КО-ЛОРКАР®ФОРТ

МНН: Гидрохлоротиазид, Лозартан
Производитель: Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Лозартан в комбинации с диуретиками
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№022174
Информация о регистрации в РК: 10.06.2021 - 10.06.2031

Инструкция

Саудалық атауы

КО-ЛОРКАР® ФОРТ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар – 100 мг калий лозартаны, 25 мг гидрохлоротиазид

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза РН 102, лактоза моногидраты – 136 мг, желатинделген крахмал, натрий кроскармеллозасы, гидроксипропилцеллюлоза L, магний стеараты

қабықтың құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза, микрокристалды целлюлоза, стеарин қышқылы, титанның қостотығы (E171)

Сипаттамасы

Ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған, ұзынша пішінді екі жағы дөңес беткейлі, бір жағында сызықшасы және басқа жағында «NOBEL» жазуы бар таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Ренин-ангиотензин жүйесіне әсер етуші препараттар. Диуретиктермен біріктірілімдегі ангиотензин II антагонистері. Диуретиктермен біріктірілімдегі лозартан.

АТХ коды C09DA01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Лозартан

Ішке қабылдағанда лозартан жақсы сіңеді және бауыр арқылы «алғаш өтуде» метаболизмге ұшырайды, соның нәтижесінде белсенді карбоксилденген метаболит және белсенді емес метаболиттер түзіледі. Таблетка түріндегі лозартанның жүйелі биожетімділігі шамамен 33 % құрайды. Лозартанның және оның белсенді метаболитінің орташа ең жоғары концентрациясына тиісінше 1 сағат және 3-4 сағаттан кейін жетеді. Ас ішу кезінде лозартан қабылдағанда лозартанның қан плазмасындағы концентрация бейініне клиникалық мәнді әсері анықталмады.

Таралуы

Лозартан

Лозартан сияқты, оның белсенді метаболиті де қан плазмасы ақуыздарымен, негізінен альбуминдермен ≥ 99% байланысады. Лозартанның таралу көлемі 34 литрді құрайды. Зерттеулер лозартанның гематоэнцефалдық бөгет арқылы нашар өтетінін немесе өтпейтіндігін көрсетті.

Гидрохлоротиазид

Гидрохлоротиазид плацентарлық бөгет арқылы өтеді, бірақ гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтпейді және емшек сүтіне бөлінеді.

Метаболизмі

Лозартан

Лозартан дозасының 14% жуығы көктамырішілік немесе ішу арқылы қабылдағанда оның белсенді метаболитіне айналады. Көктамырішілік немесе ішу арқылы қабылдағанда айналымдағы қан плазмасында 14С-таңбаланған калий лозартанының радиоактивтілігі негізінен лозартан және оның белсенді метаболитімен берілген. Лозартанның оның белсенді метаболитіне ең аз айналуы шамамен зерттеуге қатысушылардың 1%-да бақыланған.

Белсенді метаболиттен басқа, бүйірлік тізбектің бутилдік гидроксилдену жолымен 2 негізгі метаболитті қоса, белсенді емес метаболиттер және екінші дәрежелі метаболит – N-2 тетразол глюкуронид түзіледі.

Шығарылуы

Лозартан

Лозартанның және оның белсенді метаболитінің плазмалық клиренсі тиісінше шамамен 600 мл/минут және 50 мл/минут құрайды. Лозартанның және оның белсенді метаболитінің бүйрек клиренсі тиісінше шамамен 74 мл/минут және 26 мл/минут құрайды. Лозартанды ішу арқылы қабылдағанда дозаның 4% жуығы өзгермеген түрде несеппен және дозаның 6% жуығы несеппен белсенді метаболит түрінде шығарылады. Лозартанның және оның белсенді метаболитінің фармакокинетикасы 200 мг дейінгі дозада калий лозартанын ішу арқылы қабылдағанда дозаға байланысты болып табылады.

Ішу арқылы қабылдағаннан кейін лозартанның және оның белсенді метаболитінің қан плазмасындағы концентрациясы ақырғы жартылай шығарылу кезеңі тиісінше 2 сағат және 6-9 сағатқа жуық полиэкспоненциальді төмендейді. Тәулігіне 1 рет 100 мг дозада қолданғанда лозартан және оның белсенді метаболиті қан плазмасында елеулі дәрежеде жинақталмайды.

Лозартан және оның белсенді метаболиті өтпен және несеппен шығарылады. 14С-таңбаланған лозартанды ішу арқылы қабылдағаннан кейін адамдарда радиоактивтілігінің шамамен 35% несеппен және 58% нәжіспен шығарылады.

Гидрохлоротиазид

Гидрохлоротиазид метаболизденбейді, бірақ бүйрекпен жылдам шығарылады.

Қан плазмасындағы деңгейін 24 сағат анықтағанда қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңі 5,6 және 14,8 сағат аралығында ауытқыды. Ішу арқылы қабылданған дозаның ең азы 61% өзгермеген түрде 24 сағат ішінде шығарылады.

Пациенттердің жеке топтарындағы фармакокинетика

Егде пациенттер

Лозартан-гидрохлоротиазид

Лозартан және оның белсенді метаболитінің қан плазмасындағы концентрациясы, сондай-ақ артериялық гипертензиясы бар егде жастағы пациенттерде гидрохлоротиазид сіңуінің гипертензиясы бар осындай жас пациенттердегіден елеулі айырмашылығы болмайды.

Бауыр және бүйрек функциясы бұзылуы

Бауырдың жеңіл және орташа алкогольдік циррозы бар пациенттер ішке қабылдағанда лозартан және оның белсенді метаболитінің қан плазмасындағы концентрациясы ер жынысты жас еріктілерге қарағанда тиісінше

5 - 1,7 есе артық болды.

Жынысы

Лозартанның қан плазмасындағы концентрациясы артериялық гипертензиядан зардап шегетін еркектермен салыстырғанда артериялық гипертензиясы бар әйелдерде 2 есе жоғары болды. Әйелдер мен еркектерде белсенді метаболитінің концентрациясының айырмашылығы болмады. Бұл анық фармакокинетикалық айырмасының клиникалық мәні жоқ.

Креатинин клиренсі 10 мл/мин жоғары пациенттерде лозартанның қан плазмасындағы концентрациясының бүйрек функциясы өзгермеген осындай адамдардағыдан айырмашылығы болмады.

Бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде қисық астындағы ауданын (ҚАА) салыстырғанда гемодиализдегі науқастарда лозартанның ҚАА шамамен 2 есе артық болды. Белсенді метаболитінің плазмалық концентрациясы бүйрек функциясы бұзылуы бар пациенттерде немесе гемодиализдегі науқастарда өзгермейді. Лозартан және оның белсенді метаболиті гемодиализ көмегімен шығарылмайды.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

Лозартан-гидрохлоротиазид

КО-ЛОРКАР® ФОРТ препаратының компоненттері артериялық қысымның (АҚ) төмендеуіне әр компонентті жеке-дара алғанға қарағанда, артериялық қысымды үлкен дәрежеде төмендете отырып, синергиялық әсерін көрсетеді. Бұл әсер екі компоненттің өзара әсерін күшейтуінің нәтижесі болып табылады деп болжанады. Әрі қарай, диурездік әсерінің нәтижесінде, гидрохлортиазид қан плазмасындағы рениннің белсенділігін арттырады, альдостерон сөлінісін жоғарылатады, қан сарысуындағы калий деңгейін төмендетеді және ангиотензин II деңгейлерін арттырады. Лозартанды қолдану II ангиотензиннің физиологиялық елеулі әсерлерінің бәрін бөгейді және альдостеронды тежеу арқылы диуретикті қолданумен байланысты калийдің жоғалуын азайтады.

Лозартан жеңіл және қысқа мерзімді урикозуриялық әсер етеді. Гидрохлоротиазид несеп қышқылы деңгейінің орташа артуына әкеледі; лозартан және гидрохлоротиазидтің біріктірілімі диуретиктермен индукцияланған гиперурикемияның әлсіреуіне ықпал етеді.

КО-ЛОРКАР® ФОРТ препаратының гипертензияға қарсы әсері 24 сағат бойы сақталады. Бір жылдан кем емес уақыт жүргізілген клиникалық зерттеулерде, емді жалғастырған кездегі гипертензияға қарсы әсері сақталған. Артериялық қысымның едәуір төмендегеніне қарамастан, КО-ЛОРКАР® ФОРТ препаратын қабылдау жүрек жиырылуларының жиілігіне елеулі клиникалық ықпалын тигізбейді. Клиникалық зерттеулерде 50 мг лозартанмен /12,5 мг гидрохлортиазидпен 12 апталық емдеуден кейін ең төменгі диастолалық артериялық қысым (отырған күйінде өлшеу) орташа алғанда 13,2 мм сын. бағ. дейін төмендеген.

КО-ЛОРКАР® ФОРТ - еркектер мен әйелдерде, негроидты нәсілді, сондай-ақ басқа нәсілді пациенттерде, жастау (<65 жас) және егде (≥65 жас) жастағы пациенттерде және артериялық гипертензияның кез келген дәрежесі кезінде артериялық қысымын тиімді төмендетеді.

Лозартан

Лозартан ішке қабылдауға арналған ангиотензин II (AT1 типі) рецепторларының синтетикалық антагонисі болып табылады. Ангиотензин II –қуатты вазоконстриктор, ренин-ангиотензин жүйесінің негізгі белсенді гормоны, сондай-ақ артериялық гипертензия дамуының патофизиологиялық шешуші буыны болып табылады. Ангиотензин II көптеген тіндерде (мысалы, қантамырлардың тегіс бұлшықеттерінде, бүйрек үсті бездерінде, бүйректе және жүректе) болатын AT1 рецепторларымен байланысып, бірқатар маңызды биологиялық әсерлерді, соның ішінде вазоконстрикцияны және альдостеронның босап шығуын туындатады. Ангиотензин II тегіс бұлшықет жасушаларының пролиферациясын да стимуляциялайды.

Ангиотензин II таңдап AT1-рецепторларымен байланысады. Лозартан және оның фармакологиялық белсенді метаболиті (Е-3174) сондай-ақ ангиотензин II барлық физиологиялық әсерін пайда болу көзіне және синтезделу жолына қарамай-ақ in vitro және in vivo бөгейді. Кейбір пептидті ангиотензин II антагонистерінен айырмашылығы лозартан агонистік әсер бермейді.

Лозартан AT1-рецепторларымен таңдап байланысады және гормондардың басқа рецепторларын және жүрек-қантамыр функциясын реттеуде маңызды рөлі бар ион өзекшелерімен байланыспайды және бөгемейді. Одан басқа, лозартан брадикинин деградациясына бейімдейтін ангиотензин-өзгертуші ферментті (АӨФ) тежемейді. Соның салдарынан AT1-рецепторларының бөгелуіне тікелей байланысы жоқ әсерлердің, атап айтқанда, брадикинин әсеріне байланысты әсердің немесе ісінудің дамуының

лозартан әсеріне қатысы жоқ.

Лозартанды қабылдау кезінде ангиотензин ІІ рениннің секрециясын бәсеңдетуші жағымсыз кері реакциясының жойылуы қан плазмасында ренин белсенділігінің жоғарылауына (ПРБ) әкеледі. ПРБ жоғарылауы қан плазмасындағы ангиотензин ІІ деңгейінің жоғарылауымен бірге жүреді. Алайда гипертензияға қарсы белсенділігі және қан плазмасындағы альдостерон концентрациясының азаюы емнің 2-ші және 6-шы аптасынан кейін білінеді, бұл ангиотензин ІІ рецепторларының тиімді түрде бөгелгенін айғақтайды. Лозартанды қолдануды тоқтатқан соң 3 тәуліктен кейін ПРБ және ангиотензин ІІ деңгейі препаратты қабылдауды бастағанға дейін бақыланған бастапқы мәніне дейін төмендеген.

Лозартанның және оның негізгі метаболиті АТ2-ге қарағанда АТ1‑рецепторларымен жоғарылау байланысады. Белсенді метаболиті дене салмағына шаққанда лозартанға қарағанда 10-нан 40 есеге дейін белсендірек.

Лозартанмен ем қабылдайтын пациенттерде АӨФ тежегіштерімен ем алатын пациенттермен салыстырғандағы жөтел туындауының жиілігін бағалау мақсатындағы зерттеулерде лозартан немесе гидрохлоротиазид қабылдайтын пациенттердегі жөтел туындауының жиілігі ұқсас болды, және АӨФ тежегіштерімен ем алатын пациенттермен салыстырғанда елеулі төмен болды.

Лозартан ангиотензин II AT1-рецепторларының спецификалық антагонисі болғандықтан артериялық гипертензиясы, протеинуриясы бар, қант диабетімен ауырмайтын пациенттерде протеинурияның, альбумин және IgG фракциялық экскрециясының нақты төмендеуі анықталды. Бұл пациенттерде ШСЖ тұрақтандырды және сүзгілік фракциясын азайтты. Негізінен, лозартан ұзақ емдеу барысында сақталған несеп қышқылының сарысулық деңгейінің азаюын туындатады (әдетте, 0.4 мг/дл аз).

Сол жақ қарынша жеткіліксіздігі бар пациенттерде препарат тәулігіне 25 мг және 50 мг дозаларында жүрек индексі артуы және өкпе қылтамырларында қысымның қарысуының азаюын қоса, оң гемодинамикалық және нейрогормональді әсер көрсетті, сондай-ақ жүйелік тамырлық қарсыласуын, жүйелік орташа АҚ және жүрек жиырылу жиілігі (ЖЖЖ) азаюын, қандағы альдостерон және норадреналин деңгейі төмендеуін көрсетті. Бұл пациенттерде артериялық гипотензия туындау жиілігі препарат дозасына байланысты болды.

Гипертензия зерттеулері

Клиникалық зерттеулер жеңіл және орташа дәрежелі эссенциальді гипертензиясы бар пациенттерде тәулігіне бір рет лозартан қабылдау систолалық және диастолалық артериялық қысымның елеулі төмендеуін туындататындығын растады. Артериялық гипертензиясы бар пациенттердің лозартан қабылдауды тоқтатуы артериялық қысымның күрт артуына әкелмеді (кері реакция). Артериялық қысымның анықталған төмендеуіне қарамастан лозартанның жүрек жиырылуының жиілігіне клиникалық елеулі әсері жоқ.

Гидрохлортиазид диуретик және гипертензияға қарсы дәрі болып табылады. Гидрохлортиазид бүйректің дистальді өзекшелеріндегі электролиттердің кері сіңірілуіне ықпал етеді, шамамен тең дәрежеде натрий мен хлоридтің шығарылуын ұлғайтады. Натрийурез калий мен бикарбонат иондарының аздаған жоғалуымен қатар жүреді. Гидрохлортиазид қандағы несеп қышқылы деңгейінің аздап жоғарылауын туғызады, лозартан мен гидрохлортиазид біріктірілімі диуретик туындатқан гиперурикемия айқындылығының азаюына ықпал етеді. Ішке қабылдағанда диурездік әсері 2 сағаттан кейін басталады, ең жоғарысына шамамен 4 сағаттан соң жетеді және 6-дан 12 сағатқа дейін жалғасады.

Қолданылуы

  • тек лозартанды немесе гидрохлортиазидті қолданғанда жеткіліксіз бақыланатын артериялық гипертензияда

  • артериялық гипертензиясы және сол жақ қарыншасының гипертрофиясы бар пациенттерде жүрек-қантамыр ауруларының және өлім қаупін азайту үшін

Қолдану тәсілі және дозалануы

КО-ЛОРКАР® ФОРТ гипертензияға қарсы басқа дәрілермен қосып тағайындалуы мүмкін.

КО-ЛОРКАР® ФОРТ препаратын ас ішуге байланыссыз, бір стақан сумен жұта отырып, ішу арқылы қабылдау керек.

Артериялық гипертензия

Лозартан және гидрохлортиазид бастапқы ем ретінде пайдаланылмайды, тек лозартан немесе гидрохлортиазидті қолданған кезде артериялық қысым жеткіліксіз бақыланатын пациенттерде ғана қолданылады.

Компоненттерінің әрқайсысының (лозартан және гидрохлортиазид) дозасын таңдау ұсынылады.

Клиникалық қажеттілігіне қарай, егер артериялық қысымды талапқа сай бақылауға қол жеткізу мүмкін болмаса, тікелей монотерапиядан бекітілген біріктірілімге ауысуға болады.

КО-ЛОРКАР® ФОРТ препаратының әдеттегі старттық және демеуші дозасы тәулігіне 1 рет КО-ЛОРКАР® ФОРТ 100/25 мг (100 мг лозартан, 25 мг гидрохлортиазид) препаратының 1/2 таблеткасын құрайды. Жеткілікті емдік жауап байқалмаған пациенттер үшін дозаны тәулігіне бір рет КО-ЛОРКАР® ФОРТ 100/25 препаратының 1 таблеткасына дейін арттыруға болады. Ең жоғары дозасы – тәулігіне бір рет КО-ЛОРКАР® ФОРТ 100/25 препаратының 1 таблеткасы. Әдеттегідей, гипертензияға қарсы әсеріне емдеу басталғаннан кейін 3-4 апта ішінде жетеді.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде және гемодиализ жүргізілетін пациенттерде қолдану.

Орташа ауырлық дәрежесіндегі бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерде (креатинин клиренсі 30-50 мл/мин) препараттың бастапқы дозасын түзету қажет емес. Лозартан және гидрохлортиазид таблеткаларын гемодиализ жүргізілетін пациенттерге тағайындау ұсынылмайды. Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерге (креатинин клиренсі <30 мл/мин) лозартан/гидрохлортиазид біріктірілімін тағайындауға болмайды.

Тамырішілік гиповолемиясы бар пациенттерде қолданылуы

Лозартан/гидрохлортиазидпен емдеуді бастар алдында тамырішілік гиповолемия және/немесе натрий деңгейінің төмендеуі сияқты жай-күйлерді түзету қажет.

Бауыр функциясы бұзылуы бар пациенттерде қолданылуы

Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде лозартан/гидрохлоротиазид қолдану ұсынылмайды.

Егде жастағы пациенттерде қолданылуы

Әдетте, егде жастағы пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес.

Балалар мен жасөспірімдерде қолданылуы (18 жасқа дейінгі кезеңде)

Балалар мен жасөспірімдерде препаратты қолдану тәжірибесі жоқ, сондықтан препаратты пациенттердің осы тобында қолдануға болмайды.

Артериялық гипертензиясы және сол жақ қарыншасының гипертрофиясы бар пациенттерде жүрек-қантамыр ауруы және өлім қаупінің төмендеуі

Әдеттегі старттық доза тәулігіне бір рет 50 мг лозартанды құрайды. 50 мг дозадағы лозартанды қабылдау аясында мақсатты АҚ деңгейлеріне жетудің сәті түспеген пациенттерге лозартанды гидрохлортиазидтің төмен дозаларымен (12,5 мг) біріктіріп пайдаланатын емді таңдау талап етіледі, әрі қажет болған жағдайда, кейіннен тәулігіне бір рет 12,5 мг дозадағы гидрохлортиазидпен үйлесімдегі лозартан дозасын 100 мг дейін арттыру керек. Егер қажет болса, дозаны тәулігіне бір рет 50 мг лозартан мен 12,5 мг гидрохлортиазидтің екі таблеткасына дейін көбейткен жөн. КО-ЛОРКАР® ФОРТ 100/25 препараты тиісті дозаларда лозартан және гидрохлоротиазидті бір мезгілде қолданатын пациенттердің қолдануына арналған сәйкесті баламалы препараттар болып табылады.

Жағымсыз әсерлері

Бақыланатын клиникалық зерттеулерде лозартан/гидрохлортиазид қабылдауға байланысты жалғыз жағымсыз әсері бас айналуы болды.

Маркетингтен кейінгі кезеңде бауыр бұзылыстары (гепатит), гиперкалиемия және АЛТ деңгейінің жоғарылауы сирек анықталды.

Төменде компоненттердің біреуін ғана, лозартанды немесе гидрохлортиазидті қолдануға байланысты негізделген жағымсыз әсерлер берілген.

Туындау жиілігі келесідей анықталған: өте жиі ≥1/10; жиі: ≥1/100, <1/10; жиі емес ≥1/1000, <1/100; сирек ≥1/10000, <1/1000; өте сирек <1/10000; белгісіз – қолда бар деректер бойынша анықтау мүмкіндігі жоқ.

Лозартан

Қан және лимфа жүйесі

Жиі емес

  • анемия, Шенлейн-Генох пурпурасы, экхимоздар, гемолиз

Белгісіз

  • тромбоцитопения

Жүрек-қантамыр аурулары

Жиі емес

  • артериялық және ортостатикалық гипотензия, кеуденің ауыруы, стенокардия, II дәрежелі атриовентрикулярлық блокада, инсульт, миокард инфарктісі, жүрек қағу, аритмиялар (жүрекшелер фибрилляциясы, синустық брадикардия, тахикардия, қарыншалық тахикардия, қарыншалар фибрилляциясы), васкулит

Есту мүшелері және вестибулярлық аппарат тарапынан бұзылу

Жиі емес

  • вертиго, құлақтың шыңылдауы

Көру мүшелері тарапынан бұзылулар

Жиі емес

  • көру өткірлігінің төмендеуі, көздегі ашыту/жедел ауыру сезімі, конъюнктивит, анық көрудің төмендеуі

Асқазан-ішек бұзылыстары

Жиі

  • іштің ауыруы, жүрек айну, диарея, диспепсия

Жиі емес

  • іш қату, тіс ауыруы, ауыздың кеберсуі, метеоризм, гастрит, құсу

Белгісіз

  • панкреатит

Жалпы бұзылулар

Жиі

  • астения, қатты қажу, кеуденің ауыруы

Жиі емес

  • бет ісінуі, қызба

Белгісіз

  • тұмауға ұқсас симптомдар, дімкәстік

Бауыр және өт жолының бұзылыстары

Белгісіз

  • бауыр сынамаларының патологиялық нәтижелері

Иммундық жүйе бұзылыстары

Сирек

  • аса жоғары сезімталдық реакциялары (анафилаксиялық реакциялар, ангионевротикалық ісіну, соның ішінде тыныс алудың тарылуымен дамитын көмейдің және дауыс саңылауының ісінуі және/немесе беттің, еріннің, жұтқыншақтың және/немесе тілдің ісінуі); кейбір пациенттерде ангионевротикалық ісіну жағдайлары бұрын дәрілік препараттар, соның ішінде АӨФ тежегіштерін енгізумен байланысты білінген

Метаболизм және тамақтану бұзылыстары

Сирек

  • анорексия, подагра

Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан бұзылыстар

Жиі

  • құрысулар, арқаның және аяқтың ауыруы, миалгия

Жиі емес

  • қаңқа-бұлшықет ауырулары, қолдың, иықтың, буынның, тізенің ауыруы, буындардың ісінуі, буындардың қарысуы, артрит, коксалгия, фибромиалгия, бұлшықет әлсіздігі

Сирек

- қаңқа бұлшықеттерінің жедел некрозы

Белгісіз

  • рабдомиолиз

Жүйке жүйесінің аурулары

Жиі

  • бас ауыру, бас айналу

Жиі емес

  • күйгелектік, парестезиялар, шеткергі нейропатия, тремор, бас сақинасы, естен танулар

Психикалық бұзылыстар

Жиі

  • ұйқысыздық

Жиі емес

  • мазасыздық, үрейлі және абыржулы бұзылыстар, сананың шатасуы, депрессия, патологиялық түстер көру, ұйқының бұзылуы, ұйқышылдық, есте сақтаудың нашарлауы

Бүйрек және несеп шығару жүйесінің бұзылыстары

Жиі

  • бүйрек жеткіліксіздігі

Жиі емес

  • никтурия, жиі несеп шығару, несеп-жыныс жүйесінің инфекциялары

Ұрпақ өрбіту жүйесі және сүт бездері тарапынан бұзылулар

Жиі емес

  • либидо төмендеуі, эректильді дисфункция / импотенция

Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзаларының тарапынан бұзылулар

Жиі

  • жөтел, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары, мұрынның бітелуі, синустар тарапынан бұзылулар

Жиі емес

  • жұтқыншақтың жайсыздануы, фарингит, ларингит, ентігу, бронхит, мұрыннан қан кету, ринит, тыныс жолдарындағы іркілісті құбылыстар

Тері жабындары және тері асты шелі тарапынан бұзылыстар

Жиі емес

  • алопеция, дерматит, терінің құрғауы, эритема, қызару, жарыққа сезімталдық, қышыну, бөртпе, есекжем, тершеңдік

Зертханалық зерттеулер

Жиі

  • гиперкалиемия, гематокрит пен гемоглобиннің мардымсыз төмендеуі, гипогликемия

Жиі емес

  • қан сарысуындағы мочевина мен креатинин деңгейлерінің елеусіз жоғарылауы

Өте сирек

  • бауыр ферменттері мен билирубин деңгейлерінің жоғарылауы

Белгісіз

  • гипонатриемия

Гидрохлоротиазид

Қан және лимфа жүйесі

Жиі емес

  • агранулоцитоз, апластикалық анемия, гемолитикалық анемия, лейкопения, пурпура, тромбоцитопения

Иммундық жүйе бұзылыстары

Сирек

- анафилаксиялық реакциялар

Метаболизм және тамақтану бұзылыстары

Жиі емес

- анорексия, гипергликемия, гиперурикемия, гипогликемия, гипонатриемия

Психикалық бұзылыстар

Жиі емес

  • ұйқысыздық

Жүйке жүйесінің аурулары

Жиі

  • цефалгия

Көру мүшелері тарапынан бұзылулар

Жиі емес

  • көрудің өткінші бұлыңғырлануы, ксантопсия

Жүрек-қантамырлық бұзылулар

Жиі емес

- некроздық ангиит (васкулит, тері васкулиті)

Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзаларының тарапынан бұзылулар

Жиі емес

- тыныс алу жеткіліксіздігі, пневмонит пен өкпе ісінуін қоса

Асқазан-ішек бұзылыстары

Жиі емес

- сиалоаденит, түйілулер, асқазанның тітіркенуі, жүрек айну, құсу, диарея, іш қату

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылыстар

Жиі емес

  • сарғаю, бауырішілік холестаз, панкреатит

Тері және тері асты шелі тарапынан бұзылыстар

Жиі емес

  • фотосезімталдық, есекжем, уытты эпидермалық некроз

Тірек-қимыл аппаратының және дәнекер тіннің бұзылулары

Жиі емес

  • бұлшықеттердің құрысуы

Бүйрек және несеп шығару жүйесінің бұзылыстары

Жиі емес

  • гликозурия, интерстициальді нефрит, бүйрек функциясының бұзылуы, бүйрек жеткіліксіздігі

Жалпы бұзылулар

Жиі емес

  • қызба, бас айналу

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттерінің кез келгеніне және сульфаниламид туындыларына деген жоғары сезімталдылық

  • ем дарымайтын гипокалиемия немесе гиперкальциемия

  • бауыр функциясының ауыр бұзылулары; холестаз және өт шығару жолдары өткізгіштігінің бұзылуы

  • рефрактерлі гипонатриемия

  • симптоматикалық гиперурикемия/подагра

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • бүйрек функциясының ауыр бұзылулары (креатинин клиренсі <30 мл/мин)

  • анурия

  • тұқым қуалайтын лактозаны көтере алмаушылық

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

  • қант диабеті бар немесе бүйрек функциясы бұзылуы бар (ШСЖ <60 мл/мин/1,73 м2) пациенттерге алискиренмен бірге тағайындау

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Лозартан

Рифампицин мен флуконазолдың белсенді метаболит деңгейлерін төмендететіндігі хабарланған. Бұл өзара әрекеттесудің клиникалық зардаптары белгісіз.

Ангиотензин ІІ немесе оның әсерлерін бөгейтін басқа препараттарды қолданған кездегідей, калий жинақтаушы диуретиктерін (яғни спиронолактон, триамтерен, амилорид), калий қоспаларын немесе құрамында калийі бар тұз алмастырғыштарды бір мезгілде қолдану қан сарысуындағы калий деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Сондықтан бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Натрий шығарылуына әсер ететін басқа препараттарды қолданған кездегідей литийдің шығарылуы әлсіреуі мүмкін. Сондықтан, егер ангиотензин II рецепторларының антагонистерімен бір мезгілде литий тұздарының препараттары қолданылса, қан сарысуындағы литий деңгейлерін мұқият бақылау керек.

Ангиотензин ІІ антагонистері мен ҚҚСП қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды ( мысалы, іріктелген ЦОГ-2 тежегіштері, қабынуға қарсы әсер ететін дозалардағы ацетилсалицил қышқылы немесе іріктелмеген ҚҚСП) бір мезгілде қолданғанда гипертензияға қарсы әсері әлсіреуі мүмкін. Ангиотензин ІІ антагонистерін немесе диуретиктерді ҚҚСП-мен бір мезгілде қолдану, жедел бүйрек жеткіліксіздігінің болжамды дамуын қосқанда, бүйрек функциясының нашарлау қаупінің артуына, сондай-ақ, әсіресе, бүйрек функциясының бұзылуы бұрыннан бар пациенттерде қан сарысуындағы калий деңгейінің жоғарылауына алып келуі мүмкін. Мұндай біріктірілімді, әсіресе, егде жастағы пациенттерге абайлап тағайындау керек. Пациенттерге тиісті гидратация жүргізген соң, қатарлас ем басталғаннан кейін бүйрек функциясының мониторингін жүргізген жөн.

ҚҚСП-мен ем алатын бүйрек функциясы төмендеген кейбір пациенттерде, ЦОГ-2 іріктелген тежегіштерін қосқанда, ангиотензин II рецепторының антагонистерін қолдану бүйрек функциясының әрі қарай нашарлауына алып келуі мүмкін. Әдетте, бұл әсерлер қайтымды болады. Сондықтан, мұндай біріктірілім пациенттердің осы тобында абайлап қолданылады.

Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесін ангиотензин рецепторларының блокаторларымен, АӨФ тежегіштерімен немесе алискиренмен қосарлы блокада гипотония, гиперкалиемияның, сондай-ақ монотерапиямен салыстырғанда бүйрек функциясының бұзылуының (оның ішінде жедел бүйрек жеткіліксіздігіне) қаупіне әкеледі. КО-ЛОРКАР® ФОРТ препаратын және ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне әсер ететін басқа да препараттарды қабылдайтын пациенттердегі АҚ, бүйрек функциясына және электролиттер деңгейіне мұқият бақылау керек.

Үш циклды антидепрессанттар, психозға қарсы дәрілер, баклофен, амифостин секілді кейбір заттар, артериялық гипотензияның дамуын демейді. Негізгі немесе жағымсыз әсері артериялық қысымның төмендеуі болып табылатын препараттармен бір мезгілде қолдану артериялық гипотензияның туындау қаупін күшейтуі мүмкін.

Қант диабеті бар пациенттерге алискирен және КО-ЛОРКАР® ФОРТ препаратын бірге қолдану қарсы көрсетілімде. Бүйрек жеткіліксіздігі (ШСЖ<60 мл/мин) бар пациенттерге алискирен және КО-ЛОРКАР® ФОРТ препаратын бірге қолдануға тағайындауға болмайды.

Гидрохлортиазид

Бір уақытта қолданғанда, келесі препараттар тиазидті диуретиктермен өзара әрекеттесуі мүмкін:

Алкоголь, барбитураттар немесе есірткілі дәрілер немесе антидепрессанттар

Ортостатикалық гипотензияның қуаттануы орын алуы мүмкін.

Диабетке қарсы препараттар (ішке қабылданатын дәрілер және инсулин)

Тиазидтермен емдеу глюкозаға деген төзімділікке ықпал етуі мүмкін. Диабетке қарсы препараттың дозасын түзету қажет болуы мүмкін. Метформинді абайлап қолдану керек, өйткені гидрохлортиазидті қолдану аясында бүйрек функциясының бұзылуымен индукцияланған лактацидоздың даму қаупі бар.

Гипертензияға қарсы басқа препараттар

Өзара толықтыратын әсер.

Холестирамин және колестипол шайырлары

Анион алмастырғыш шайырлардың қатысуымен гидрохлортиазидтің сіңірілуі нашарлайды. Колестираминнің де, колестиполдың да бір реттік дозалары гидрохлортиазидті байланыстырады және оның асқазан-ішек жолында сіңірілуін тиісінше 85 және 43% азайтады.

Кортикостероидтар, АКТГ, глицирризин (лакрица)

Электролиттер деңгейінің төмендеуі, атап айтқанда, гипокалиемия күшейеді.

Прессорлы аминдер (мысалы, адреналин)

Прессорлы аминдерге деген жауаптың төмендеуі мүмкін, бірақ та бұл оларды қолданудан алып тастау үшін жеткіліксіз.

Қаңқа бұлшықеттерінің деполяризацияланбайтын релаксанттары (мысалы, тубокурарин)

Бұлшықет релаксанттарын қолданғанда реактивтіліктің артуы мүмкін.

Литий. Диуретиктер литийдің бүйректік клиренсін төмендетеді және литийдің уыттылық қаупін арттырады; бір мезгілде қолдану ұсынылмаған. Мұндай препараттарды қолданар алдында литий препаратына берілген нұсқаулықпен танысып шығу қажет.

Подаграны емдеуге арналған препараттар (пробенецид, сульфинпиразон және аллопуринол)

Гидрохлортиазидтің қан сарысуындағы несеп қышқылының деңгейін арттыруы мүмкін болғандықтан, урикозуриялық препараттар дозасын реттеу қажет болады. Пробенецидтің немесе сульфинпиразонның дозасын арттыру қажет болуы мүмкін. Тиазидті бір мезгілде қолдану аллопуринолға деген аса жоғары сезімталдық реакциясының туындау жиілігін жоғарылатады.

Антихолинергиялық дәрілер (мысалы, атропин, бипериден)

Тиазидті диуретиктердің биожетімділігі асқазан-ішек жолының моторикасы және асқазанның босатылу жылдамдығы төмендеген кезде жоғарылайды.

Цитоуытты препараттар (мысалы, циклофосфамид, метотрексат)

Тиазидтер цитоуытты дәрілік препараттардың несеппен шығарылуын әлсіретуі және олардың миелосупрессорлық әсерін күшейтуі мүмкін.

Салицилаттар

Салицилаттардың жоғары дозаларын қолданған кезде гидрохлортиазид салицилаттардың орталық жүйке жүйесіне уытты әсер етуін күшейтеді.

Метилдопа

Гидрохлортиазид пен метилдопаны бір мезгілде қолданғанда гемолитикалық анемияның дамуы жөнінде хабарламалар бар.

Циклоспорин

Циклоспоринмен бір мезгілде қолдану гиперурикемияның және подаграға ұқсас асқынулардың туындау қатерін өсіреді.

Оймақгүл гликозидтері

Тиазидтер туындатқан гипокалиемия немесе гипомагниемия оймақгүл препараттарын қолданумен индукцияланған жүрек аритмиясының ағымын ушықтыруы ықтимал.

Қан сарысуындағы калий деңгейінің өзгеруіне әсер ететін дәрілік препараттар

Егер лозартан/гидрохлортиазид қан сарысуындағы калий деңгейінің өзгеруіне әсер ететін дәрілік препараттармен (мысалы, оймақгүл гликозидтері және аритмияға қарсы дәрілер) және «пируэт» типті қарыншалық тахикардияны (қарынша тахикардиясы) индукциялайтын препараттармен (аритмияға қарсы кейбір препараттарды қоса) бір мезгілде қолданғанда, ал соңғыларының туындауына бейімдеуші фактор гипокалиемия болса, қан сарысуындағы калий деңгейлерін мерзім сайын бақылап, ЭКГ тіркеуі ұсынылады.

  • Iа класты аритмияға қарсы препараттар (мысалы, хинидин, гидрохинидин, дизопирамид).

  • III класты аритмияға қарсы препараттар (мысалы, амиодарон, соталол, дофетилид, ибутилид).

  • Кейбір антипсихоздық препараттар (мысалы, тиоридазин, хлорпромазин, левомепромазин, трифторперазин, циамемазин, сульпирид, сультоприд, амисульприд, тиаприд, пимозид, галоперидол, дроперидол).

  • Басқа препараттар (мысалы, бепридил, цизаприд, дифеманил, эритромицин к/і, галофантрин, мизоластин, пентамидин, терфенадин, винкамин к/і).

Кальций тұздары

Тиазидті диуретиктер, сыртқа шығарылуының төмендеуі салдарынан, қан сарысуындағы кальций деңгейлерін арттыруы мүмкін. Кальций қоспаларын қолдану қажет болғанда, қан сарысуындағы кальций деңгейлерін бақылап, кальций дозасын тиісінше реттеу керек.

Зертханалық талдаулар нәтижелеріне ықпалы

Тиазидтердің кальций метаболизміне ықпал етуімен байланысты, оларды қабылдау қалқанша маңы бездерінің функциясын зерттеу нәтижелерін бұрмалауы мүмкін.

Карбамазепин

Симптоматикалық гипонатриемия қаупі. Клиникалық және биологиялық көрсеткіштерді бақылау талап етіледі.

Құрамында йод бар контрастты препараттар

Диуретиктерді қабылдаудан болған дегидратацияда, әсіресе йод препараттарын жоғары дозаларда қолданғанда, жедел бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупі артады. Пациенттерге мұндай препараттарды қолданар алдында регидратация жүргізген жөн.

Амфотерицин В (парентеральді түрі), кортикостероидтар, АКТГ немесе стимуляциялаушы іш жүргізетін дәрілер

Гидрохлортиазид су-электролит теңгерімсіздігінің айқындығын, атап айтқанда, гипокалиемияны күшейтуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Лозартан

Ангионевротикалық ісіну

Сыртартқысында ангионевротикалық ісінуі (беттің, еріннің, жұтқыншақтың және/немесе тілдің ісінуі) бар пациенттердің ахуалын мұқият қадағалау талап етіледі.

Гипотензия және тамырішілік гиповолемия

Диуретиктерді қарқынды қабылдау, тұз тұтынуды диеталық шектеу, диарея немесе құсу нәтижесінде туындаған гиповолемиясы және/немесе гипонатриемиясы бар пациенттерде, әсіресе, алғашқы дозаны қабылдағаннан кейін симптоматикалық гипотензия пайда болуы мүмкін. Мұндай жай-күйлерді КО-ЛОРКАР® ФОРТ препаратымен емдеу басталғанша ретке келтіру қажет.

Электролиттік теңгерімсіздік

Бүйрек функциясы бұзылған (қант диабетімен/онсыз) пациенттерде электролиттік теңгерімсіздік жиі байқалады. Сондықтан қан плазмасындағы калий концентрациясын және креатинин клиренсі көрсеткіштерін жиі бақылау қажет; әсіресе, мұндай бақылау жүрек жеткіліксіздігі бар және креатинин клиренсі минутына 30-50 мл пациенттерде жиі орындалу керек.

Калий жинақтаушы диуретиктерді, калий қоспаларын және құрамында калий бар тұз алмастырғыштарды лозартан/гидрохлортиазидпен бір мезгілде қолдану ұсынылмаған.

Бауыр функциясы бұзылуы

Бауыр циррозы бар пациенттердің қан плазмасында лозартанның едәуір үлкен концентрацияларын айғақтайтын фармакокинетикалық деректер негізінде КО-ЛОРКАР® ФОРТ препаратын сыртартқысында бауыр функциясының жеңіл және орташа дәрежелі бұзылуы бар пациенттерде абайлап қолдануға кеңес беріледі. Бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерде лозартанды қолданудың емдік тәжірибесі жоқ, сондықтан КО-ЛОРКАР® ФОРТ препаратын мұндай пациенттерде қолдану қарсы көрсетілімді.

Бүйрек функциясы бұзылуы

Ренин-ангиотензин жүйесінің бәсеңдеуіне байланысты, бүйрек жеткіліксіздігін қосқанда, бүйрек функциясының өзгерістері жөнінде (әсіресе, бүйрек функциясы ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне тәуелді пациенттерде, яғни жүрек функциясының ауыр бұзылулары бар немесе бүйрек функциясының бұзылулары бұрыннан бар пациенттер) хабарланған. Бүйрек функциясының мұндай өзгерістері емдеуді тоқтатқанда қайтымды сипат алады.

Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне әсер ететін басқа препараттарды қолданған кездегідей, бүйрек артерияларының екі жақты стенозы және жалғыз бүйрек артериясының стенозы бар пациенттер қанында мочевинаның және қан сарысуындағы креатинин деңгейлерінің жоғарылауы жөнінде хабарланды. Бүйрек функциясының мұндай өзгерістері емдеуді тоқтатқаннан кейін қайтымды болады. Лозартанды бүйрек артерияларының екі жақты стенозы және жалғыз бүйрек артериясының стенозы бар пациенттерде сақтықпен қабылдау керек.

Бүйрек трансплантациясы

Препаратты бүйрек трансплантациясы таяуда жүргізілген пациенттерде қолдану тәжірибесі жоқ.

Алғашқы гиперальдостеронизм

Алғашқы гиперальдостеронизмі бар пациенттерде, әдетте, ренин-ангиотензин жүйесін тежеу жолымен әсер ететін гипертензияға қарсы препараттар тиімсіз. Сондықтан КО-ЛОРКАР® ФОРТ препаратын қолдану ұсынылмаған.

Коронарлық артериялар аурулары және цереброваскулярлы аурулар Гипертензияға қарсы басқа препараттарды қолданған кездегідей, ишемиялық жүрек-қантамыр аурулары және цереброваскулярлық аурулары бар пациенттерде артериялық қысымның шектен тыс түсіп кетуі миокард инфарктісінің немесе инсульттің дамуына алып келуі мүмкін.

Жүрек жеткіліксіздігі

Ренин-ангиотензин жүйесіне әсер ететін басқа препараттарды қолданған кездегідей, бүйрек функциясының бұзылуымен және онсыз жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде ауыр сипатты артериялық гипотензияның және (көбіне жедел) және бүйрек функциясы бұзылуының даму қаупі бар.

Аортальді және митральді клапандар стенозы, обструктивті гипертрофиялық кардиомиопатия

Басқа вазодилататорларды қолданған кездегідей, препаратты аортальді және митральді клапандар стенозы немесе обструктивті гипертрофиялық кардиомиопатиясы бар пациенттерге ерекше сақтықпен тағайындайды.

Нәсіл

Ангиотензин-өзгертуші фермент тежегіштеріне қатысты анықталғандай, лозартанның және басқа ангиотензин антагонистерінің негроидты нәсіл пациенттерде басқа пациенттердегіден гөрі, тиімділігі аз, бұл осы нәсілдің өкілі болып саналатын гипертензиясы бар пациенттерде рениннің төмен белсенділігінің көп жиілікпен кездесуінің себебінен болуы мүмкін.

Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің (РААЖ) қосарлы блокадасы

АӨФ тежегіштерін, ангиотензин II рецепторларының блокаторларын немесе алискиренді бір мезгілде қолданудың гипотензия, гиперкалиемия және бүйрек функциясының төмендеу қаупін ұлғайтатыны (оның ішінде жедел бүйрек жеткіліксіздігі туындауын) айғақталған. Сондықтан АӨФ тежегіштерімен, ангиотензин II рецепторларының блокаторларын немесе алискиренді біріктіріп пайдаланумен РААЖ қосарлы блокадасы ұсынылмайды.

Егер РААЖ жүйесінің қосарлы блокада емі аса қажет деп саналса, ол тек дәрігер бақылауымен және бүйрек функциясын, электролиттердің және артериялық қысымның жиі мұқият мониторингі жағдайында ғана жүруі тиіс. АӨФ тежегіштері және ангиотензин II рецепторларының блокаторлары диабеттік нефропатиясы бар пациенттерде бір уақытта пайдаланылмауы тиіс.

Гидрохлортиазид

Гипотензия және электролит/су теңгерімсіздігі

Гипертензияға қарсы кез келген ем кезіндегідей, кейбір пациенттерде симптоматикалық артериялық гипотензия туындауы мүмкін. Пациенттердің жай-күйін су немесе электролит теңгерімі бұзылуының клиникалық белгілеріне, мысалы, интеркуррентті диарея немесе құсу аясында дамуы мүмкін гиповолемияға, гипонатриемияға, гипохлоремиялық алкалозға, гипомагниемияға немесе гипокалиемияға қатысты қадағалау керек. Мұндай пациенттерде қан сарысуындағы электролиттер деңгейін тиісті уақыт аралықтары арқылы әлсін-әлсін тексерген жөн. Ыстық ауа-райында шеткергі ісінулері бар пациенттерде сұйылту гипонатриемиясының дамуы мүмкiн.

Метаболизмдік және эндокриндік әсерлер

Тиазидтермен емдеу глюкозаға деген төзімділікті нашарлатуы мүмкін. Гипогликемиялық дәрілердің, соның ішінде инсулиннің дозасын реттеу қажет болады. Тиазидтермен емдеу барысында латентті қант диабетінің манифестациясы болуы мүмкін.

Тиазидтер кальцийдің несеппен шығарылуын әлсіретуі және қан сарысуында кальций деңгейінің қысқа мерзімді және мардымсыз жоғарылауын туындатуы мүмкін. Айқын гиперкальциемия жасырын гиперпаратиреозды айғақтай алады. Тиазидті диуретик қалқанша маңы бездерінің қызметіне зерттеу жүргізер алдында тоқтатылуы тиіс.

Холестерин мен триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы да тиазидті диуретиктермен емдеуге байланысты болуы мүмкін.

Кейбір пациенттерде тиазидті диуретиктерді қабылдау гиперурикемияға және/немесе подаграның дамуына алып келуі мүмкін. Лозартан несеп қышқылының деңгейін төмендететіндіктен, оны гидрохлортиазидпен біріктіру диуретик қабылдаумен индукцияланған гиперурикемияның айқындылығын азайтады.

Бауыр функциясының бұзылуы

Бауырының бұзылуы немесе үдемелі ауруы бар пациенттерге тиазидтерді абайлап тағайындау керек, өйткені мұндай препараттар бауырішілік холестаздың себебі болуы мүмкін, ал су-электролит теңгерімінің болымсыз өзгерістері бауыр комасын туындатуы мүмкін. КО-ЛОРКАР® ФОРТ препараты бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерге қарсы көрсетілімді.

Басқа әсерлер

Тиазидті диуретиктерді қабылдайтын пациенттерде аса жоғары сезімталдылық реакциялары, сыртартқысында аллергиясы немесе бронх демікпесі бар-жоғына байланыссыз туындауы мүмкін. Тиазидті диуретиктерді қабылдау аясында жүйелі қызыл жегінің үдеуі немесе өршуі жөнінде хабарланды.

Қосымша заттар

Препарат құрамына лактоза кіреді. Сирек тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылық, мысалы галактоземиясы, Lарр-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге бұл препаратты қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың автокөлікті және механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етуіне қатысты зерттеулер жүргізілген жоқ. Дегенмен автокөлікті және басқа механизмдерді басқарған кезде, әсіресе емдеудің басында және препарат дозасын арттырғанда бас айналу және ұйқышылдық сияқты жағымсыз реакциялардың дамуы мүмкін екенін есте сақтау керек.

Артық дозалануы

Лозартан/гидрохлоротиазидпен артық дозалануының емі туралы ешбір арнайы ақпарат жоқ. 

Лозартан

Симптомдары: адамдарда артық дозалануы жөніндегі деректер шектеулі. Артық дозалану көріністері гипотензия және тахикардия болуы әбден ықтимал; брадикардия парасимпатикалық (вагустық) стимуляцияның салдарынан туындауы мүмкін. Симптоматикалық артериялық гипотензия дамыған жағдайда демеуші ем жүргізуді бастау керек. Лозартан және оның белсенді метаболиті гемодиализдің көмегімен шығарылмайды.

Гидрохлоротиазид

Симптомдарыы: артық дозаланудың ең жиі байқалатын симптомдары мен белгілері электролиттер тапшылығының (гипокалиемия, гипохлоремия, гипонатриемия) және шамадан тыс диурез салдарынан болатын сусызданудың белгілері болып саналады. Дигиталис препараттарын бір мезгілде қабылдағанда гипокалиемия жүрек аритмиясын өршітуі мүмкін.

Гидрохлортиазидтің организмнен гемодиализ көмегімен қандай дәрежеде шығарылатыны анықталмаған.

Емі симптоматикалық және демеуші ем сипатында болады. КО-ЛОРКАР® ФОРТ препаратымен емдеуді тоқтатып, пациентті мұқият тексеру керек. Егер препарат таяу арада қабылданса құстыру, сондай-ақ су теңгерімін, электролиттік теңгерімсіздігін, бауыр комасын және гипотензияны белгіленген емшараларға сай қалпына келтіру сияқты шаралары ұсынылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті мөлдір емес үлбірден және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 7 таблеткадан салынған.

2 немесе 4 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге өндіруші-фирманың картон голограммасы бар қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25С-ден аспайтын температурада, құрғақ, жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко к-сі, 162 Е

Тіркеу куәлігінің иесі

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко к-сі, 162 Е

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко к-сі, 162 Е

Телефон нөмірі: (+7 727) 399-50-50

Факс нөмірі: (+7 727) 399-60-60

Электронды поштасы: nobel@nobel.kz

 

Прикрепленные файлы

940330171477976249_ru.doc 175 кб
040999951477977512_kz.doc 158.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники