Комбилипен®
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Комбилипен®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді
Құрамы
Бір ампуланың ішінде
белсенді заттар: 100 мг тиамин гидрохлориді, 100 мг пиридоксин гидрохлориді, 1,0 мг цианокобаламин, 20 мг лидокаин гидрохлориді;
қосымша заттар: бензил спирті, натрий триполифосфаты, калий гексацианоферраты, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Өзіне тән иісі бар, мөлдір қызғылттау-қызыл сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
В1 витаминінің В6 және В12 витаминдерімен біріктірілімі
АТХ коды A11DВ
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Тиамин гидрохлориді бұлшықет ішіне енгізгенде жылдам және толықтай сіңіріледі. Барлық ағзалар мен тіндерге жеткілікті түрде біркелкі таралады. Миокардта, қаңқа бұлшықеттерінде, жүйке тіндері мен бауырда тиаминді осы құрылымдар қабылдауының артуына байланысты тиаминнің құрамы жоғары. Препарат бауырда метаболизденеді және бүйрекпен, 8-10 % - өзгермеген түрде шығарылады. Тиаминнің биологиялық жартылай ыдырау кезеңі 0,35 сағатты құрайды. Майлардағы шектеулі ерудің арқасында организмде тиаминнің жинақталуы жүрмейді.
В6 витамині фосфорланады және пиридоксаль-5-фосфатқа тотығады. Қан плазмасында пиридоксаль-5-фосфат альбуминмен байланысады. Жасушалық жарғақша арқылы өту үшін альбуминмен байланысқан пиридоксаль-5-фосфат сілтілік фосфатазамен пиридоксалға гидролизденеді.
В12 витамині парентеральді енгізуден кейін бауырмен, сүйек кемігі және басқа да пролиферативті ағзалар арқылы жылдам сіңірілетін тасымалдау ақуыз кешендерін түзеді. В12 витамині өтке түседі және ішек-бауыр айналымына қатысады. В12 витамині плацента арқылы өтеді.
Лидокаин бұлшықет ішіне енгізгенде тіндердің әлсіз сілтілік ортасында жылдам гидролизденеді және қысқа жасырын кезеңнен кейін 1-1,5 сағат бойы әсер етеді. Қан ақуыздарымен байланысуы 60-80% құрайды. Бауырда белсенді метаболиттерге дейін (моноэтилглицинэксилидид, глицинэксилидид) биотрансформациясы – 90 %. Метаболиттер бүйрекпен, 10 % - өзгермеген түрде шығарылады.
Фармакодинамикасы
Біріктірілген поливитаминді препарат. Препараттың әсері оның құрамына кіретін заттардың қаситтерімен анықталады.
Тиамин гидрохлориді (В1 витамині) – жүйке импульсі өтуіне қатысады. Организмде В1 витамині биологиялық белсенді тиаминдифосфат (кокарбоксилаза) пен тиаминтрифосфат (ТТР) түзу арқылы фосфорланады. Тиаминдифосфат коэнзим ретінде жүйке тінінің зат алмасу үдерісінде шешуші мәні бар көмірсу алмасуының маңызды функцияларына қатысады, синапстарда жүйке импульсінің өтуіне әсер етеді. В1 витамині жеткіліксіздігінде тіндерде метаболиттердің, бірінші кезекте сүт және пирожүзім қышқылының жинақталуы жүреді, бұл әртүрлі патологиялық жағдайларға және жүйке жүйесі қызметінің бұзылыстарына әкеледі.
Пиридоксин гидрохлориді (В6 витамині) – ақуыздар, көмірсулар мен майлар алмасуына әсер етеді, қалыпты қан түзуге, ортаңғы және шеткергі жүйке жүйесінің жұмыс істеуіне қажетті. Синапстық берілісті, ОЖЖ тежелу үдерістерін қамтамасыз етеді, жүйке қабығының құрамына кіретін сфингозиннің тасымалдануына, катехоламиндер синтезіне қатысады.
Цианокобаламин (В12 витамині) – нуклеотидтер синтезіне қатысады,қалыпты өсу, қан түзу және эпителиальді жасушалар дамуының маңызды факторы болып табылады; фолий қышқылы метаболизмі мен миелин синтезі үшін қажет.
Лидокаин жергілікті жансыздандыратын әсерге ие, потенциалды-тәуелді натрий арналарын бөгейді, бұл сезімтал жүйкелер ұштарында импульс генерациясына және импульстің жүйке талшықтарымен өтуіне кедергі келтіреді.
Қолданылуы
- үштік жүйке невралгиясында
- беттік жүйке невритінде
- омыртқа аурулары туындатқан ауыру синдромында (қабырға аралық невралгия, люмбоишиалгия, бел синдромы, мойын синдромы, мойын-иық синдромы, омыртқаның дегенеративті өзгерістері туындатқан түбіршектік синдромы)
- шығу тегі әртүрлі полинейропатияда (диабеттік, алкогольдік)
Қолдану тәсілі және дозалары
Препаратты бұлшықет ішіне терең енгізеді. .
Айқын ауыру синдромы кезінде күнделікті 2 мл-ден 5-7 күн, содан соң 2 мл-ден аптасына 2-3 рет 2 апта бойы.
Ұзақтығын дәрігер ауру симптомдарының айқындығына байланысты әр адамға жекелей анықтайды, бірақ екі аптадан аспауы тиіс.
Демеуші ем үшін емдеуді ішке қабылдауға арналған дәрілік түрінде жалғастыру ұсынылады.
Жағымсыз әсерлері
- аллергиялық реакциялар (қышыну, есекжем түріндегі тері реакциялары)
- қатты терлеу
- тахикардия
- безеу бөртпесі
- тыныстың тарылуы
- Квинке ісінуі
- анафилактикалық шок
- аритмия, брадикардия, бас айналу, құрысулар, жүрек айнуы өте жылдам парентеральді енгізу жағдайында болуы мүмкін
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- тромбоэмболия
- эритремия
- эритроцитоз
- қалпына келтірілген жүрек жеткіліксіздігінің ауыр және жедел түрлері
- жүрек өткізгіштігінің ауыр бұзылуы
- жүктілік және лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Құрамында сульфиттер бар ерітінділерде тиамин толық ыдырайды.
Леводопа В6 витамині емдік дозаларының әсерін төмендетеді.
Басқа витаминдердің В1 витамині ыдырау өнімдерінің қатысуымен белсенділігі жойылуы мүмкін.
D-пенилламинмен, циклосеринмен өзара әрекеттесу мүмкіндігі бар.
Тиамин тотықтыратын және редукциялайтын мына заттармен үйлеспейді: сынап хлориді, йодид, карбонат, ацетат, танин қышқылы, темір-аммонийцитрат, сондай-ақ натрий фенобарбитал, рибофлавин, бензилпенициллин, декстроза және метабисульфит. Мыс тиамин бұзылуын жеделдетеді; сонымен қоса, pH мәндерінің (3 астам) артуы кезінде тиамин өзінің әсерін жоғалтады.
В12 витамині ауыр металл тұздарымен үйлесімсіз.
Лидокаинді парентеральді қолданған кезде эпинефринмен немесе норэпинефринмен жүрек тарапынан жағымсыз әсерлердің ұлғаюы мүмкін. Сульфаниламидтермен өзара әрекеттесуі мүмкін. Жергілікті анестетиктер артық дозаланған жағдайда адреналин немесе норадреналин қосымша енгізілмеуі тиіс.
Айрықша нұсқаулар
Препаратты қолданар алдында лидокаинге жекелей сезімталдыққа тері сынамасын міндетті түрде жүргізу керек, оны инъекция орнының ісінуі мен қызаруы дәлелдейді. Лидокаиннің жылдам сіңуі жүйелік жағымсыз реакциялар туындатуы мүмкін, сондықтан препаратты бұлшықет ішіне баяу енгізу қажет, препаратты көктамыр ішіне кездейсоқ енгізілуін болдырмауға тиісінше көңіл аударылуы тиіс.
Комбилипен® құрамында бензил спирті бар. Препарат құрамында бензил спирті болғандықтан, препаратты балаларға тағайындауға болмайды.
Сирек жағдайларда В6 витаминінің күнделікті шамадан тыс дозалары (5 айдан астам уақыт бойы 500 мг немесе одан көп) препаратты қабылдау аяқталғаннан кейін әдетте жоғалып кететін шеткергі сенсорлық невропатияға әкеледі.
Ауру симптомдарының нашарлау ықтималдығына байланысты псориазбен науқастарға В12 витаминін қабылдауға болмайды.
Пиридоксин гидрохлориді безеу бөртпесінің туындауына түрткі болуы мүмкін.
Препаратты қабылдау кезінде құрамында В тобы витаминдері бар поливитаминдік дәрілерді қабылдау ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты көлік құралдарының жүргізушілері мен қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істейтін адамдардың қолдануына қатысты сақтандыру ақпараттары жоқ.
Артық дозалануы
Симптомдары: препараттың жағымсыз әсерлері симптомдарының күшеюі.
Емі: симптоматикалық ем.
Шығарылу түрі және қаптамасы
2 мл-ден жарықтан қорғайтын шыны ампулада. 5 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден немесе полиэтилентерефталатты үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптама медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 2 °С-ден 8 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Фармстандарт-УфаВИТА» ААҚ
450077, Ресей, Уфа қ., Худайбердин к-сі, 28,
тел./факс (347) 272 92 85, www.pharmstd.ru
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
«Фармстандарт-УфаВИТА» ААҚ, Ресей
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС
100009, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Ботаникалық к-сі, 12
Тел./факс: +7 (7212) 437002,
Тел. +7 (7212) 507322, e-mail: kphk@kphk.kz