КОНТУБЕЛ

МНН: Аллантоин, Гепарин натрия, Лука репчатого луковиц экстракт
Производитель: Нобел Илач Санаи ве Тиджарет А.Ш.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты, способствующие нормальному рубцеванию
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№025610
Информация о регистрации в РК: 09.02.2022 - 09.02.2027

Инструкция

Саудалық атауы

КОНТУБЕЛ®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозасы

Сыртқа қолдануға арналған гель, 10% / 0.04% / 1%

Фармакотерапиялық тобы

Дерматология. Жараларды және ойық жараларды емдеуге арналған препараттар. Жарақаттарды жазатын препараттар. Жарақаттарды жазатын басқа препараттар.

АТХ коды D03AX

Қолданылуы

Теріде әртүрлі себептерге байланысты пайда болған тыртық тіндерді емдегенде қолданылады:

  • Гипертрофиялық және келлоидтық тыртықтар

  • Операциядан кейінгі тыртықтар

  • Ампутациядан кейінгі тыртықтар

  • Күюден кейінгі және жарақаттанудан кейінгі қозғалысты шектейтін тыртықтар, сондай-ақ жағымсыз сезінуді туындататын тыртықтар

  • Дюпюитрен контрактурасы,

  • Сіңірлердің жарақаттық контрактурасы,

  • Сызаттар, (атрофиялық) тыртықтар

КОНТУБЕЛ® жараның эпителизациясынан кейін тыртықтарды емдеу үшін пайдаланылады.

Қолдануды бастағанға дейінгі қажетті мәліметтер тізімі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Белсенді заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

КОНТУБЕЛ® құрамында метилпарабен бар, ол аллергиялық реакцияларды туындатуы мүмкін (мүмкін, баяу).

КОНТУБЕЛ® құрамында сорбин қышқылы бар, ол жергілікті тері реакцияларын, мысалы, жанаспалы дерматитті туындатуы мүмкін.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Өзара әрекеттесуі туралы бүгінгі күнге дейін ешқандай деректер түскен жоқ.

Арнайы ескертулер

Аллергиялық реакциялар көрініс берген жағдайда емдеуді тоқтату керек. Препаратты нұсқаулыққа сәйкес қолданғанда арнайы сақтық шараларын қажет етпейді.

Педиатрияда қолданылуы

Осы препараттың қауіпсіздігі және тиімділігі жөніндегі деректер 1 жасқа дейінгі балаларда анықталған жоқ. Деректер жоқ.

Жүктілік және лактация кезінде

Жүктілік және емшек емізу кезіндегі қауіптер әзірше белгісіз.

Көлік құралын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне препараттың ықпал ету ерекшеліктері

Ықпалын тигізбейді

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

КОНТУБЕЛ® гелін теріге және тыртық тінге күніне бірнеше рет жұқа қабат етіп жағады және толық сіңгенше ақырын ысқылайды. Бұрыннан бар тыртықтарда және келлоидтарда гельді түнде таңғыштың астында қалдырады.

Тыртықтардың қалыңдығына немесе контрактураның дәрежесіне байланысты емдеу бірнеше аптадан бірнеше айға дейін уақыт алады. Жаңа (жаңа пайда болған) тыртықтарды емдегенде қатты суық, ультракүлгін сәулелену (күннің әсері) немесе қарқынды массаж сияқты физикалық тітіркендіргіштерге жол бермеу керек.

Балалар

Зерттеулерге сәйкес, 1 жастан асқан балаларға тыртыққа гельді күніне бір немесе екі рет жағуға болады.

Осы препараттың қауіпсіздігі және тиімділігі жөніндегі деректер 1 жасқа дейінгі балаларда анықталған жоқ. Деректер жоқ.

Енгізу әдісі және жолы

Сыртқа қолдануға арналған.

Артық дозаланған жағдайда қабылдау қажет шаралар

Артық дозалану жағдайлары туралы мәлімделген жоқ.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медициналық қызметкерден кеңес алуға барыңыз.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар

Жиі

  • терінің қышуы, эритема, телеангиэктазия, тыртық атрофиясы

Жиі емес

  • терінің гиперпигментациясы, тері атрофиясы

Белгісіз

- есекжем (уртикарлы бөртпе), бөртпе, қышыну, қызару, терінің тітіркенуі, күлдіреуіктер, терінің қабынуы, теріде ашып ауырудың сезілуі, терінің тартылу сезімі, жанаспалы дерматит

- ісіну, жағылған жердің ауыруы, жағылған жердің қабыршақтануы

- аса жоғары сезімталдық (аллергиялық реакция)

- іріңді бөртпе

- парестезия

КОНТУБЕЛ®, әдеттегідей, тіпті ұзақ қолданылғанның өзінде өте жақсы төзімді болады.

КОНТУБЕЛ® препаратымен емдеу кезіндегі сирек байқалатын қышыну тыртық тіндердің қажетті түрленуімен байланысты және әдетте емдеуді тоқтатуды қажет етпейді.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімді еместігі туралы мәлімдемелерді қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөнінде деректердің ақпараттық базасына тікелей хабарлау керек

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

1 г гельдің құрамында

белсенді заттар: 100.0 мг пияздың сұйық экстрактісі, 0.40 мг натрий гепарині, 10.00 мг аллантоин.

қосымша заттар: сорбин қышқылы, метилпарагироксибензоат (метилпарабен), ксантан шайыры 75, полиэтиленгликоль 200, киви хош иістендіргіші 55, тазартылған су.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ақтан сарғыш түске дейінгі жартылай мөлдір гель.

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 г гельден ішкі жағы лакпен жабылған жарғақшасы бар және тығыздығы жоғары полиэтилен қақпақпен тығындалған алюминий сықпаларға салынған.

1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

Нобел Илач Санаи ве Тиджарет А.Ш., Дюздже қ., Түркия

Санджаклар Махаллеси Эски Акчакоджа Джадесси №299, 81100

Тел: +90 216 633 60 00

Факс: +90 216 633 60 01

Электронды пошта: nobel@nobel.com.tr

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Қазақстан Республикасы

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Алматы қ., Шевченко к-сі, 162 Е.

Телефон нөмірі: (+7 727) 399-50-50

Факс нөмірі: (+7 727) 399-60-60

Электронды пошта: nobel@nobel.kz

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, электронды пошта)

Қазақстан Республикасы

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Алматы қ., Шевченко к-сі, 162 Е.

Телефон нөмірі: (+7 727) 399-50-50

Факс нөмірі: (+7 727) 399-60-60

Электронды пошта: nobel@nobel.kz

Прикрепленные файлы

Контубел_ЛВ_рус.docx 0.03 кб
Контубел_ЛВ_каз.docx 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники