КОЛИКИД® (таблетки)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
КОЛИКИД®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Симетикон
Дәрілік түрі
Қабықпен қапталған таблеткалар, 125 мг
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – симетикон 125 мг,
қосымша заттар: магний-алюминий силикаты, лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, кальций гидрофосфаты, стеарин қышқылы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, кросповидон, повидон К29/32,
Opadry II 85G 52218 сары: поливинил спирті, тальк, титанның қостотығы (Е171), полиэтиленгликоль/макрогол, лецитин (соя), хинолинді сары алюминий лагы, көгілдір алюминий лагы FD&C №2 индигокармин (Е132).
Сипаттамасы
Сары түсті қабықпен қапталған, сопақ пішінді, екі жағы тегіс таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Ішектің функционалдық бұзылыстарын емдеуге арналған дәрілер. Силикондар.
АТХ коды А03А Х13.
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакодинамикасы
Препараттың құрамына кіретін симетикон – кремнийдің негізінде дайындалған уытты емес инертті беткейлік - белсенді зат, көбік басушы болып табылады. Ол ішекте түзілетін газ көпіршіктерінің беткі созылуын өзгертеді де, олардың бұзылуын туындатады. Бұл кезде босап шығатын газдар ішек қабырғалары арқылы сіңіріледі, сондай-ақ ішек перистальтикасы арқылы организмнен шығарылады. Іш қуысы ағзаларының диагностикалық зерттеулеріне дейін симетиконды қолдану газ көпіршіктерінен болған көрініс ақаулары туындауының алдын алады; тоқ ішектің шырышты қабығының контрастылы затпен мұқият шайылуына ықпал етеді, ол іш кепкен жағдайда контрастылы үлбір ажырауының алдын алады.
Фармакокинетикасы
Симетикон газ көпіршіктері бетіне ғана әсер етеді және ас қорыту жолдарының шырышты қабығы арқылы сіңірілмейді. Симетикон ас қорыту жолдарының шырышты қабығы арқылы сіңірілмейді және ішу арқылы қабылдағаннан кейін – өзгермеген түрде шығарылады. Симетикон орталықтық әсер көрсетпейді.
Қолданылуы
-
Газ түзумен байланысты асқазан-ішек жолдары тарапынан бұзылуларды, мысалы, метеоризм, оның ішінде операциядан кейінгі кезеңдегі симптоматикалық емдеуде
-
Іш қуысы ағзаларына диагностикалық зерттеулер жүргізу кезінде (рентгенография, ультрадыбыстық зерттеу) және гастродуоденоскопияға әзірлікте қосымша зат ретінде
-
Беткейлік-белсенді заттармен уыттанғанда (кір жуғыш ұнтақтармен немесе басқа жуғыш заттармен) көбік басушы ретінде.
Қолдану тәсілі және дозалары
КОЛИКИД® таблеткаларын ересектерге ішу арқылы қабылдауға арналған. Препаратты қабылдау ас ішуге байланысты емес.
Асқазан-ішек жолдары тарапынан шағымдарда симптоматикалық емдеуде: 1 таблеткадан тәулігіне 3 рет.
Іш қуысы ағзаларына диагностикалық зерттеулер жүргізу кезінде қосымша зат ретінде: зерттеуге дейін бір күн бұрын 1 таблеткадан тәулігіне 3 рет. және 1 таблеткадан – зерттеу жүргізу күні таңертең.
Беткейлік-белсенді заттармен уыттанғанда (кір жуғыш ұнтақтармен немесе басқа жуғыш заттармен) көбік басушы ретінде: дозалануы уыттанудың ауырлығына байланысты. Ең кіші ұсынылған доза – 3 таблетка.
Емдеу курсының ұзақтығы жеке белгіленеді. Қажет болғанда препаратты ұзақ уақыт қолдануға болады.
Жағымсыз әсерлері
Иммун жүйесі тарапынан: аллергиялық көріністер, қышыну, тері бөртпесі, есекжемді қоса, аса жоғары сезімталдық реакциялары.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
Айрықша нұсқаулар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Левотироксин симетиконмен байланыса алады. Симетиконмен бір мезгілде қолданғанда ішектегі левотироксиннің сіңірілуі бұзылуы мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Шағымдар қайта туындағанда немесе ас қорыту жолдары тарапынан ұзаққа созылған шағымдар кезінде дәрігерге қаралу керек.
Препараттың құрамында лактоза болғандықтан тұқым қуалайтын фруктозаны жақпаушылығы, Lapp – лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қолдануға болмайды.
Педиатрияда қолданылуы
КОЛИКИД® таблеткалары балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз) қолдануға болмайды.
Симетиконды балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге сұйық дәрілік түрі ретінде тағайындайды.
Жүктілік және лактация кезінде қолдану.
КОЛИКИД® препаратын қолдану бойынша клиникалық деректер жоқ. Себебі белсенді компоненті ас қорыту жолдарының шырышты қабығынан сіңірілмейді, дәрілік препараттың шаранаға қандай да бір әсері немесе препараттың ана сүтіне жинақталуы күтілмейді.
КОЛИКИД® препаратын жүктілік және бала емізу кезінде тек анаға күтілетін пайда шаранаға немесе нәрестеге төнетін қауіптен жоғары болған жағдайда ғана қолдануға болады.
Дәрілік заттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Симетикон инертті зат болғандықтан, сіңірілмейді, автокөлік немесе басқа механизмдерді басқаруға іс жүзінде ықпал етпейді.
Артық дозалануы
Қазірге дейін артық дозалану жағдайлары белгісіз. Симетикон химиялық және физиологиялық жағынан инертті болғандықтан, уыттылығы іс жүзінде болмайды. Ұсынылғаннан жоғары дозаларды қолданғанда дәрігерге қаралу керек.
Шығарылу түрі және қаптамасы
15 таблеткадан поливинилхлорид/поливинилиденхлорид үлбірден және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
1 немесе 2, немесе 4 пішінді қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақталуы
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«КУСУМ ФАРМ» ЖШҚ
40020, Украина, Сумы облысы, Сумы қ., Скрябин көш., 54.
Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі
«КУСУМ ФАРМ» ЖШҚ, Украина
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасы бойынша шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері:
«Дәрі-Фарм (Қазақстан)» ЖШС, Алматы қ., Достық даңғ. 117/6, «Хан-Тәңірі» БО,
Телефон/факс: 8(727) 295-26-50
E-mail: claims@kusum.kz
Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері:
«Дәрі-Фарм (Қазақстан)» ЖШС, Алматы қ., Достық даңғ. 117/6, «Хан-Тәңірі» БО,
Телефон/факс: 8(727) 295-26-50
Электронды поштасы:phv@kusum.kz