Коделак® Бронхо с чабрецом
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Коделак® Бронхо тасшөп қосылған
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Эликсир, 100 мл
Құрамы
5 мл препараттың құрамында
белсенді заттар: амброксол гидрохлориді – 10,00 мг, тринатрий тұзы глицирризин қышқылы (натрий глицирризинаты) – 30,00 мг, тасшөптің сұйық сығындысы – 500,00 мг,
қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат (нипагин), пропилпарагидроксибензоат (нипазол), сорбитол (сорбит), тазартылған су.
Сипаттамасы
Ашық қоңырдан қоңыр түске дейінгі сұйықтық. Сақтау барысында шөгінді түзілуге жол беріледі.
Фармакотерапиялық тобы
Респираторлық жүйе ауруларын емдеуге арналған препараттар. Суық тию және жөтелу симптомдарын қайтаруға арналған препараттар. Қақырық түсіретін препараттар. Қақырық түсіретін препараттар біріктірілімі.
АТХ коды R05CА10
Фармакологиялық қасиеттері
Жөтелді емдеуге арналған біріктірілген препарат, муколитикалық және қақырық түсіретін әсер береді, сондай-ақ қабынуға қарсы белсенділігі бар. Тасшөп қосылған Коделак® Бронхо эликсирінің әсері оның компоненттерінің фармакологиялық қасиеттерімен жүзеге асырылады:
- амброксолдың секретомоторлы, секретолитикалық және қақырық түсіретін әсерлері бар, қақырықтың сероздық және шырышты компоненттерінің бұзылуын қалыпты етеді, альвеолаларда сурфактант секрециясын арттырады. Қақырықтың тұтқырлығын азайтады және оның бөлініп шығуына мүмкіндік береді;
- глициррат (глицирризин қышқылы және оның тұздары) қабынуға қарсы және вирусқа қарсы әсерлері бар. Антиоксиданттық және жарғақша тұрақтандырғыш белсенділігінің арқасында цитопротекторлы әсер береді. Эндогендік глюкокортикостероидтардың әсерін күшейтіп, қабынуға және аллергияға қарсы әсер етеді. Қабынуға қарсы айқын белсенділігінің арқасында тыныс жолдарында қабыну үдерісінің азаюына мүмкіндік береді;
- тасшөп сығындысында қақырық түсіретін және қабынуға қарсы әсері бар эфир майларының қоспасы бар. Бұдан басқа, тасшөп сығындысының әлсіз спазмолитикалық және репаративтік әсері бар.
Қолданылуы
Тұтқыр қақырық түзілетін тыныс алу жолдары ауруларын кешенді емдеуде:
- жедел және созылмалы бронхитте
- пневмонияда
- өкпенің созылмалы обструкциялық ауруында (ӨСОА)
- бронхоэктаздық ауруда
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішке, ас қабылдау кезінде аздаған су мөлшерімен ішеді.
Ересектерге және 12 жастан асқан балаларға – тәулігіне 4 рет 10 мл-ден.
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға эликсирді тәулігіне 3 рет 2,5 мл-ден, 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға тәулігіне 3 рет 5 мл-ден тағайындайды.
Дәрігердің кеңесінсіз ең жоғары емдеу ұзақтығы – 5 күн.
Жағымсыз әсерлері
- аллергиялық реакциялар
Сирек:
- әлсіздік, бас ауыру
- ауыз ішінің және тыныс жолдарының құрғауы
- экзантемалар
- ринорея
- іш қату, диарея, дизурия
Ұзақ уақыт жоғары дозаларда қабылдағанда:
- гастралгия
- жүректің айнуы, құсу.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- жүктілік, лактация кезеңі.
- 2 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Жөтелге қарсы дәрілік заттармен бірге қолдану қақырықтың бөлініп шығуын қиындатуы мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Бауыр және/немесе бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, асқазанның және 12 елі ішектің ойық жара ауруы, бронх демікпесі бар емделушілерге абайлап қолданған жөн.
Жөтелге қарсы дәрілермен біріктірмеу керек.
Қант диабеті бар емделушілерге препаратты, 5 мл эликсирде сорбиттің 0,18 НБ мөлшерде болатындығы ескеріліп, қолданылуы мүмкін.
Дәрілік заттың көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Препараттың автомобильді басқару немесе механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне теріс ықпалы жөнінде деректер жоқ.
Артық дозалануы
Симптомдары: жүректің айнуы, құсу, диарея, диспепсия.
Емдеу: жасанды құстыру, препаратты қабылдағаннан кейінгі алғашқы 1-2 сағат ішінде асқазанды шаю, симптоматикалық ем жүргізу керек.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Күңгірт шыны құтыда препарат 100 мл-ден.
Бір құты медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және өлшеуіш қасығымен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Фармстандарт-Лексредства» ААҚ,
305022, Ресей, Курск қ., 2-ші Агрегатная к-сі, 1а/18.
Тіркеу куәлігінің иесі
«Отисифарм» ЖАҚ, 123317, Ресей, Мәскеу қ., Тестовская к-сі, 10 үй Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
"Қарағанды фармацевтикалық кешені" ЖШС,
100009, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Ботаникалық к-сі, 12 үй
Тел/факс: +7 (7212) 437002, Тел: + 7 (7212) 507322
E-mail: kphk@kphk.kz