КМ-Печеночно-желчегонный

МНН: Бессмертника песчаного цветки, Зверобоя продырявленного трава, Календулы лекарственной цветки, Мяты перечной листья, Тысячелистника обыкновенного трава, Шиповника плоды
Производитель: ПК "Фирма "Кызылмай"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинация препаратов для лечения заболеваний печени и желчевыводящих путей
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№005818
Информация о регистрации в РК: 02.09.2015 - 02.09.2020

Инструкция

Саудалық атауы

КМ – Бауыр - өт айдағыш

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Фито-шай

Құрамы

100 г препараттың құрамы

белсенді заттар: 15.0 г мыңжапырақ шөбі, 10.0 г шайқурай шөбі, 10.0 г жалбыз жапырағы, 10.0 г салаубас гүлі, 20.0 г қырмызыгүл гүлі, 35.0 г итмұрын жемісі.

Сипаттамасы

Сарғыш теңбілді сұрғылт-жасыл түсті ұнтақ. Әлсіз хош иісті, өзіндік ерекшелігі бар. Дәмі ащы, аздап мұздататын, тұтқыр.

Фармакотерапиялық тобы

Бауыр және өт шығару жолдары ауруларын емдеуге арналған біріктірілген препараттар.

АТХ коды А0

Фармакологиялық қасиеттері

Мыңжапырақтың қабынуға қарсы, жараны жазатын, түйілуді басатын және диурездік әсері бар, ас қорытуды жақсартады, зат алмасуының қалпына келуіне ықпал етеді.

Шайқурай микробтарға қарсы, қабынуға қарсы, тұтқыр, өт айдайтын әсер береді, асқазан секрециясын көтермелейді.

Жалбыз өт айдайтын және түйілуді басатын әсер етеді, асқазан-ішек жолдары мен бауыр секрециясын қоздырады, төбетті арттырады. Шырышты қабық рецепторларын тітіркендіре отырып, жалбыз антисептикалық және жергілікті анестезиялаушы әсер етеді.

Салаубас өт айдайтын, қабынуға қарсы, түйілуді басатын және бактерияға қарсы әсер етеді, өт секрециясын күшейтеді, қандағы билирубин мен холестериннің деңгейін төмендетеді, өт қалтасынан құмның және ұсақ тастардың шайылуына ықпал етеді, асқазан мен панкреатиндік сөлдің секрециясын күшейтеді, диурезді арттырады.

Тырнақгүл гүлдері қабынуға қарсы, жараны жазатын, бактерицидті, өт айдағыш, несеп айдағыш және түйілуді басатын қасиеттерге ие, бауырдың секреторлық және бөліп шығару функциясын жоғарылатады, өттің құрамын жақсартады, ондағы холестерин мен билирубиннің құрамын төмендетеді.

Итмұрын жалпы нығайтатын әсер береді, тіндер регенерациясын күшейтеді, көмірсу және минералдық зат алмасуға қатысады. Иммунитет көтермелеуші, қабынуға қарсы және өт айдайтын әсері бар.

Фито-шай дәрілік өсімдіктердің құрамына енетін биологиялық белсенді заттардың есебінен өт айдағыш, бактерияға қарсы, ауыруды басатын, түйілуді басатын және ас қорытылуын көтермелейтін әсер етеді. Өт түтіктерін кеңейтеді, қандағы билирубин мен холестерин деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді, өт қалтасынан құмның шығарылуын күшейтеді, өттің, асқазан мен панреатиндік сөлдердің секрециясын күшейтеді.

Қолданылуы

Өт қалтасы мен өт шығару жолдарының қабыну аурулары кезінде кешенді емде қолданылады:

  • холецистит

  • холангит

  • өттас ауруы

  • өт шығару жолдарының дискинезиясы

Қолдану тәсілі және дозалары

100-150 мл қайнаған суға 1 сүзгі-пакетті демдеп, 10-15 минутқа тұндырып, жылы күйінде тамақтануға дейін 30 минут бұрын күніне 3 рет қабылдау керек. Балаларға 12 жастан бастап 30-40 мл-ден жылы күйінде тамақтануға дейін 30 минут бұрын күніне 3 рет. Емдеу курсы 3 апта.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

- ұзақ қолданған кезде (шайқурай) бауыр/асқазан аймағында ауыруы пайда болуы мүмкін; фотосенсибилизация

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

Сақтықпен гипертония ауруы кезінде

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Күн астында ұзақ болудан, солярийге барудан тартына тұру керек.

Педиатрияда қолданылуы

Препаратты балалар практикасында 12 жастан бастап және дәрігердің тағайындауы бойынша қолданады.

Жүктілік және лактация

Жүкті және бала емізетін әйелдерге препаратты қабылдауға болмайды.

Препараттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолдану автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

1,5 г-ден бір реттік қолдануға арналған сүзгі пакетте.

Медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге жеке қапталған 20 сүзгі-пакет қораптық картоннан жасалған фирмалық қорапқа салынған. Нұсқаулықтың мәтінін тікелей қорапқа жазуға жол беріледі. Қорап полиэтилен үлбірмен жабылып, қораптық картоннан жасалған топтық тасымалдау ыдысына салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 300С-ден аспайтын температурада сақтау керек

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Қызыл май» Фирмасы» ӨК

Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Ипподром к-сі, 6

Тіркеу куәлігінің иесі

«Қызылмай» Фирмасы» ӨК, Қазақстан Республикасы

ҚР аумағында өнім сапасына қатысты тұтынушылардың шағымын қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Қызыл май» Фирмасы» ӨК

Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Ипподром к-сі, 6

Т. 382-20-27, факс 382-19-20

E mail: reception@kyzylmay.com

Прикрепленные файлы

225872291477976400_ru.doc 45.5 кб
609379641477977598_kz.doc 50 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники