Кокарнит

МНН: Кокарбоксилаза, Никотинамид, Цианокобаламин
Производитель: Е.И.П.И.Ко.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Витамины группы B в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013155
Информация о регистрации в РК: 20.02.2020 - 20.02.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Кокарнит

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ еріткішпен жиынтықта (лидокаин гидрохлоридінің 0.5 % ерітіндісі)

Құрамы

1 ампуланың ішінде

белсенді заттар: 10 мг динатрий аденозинтрифосфат тригидраты, 50 мг кокарбоксилаза, 0,5 мг цианокобаламин, 20 мг никотинамид,

қосымша заттар: глицин, метилпарагидроксибензоат, пропил парагидроксибензоат.

1 ампула еріткіштің құрамында: 10 мг лидокаин гидрохлориді, 2 мл-ге дейін инъекцияға арналған су .

Сипаттамасы

Қызғылт түсті лиофилизацияланған ұнтақ.

Еріткіш: мөлдір түссіз ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Витаминдер. Басқа препараттармен біріктірілімді қоса, В тобының витаминдер кешені. В тобының витаминдер кешені басқа препараттармен біріктірілімде.

АТХ коды А11ЕХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препараттың емдік әсері оның компоненттерінің жиынтық әсері болып табылады. Сондықтан фармакокинетикалық зерттеулер жүргізу мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Препарат метаболизмдік заттар мен витаминдер кешені болып табылады.

Динатрий аденозинтрифосфаты тригидраты аденозин туындысы болып табылады, метаболизмдік үдерістерді көтермелейді. Гипотензивтік және антиаритмиялық әсері бар. Тамыр кеңейткіш әсер береді, соның ішінде коронарлық артерияларға.

Кокарбоксилаза – организмде сырттан келіп түсетін тиаминнен (В1 витамині) түзілетін кофермент. Көмірсу алмасуында маңызды рөл атқарады, -кетоқышқылдың карбоксилденуі мен декарбоксилденуін катализдейтін карбоксилаза ферментінің құрамына кіреді. Нуклеин қышқылдарының, ақуыздардың және липидтердің синтезіне ықпал етеді. Организмде сүт және пировиноград қышқылдарының деңгейін төмендетеді, глюкозаның сіңірілуіне ықпал етеді. Жүйке тіндерінің трофикасын жақсартады.

Цианокобаламин (В12 витамині) организмде аденозилкобаламиннің белсенді түріне немесе жоғары биологиялық белсенділікке ие кобамидке айналады. Организмде ақуыздың синтезін арттырады және оның жиналуына ықпал етеді. Көмірсулар мен липидтердің алмасуын белсенді етеді. Қандағы холестерин деңгейін төмендетеді, бауырда май инфильтрациясына жол бермейді. Қан түзу ағзаларының қалыпты қызмет жасауы үшін қажет, құрамында сульфгидрильді топтары бар эритроциттік қосылыстардың жиналып қалуына ықпал етеді, олардың гемолизге төзімділігін арттырады. Тіндердің регенерацияға қабілетін арттырады. Бауыр және жүйке жүйесінің қызметтеріне жағымды әсер етеді.

Никотинамид – РР витаминінің бір түрі, жасушаларда тотығу-тотықсыздану үдерістеріне қатысады, көмірсу және азотты алмасуды жақсартады, липидтік алмасуды қалыпқа келтіреді, қанда атерогендік липопротеиндердің деңгейін төмендетеді.

Қолданылуы

- невриттер, нейропатияда (қант диабеті кезінде, пернициозды анемияда және т.б.)

- шығу тегі әр түрлі невралгияда

- миалгияда, ишиалгияда

- люмбагода, радикулитте

- бурситте, тендинитте.

- жүректің ишемиялық ауруында, миокардитте, миокардиопатияда

Қолдану тәсілдері және дозасы

Кокарнит препаратын тәулігіне 1-2 ампуладан бір рет бұлшықет ішіне енгізеді.

Емдеу ұзақтығы және қайталау курстары аурудың сипатына және ауырлығына байланысты және емдеуші дәрігермен анықталады.

Жағымсыз әсерлері

- жүрек айнуы, жеңіл түрдегі уақытша диарея, диурездің күшеюі

- бас ауыруы, бас айналу, кенеттен терлеу, әлсіздікті сезіну, жүйкенің қозуы

- өкпенің ісінуі, емнің басындағы іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, шеткергі тамырлар тромбозы,

-тахикардия, жүрек тұсының ауыруы

- аллергиялық реакциялар (есекжем, Квинке ісінуі, анафилактикалық шок)

- гиперемия, қышыну, енгізген жердің ісінуі

- шынайы полицитемия

- қышыну, транзиторлы экзантема.

Айқын жағымсыз құбылыстар дамыған кезде препаратты қолдануды тоқтатады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың кез келген компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- миокард инфарктісінің жедел кезеңі

- гиперкоагуляция (соның ішінде жедел тромбоз), эритремия, эритроцитоз, артериялық гипертензияның ауыр түрлері, артериялық гипотензия, өкпенің қабыну аурулары, ауыр жүрек жеткіліксіздігі, псориаз, өткізгіштіктің ауыр бұзылулары, жедел жүрек жеткіліксіздігі.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Кокарбоксилаза жүрек гликозидтерінің кардиотонустық әсерін күшейтеді.

В12 витамині В1 витамині туғызған аллергиялық реакцияларды күшейтуі мүмкін екенін ескеру қажет.

Никотинамидті әсіресе карбамазепин, диазепам, натрий вальпроаты сияқты эпилепсияға қарсы дәрілермен бір уақытта қолданғанда олардың құрысуға қарсы әсері үдеуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Кокарнит препаратын енгізер алдында препарат компоненттеріне жоғары сезімталдыққа күмәнді пациенттерде тері ішіне сынама жүргізу ұсынылады.

Цианокобаламинмен емдеген кезде жүйелі түрде қан талдауын жүргізу қажет. Эритро- және лейкоцитозға даму үрдісі кезінде дозаны азайтады немесе препаратты қабылдауды уақытша тоқтатады. Емдеу үдерісінде қанның ұюын бақылап отыру қажет және тромб түзілуіне бейімділігі бар адамдарға қатысты сақ болу қажет. В12 витаминін жедел тромбоэмболиялық ауруларда енгізуге болмайды. Стенокардиямен ауыратын науқастарға В12 витаминін сақтықпен және аз дозада (бір инъекцияға 0,1 мг-ге дейін) тағайындау қажет.

Кокарнитті сыртартқысында ойық жара аурулары, гастрит, подагра, қан кету, бауыр мен өт шығару жолдарының зақымданулары туралы мәліметтері бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Препаратты ұзақ уақыт қолданғанда қан сарысуындағы трансаминазалар, сілтілік фосфатаза, ГГТП, билирубин, несеп қышқылы деңгейін бақылап отыру қажет.

Дайындалған ерітіндінің түсі қызыл болуы тиіс.

Егер түсі өзгеріп кетсе, ерітіндіні пайдалануға болмайды.

Ерітіндіні дайындағаннан кейін бірден пайдалану қажет!

Педиатрияда қолданылуы

Препаратты балаларға қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі зерттелген жоқ.

Жүктілік және лактация

Жүктілік кезінде Кокарнитті егер ана үшін күтілетін пайдасы ұрық үшін әлеуетті қауіптен басым болған жағдайларда ғана қолдану керек.

Препаратпен емделу кезінде бала емізуді тоқтату ұсынылады.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Кокарнит препаратын қолдану кезінде бас айналу, бас ауыру пайда болатын пациенттер жоғары зейін шоғырландыруды және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналыспауы тиіс.

Артық дозалануы

Симптомдары: препараттың жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емі: симптоматикалық және препаратты қолдануды тоқтату.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Шыны ампулаларда инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ.

Пішінді ұяшықты қаптамада еріткішпен жиынтықта 3 ампуладан (2 мл-ден лидокаин гидрохлориді 0,5% ерітіндісі 3 ампула) медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Е.И.П.И. Ко., Мысыр,

Тенс ов Рамадан Сити, Бірінші өндірістік аймақ В1, а/ж 149 Тенс

(«E.I.P.I.CO.» Egypt, Tenth of Ramadan City, First Industrial Area B1, P.O. box: 149 Tenth)

Тіркеу куәлігінің иесі

«УОРЛД МЕДИЦИН», Ұлыбритания

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР, «РИН Фарм» ЖШС, Алматы қ., Түрксіб ауданы, Сүйінбай д-лы, 222б

Тел/факс: 8 (7272) 529090

Прикрепленные файлы

416676301477976581_ru.doc 28.99 кб
334838871477977735_kz.doc 59 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники