Ко-Сентор® (50 мг/12,5 мг)

МНН: Гидрохлоротиазид, Лозартан
Производитель: Гедеон Рихтер Польша ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Лозартан в комбинации с диуретиками
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014364
Информация о регистрации в РК: 02.12.2014 - 02.12.2019
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 31.21 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Ко-Сентор®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 50 мг/12,5 мг, 100 мг/25 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 50 мг немесе 100 мг калий лозартаны,

12,5 мг немесе 25 мг гидрохлоротиазид,

қосымша заттар: магний стеараты, желатинделген крахмал, лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза,

үлбірлі қабық құрамы Опадрай ІІ Қызыл-сары 85Ғ23426: поливинил спирті, титанның қостотығы (Е171), макрогол 3350, тальк, темірдің сары тотығы (Е 172), «күн батар түстес» сары (Е 110), темірдің қара тотығы (Е 172).

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, бір жағында «С23» таңбасы бар, қызыл-сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (50 мг/12,5 мг доза үшін)

Сопақша пішінді, екі беті дөңес, бір жағында «С24» таңбасы бар, қызыл-сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (100 мг/25 мг доза үшін)

Фармакотерапиялық тобы

Ренин-ангиотензин жүйесіне әсер ететін препараттар. Басқа препараттармен біріктірілген ангиотензин II антагонистері. Диуретиктермен біріктірілген ангиотензин II антагонистері. Диуретиктермен біріктірілген лозартан

АТХ коды С09D A01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Лозартан

Ішу арқылы қабылдағаннан кейін лозартан жақсы сіңеді, бауырда алғашқы метаболизмге ұшырайды, оның барысында карбон қышқылының белсенді метаболиті және белсенді емес басқа да метаболиттер түзіледі. Лозартанның жүйелі биожетімділігі шамамен 33  құрайды. Лозартан мен оның белсенді метаболиті орташа ең жоғары концентрацияларына қабылдағаннан кейін, тиісінше, 1 сағаттан соң және 3-4 сағаттан соң жетеді. Әдепкі ас ішу қан плазмасындағы лозартан концентрациясы бейініне елеулі ықпалын тигізбейді.

Таралуы

Лозартан

Лозартан да, оның белсенді метаболиті де қан плазмасы ақуыздарымен - көбінесе альбуминмен 99 -дан аса байланысады. Лозартанның таралу көлемі 34 л құрайды. Лозартан гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтпейді немесе мардымсыз дәрежеде өтеді.

Гидрохлоротиазид

Гидрохлоротиазид плаценталық бөгет арқылы өтіп, ана сүтіне бөлінеді, алайда гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтпейді.

Биоөзгерісі

Лозартан

Лозартанның ішу арқылы немесе көктамыр ішіне енгізілген дозасының 14 -ға жуығы белсенді метаболитке өзгереді. Радиобелсенді көмірсумен таңбаланған (14С) калий лозартаны ішу арқылы немесе көктамыр ішіне енгізілгеннен кейін айналымдағы қан плазмасының радиобелсенділігі, негізінен, лозартанмен және оның белсенді метаболитімен жүзеге асады. Лозартан тым аз дәрежеде тексеруден өткізілген тұлғалардың шамамен бір пайызында белсенді метаболитке өзгереді.

Белсенді метаболитінен тыс, екі негізгі метаболитін (бутилді бүйір тізбегінің гидроксилденуі арқылы түзілетін) және бір қосалқы – N-2-тетразол-глюкуронидті қоса, белсенді емес метаболиттері де түзіледі.

Шығарылуы

Лозартан

Лозартан мен оның белсенді метаболитінің плазмалық клиренсі, тиісінше, 600 мл/мин және 50 мл/минутқа жуық құрайды. Лозартан мен оның белсенді метаболитінің бүйректік клиренсі, тиісінше, 74 мл/мин және 26 мл/мин құрайды. Лозартан ішу арқылы қабылданғанда дозаның 4 -ға жуығы несеппен өзгермеген күйде және дозаның 6 -ға жуығы несеппен белсенді метаболит түрінде шығарылады. Калий лозартанын 200 мг дейінгі дозаларда ішу арқылы қабылдағанда лозартан мен оның белсенді метаболитінің фармакокинетикасы дозаға байланысты болады.

Ішу арқылы қолданғаннан кейін лозартан мен оның белсенді метаболитінің плазмадағы концентрациялары шамамен, тиісінше, 2 сағат және 6-9 сағат соңғы жартылай шығарылу кезеңімен полиэкспоненциальді төмендейді. Препарат күніне 1 рет 100 мг дозада қабылданғанда лозартанның да, оның белсенді метаболитінің де қан плазмасында елеулі жинақталуы жүрмейді.

Лозартан мен оның белсенді метаболитінің шығарылуы өтпен және несеппен жүзеге асады. 14С радиобелсенді көмірсумен таңбаланған лозартанды ішу арқылы қабылдағаннан кейін радиобелсенді таңбаның 35 -ға жуығы несептен және 58 -ға жуығы нәжістен табылады.

Гидрохлоротиазид

Гидрохлоротиазид метаболизмге ұшырамайды, ал бүйрекпен тез шығарылады. Қан плазмасындағы гидрохлоротиазид деңгейін ең кемі 24 сағат бойы зерттегенде плазмадан жартылай шығарылу кезеңінің 5,6-дан 14,8 сағатқа дейін құрайтыны анықталған. Ішу арқылы енгізілген гидрохлоротиазидтің кем дегенде 61 -ы өзгермеген күйде несеппен 24 сағат ішінде бөлініп шығады.

Емделушілердің ерекше топтарында қолдану ерекшеліктері

Лозартан-Гидрохлоротиазид

Артериялық гипертензиядан зардап шегетін жас және егде емделушілердің қан плазмасындағы лозартан мен оның белсенді метаболитінің концентрацияларында, сондай-ақ гидрохлоротиазид сіңуінде елеулі айырмашылықтар байқалмаған.

Лозартан

Ауырлығы жеңіл және орташа дәрежеде болатын алкогольді генездегі бауыр циррозы бар науқастарда лозартанды ішу арқылы қабылдағаннан кейін, дені сау еріктілердегі көрсеткіштермен салыстырғанда, қан плазмасындағы лозартан концентрациясы 5 есе жоғары, ал белсенді метаболит концентрациясы 1,7 есе жоғары болды.

Лозартан да, оның белсенді метаболиті де гемодиализ арқылы шығарылмайды.

Фармакодинамикасы

Лозартан мен гидрохлоротиазидті бірге пайдаланудың артериялық қысымды түсіруге оны көп дәрежеде төмендете отырып, компоненттерінің әрқайсысын бөлек алуға қарағанда, аддитивті әсер көрсететіні дәлелденді.

Бұл екі компоненттің бірін-бірі толықтыратын әсерімен байланысты деп жорамалданады. Бұдан басқа, диуретиктік әсер нәтижесінде, гидрохлоротиазид қан плазмасында ренин белсенділігін және альдостерон бөлінісін арттырады, сондай-ақ калий мөлшерін төмендетіп, плазмада ангиотензин ІІ деңгейін жоғарылатады. Лозартан ангиотензин ІІ физиологиялық маңызды әсерлерін түгел бөгейді және альдостеронды тежеу арқылы несеп айдағыш дәрілерден болатын калий иондарының жойылуын төмендетеді.

Лозартанның әлсіз және өтпелі урикозуриялық әсерге ие екені дәлелденген. Гидрохлоротиазид аздаған дәрежеде қан плазмасындағы несеп қышқылы концентрациясын арттырады; лозартан мен гидрохлоротиазид біріктірілімі диуретик қабылдаудан болатын гиперурикемияның төмендеуіне ықпал етеді.

Лозартан мен гидрохлоротиазидтің гипертензияға қарсы әсері 24 сағат бойына созылады. Кемінде ұзақтығы 1 жылға созылған клиникалық зерттеулер барысында үздіксіз емдеу кезінде гипертензияға қарсы әсерінің сақталатыны анықталған. Артериялық қысымның едәуір төмендеуіне қарамастан, Ко-Сентор® препараты жүректің жиырылу жиілігіне клиникалық елеулі әсер көрсетпейді. Клиникалық зерттеулер барысында, 50 мг/12,5 мг Ко-Сентор® препаратын қолданған 12 аптадан соң отырған қалыптағы диастолалық артериялық қысымның, орта есеппен, 13,2 мм сынап бағанасына төмендеуі тіркелген.

Лозартан мен гидрохлоротиазид ерлер мен әйелдерде, негроидты нәсіл тұлғаларында және өзге нәсілділерде, жас (< 65) және егде (≥ 65) емделушілерде артериялық қысымды тиімді төмендетеді; препарат артериялық гипертензияның кез келген дәрежесінде тиімді.

Лозартан – ангиотензин ІІ рецепторларының синтетикалық антагонисті (АТ1 типі), ішу арқылы қабылданады. Ангиотензин ІІ ренин-ангиотензин жүйесінің басты гормоны, қуатты вазоконстриктор, сондай-ақ артериялық гипертензияны дамытатын шешуші тізбек болып табылады. Ангиотензин ІІ көптеген тіндерден (мысалы, тамырлардың тегіс бұлшықеттерінен, бүйрек үсті бездерінен, бүйрек пен жүректен) табылатын АТ1 рецепторларымен байланысады, әрі вазоконстрикция мен альдостеронның босап шығуын қоса, бірқатар маңызды биологиялық әсерлер тудырады. Ангиотензин ІІ тегіс бұлшықеттер жасушаларының пролиферациясын да көтермелейді.

Лозартан АТ1 рецепторларын селективті бөгейді. In vitro және in vivo лозартан мен оның фармакологиялық белсенді метаболиті Е-3174 карбон қышқылы, оның синтезінің бастауы немесе жолдарына қарамастан, ангиотензин ІІ физиологиялық маңызды әсерлерін түгел бөгейді.

Лозартанның агонистік әсері жоқ, сондай-ақ, ол жүрек-қантамыр жүйесін реттеуде маңызды рөл атқаратын өзге гормондардың немесе ион өзектерінің рецепторларын бөгемейді. Бұдан басқа, лозартан брадикининді ыдырататын АӨФ (киназа II) ферментін бәсеңдетпейді. Сондықтан, брадикининмен байланысты жағымсыз әсерлер күшеюі болмайды.

Лозартан қолданылғанда ренин сөлінісіне теріс әсерлі кері байланысының бәсеңдеуі байқалады, бұл қан плазмасындағы ренин белсенділігін жоғарылатады. Ренин белсенділігінің артуы қан плазмасында ангиотензин ІІ концентрациясын ұлғайтады. Бұған қарамастан, гипертензияға қарсы белсенділігі және қан плазмасындағы альдостерон концентрациясының төмендеуі сақталады, бұл ангиотензин ІІ рецепторларының тиімді блокадасын көрсетеді. Лозартанмен емдеуді тоқтатқаннан кейін, қан плазмасындағы ренин белсенділігі және ангиотензин ІІ концентрациясы 3 күн ішінде бастапқы мәндеріне оралады.

Лозартан да, оның негізгі белсенді метаболиті де АТ1 рецепторларымен, АТ2 рецепторларына қарағанда, үлкен тектестік танытады. Салмағына шаққанда, белсенді метаболит лозартаннан 10-40 есе белсендірек.

Қант диабетінсіз протеинурияға ұласқан гипертензиядан зардап шегетін емделушілерде калий лозартанын қолдану протеинурияны, сондай-ақ альбумин және IgG фракциялық шығарылуын едәуір төмендетті. Лозартан шумақтық сүзіліс деңгейін сақтап тұрады және сүзілу фракциясын төмендетеді. Жалпы, лозартан ұзақ емдеу барысында сақталатын қан плазмасындағы несеп қышқылы концентрациясының төмендеуін (әдетте  0,4 мг/л) туындатады.

Лозартан автономды рефлекстерге әсер етпейді және қан плазмасында норэпинефрин деңгейіне ұзаққа созылатын ықпалын тигізбейді.

Сол жақ қарынша жеткіліксіздігі бар емделушілерде лозартанның 25 мг және 50 мг-ге тең дозалары жүрек индексінің артуымен және өкпенің шеткі қылтамырларындағы қысымның азаюымен, жүйелі тамырлық кедергінің, орташа артериялық қысымның түсіп кетуімен; сондай-ақ, жүректің жиырылу жиілігінің, тиісінше, қанда айналатын альдостерон мен норэпинефрин деңгейінің төмендеуімен сипатталатын гемодинамикалық және нейрогормональді оң әсерлер туғызады. Жүрек жеткіліксіздігі бар емделушілердің осы тобында артериялық гипотензияның болуы дозаға тәуелді сипатта болды.

Ауырлығы жеңілден орташа дәрежеге дейінгі алғашқы артериялық гипертензиядан зардап шегетін және күніне бір рет лозартан алған емделушілерде систолалық және диастолалық қысымның статистикалық тұрғыда мәнді төмендеуі болды. Препаратты қабылдағаннан кейін 24 сағаттан соң және қабылдағаннан кейін 5-6 сағаттан соң артериялық қысымды өлшеу қысымның 24 сағат ішінде төмендейтінін көрсетті; табиғи тәуліктік ырғақ сақталған. Препаратты қабылдау аралығының соңында артериялық қысымның төмендеуі қабылдағаннан кейін 5-6 сағаттан соң байқалған мәндерінен 70-80 % құрады. Лозартанмен емдеуді тоқтату артериялық гипертензиядан (рикошетті гипертензия) зардап шегетін емделушілерде қысымның күрт жоғарылауын туындатпаған. Қысымның айқын түсіп кетуіне қарамастан, лозартан қолдану жүректің жиырылу жиілігіне клиникалық елеулі әсерін тигізбейді.

Лозартан артериялық гипертензиядан зардап шегетін ерлер мен әйелдерді емдегенде, жас (65 жасқа толмаған) және егде емделушілерде тең дәрежеде тиімді.

Гидрохлоротиазид тиазидті диуретик болып табылады. Тиазидті диуретиктердің гипертензияға қарсы әсер ету механизмі толық көлемде белгісіз. Тиазидтер бүйректің өзекшелік жүйесінде электролиттердің кері сіңірілуіне әсерін тигізіп, шамамен тең дәрежеде натрий мен хлордың шығарылуын арттырады. Гидрохлоротиазидтің диуретиктік әсері қан плазмасының көлемін азайтады, плазмадағы ренин белсенділігін арттырады және альдостерон сөлінісін күшейтеді, өз кезегінде, бұл калий мен бикарбонатты несеппен көп жоғалтуға алып келіп, қан плазмасындағы калий мөлшерін азайтады. Ренин мен альдостерон байланысы ангиотензин ІІ арқылы реттеледі, сондықтан ангиотензин ІІ рецепторларының антагонистін бір мезгілде қолдану тиазидті диуретиктер қабылдаудан болатын калийдің шығарылуына кері әсерін тигізеді.

Ішке қабылдағаннан кейін күшейген диурез 2 сағат ішінде басталады, шамамен 4 сағаттан соң жоғары шегіне жетіп, 6-дан 12 сағатқа дейін жалғасады, гипертензияға қарсы әсері 24 сағат бойы сақталады.

Қолданылуы

- артериялық қысымы тек лозартан немесе тек гидрохлоротиазид қабылдаумен жеткілікті дәрежеде бақыланбайтын емделушілердегі артериялық гипертензияны емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ко-Сентор® препаратын ас ішу кезінде немесе оған байланыссыз қабылдауға болады. Таблеткаларды қабылдағанда сумен ішкен жөн. Препаратты гипертензияға қарсы басқа дәрілермен біріктірілген ем құрамында қолдануға болады.

Артериялық гипертензия

Лозартанмен мен гидрохлоротиазид бастапқы ем сатысында пайдалануға арналмаған, олар артериялық қысымы тек лозартан немесе тек гидрохлоротиазид қабылдаумен жеткілікті дәрежеде бақыланбайтын емделушілерге арналған.

Жекелеген компоненттердің (лозартан және гидрохлоротиазид) дозаларын таңдау ұсынылады.

Көрсетілімдер болғанда, артериялық қысымын жеткілікті дәрежеде бақылау мүмкін емес емделушілерде бастапқыда монотерапиядан бекітілген дозада біріктірілген препаратқа ауысуға болады.

Ко-Сентор® препаратының әдеттегі демеуші дозасы - күніне бір рет 50 мг/12,5 мг. Ко-Сентор® 50 мг/12,5 мг препаратымен емдеуге жеткілікті жауап бермейтін емделушілер үшін дозаны күніне бір рет Ко-Сентор® 100 мг/12, 5 мг немесе Ко-Сентор®100 мг/25 мг бір таблеткасына дейін арттыруға болады. Ең жоғары тәуліктік дозасы - күніне бір рет Ко-Сентор®100 мг/25 мг бір таблеткасы. Жалпы, гипертензияға қарсы әсері ем басталғаннан кейін үш-төрт апта ішінде жетеді.

Бүйрек қызметі бұзылған емделушілерде немесе гемодиализде жүрген емделушілерде қолдану

Бүйрек қызметінің орташа бұзылуы бар емделушілерде (креатинин клиренсі 30-50 мл/мин) дозаны бастапқы түзету қажет емес.

Интраваскулярлық көлемі азайған емделушілерде қолдану

Ко-Сентор® препаратын қолдануға дейін көлемді және/немесе натрий мөлшерінің төмендеуін түзету қажет.

Егде жастағы емделушілерде қолдану

Егде жастағы емделушілерде, әдетте, дозаны түзету қажет емес.

Балалар мен жасөспірімдерде (18 жасқа толмаған)қолдану

Ко-Сентор® препаратын балалар мен жасөспірімдерде қолдану тәжірибесі жоқ, сондықтан препаратты балалар мен жасөспірімдерді емдеу үшін қолдануға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі (>1/10)

- бас айналу

Лозартан

Жиі (>1/100, <1/10)

- астения, шаршау, кеуденің ауыруы

- жүрек айну, іштің ауыруы, диарея, диспепсия

- бұлшықеттердің құрысуы, арқаның ауыруы, аяқтың ауыруы, миалгия

- бас ауыру, ұйқысыздық

- бүйрек қызметінің бұзылуы, бүйрек жеткіліксіздігі

- жөтел, тыныс жолдарының жоғарғы бөлімдерінің жұқпалары, мұрын бітелісі, синусит, мұрын қойнауларының аурулары

- гиперкалиемия, гематокрит пен гемоглобин деңгейінің мардымсыз төмендеуі, гипогликемия

Жиі емес (>1/1000, <1/100)

- анемия, Шенлейн-Генох пурпурасы, экхимоздар, гемолиз

- артериялық гипотензия, ортостатикалық гипотензия, стерналгия (төс артындағы ауыру), стенокардия, II дәрежелі AV блокадасы, цереброваскулярлық бұзылулар, миокард инфарктісі, жүрек қағу, аритмия (жыпылықтағыш аритмия, синустық брадикардия, тахикардия, қарыншалық тахикардия, жүрекшелер фибрилляциясы)

- вертиго, құлақтың шуылдауы

- анық көрмеу, көздің ашытуын/шаншуын сезіну, конъюнктивит, көру өткірлігінің төмендеуі

- тістің ауыруы, ауыздың кеберсуі, метеоризм, құсу, гастрит, іш қатулар, ішек бітелісі

- беттің ісінуі, температураның көтерілуі

- анорексия

- подагра

- қолдардың ауыруы, буындардың ісінуі, тізе буындарындағы ауыру, бұлшықет-қаңқа аурулары, иықтың ауыруы, сіресу, артралгия, артрит, коксалгия, фибромиалгия, бұлшықет әлсіздігі

- қатты қозу, парестезиялар, шеткергі нейропатия, тремор, бас сақинасы, естен тану, мазасыздық, үрейлі бұзылыс, айғай-сүреңді бұзылыс, сананың шатасуы, депрессия, әдеттен тыс түстер көру, ұйқының бұзылуы, ұйқышылдық, есте сақтау бұзылыстары

- никтурия, несеп шығарудың жиілеуі, несеп шығару жолдарының жұқпалары

- либидоның төмендеуі, эректильді қызмет бұзылуы/импотенция

- жұтқыншақтағы жайсыздық сезімі, фарингит, ларингит, диспноэ, бронхит, мұрыннан қан кету, ринит, тыныс жолдарының бітелуі

- алопеция, дерматит, терінің құрғауы, эритема, гиперемия, фотосенсибилизация, қышыну, бөртпе, есекжем, қатты терлеу

- васкулит

- қан сарысуындағы мочевина мен креатинин концентрацияларының болымсыз ұлғаюы

Сирек (>1/10000, <1/1000)

- жоғары сезімталдық: анафилактикалық реакциялар, ангионевротикалық ісіну, соның ішінде, тыныс жолдарының тарылуына алып келетін көмей мен дауыс саңылауының ісінуі және/немесе бет, ерін, жұтқыншақ және/немесе тілдің ісінуі; осы емделушілердің кейбіреуінде – ангионевротикалық ісіну бұрын АӨФ тежегіштерін қамтитын басқа да дәрілік препараттар қабылдаумен байланысты байқалды

- гепатит

- АЛТ белсенділігінің жоғарылауы

Өте сирек (≤1/10000)

- «бауыр» ферменттері белсенділігінің және билирубин концентрациясының жоғарылауы

Белгісіз

- тромбоцитопения

- панкреатит, бауыр қызметінің бұзылуы

- тұмау тәрізді симптомдар, жайсыздану

- рабдомиолиз

- гипонатриемия

Гидрохлоротиазид

Жиі (>1/100, <1/10)

- цефалгия (бас ауыру)

Жиі емес (>1/1000, <1/100)

- агранулоцитоз, апластикалық анемия, гемолитикалық анемия, лейкопения, пурпура, тромбоцитопения

- анорексия, гипергликемия, гиперурикемия, гипокалиемия, гипонатриемия

- ұйқысыздық

- өткінші сипатта болатын анық көрмеу, ксантопсия

- некроздық ангиит (васкулит, тері васкулиті)

- пневмония мен өкпе ісінуін қоса, респираторлық дистресс-синдром

- сиаладенит, түйілулер, асқазанның тітіркенуі, жүрек айну, құсу, диарея, іш қату

- сарғаю (бауырішілік холестаз), панкреатит

- фотосенсибилизация, есекжем, уытты эпидермалық некролиз

- бұлшықеттердің құрысуы

- глюкозурия, интерстициальді нефрит, бүйрек қызметінің бұзылуы, бүйрек жеткіліксіздігі

- температураның көтерілуі

Сирек (>1/10000, <1/1000)

- анафилактикалық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың әсер етуші заттарына немесе қосымша заттарының біріне жоғары сезімталдық

- ем дарымайтын гипокалиемия немесе гиперкальциемия

- ауыр сипатты бауыр жеткіліксіздігі, холестаз немесе обструкциясы бар

өт жолдарының аурулары

- рефрактерлі гипонатриемия

- симптоматикалық гиперурикемия/подагра

- алғашқы альдостеронизм

- жүктілік және лактация кезеңі

- ауыр сипатты бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі  30 мл/мин), гемодиализ жасау

- анурия

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

- сирек кездесетін лактоза көтере алмаушылық, лактаза ферментінің (Lapp lactase deficiency) тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Лозартан

Рифампицин мен флуконазол белсенді метаболит концентрациясын төмендетеді. Осы өзара әрекеттесулердің клиникалық мәні анықталмаған.

Калий жинақтаушы диуретиктерді (мысалы, спиронолактон, триамтерен, амилорид) және калий препараттарын немесе құрамында калий бар тұз алмастырғыштарды бір мезгілде тағайындау қан сарысуындағы калий мөлшерінің көбеюіне әкелуі мүмкін. Осы препараттарды бір мезгілде қолдану ұсынылмаған.

Лозартан литийдің шығарылуын азайтуы мүмкін. Осыған орай, оны ангиотензин ІІ рецепторларының антагонистерімен бірге қабылдағанда қан сарысуындағы литий концентрациясын бақылап отыру қажет.

Ангиотензин II антагонистері мен қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП) (мысалы, циклооксигеназа-2 (ЦОГ-2) селективті тежегіштері, қабынуға қарсы дозалардағы ацетилсалицил қышқылы) және селективті емес ҚҚСП бірге қолданылғанда гипертензияға қарсы әсерінің әлсіреуін байқауға болады. Ангиотензин II антагонистерін немесе диуретиктерді және ҚҚСП бірге қолдану, әсіресе, бүйрек қызметінің бұзылуы бұрыннан бар емделушілерде бүйрек қызметі бұзылуының даму қаупін, соның ішінде, жедел бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупін арттырып, сондай-ақ қан сарысуындағы калий мөлшерінің көбеюіне әкелуі мүмкін. Препараттардың осы біріктірілімі, әсіресе, егде жастағы тұлғаларға абайлап тағайындалуы тиіс. Емделушілер сұйықтықты жеткілікті мөлшерде ішуі тиіс, сонымен бірге, біріктіріп емдеу басталған соң бүйрек қызметіне бақылау жасап, әріқарай оны ұдайы жүргізіп отыру қажет.

ҚҚСП емін (мысалы, циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерін қоса) алған, бүйрек қызметі бұзылған кейбір емделушілерде ангиотензин ІІ рецепторларының антагонистерімен емдеу бүйрек қызметін әріқарай нашарлатуы мүмкін. Әдетте, бұл нашарлау қайтымды болады.

Ренин-ангиотензин жүйесін қосарлы бөгеу (мысалы, АӨФ тежегішін ангиотензин II рецепторларының антагонистіне қосу арқылы) бүйрек қызметін мұқият бақылаумен жекелеген белгілі бір жағдайларда ғана қолданылу керек. Кейбір зерттеулер атеросклероз, жүрек жеткіліксіздігі немесе нысана-мүшелерді зақымдайтын диабет анықталған науқастарда ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесін қосарлы бөгеу, ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің бір препаратын қолданумен салыстырғанда, артериялық гипотензия, естен тану, гиперкалиемия және бүйрек қызметі өзгеруінің (соның ішінде, бүйрек жеткіліксіздігі) аса жоғары жиілігімен байланысты.

Гипотензия тудыратын басқа да препараттар, мысалы, үш циклды антидепрессанттар, антипсихоздық дәрілер, баклорфен, амифостин: лозартанды негізгі немесе жанама әсерлері артериялық қысымды төмендету болып табылатын препараттармен бірге қолдану гипотензияның даму қаупін арттыруы мүмкін.

Гидрохлоротиазид

Мынадай дәрілік заттар олармен бір мезгілде қолданғанда тиазидті диуретиктермен өзара әрекеттесуі мүмкін:

Алкоголь, барбитураттар, есірткілік заттар немесе антидепрессанттар ортостатикалық гипотензияның күшеюіне әкелуі мүмкін.

Диабетке қарсы препараттар (ішке қабылдауға арналған және инсулин) Тиазидтермен емдеу глюкозаға төзімділікке әсер етуі мүмкін. Диабетке қарсы дәрілер дозаларын түзету қажет болуы мүмкін. Гидрохлоротиазид қабылдаумен байланысты болуы мүмкін бүйрек жеткіліксіздігі нәтижесінде лактат-ацидоздың пайда болу қатеріне орай, метформин сақтықпен қолданылуы тиіс.

Басқа да гипотензиялық дәрілер

аддитивті әсер тудыруы мүмкін.

Холестирамин және колестипол шайырлары

Гидрохлоротиазидтің сіңуі анионды алмасу шайырларының қатысуымен төмендейді. Холестирамин және холестипол шайырларын бір рет қолданғанда олардың гидрохлоротиазидпен байланысуы мен асқазан-ішек жолында сіңуінің, тиісінше, 85  және 43  азаюы жүреді.

Кортикостероидтар, адренокортикотропты гормон

Электролиттерді қарқынды жоғалту – атап айтқанда, гипокалиемия.

Прессорлы аминдер (мысалы, адреналин)

Оларды пайдалануға кедергі келтірмейтін прессорлы аминдерге жауаптың төмендеуі мүмкін.

Деполяризацияланбайтын миорелаксанттар (мысалы, тубокурарин) Миорелаксанттар әсеріне сезімталдық күшеюі мүмкін.

Литий препараттары

Диуретиктер литийдің бүйректік клиренсін азайтады және литиймен уыттану қатерін арттырады, сондықтан бір мезгілде пайдалану ұсынылмайды.

Подаграны емдеу үшін қолданылатын дәрілік заттар (пробенецид, сульфинпиразон және аллопуринол)

Несеп қышқылының шығарылуына ықпал ететін дәрілік заттар дозаларын түзету қажет болуы мүмкін, өйткені гидрохлоротиазид қан сарысуындағы несеп қышқылы концентрациясын ұлғайтуы мүмкін. Пробенецид немесе сульфинпиразон дозаларын арттыру қажет болуы мүмкін. Тиазидтерді бірге қабылдау аллопуринолға аса жоғары сезімталдық жағдайларының пайда болу жиілігін арттыруы мүмкін.

Антихолинергиялық дәрілер (мысалы, атропин, бипериден)

Асқазан-ішек жолы моторикасының және асқазанның босатылу жылдамдығының төмендеуі нәтижесінде тиазидті диуретиктердің биожетімділігі артады.

Цитоуытты дәрілер (мысалы, циклофосфамид, метотрексат)

Тиазидтер цитоуытты дәрілік заттардың бүйрекпен бөлініп шығуын төмендетуі және олардың миелосупрессиялық әсерін күшейтуі мүмкін.

Салицилаттар

Салицилаттардың жоғары дозаларын қабылдаған жағдайда гидрохлоротиазид олардың орталық жүйке жүйесіне уытты әсерін күшейтуі мүмкін.

Метилдопа

Гидрохлоротиазид пен метилдопаны бірге қолданғанда гемолитикалық анемияның пайда болуы жөнінде жекелеген хабарламалар бар.

Циклоспорин

Циклоспоринмен бірге қабылдау гиперурикемияның және подаграға ұқсас асқынулардың даму қаупін арттыруы мүмкін.

Оймақгүл гликозидтері

Тиазидтер қабылдаумен индукцияланған гипокалиемия немесе гипомагниемия оймақгүл препараттары туындататын жүрек аритмиясының дамуына әкелуі мүмкін.

Қан сарысуындағы калий мөлшерінің өзгерісіне ықпалын тигізетін дәрілік препараттар

Лозартан/гидрохлоротиазидті қан сарысуындағы калий мөлшерін өзгертуге ықпалын тигізетін дәрілік препараттармен (мысалы, оймақгүл гликозидтері және аритмияға қарсы препараттар), сондай-ақ «torsades de pointes» (қарыншалық тахикардия) тудыратын келесі дәрілермен (соның ішінде аритмияға қарсы) бірге қабылдау кезінде қан сарысуындағы калий мөлшерін ұдайы бақылау және ЭКГ ұсынылған, бұл орайда гипокалиемия қарыншалық тахикардияның бейімдегіш факторы болып табылады:

    • аритмияға қарсы Іа класты препараттар (мысалы, квинидин, гидроквинидин, дизопирамид).

    • аритмияға қарсы ІІІ класты препараттар (мысалы, амиодарон, соталол, дофетилид, ибутилид).

    • кейбір антипсихоздық препараттар (мысалы, тиоридазин, хлорпромазин, левомепромазин, трифлуоперазин, циамемазин, сульпирид, сультоприд, амисульприд, тиаприд, пимозид, галоперидол, дроперидол).

    • басқа да препараттар (мысалы, бепридил, цизаприд, дифеманил, эритромицин IV, галофантрин, мизоластин, пентамидин, терфенадин, винкамицин IV).

Кальций тұздары

Тиазидті диуретиктер қан сарысуындағы кальций мөлшерін оның шығарылуын азайту есебінен арттыруы мүмкін. Кальций препараттарын тағайындау қажет болса, қан сарысуындағы кальций мөлшерін бақылай отырып, дозаны таңдайды.

Зертханалық зерттеулер нәтижелеріне әсері

Кальций метаболизміне әсер етуіне орай, тиазидтер қалқанша маңы бездерінің қызметін зерттеу нәтижелерін бұрмалауы мүмкін.

Карбамазепин

Симптоматикалық гипонатриемия қаупі бар. Клиникалық және биологиялық мониторинг қажет.

Йод-контрастылы заттар

Диуретиктер қабылдаудан болатын дегидратация жағдайында, әсіресе, құрамында йод бар препараттардың жоғары дозаларын енгізгенде жедел бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупі артады.

Осындай дәрілер енгізер алдында емделушілерге регидратация жасалуы тиіс.

Амфотерицин В (парентеральді), кортикостероидтар, АКТГ және іш жүргізгіш дәрілер

Гидрохлоротиазид электролиттік теңгерімнің бұзылуын, атап айтқанда, гипокалиемияны өршітуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Лозартан

Ангионевротикалық ісіну

Сыртартқысында ангионевротикалық ісінуі (бет, ерін, тамақ және/немесе тілдің ісінуі) бар емделушілер дәрігердің мұқият бақылауында болуы тиіс.

Артериялық гипотензия және интраваскулярлық көлемнің азаюы

Диуретиктерді қарқынды қабылдау, тұзды шектеулі тұтыну, диарея немесе құсу туындататын интраваскулярлық көлем азаюы және/немесе гипонатриемиясы бар емделушілерде, әсіресе, препараттың алғашқы дозасын қабылдағаннан кейін симптоматикалық гипотензия дамуы мүмкін.

Электролит теңгерімінің бұзылуы

Электролитті теңгерім бұзылуының бүйрек жеткіліксіздігі және қатарлас диабеті бар немесе онсыз емделушілерде барынша жиі кездесетінін ескеру керек. Сондықтан, қан плазмасындағы калий мөлшерін және креатинин клиренсін мұқият бақылау керек; әсіресе, жүрек жеткіліксіздігі бар және креатинин клиренсі 30-50 мл/мин ауқымындағы емделушілерде.

Бауыр қызметінің ауыр бұзылуы

Фармакокинетикалық деректерге сай, бауыр циррозы бар науқастарда қан плазмасындағы лозартан концентрациясының едәуір ұлғаюы анықталған, осыған орай, сыртартқысында бауыр қызметінің жеңіл және орташа дәрежелі бұзылулары бар емделушілерде Ко-Сентор® сақтықпен қолданылу керек. Бауыр қызметінің бұзылуы ауыр емделушілерде лозартан қолдану тәжірибесі жоқ.

Бүйрек қызметінің ауыр бұзылуы

Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесі тежелісінің салдарынан, бүйрек жеткіліксіздігін қоса, бүйрек қызметінің бұзылуы білінді (атап айтқанда, бүйрек қызметі ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенділігіне тәуелді емделушілерде, мысалы, жүрек жеткіліксіздігі ауыр емделушілерде немесе бүйрек қызметі бұрыннан бұзылған емделушілерде). Бүйрек қызметінің мұндай өзгерістері емдеуді тоқтатқаннан кейін қайтымды болуы мүмкін.

Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне ықпал ететін басқа препараттар қолдану кезіндегідей, лозартан қолданылғанда бүйрек артерияларының екі жақты стенозы немесе жалғыз бүйрек артериясының стенозы бар емделушілерде қандағы мочевина концентрациясының және сарысулық креатининнің жоғарылауы жөнінде хабарланды; осы өзгерістер емдеуді тоқтатқаннан кейін қайтымды болды. Бүйрек артерияларының екі жақты стенозы немесе жалғыз бүйрек артериясының стенозы бар емделушілерге лозартан тағайындалғанда сақ болу қажет.

Бүйрек трансплантациясы

Препаратты таяуда бүйрек трансплантациясы жасалған емделушілерде қолдану тәжірибесі жоқ.

Алғашқы гиперальдостеронизм

Алғашқы гиперальдостеронизм бар емделушілер, әдетте, ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесін тежеу арқылы әсер ететін гипотензиялық препараттармен емдеуге жауап бермейді, сондықтан Ко-Сентор® препаратын қолдану ұсынылмаған.

Жүректің ишемиялық ауруы және цереброваскулярлық жеткіліксіздік

Лозартан жүректің ишемиялық ауруы және цереброваскулярлық жеткіліксіздігі бар емделушілерде артериялық қысымды едәуір төмендетуі мүмкін, бұл миокард инфарктісіне немесе инсультке әкеп соғуы ықтимал.

Жүрек жеткіліксіздігі

Жүрек жеткіліксіздігіне шалдыққан, қатарлас бүйрек жеткіліксіздігі бар немесе онсыз емделушілерде, ренин-ангиотензин жүйесіне әсер ететін басқа препараттар қолданған кездегідей, ауыр артериялық гипотензияның және бүйрек жеткіліксіздігінің (көбіне жедел) даму қаупі бар.

Қолқа және митральді клапандар стенозы, обструкциялық гипертрофиялық кардиомиопатия

Басқа вазодилататорлар қолдану кезіндегідей, препаратты қолқа және митральді клапандар стенозынан немесе обструкциялық гипертрофиялық кардиомиопатиядан зардап шегетін емделушілерге тағайындағанда айрықша сақ болу қажет.

Этникалық ерекшеліктер

Бақылаулар деректері бойынша, негроидты нәсіл өкілдерінде ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштері, лозартан және ангиотензиннің басқа антагонистерінің артериялық қысымды төмендету тиімділігі, өзге нәсіл өкілдеріне қарағанда, аз; бұл гипертензиядан зардап шегетін негроидты нәсіл өкілдері арасында ренин белсенділігі төмен тұлғалардың басым түсуінен болуы мүмкін.

Гидрохлоротиазид

Артериялық гипотензия және су/электролит теңгерімінің бұзылуы

Гипертензияға қарсы барлық препараттар қабылдау кезіндегідей, кейбір емделушілерде симптоматикалық гипотензия болуы мүмкін. Интеркурентті диарея немесе құсу кезінде дамуы мүмкін су/электролиттік теңгерім бұзылуының клиникалық симптомдарын (мысалы, сусыздану, гипонатриемия, гипохлоремиялық алкалоз, гипомагниемия немесе гипокалиемия) дер мезгілінде анықтау мақсатында емделушілерді бақылауға алу қажет. Осы емделушілерде қан сарысуындағы электролиттер мөлшерін ұдайы бақылап отыру қажет. Ыстық ауа-райында ісінулерден зардап шегетін емделушілерде сұйылту гипонатриемиясын байқауға болады.

Метаболикалық және эндокриндік әсерлері

Тиазидтермен емдеу глюкозаға төзімділікті төмендетуі мүмкін. Бірқатар жағдайларда, инсулинді қоса, диабетке қарсы дәрілер дозасын түзету қажет болуы мүмкін. Тиазидтермен емдеу барысында жасырын қант диабеті көрініс беруі мүмкін.

Тиазидтер кальцийдің несеппен шығарылуын азайтып, қан сарысуындағы кальций мөлшерінің көріністік және болымсыз жоғарылауын туындатуы мүмкін. Айқын гиперкальциемия жасырын гиперпаратиреоздың бар екенін айғақтай алады. Қалқанша маңы бездерінің қызметін зерттеудің алдында тиазидтер қабылдауды тоқтату керек.

Қан плазмасындағы холестерин мен триглицеридтер деңгейінің артуы тиазидті диуретиктер емімен байланысты болуы мүмкін.

Кейбір емделушілерде тиазидтермен емдеу гиперурикемияға және/немесе подаграның дамуына әкелуі мүмкін. Лозартан несеп қышқылының концентрациясын төмендететіндіктен, оның гидрохлоротиазидпен біріктірілімі диуретик қабылдаудан болған гиперурикемия айқындылығын азайтады.

Бауыр жеткіліксіздігі

Тиазидтерді бауыр қызметінің бұзылуы немесе үдемелі бауыр ауруы бар емделушілерде сақтықпен қолдану керек, өйткені олар су-электролит теңгерімі сәл бұзылғанда бауыр комасына ұласуы мүмкін бауырішілік холестазды туындатуы ықтимал.

Басқа жайттар

Тиазидті диуретиктер қабылдайтын емделушілерде аса жоғары сезімталдық реакциялары тіпті сыртартқысында аллергия немесе бронх демікпесі симптомдары болмағанда да білінуі мүмкін. Тиазидтер қабылдау аясында жүйелі қызыл жегінің өршуі немесе үдеуі жөнінде деректер бар.

Қосымша заттар

Сирек тұқым қуалайтын галактоза көтере алмаушылық патологиясы, Лапп лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар емделушілерге аталған препаратты қабылдауға болмайды.

Ко-Сентор® препаратының құрамында аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін «күн батар түстес» сары бояғышы (Е 110) бар.

Дәрілік заттың автокөлікті және басқа қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автокөлікті басқару және механизмдерді пайдалану қабілетіне әсер етуіне зерттеулер жүргізілмеген. Дегенмен де, көлік құралын немесе механизмдерді басқару кезінде, гипотензиялық препараттар қабылдау кезінде, әсіресе, қабылдаудың бастапқы сатысында немесе олардың дозаларын арттырғанда бас айналу немесе ұйқышылдық болуы мүмкін екенін назарға алу қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары: артериялық гипотензия және тахикардия, сондай-ақ, парасимпатикалық (вагустық) көтермелену нәтижесінде туындайтын брадикардия (лозартан), гипокалиемия, гипохлоремия, гипонатриемия, шамадан тыс диурез салдарынан болатын дегидратация (гидрохлоротиазид). Дигиталис препараттары қатарлас тағайындалғанда гипокалиемия жүрек аритмияларының ағымын өршітуі мүмкін.

Емі: симптоматикалық және демеуші ем. Ко-Сентор® препаратымен емдеуді тоқтатып, емделушіні тиянақты қадағалаумен қамтамасыз ету, асқазанды шаю, егер препарат таяуда қабылданса, жалпы қабылданған әдістерге сай, дегидратацияны және электролит теңгерімінің бұзылуларын түзету, бауыр комасы мен артериялық гипотензияны емдеу қажет. Артериялық гипотензия пайда болғанда демеуші ем жүргізу қажет.

Лозартан да, оның белсенді метаболиттері де организмнен гемодиализ арқылы шығарылмайды. Организмнен гидрохлоротиазидті гемодиализдің көмегімен қандай дәрежеде шығаруға болатыны анықталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан ОПА/Ал/ПВХ үлбірінен және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

3 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

15 0С-ден 30 0С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші ұйымның атауы және елі

«Гедеон Рихтер Польша» ЖШҚ, Польша

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

«Гедеон Рихтер» ААҚ, Венгрия

1103 Будапешт, Дёмрёи к-сі, 19-21, Венгрия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

ҚР-дағы «Гедеон Рихтер» ААҚ өкілдігі

Алматы қ., Нұрлыбаев к-сі 11

Телефон: 8-(727)-258-26-22, 8-(727)-258-26-23

E-mail: info@richter.kz

 

Прикрепленные файлы

226801971477976593_ru.doc 131.5 кб
596538481477977748_kz.doc 172 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники