Корвалдин®

МНН: Мяты перечной масло, Фенобарбитал, Хмеля масло, Этилбромизовалерианат
Производитель: Фармак ПАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Барбитураты в комбинации с другими препаратами, Прочие снотворные и седативные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011684
Информация о регистрации в РК: 20.04.2022 - 20.04.2032
Номер регистрации в РБ: 2750/97/01/07/12/17
Информация о регистрации в РБ: 06.09.2017 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Корвалдин®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішуге арналған тамшылар, 25 мл

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді заттар: 20 мг -бромизовалериан қышқылының этилді эфирі (100% затқа шаққанда), 18 мг фенобарбитал, 1,4 мг жалбыз майы, 0,2 мг қырықбуын майы;

қосымша заттар: тұрақтандырғыш (натрий изовалерианаты), этанол (96%), тазартылған су.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар мөлдір түссіз сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Ұйықтататын және тыныштандыратын дәрілер. Басқа препараттармен біріктірілген барбитураттар.

АТХ коды N05CМ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Зерттелген жоқ

Фармакодинамикасы

Корвалдин® - тыныштандыратын және спазмолитикалық препарат, оның әсері оның құрамына кіретін компоненттермен анықталады.

α-бромизовалериан қышқылының этилді эфирі ауыз қуысы және мұрынжұтқыншақ рецепторларын тітіркендіріп, жүйке жүйесінің орталық бөлімдеріндегі рефлекторлық қозғыштықты төмендетіп және ми қыртысындағы және қыртысасты құрылымындағы тежелуді күшейтіп, сондай-ақ қантамырларды қимылдататын орталық белсенділігін төмендетіп және қантамырлардың тегіс бұлшықеттеріне жергілікті тікелей спазмолитикалық әсер етіп, тыныштандырғыш және спазмолитикалық әсер береді.

Фенобарбитал мидың үлкен жарты шарларының қыртысына ретикулярлы формация орталықтарының қоздырғыш әсерін бәсеңдетеді. Тыныштандырғыш, транквилизациялаушы және ұйықтатқыш әсерлері препараттың дозасына байланысты.

Жалбыз майы рефлекторлы, қантамырларды кеңейтетін, спазмолитикалық жеңіл өт айдағыш, антисептикалық әсерлер береді. Әсер ету механизмі ауыз қуысының шырышты қабығындағы «салқындық» рецепторларын тітіркендіру және көбіне жүрек пен ми қантамырларын рефлекторлы түрде кеңейту қабілетімен байланысты. Ішектің жиырылуын күшейте отырып, АІЖ шырышты қабықтарын тітіркендіру есебінен метеоризмді жояды. Қырықбуын майы тыныштандырғыш, спазмолитикалық, әлсіз несеп жүргізгіш әсер береді.

Корвалдин® - тыныштандырғыш дәрі, оны қозу, қорқу, күйгелектену, қызбалану және үрейлену жағдайларында қолдануға болады; шамадан тыс салмақ түскенде және қозғанда жүрек қызметіне жағымды әсер етеді; организмге жағымдылығы жақсы, дәрігердің тағайындаған дозаларын сақтау керек. Препаратты қабылдау орталық жүйке жүйесі қызметінің қозуын төмендетеді және ұйқының басталуын жеңілдетеді.

Корвалдин® жалпы артериялық қысымды төмендетеді, қантамырлардың, көбіне жүрек пен ми қантамырларының түйілуін азайтады және болдырмайды.

Қолданылуы

  • жоғары ашушаңдықпен невроздарда

  • ұйқысыздықта

  • гипертониялық ауруды және вегетоқантамырлық дистонияны кешенді түрде емдеуге

  • жүрек-қантамыр жүйесі қызметі бұзылғанда (синустық тахикардия)

  • ішек түйілгенде (спазмолитикалық препарат ретінде)

Қолдану тәсілі және дозалары

Тамақтанар алдында аздаған мөлшерлі (30-50 мл) сұйықтыққа 15-30 тамшы тамызып, тәулігіне 2-3 рет ішеді. Қажет болған жағдайда бір реттік доза 40-50 тамшыға дейін арттырылуы мүмкін.

Препаратты қолдану ұзақтығын клиникалық әсеріне және препараттың жағымдылығына қарай дәрігер белгілейді.

Жағымсыз әсерлері

Корвалдиннің®, әдетте, жағымдылығы жақсы. Жекелеген жағдайларда мынадай жағымсыз әсерлер байқалуы мүмкін:

- асқазанда және ішекте жайсыздық, жүректің айнуы

- ұйқышылдық, жеңіл бас айналу, зейінді жұмылдырудың нашарлауы

- аллергиялық реакциялар

- жүрек ырғағының баяулауы.

Бұл құбылыстар дозаның азайтумен жоғалады.

Ұзақ қолданған жағдайда препаратқа тәуелділік және бромизм құбылысы пайда болуы мүмкін. Симптомдары: орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуі, депрессия, апатия, ринит, конъюнктивит, акне, геморрагиялық диатез, қимыл үйлесімділігінің бұзылуы, сананың шатасуы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • бауыр және/немесе бүйрек қызметінің айқын бұзылулары

  • бауырлық порфирия

  • жүрек қызметінің ауыр жеткіліксіздігі

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • маскүнемдік

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Орталық жүйке жүйесінің тежелуіне ықпалын тигізетін препараттар Корвалдиннің® әсерін күшейтеді. Препараттың құрамында фенобарбиталдың болуы бауыр ферменттерін индукциялауы мүмкін, сондықтан оны бауырда метаболизденетін препараттармен (кумарин туындылары, гризеофульвин, глюкокортикоидтар, ұрықтануға қарсы ішілетін дәрілер) бірге қолданбаған дұрыс, өйткені олардың тиімділігі метаболизм деңгейінің өте жоғары болуы нәтижесінде төмендейді.

Корвалдин® жергілікті жансыздандырғыш, ауыруды басатын және ұйықтатқыш препараттардың әсерін күшейтеді, бұл оның құрамында барбитур қышқылы туындыларының болуымен байланысты.

Вальпрой қышқылымен бір мезгілде қолданғанда оның әсері күшейеді.

Метотрексатпен бірге қолданғанда оның уыттылығы жоғарылайды.

Алкоголь препараттың әсерін және оның уыттылығын күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Педиатрияда қолданылуы

Балаларды емдеуге қолдану тәжірибесі жоқ.

Препараттың көлікті және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Құрамында 62 об.% алкоголь, сондай-ақ фенобарбитал бар, олар үйлесімділікті және психомоторлы реакцияларды бұзуы мүмкін, сондықтан препаратты қабылдаған кезде механизмдермен жұмыс жасауды және автомобиль жүргізуді тоқтата тұрған жөн.

Артық дозалануы

Препаратты жиі немесе ұзақ қолданғанда артық дозалану болуы мүмкін, бұл оның құрамындағылардың жиналып қалуымен байланысты. Ұзақ және ұдайы қолдану тәуелділікті, абстиненттік синдромды, психомоторлы қозғыштықты тудырады. Препарат қабылдауды күрт тежеу тоқтату синдромын тудыруы мүмкін.

Симптомдары: орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуі, сананың шатасуы, бас айналу, атаксия, терең ұйқыға дейін болатын ұйқышылдық. Уланудың ауыр жағдайларында – тыныстың тарылуы, тахикардия, аритмиялар, артериялық қысымның төмендеуі, коллапс, кома.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Тамшылатқыш-тығынмен және алғаш ашылуы бақыланатын бұралатын-бекіткіш қақпақпен жабылған, күңгірт шыныдан жасалған құтыларда 25 мл-ден.

Құтыға қағаздан жасалған заттаңба немесе өздігінен желімденетін заттаңба жапсырылған.

Бір құты медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Фармак» ЖАҚ, Украина, 04080, Киев қ-сы, Фрунзе к-сі, 63.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фармак» ЖАҚ, Украина

Тұтынушылардан өнім (тауар)сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасы, 050009 Алматы қ-сы, Абай д-лы 157, 5 кеңсе

Тел/факс: +7 (727) 250 66 23, электрондық поштасы: Djatlova88@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

790779951477976902_ru.doc 52.5 кб
545593651477978070_kz.doc 51.5 кб
2750_97_01_07_12_17_p.pdf 0.31 кб
2750_97_01_07_12_17_s.pdf 0.33 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ