Кокарбоксилазы гидрохлорид (с растворителем)

МНН: Кокарбоксилаза
Производитель: ООО "ФЗ "БИОФАРМА"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Витамин B1
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022488
Информация о регистрации в РК: 22.11.2016 - 22.11.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Кокарбоксилаза гидрохлориді

Халықаралық патенттелмеген атауы

Кокарбоксилаза

Дәрілік түрі

Инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, 50 мг-ден, еріткішімен жиынтықта

Құрамы

1 құтының (ампула) ішінде:

белсенді зат - кокарбоксилаза гидрохлориді 50 мг

қосымша заттар: натрий карбонаты - 8.0 мг

еріткіш – инъекцияға арналған су 2 мл

Сипаттамасы

Әлсіз өзіне тән иісі бар ақ түсті кеуекті масса. Гигроскопиялы.

Фармакотерапиялық тобы

В1 дәрумені және оның В6 және В12 дәрумендерімен біріктірілімі. В1 дәрумені.

АТХ коды А11DА

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Кокарбоксилазаны бұлшықет ішіне енгізгеннен кейін жылдам сіңеді. Организмнің көптеген тіндерінде өтеді. Метаболизмдік ыдырауға ұшырайды. Ыдыраған өнімдер негізінен бүйрекпен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Кокарбоксилаза алмасу үдерістерін реттейтін ферменттің ақуыздық емес бөлігінің (коферменті) құрамдасы болып табылады. Организмде оның фосфорлану салдарынан тиаминнен түзіледі. Әсіресе көмірсу алмасуында, көбіне кетоқышқылдардың тотығу карбоксилсізденуінде (пирожүзімді, α-кетоглютарлы), сондай-ақ глюкозаның пентозофосфатты ыдырау жолында маңызды рөл атқарады. Организмде сүт және пирожүзім қышқылының деңгейін төмендетеді, глюкозаның сіңірілуін, жүйке тіндерінің трофикасын жақсартады, жүрек-қан тамыр жүйесі функциясынның қалпына келуіне ықпал етеді.

Гиповитаминозды және В1 авитаминозды емдеу үшін кокарбоксилазаны қолданбау керек, өйткені оның биологиялық қасиеті тиаминнің қасиетімен толығымен сәйкес келмейді.

Қолданылуы

- бауыр және бүйрек жеткіліксіздігін кешенді емдеуде

- диабеттік кома алдын және команы, диабеттік кетоацидозды кешенді емдеуде

- созылмалы жүрек жеткіліксіздігін және жүрек ырғағының бұзылуын кешенді емдеуде

- шеткері невриттер

Балаларға препаратты сол көрсеткіштер бойынша тағайындайды. Жаңа туылған балаларда препаратты сондай-ақ гипоксия және ацидозбен байланысты жағдайда, оның ішінде жаңа туылған балаларда асфиксияны, гипоксиялық энцефалопатияны, қан айналымының жеткіліксіздігін, пневмонияны, сепсисті және б. кешенді емдеуде.

Қолдану тәсілі және дозасы

Әдетте кешенді ем компоненті ретінде қолданады. Бұлшықет ішіне, сирек – тері астына немесе вена ішіне енгізеді. Енгізудің алдында құты (ампула) ішіндегісін инъекцияға арналған 2 мл суда сұйылтады. Вена ішіне сорғалатып енгізген кезде натрий хлоридінің 0,9 % ерітіндісін немесе глюкозаның 5 % ерітіндісін қосып көлемін 10-20 мл-ге дейін, тамшылатқан кезде – 200-400 мл-ге дейін жеткізеді. Енгізуге арналған дозаны пациенттің жай-күйінің ауырлығын және ауру сипатын ескере отырып жекелей анықтайды. Ересектерге тәулігіне бір рет 50-100 мг енгізеді. Емдеу курсы – 15-30 күн. Қажет болған кезде (диабеттік кома) көрсетілген доза 1-2 сағаттан соң қайта енгізілуі мүмкін. Әрі қарай демеуші емге – тәулігіне 1 рет 50 мг өтеді. Жедел бүйрек және/немесе бауыр жеткіліксіздігі кезінде препаратты вена ішіне сорғалатып тәулігіне 3 рет 100-150 мг-ден (4-6 мл) немесе тамшылатып (глюкозаның 5 % ерітіндісіне) 100-150 мг-ден (4-6 мл) 1-1,5 ай бойы қолданады.

Балаларға тері астына немесе бұлшықет ішіне енгізеді: туылғаннан өмірінің үш айлық кезеңіне дейін – тәулігіне 1 рет 25 мг; 4 айдан 7 жасқа дейін – тәулігіне 1 рет 25-50 мг, 8-18 жаста – тәулігіне 1 рет 50-100 мг.

Қажет болғанда көрсетілген тәуліктік дозаны екі рет енгізуге болады.

Жағымсыз әсерлері

Сирек - аллергиялық реакциялар (есекжем, тері бөртпесі, қышыну)

- вена ішіне енгізген кезде – гиперемия, қышыну, инъекция орнындағы ісіну.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жекелей аса жоғары сезімталдық

- жүктілік және емшек емізу кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Кокарбоксилаза жүрек гликозидтерінің кардиотонустық әсерін күшейтеді және олардың көтерімділігін жақсартады.

Айрықша нұсқаулар

Соңғысының дозасын тағайындаған кезде жүрек гликозидтерінің кардиотонустық әсерінің күшею мүмкіндігін ескеру керек. Жыпылықтаған аритмия кезінде препаратты вена ішіне енгізуге болмайды.

Дайындалған ерітіндіні басқа дәрілік заттармен қолдануға болмайды. Қаптамаға салынған еріткішті пайдалану керек.

Жүктілік және емшек емізу кезеңінде қолдану

Жүкті әйелдерді емдеу үшін немесе емшек емізу кезеңінде Кокарбоксилаза гидрохлоридін қолдану тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, сондықтан бұл кезеңде препаратты тағайындау ұсынылмайды.

Балалар жасы

Туылғаннан бастап қолданылады. Препаратты вена ішіне қолданбайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Деректер жоқ.

Артық дозалануы

Симптомдар: жағымсыз реакциялардың күшеюі

Емі: препаратты қолдануды тоқтату. Тыныс алуды және жүрек-қан тамыр жүйесі қызметін қалпына келтіруге бағытталған симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий қалпақшамен қаусырылған, лиофильді кептіруге арналған бромбутилді резеңке тығынмен тығындалған көлемі 2 мл сындыру сақинасы бар шыны ампулада немесе көлемі 2 мл шыны құтыда50 мг препараттан.

Көлемі 2 мл сындыру сақинасы бар шыны ампулада 2 мл еріткіштен.

Құты мен ампулаға жабысатын негіздегі заттаңба жапсырылады.

5 құты препараттан және 5 ампула еріткіштен (инъекцияға арналған су) алюминий фольгадан жабылатын поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады. 1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қораптан жасалған қорапшаға салынады.

5 ампула препараттан және 5 ампула еріткіштен (инъекцияға арналған су) алюминий фольгадан жабылатын поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады. Препарат бар 1 пішінді ұяшықты қаптамадан және еріткіш бар 1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қораптан жасалған қорапшаға салынады.

Қорапшаны топтық ыдысқа салады және топтық заттаңба жапсырылады.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада жарықтың әсер етуінен қорғау үшін түпнұсқалық қаптамасында сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші/Қаптаушы

«ФЗ «БИОФАРМА» ЖШҚ, Украина

09100, Киев обл., Белая Церковь қ., Киев к-сі, 37

тел. (044) 277-36-10

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«ФЗ «БИОФАРМА» ЖШҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын, дәрілік заттың тіркеуден кейін қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«ФЗ «БИОФАРМА» ЖШҚ ҚР-дағы өкілдігі

Алматы қ., Мирас 65, Мирас БО, 101 кеңсе

тел. +7708016862

a.imanalin@biofarma.ua

Прикрепленные файлы

Кокарбоксилазы_гидрохлорид_с_раств_инстр_рус.doc 0.05 кб
Кокарбоксилазы_гидрохлорид_с_раств_инстр_каз.doc 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники