлар өткізгіштігін қалыпқа келтіруде және жүрек-қантамыр және жүйке жүйесі қызмет етуінің басқа маңызды механизмдерін реттеуде маңызды рөл атқаратын эндорфиндер, энкефалиндер, динорфиндер және басқа пептидтер, гистамин, кининдердің босап шығуы индукциясымен қатар жүреді.

Қолданылуы

жеңіл дәрежедегі стенокардия ұстамаларында

теңіз және әуе ауруларында

истерияда

неврозда

- нитраттар қабылдаумен байланысты бас ауруында

Қолдану тәсілі және дозалары

Капсуланы ауызда (тіл астында) ол толық ерігенге дейін ұстау керек. Әсерін жеделдету үшін капсуланы тіспен езіп жіберу керек.

Ересектер үшін бір реттік доза – 1 капсула (100 мг). Ең жоғары тәуліктік доза – 6 капсула (600 мг).

Емдеу ұзақтығы 7 күнге дейін.

Жағымсыз әсерлері

Ұзақ қолданғанда анда-санда жеңіл жүрек айну, іштегі жайсыздық, жас ағу, бас айналу, қысқа мерзімді артериялық гипотензия, өздігінен жылдам өтетін ұйқышылдық байқалуы мүмкін.

Аллергиялық реакциялар, ішінде Квинке ісінуі, есекжем, бөртпе, қышыну дамуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- дәрілік заттың компоненттеріне жоғары сезімталдық

- айқын арткриялық гипотензия

- жедел миокард инфарктісі

- балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Корвалмент психотропты заттардың, апиынды анальгетиктердің, алкоголь және наркозға арналған дәрілердің тыныштандыратын әсерін оларды бір мезгілде қолданғанда күшейтеді.

Гипертензиялық дәрілік заттардың әсері оларды Корвалмент дәрілік затымен бір мезгілде қолданғанда үдеуі мүмкін.

Корвалмент нитраттар қабылдауға негізделген бас ауыруының айқындылығын азайтады.

Айрықша нұсқаулар

Дәрілік затты қабылдағаннан кейін жүрек аймағының ауыруы қайтпаған жағдайда, жедел коронарлық синдромды жоққа шығару үшін міндетті түрде дәрігерге қаралу қажет.

Дәрілік заттың құрамында қант жоқ және оны қант диабетімен ауыратын пациенттерге қолдануға болады.

Жүктілік және бала емізу кезеңінде қолданылуы.

Жүктілік және бала емізу кезеңінде дәрілік затты, егер дәрігердің пкірінше, ана үшін күтілетін оңды әсері шаранаға/балаға төнетін ықтимал қауіптен асып түсетіндей болса, қолданылуы мүмкін.

Педиатрия

Дәрілік затты балаларды емдеу үшін қолданудың тәжірибесі жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралын басқарғанда немесе жоғары зейін қоюды талап ететін жұмыста дәрілік затты қабылдаудан кейінгі алғашқы сағатта туындайтын ықтимал жағымсыз әсерлерімен (бас айналу және ұйқышылдық) байланысты сақ болу қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары: бас ауыру, жүрек айну, қозу, жүрек қызметінің бұзылуы, артериялық қысымның төмендеуі, орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуі, дәрілік заттың компоненттеріне аса жоғары сезімталдық (ангионевроздық ісіну, есекжем, қышыну, бөртпе).

Емі: дәрілік затты тоқтату және симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге тұтынушылар ыдысына арналған картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамада, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«КИЕВ ДӘРУМЕНДЕР ЗАУЫТЫ» АҚ, Украина

04073, Киев қ-сы, Копыловская к-сі, 38

Тел. (044) 461-03-08, факс (044) 461-03-01; Web-сайт: www.vitamin.com.ua

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«КИЕВ ДӘРУМЕНДЕР ЗАУЫТЫ» АҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта):

Өкілдік: «КИЕВ ДӘРУМЕНДЕР ЗАУЫТЫ» АҚ

Мекенжайы: 050008, Қазақстан Республикасы: Алматы қ.,

Абай даңғылы, 109 В, кеңсе 16А

Тел.: +7(727) 356 88 50; е-mail: ossadchiy@mail.ru

Прикрепленные файлы

8701_08_11_13_18_20_s.pdf 1.2 кб
8701_08_11_13_18_20_p.pdf 1.23 кб
Корвалмент_КАЗ.doc 0.06 кб
Корвалмент_рус.doc 0.06 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

«Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ