Кор – Тева 100

МНН: Ацетилсалициловая кислота
Производитель: Меркле ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Acetylsalicylic acid
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№019115
Информация о регистрации в РК: 08.12.2017 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Кор-Тева 50

Кор-Тева 100

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ацетилсалицил қышқылы

Дәрілік түрі

50 мг және 100 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында:

50 мг дозасы үшін:

белсенді зат – 50 мг ацетилсалицил қышқылы,

қосымша заттар: жүгері крахмалы, микрокристалды целлюлоза, целлюлоза ұнтағы

100 мг дозасы үшін:

белсенді зат – 100 мг ацетилсалицил қышқылы,

қосымша заттар: жүгері крахмалы, микрокристалды целлюлоза, целлюлоза ұнтағы, талшықты целлюлоза ұнтағы

Сипаттамасы

Бір жағында сызығы бар екі беті дөңес дөңгелек пішінді, ақ түсті таблеткалар (50 мг доза үшін).

Бір жағында сызығы және екінші бетінде «100» деген өрнектелген жазуы бар екі беті дөңес дөңгелек пішінді таблеткалар (100 мг доза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Ацетилсалицил қышқылы және оның туындылары.

АТЖ коды N02ВА01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ацетилсалицил қышқылының сіңуі жылдам және толық жүреді.

Ацетилсалицил қышқылы толығымен қайта түзілуге ұшырайды, сондықтан организмнен метаболиттер түрінде тек несеппен шығарылады.

Ферменттердің әсерімен негізгі метаболит – салицил қышқылына дейін – бауырда және ішінара жіңішке ішектің шырышты қабығында гидролизденеді. Ацетилсалицил қышқылының негізгі метаболиттері салицил қышқылымен қатар глицин конъюгаты (салицилур қышқылы), салицил қышқылының күрделі эфир және эфир глюкурониді, гентизин қышқылы мен оның глицин конъюгаты болып табылады.

Ацетилсалицил қышқылының концентрациясы плазмада жылдам төмендейді, ал негізгі метаболит – салицил қышқылының концентрациясы болса, жоғарылайды. Препараттың қан плазмасындағы ең жоғары деңгейіне 10-20 минуттан (ацетилсалицил қышқылы) және 0,3-2 сағаттан (жалпы салицилат) кейін жетеді.

Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы концентрациясына байланысты және 49-70% (ацетилсалицил қышқылы) әрі 66-98%-ды (салицил қышқылы) құрайды.

Ацетилсалицил қышқылының жартылай ыдырау кезеңі қанда бірнеше минутты, 0,5 г дозаны қабылдаудан кейін салицил қышқылының жартылай ыдырау кезеңі - 2 сағатты, 1 г дозада – 4 сағатты, 5 г – 20 сағ. құрайды. Салицил қышқылы ликворде, синовиальді сұйықтықта, плацента мен емшек сүтінде байқалады.

Фармакодинамикасы

Кор 50, 100 – бұл қабынуға қарсы стероидты емес дәрі болып табылатын ацетилсалицил қышқылы, ауырғанды басатын, ыстықты түсіретін және қабынуға қарсы қасиеттері бар. Төмен дозалар тағайындаған кездегі (күніне 300 мг аздау) ацетилсалицил қышқылының негізгі әсер ету механизмі циклооксигеназа ферментін бәсеңдету болып табылады, осының нәтижесінде тромбоциттерде А2 тромбоксанның (тромбоциттер агрегациясына ықпал етуші және тамыр тарылтушы әсер беретін простагландиннің) синтезі бұзылады. Тромбоциттердегі А2 тромбоксан синтезінің қайтымсыз бұзылуы ацетилсалицил қышқылының антиагрегантты әсеріне себепші болады. Мұндай әсер ұзаққа созылады және тромбоциттің бүкіл 8 күндік өмір сүру мерзімі бойында сақталады. Мұнымен қоса, ацетилсалицил қышқылы эндотелиальді жасушаларда простациклиннің (тромбоциттер агрегациясын тежеуші және тамыр тарылтушы әсер беретін простагландиннің) синтезін бұзады. Мұндай әсері уақытша ғана, ацетилсалицил қышқылы қан ағымынан жойылған кезде, эндотелий жасушалары қайтадан простациклин синтездейді.

Қолданылуы

Тромбоциттер агрегациясын басу үшін мынадай кезде:

- тұрақсыз стенокардияның стандартты емі құрамында

- жедел миокард инфарктісінің стандартты емі құрамында

- қайталанатын миокард инфарктісінің алдын алуда

- жүрек және тамырларға операция жасағаннан кейін (аортокоронарлық шунттау, тері арқылы жасалатын транслюминальді коронарлы ангиопластика)

- ми қан айналысының өтпелі бұзылулары және ми инфарктісінің алдын алуда

Қолдану тәсілі және дозалары

Таблеткаларды тамақтанудан соң шайнамай, аздаған мөлшердегі сұйықтықпен ішкен жөн. Аш қарынға қабылдауға болмайды! Жедел инфаркт кезінде бір таблетканы шайнау керек.

Тұрақсыз стенокардия

Ұсынылатын доза күніне 100 мг (50 мг-ден 2 таблетка немесе 100 мг-ден 1 таблетка).

Жедел миокард инфарктісі

Ұсынылатын доза күніне 100 мг (50 мг-ден 2 таблетка немесе 100 мг-ден 1 таблетка).

Қайталанатын миокард инфарктісінің алдын алу

Ұсынылатын доза күніне 300 мг (100 мг-ден 3 таблетка).

Жүрек және тамырларға операция жасағаннан кейін (аортокоронарлық шунттау, тері арқылы жасалатын транслюминальді коронарлы ангиопластика)

Ұсынылатын доза күніне 100 мг (50 мг-ден 2 таблетка немесе 100 мг-ден 1 таблетка). Оңтайлысы препаратты операциядан кейін 24 сағаттан соң қабылдау болып табылады.

Ми қан айналысының өтпелі бұзылулары мен ми инфарктісінің алдын алу

Ұсынылатын доза күніне 50-100 мг (50 мг-ден 1-2 таблетка немесе 100 мг-ден 1 таблетка).

Жағымсыз әсерлері

Жиі

- асқазан-ішектің бұзылулары (қыжыл, жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, диарея, ұсақ қан кетулер)

Кейде

- ринит

- темір тапшылығы анемиясына апаруға қабілетті асқазан-ішектен білінбей қан кету

- сирек жағдайларда тесілуге апаратын асқазан немесе ішектің ойық жаралары

- жоғары сезімталдық реакциялары (тері реакциялары)

Сирек

- бас ауыру, бас айналу, шатасу, естудің бұзылуы немесе құлақтың шыңылдауы, әсіресе балалар мен егде жастағыларда (артық дозаланғанда)

- жоғары сезімталдық реакциялары (ауыр тері реакциялары – артериялық қысым төмендейтін мультиформалы экссудативті эритема), ентігу ұстамалары, бронх түйілуі, бронх демікпесі бар науқастардағы Квинке ісінуі

- қан кету (қан кету уақыты ұзақ жүруімен мұрыннан, қызыл иектен, теріден)

- етеккір оралымының ұзаққа созылуы

- тромбоцитопения

Өте сирек

- ауыр қан кетулер (артериялық гипертензиясы бар пациенттерде және/немесе антикоагулянттармен бір мезгілде емдегенде церебральді түрі)

- бауыр ферменттерінің жоғарылуы

- бүйрек қызметінің бұзылуы

- гипогликемия

- подагра ұстамасы (несеп қышқылының бөлінуі азаятындықтан)

- препаратпен жоғары дозада ұзақ уақыт емделгенде бүйрек тарапынан бұзылулар, бас айналу, құлақтың шыңылдауы, асқазан-ішек жолының ойық жарасы, қан кету орын алуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • ацетилсалицил қышқылы және оның туындыларына жоғары сезімталдық

  • салицилаттарға немесе басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға («аспирин» демікпесі) анамнезде демікпе ұстамасы бар аллергиялық реакциялар

  • асқазан-ішек жолы эрозиялық-ойық жаралы зақымдануының өршу сатысы

  • қанталаудың жоғарылауы (геморрагиялық диатез), қан ұюының бұзылуы, гемофилия

  • бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі, нефролитиаз

  • тоқтатылмаған ауыр жүрек жеткіліксіздігі

  • 15 мг немесе одан артық дозада метотрексатпен бір мезгілде емдеу

  • гипопротромбинемия

  • жүктіліктің I және III триместрі және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (Рей синдромының даму қаупіне байланысты).

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Кор-Тева 50, Кор-Тева 100 және төмендегілерді бір мезгілде қолданғанда:

- иммуносупрессанттар (циклоспорин, такролимус) – өзара әрекеттесуін ескеру қажет

- антацидтер – әсерін төмендетеді

Ацетилсалицил қышқылының әсер етуін жағымсыз әсерлері қаупі жоғарылағанға шейін күшейтеді

- антикоагулянттар (кумарин туындылары және гепарин) – асқазан-ішектен қан кету қаупі

- басқа антиагреганттар (тиклодипин, клопидогрель) – қан кету уақытының ұзаруы

- кортикостероидтар немесе алкоголь – асқазан-ішектен қан кету қаупі

- қабынуға қарсы стероидты емес және ревматизмге қарсы дәрілер

- диабетке қарсы дәрілер (сульфонилмочевиналар) – гипогликемиялық әсерінің күшеюі

- дигоксин, барбитураттар және литий - олардың плазмадағы концентрациясының жоғарылауы

- метотрексат және фенитоин

- вальпрой қышқылы

- микробтарға қарсы сульфонамидтер, ко-тримоксазолды қоса алғанда

- трийодтиронин

Ацетилсалицил қышқылы әсерін бәсеңдетеді

- альдостерон антагонистері (спиронолактон)

- ілмектік диуретиктер (фуросемидтің)

- гипотензивті дәрілер (ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштері)

- подаграға қарсы және гипоурекемиялық препараттар (пробенецид, сульфинпиразон)

- мүлде үйлеспеушілік – темір тұздары, карбонаттар және сілтілік металдардың гидроксидтері.

Айрықша нұсқаулар

Кор-Тева 50, Кор-Тева 100 келесі жағдайларда сақтықпен тағайындалуы тиіс:

- қабынуға қарсы стероидты емес және ревматизмге қарсы препараттарға немесе басқа да аллергендерге жоғары сезімталдық реакциялары туралы анамнездік деректер болғанда

- басқа да аллергиялары болғанда (тері реакциялары, қышыну, есекжем)

- бронх демікпесі, поллиноз, мұрын шырышты қабығының ісінуі (мұрын полиптері), тыныс жолдарының созылмалы ауруларында

- қан ұюына қарсы дәрілермен (кумарин туындылары, гепарин, гепариннің төмен дозасымен емдеуді қоспағанда) бір мезгілде емдегенде

- анамнезінде эрозиялы-ойық жаралы зақымданулар мен асқазан-ішек жолынан қан кетуі болғанда

- бауыр немесе бүйрек тарапынан қызметтік бұзылуларда

- жоспарлы хирургиялық операция жасар алдында – қан кету уақытының ұзаруы мүмкін

- ацетилсалицил қышқылы төмен дозаларда несеп қышқылының бөлінуін азайтады. Несеп қышқылының экскрециясын азайтуға бейімділігі бар пациенттер подагра ұстамасын бастан кешуі мүмкін

Алкоголь

- алкогольді және ацетилсалицил қышқылын қатарлас енгізу асқазан-ішектен қан кету қаупін арттырады.

70 жастан асқан пациенттерде салицилаттық уыттылық қаупі жоғары болады және ертерек сатысында диализді қажет етуі мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктіліктің I және III триместрінде препаратты қабылдауға болмайды. II триместрде анасы үшін болжамды пайдасы шаранаға төнетін ықтимал қатерден артық болатын жағдайда ғана дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылуы мүмкін. Препаратты қабылдау кезінде емшек емізуді тоқтату керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері.

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: созылмалы артық дозалану (салицилизм) – бас айналу, шатасу, жүрек айну; жедел жеңіл дәрежелі (200-400 мкг/мл) – жалпы дімкәстік, құсу, құлақтың шыңылдауы, көру мен естудің бұзылуы, бас ауыруы, гипогликемия, тері бөртпесі, асқазан-ішектен қан кету, гипервентиляция; ауыр дәрежелі (400 мкг/мл астам) – сандырақтау, діріл, ентігу, тершеңдік ұстамалары, эксикоз, гипертермия, кома

Емі – қышқылдық-негіз бен электролиттік теңгерімді түзету, диуретиктер, антацидті препараттар, ауыр жағдайларда - гемодиализ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 мг және 100 мг таблеткалар

25 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған. 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Меркле ГмбХ», Людвиг Меркле штрассе 3, Блаубойрен, Германия.

Тіркеу куәлігінің иесі

«ратиофарм ГмбХ», Ульм, Германия

Қаптаушы

«Меркле ГмбХ», Ульм, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы: «ратиофарм Қазақстан» ЖШС, 050059 (А15Е2Р), Алматы қ., Әл-Фараби даңғ. 17/1, Нұрлы Тау БО, 5Б, 6 қабат. Телефон: (727)3251615

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«ратиофарм Қазақстан» ЖШС, 050059 (А15Е2Р), Алматы қ., Әл-Фараби даңғ. 17/1, Нұрлы Тау БО, 5Б, 6 қабат. Телефон: (727)3251642, ұялы телефон: +7(701)9240368, е-mail: safety.kazakhstan@tevapharm.com

Прикрепленные файлы

инструкция_Кор-Тева_50_100_каз.doc 0.08 кб
инструкция_Кор-Тева_50_100_рус.doc 0.07 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту