КМ-Иммунофит

МНН: Календулы лекарственной цветки, Солодки корни (Лакрица деглицирризированная), Эхинацеи пурпурной трава
Производитель: ПК "Фирма "Кызылмай"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие иммуностимуляторы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№000153
Информация о регистрации в РК: 07.10.2019 - 07.10.2024

Инструкция

Саудалық атауы

КМ – Иммунофит

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Шәрбат 120 мл

Құрамы

100 мл препараттың құрамы

белсенді заттар: эхинацея шөбі 4.0 г, қырмызыгүл гүлдері 0.5 г, қызылмия тамыры 0.3 г

қосымша заттар: аскорбин қышқылы, табиғи ара балы,

эфир майлары: жалбыздың, эвкалипттің, қант немесе сорбит, тазартылған су 100 мл дейін

Сипаттамасы

Тәтті дәмі, өзіне тән иісі бар, қою, мөлдір емес, күңгірт-қоңыр түсті сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да иммуностимуляторлар

АТХ коды L03АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Шәрбат дәрілік өсімдіктерінің құрамына кіретін биологиялық белсенді заттарының арқасында препарат иммунитет стимуляциялаушы, қабынуға қарсы, қақырық түсіретін әсер береді.

Эхинацея шөбінің құрамында эфир майы, шайырлар, фитостериндер, органикалық қышқылдар, эхинацин, эхинолон, эхиназид, микроэлементтер - селен, мырыш бар. Организмнің қорғаныш күштерін арттырады, алмасу үдерістерін жақсартады.

Қырмызыгүл гүлдерінің құрамында каротиноидтар: каротин, рубиксантин, ликопин, виолоксантин, флавоксантин бар. Сондай-ақ сапониндер, иіткіш заттар, тритерпендер, флавоноидтар болады. Қабынуға қарсы, жараны жазатын, бактерицидті, өт айдайтын, түйілуді басатын қасиеттерге ие.

Қызылмия тамырының құрамында көмірсулар, оның ішінде моно- және полисахаридтер (глюкоза, фруктоза, мальтоза, крахмал, целлюлоза), органикалық қышқылдар, эфир майлары, тритерпеноид глицирризин қышқылы бар. Түйілуді басатын, қабынуға қарсы, жараны жазатын, қақырық түсіретін әсер береді.

Қолданылуы

Емдік-профилактикалық дәрі ретінде мына кезде:

- жиі суық тию және вирустық ауруларда

- организмнің қарсы тұруы төмендегенде

- жоғары ақыл-ой және дене жүктемелерінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге күніне 1-3 рет 1 десерт қасықтан, балаларға 3 жастан бастап күніне 1-3 рет 1 шай қасықтан. Емдеу курсы 10 күн.

Пайдалану алдында шайқау керек.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық кезінде аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

- 3 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Педиатрияда қолданылуы

Препаратты балалар тәжірибесінде дәрігердің тағайындауы бойынша қолданады.

Жүктілік және лактация

Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде дәрігердің тағайындауы бойынша қолданады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

120 мл-ден бақылау сақинасы бар полимер немесе алюминий қақпақтармен немесе нығыздайтын полиэтилен тығыны бар пластмасса қақпақпен тығындалған дәрілік заттарға араналған медициналық құтыларда. Әр құты мемлекеттік және орыс тіліндегі қосымша парақпен бірге қораптық картоннан жасалған қорапшаға қапталады.

Сақтау шарттары

15 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Қызылмай» Фирмасы» ӨК, Қазақстан

Алматы қ., Ипподром к-сі, 6

Тіркеу куәлігінің иесі

«Қызылмай» Фирмасы» ӨК, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Қызылмай» Фирмасы» ӨК,

Қазақстан Республикаcы,

Алматы қ., Ипподром к-сі, 6

т. 382-20-27, факс 382-19-20

Е – mail: reception@kyzylmay.com

 

 

3

 

Прикрепленные файлы

305016131477976722_ru.doc 45 кб
061551571477977882_kz.doc 53.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники