Коннеттивина Плюс

МНН: Гиалуронат натрия, Сульфатиазол серебра
Производитель: Фидиа фармацеутиси Эс.Пи.Эй
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты, способствующие нормальному рубцеванию
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018624
Информация о регистрации в РК: 19.01.2012 - 19.01.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Коннеттивина Плюс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

25 г крем

Құрамы

100 г препараттың құрамында:

белсенді зат - 200 мг натрий гиалуронаты, 1 г күміс сульфадиазині,

қосымша заттар: полиэтиленгликол 400 моностеараты, олеин қышқылының децилэфирі, эмульсиялы балауыз, глицерол, 70% сорбитол ерітіндісі, тазартылған су.

Сипаттамасы

Ақ, біртекті крем

Фармакотерапиялық тобы

Жарақаттар мен ойық жараларды емдеуге арналған дәрілер. Қалыпты тыртықтануына ықпал ететін басқа да препараттар.

АТЖ КОДы D03AX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жергілікті қолданғанда белсенді заттардың жүйелі қан ағымына аз ғана сіңеді. Сульфадиазиннің плазмалық деңгейі жүйелі әсер ете алатын концентрация шегінен төмен.

Фармакодинамикасы

Коннетивина Плюс гиалурон қышқылы күміс сульфадиазинімен біріктірілген препарат. Гиалурон қышқылы дәнекер тіннің маңызды интерстициальді компоненті болып табылатын мукополисахаридті білдіреді. Гиалурон қышқылының жоғары концентрациясы теріде (55%), шыны тәрізді дене мен көздің сулы ылғалында, кіндікбау және буын сұйықтығында болады. Жергілікті қолданғанда гиалурон қышқылы жарақаттың жазылу үдерісін жақсартуға ықпалын тигізеді.

Күміс сульфадиазині грамтеріс және грамоң бактериялар мен саңырауқұлақтарға қарсы бактериялық белсенділігін байқатады. Pseudomonas aeruginisa және Enterobacter pyogenesге қарсы айтарлықтай белсенділігі білінеді.

Белсенді заттардың кешенді әсер етуіне байланысты Коннеттивина Плюс салдарлы жұқпалануды болдырмайды және жазылу үдерісін жақсартады.

Қолданылуы

Жарақаттарды, варикозды ойықжараны, күйіктерді жергілікті емдеуде қолданылады.

Қолдану тәсілі және дозалары

Кремді зақымданған аумаққа қалыңдығын 2-3 мм етіп, күніне бір немесе екі рет жағу керек. Препаратпен емдеуді толық жазылғанға дейін жалғастырады.

Жағымсыз әсерлері

Сирек – жергілікті реакциялар.

Коннеттивина плюстің тері арқылы сіңірілуі болмашы ғана болғандықтан жүйелі типтегі жағымсыз реакциялар тіркелмеген. Алайда сульфаниламид препараттарын жүйелі енгізу мынадай жағымсыз реакциялар туғызуы мүмкін:

- бүйрек жеткіліксіздігі

- уытты гепатит

- агранулоцитоз

- тромбоцитопения және лейкопения,

терінің ауқымды бөліктерін Коннеттивина плюс кремімен емдеу жүйелі әсер ететін сульфаниламид препараттарына тән жағымсыз салдарға апару мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Артық дозаланғанда

Белгілі болған артық дозалану жағдайлары жоқ.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың кез келген ингредиентіне асқын сезімталдықта

- балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Жергілікті протеолитикалық ферменттері сол уақытта қолданылғанда Коннеттивина плюс секілді күміс иондарының қатысуымен әрекетсіздендірілуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Сақтықпен

- препаратты бауыр немесе бүйрек қызметінің ауыр бұзылуымен зардап шегетін адамдарға қолданғанда

- құрамында сульфамиді бар дәрілік заттарға аллергиялық реакциялар болуына бейім адамдарға қолдануда

Жүктілік және лактация кезеңі

Препараттың жүктілік және лактация кезеңіндегі қауіпсіздігі мен тиімділігі деректерінің жоқ болуына байланысты жүкті және емшек емізетін әйелдерге қолдану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат автомобиль мен жұмыс істейтін механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 г препараттан полипропилен қақпағы бар алюминий құтыға салынған.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде 30ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Фидиа фармацеутиси Эс.Пи.Эй

35031, Абано Терме, Виа Понте делла Фаббрика, 3/А, Италия

Тіркеу куәлігінің иесі

Фидиа фармацеутиси Эс.Пи.Эй

35031, Абано Терме, Виа Понте делла Фаббрика, 3/А, Италия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Raifarm» (Райфарм) ЖШС

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, Астана қ., Сарыарқа 15/1, 802-кеңсе.

Телефон нөмірі: 8-(717-2) 67-82-36.

Факс нөмірі: 8-(717-2) 67-82-35

Электронды поштасы: katya.tulebaeva@raifarm.com

 

 

 

4

 

Прикрепленные файлы

475652731477977195_ru.doc 53 кб
843671101477978351_kz.doc 67 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники