Когнум (250 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Когнум
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Таблеткалар, 250 және 500 мг
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 250 мг немесе 500 мг гопантен қышқылының кальций тұзы,
қосымша заттар: ауыр магний карбонаты, картоп крахмалы, тальк, кальций стеараты.
Сипаттамасы
Ақ түсті, жалпақ цилиндр пішінді, кертігі және сызығы бар таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Жүйке жүйесі. Психоаналептиктер. Зейін тапшылығы және аса жоғары белсенділік кезінде (ADHD-Fttention deficit hyperactivity disorder) қолданылатын психостимуляторлар және ноотропты дәрілер. Басқа психостимуляциялаушы және ноотропты дәрілер.
АТХ коды N06ВX
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Когнум асқазан-ішек жолынан тез сіңеді, гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтеді; үлкен концентрациялары бауырда, бүйректе және теріде түзіледі. Сmax жету уақыты – 1 сағат. Дәрілік зат метаболизденеді және 48 сағат ішінде өзгермеген күйінде: қабылданған дозаның 67,5%-ы несеппен, 28,5%-ы нәжіспен шығарылады.
Фармакодинамикасы
Әсер ету механизмі гопантен қышқылының ГАМКБ-рецептор-өзекшелік кешенге тікелей әсер етуімен жүзеге асады. Дәрілік заттың ноотропты және құрысуға қарсы әсері бар, мидың гипоксияға және уытты заттардың әсеріне төзімділігін арттырады, нейрондарда анаболизм үдерісін стимуляциялайды, орташа седативтік әсерді жеңіл стимуляциялық әсерімен біріктіреді, моторлық қозғыштықты азайтады. Ақыл-ой және дене жұмысына қабілеттілігін арттырады. Созылмалы алкогольдік уыттануда және этанолды әрі қарай тоқтатқанда ГАМК-нің қалыпқа келуіне мүмкіндік береді. Новокаиннің және сульфаниламидтердің әсер етуін, олардың ацетилдену реакциясын тежеу есебінен, ұзаққа созады. Патологиялық тұрғыдан жоғарылаған қуық рефлексінің және детрузор тонусының тежелуін туындатады.
Қолданылуы
Кешенді ем құрамында:
- мидың органикалық зақымданулары кезіндегі когнитивтік бұзылуларда (соның ішінде нейроинфекциялар және бассүйек-ми жарақаттары салдарынан);
- ми қантамырларының атеросклероздық өзгерістерінен туындаған цереброваскулярлық жеткіліксіздікте;
- экстрапирамидалық бұзылуларда (миоклонус-эпилепсия, Гентингтон хореясы, гепатолентикулярлық дегенерация, Паркинсон ауруы);
- психикалық үдерістер баяулайтын эпилепсияда, құрысуға қарсы дәрілік заттармен бірге кешенді емдеу үшін;
- психоэмоциональді артық жүктемелерде, ақыл-ой және дененің жұмыс істеу қабілеті төмендегенде (зейін қоюды және есте сақтауды арттыру үшін);
- несеп шығарудың нейрогендік бұзылыстарында: энурезде, поллакиурияда, императивтік қысылу, несепті императивтік ұстай алмаушылықта;
- дәрілік зат 4 жастан асқан балаларда перинатальді энцефалопатияда, айқындылығы әртүрлі дәрежедегі ақыл-ой кемістігінде, даму (психикалық, сөйлеу, моторлық) кідірісінде, балаларда церебральді салданудың алуан түрлерінде, гиперкинетикалық бұзылыстарда (зейін қою тапшылығымен аса жоғары белсенділік синдромы, тартылу), тұтықпада (көбіне клонустық түрінде), неврозға ұқсас жағдайларда қолданылады.
Қолдану тәсілі және дозалары
Когнумды кешенді ем құрамында қолдану керек.
Таблетканы тамақтан кейін 15-30 минуттан соң қабылдау керек.
Балаларға 12 жастан бастап және ересектерге бір реттік доза – 250 мг-1000 мг, 4-тен 12 жасқа дейінгі балаларға – 250-500 мг.
Балаларға 12 жастан бастап және ересектерге тәуліктік доза – 1500-3000 мг, 4-тен 12 жасқа дейінгі балаларға – 750 мг-3000 мг.
Емдеу курсы 1-ден 4 айға дейінді, жекелеген жағдайларда 6 айға дейінді құрайды. 3-6 айдан кейін емдеу курсы қайталап жүргізілуі мүмкін.
Нейроинфекциялардың және бассүйек-ми жарақаттарының зардаптарында: балаларға 4 жастан бастап және ересектерге – тәулігіне 3-4 рет 250 мг-ден.
Цереброваскулярлық жеткіліксіздікте: ересектерге – тәулігіне 3-4 рет 250 мг-ден.
Нейролептиктерді қолданудан болған экстрапирамидалық бұзылуларды емдеу үшін:
балаларға 12 жастан бастап және ересектерге – тәулігіне 3 рет 500 мг-1000 мг-ден, балаларға 4 жастан бастап 12 жасқа дейін – тәулігіне 3-4 рет 250-500 мг-ден. Емдеу курсы 1-3 айды құрайды.
Эпилепсияда құрысуға қарсы дәрілермен біріктіріп: балаларға 4 жастан бастап 12 жасқа дейін – тәулігіне 3-4 рет 250-500 мг-ден, балаларға 12 жастан бастап және ересектерге – ұзақ уақыт (6 айға дейін) бойы күн сайын, тәулігіне 3-4 рет 500 мг-1000 мг-ден,
Психоэмоциональді артық жүктемеде, ақыл-ой және дене жұмысына қабілеттілігі төмендегенде: балаларға 4 жастан бастап және ересектерге – тәулігіне 3 рет 250 мг-ден.
Несеп шығару бұзылыстарында: балаларға 12 жастан бастап және ересектерге – тәулігіне 2-3 рет 500 мг-1000 мг-ден, балаларға 4 жастан бастап 12 жасқа дейін – тәулігіне 2-3 рет 250-500 мг-ден (тәуліктік дозасы – дене салмағына шаққанда 25-50 мг/кг). Емдеу курсы – 1-ден 3 айға дейін.
Балаларға 4-тен бастап 12 жасқа дейін перинатальді энцефалопатияда, ақыл-ой кемістігінде, церебральді салдануда Когнумды 3 ай бойы күн сайын тәулігіне 4-6 рет 500 мг-ден тағайындайды, сөйлеудің дамуы кідіргенде – 2-3 ай бойы тәулігіне 3-4 рет 500 мг.
Гиперкинетикалық бұзылыстарда, тартылуларда, тұтыққанда, неврозға ұқсас жағдайларда дәрілік затты балаларға 4 жастан бастап 12 жасқа дейін – 1-4 ай бойы күн сайын, тәулігіне 3-6 рет 250-500 мг-ден, балаларға 12 жастан бастап және ересектерге – 1-5 ай бойы күн сайын, тәулігіне 1500-3000 мг-ден тағайындайды.
Дәрілік заттарды тағайындау тактикасы: 7-12 күн бойы дозаны арттыру, 15-40 күн бойы ең жоғары дозаны қабылдау және 7-8 күн ішінде Когнумды қолдануды тоқтатқанға дейін біртіндеп төмендетеді. Емдеу курсының арасындағы үзіліс 1-ден 3 айға дейінді құрайды.
Жағымсыз әсерлері
- аллергиялық реакциялар, ринитті, конъюнктивитті, терідегі бөртпені қоса
- есекжем, қышыну, тері гиперемиясы, бет гиперемиясы, терінің түлеуі
- неврологиялық бұзылыстар, ұйқының бұзылуын немесе ұйқышылдықты, бастағы шуылды қоса
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- дәрілік заттардың компоненттеріне жоғары сезімталдық
- бүйректің жедел ауыр аурулары
-жүктілік және лактация кезеңі
-4 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Ұзақ емделген жағдайда Когнумды басқа ноотроптық және стимуляциялайтын дәрілермен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Дәрілік зат барбитураттардың әсерін ұзартады, құрысуға қарсы дәрілік заттардың және орталық жүйке жүйесін стимуляциялайтын дәрілердің әсерін күшейтеді, фенобарбиталдың, карбамазепиннің, психозға қарсы дәрілердің (нейролептиктердің) жағымсыз әсеріне жол бермейді, жергілікті анестетиктердің (новокаин) әсерін күшейтеді.
Дәрілік зат новокаиннің және сульфаниламидтердің белсенділігін жою механизмдерін құрайтын ацетилдену реакцияларын тежеуге қабілетті, соның арқасында соңғысының әсері ұзаққа созылады.
Когнумның әсері глицинмен, этидрон қышқылымен, ксидифонмен біріккен кезде күшейеді.
Айрықша нұсқаулар
Ұзақ емдеу кезеңінде басқа ноотроптық және стимуляциялайтын дәрілерді бір мезгілде тағайындау ұсынылмайды. Дәрілік заттың ноотроптық әсерін ескеріп, оны көбіне таңертеңгі және күндізгі уақыт ішінде қабылдайды.
Көлік құралын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері
Дәрілік затпен емдеу кезінде автокөлік басқарғанда немесе басқа механизмдермен жұмыс жасағанда сақтық таныту керек.
Артық дозалануы
Жағымсыз реакциялар симптомдарының күшеюі
Емі: белсендірілген көмір, асқазанды шаю, симптоматикалық ем.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Поливинилхлоридті үлбірден және лакталған баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.
Пішінді ұяшықты 5 қаптама медициналық қолдану жөнінде қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«КИЕВ ДӘРУМЕНДЕР ЗАУЫТЫ» АҚ, Украина
04073, Киев қ., Копыловская к-сі, 38
Тел. (044) 461-03-08, факс (044) 461-03-01; Web-сайт: www.vitamin.com.ua
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«КИЕВ ДӘРУМЕНДЕР ЗАУЫТЫ» АҚ, Украина
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«КИЕВ ДӘРУМЕНДЕР ЗАУЫТЫ» АҚ өкілдігі
Мекенжайы: 050008, Қазақстан Республикасы: Алматы қ.,
Абай даңғылы 109 В, кеңсе 16А
Тел.: +7(727) 356 88 50; е-mail: ossadchiy@mail.ru